
- •Тақырыбы:х.25 желілері . Frame relay желілері. Tdm технологиялары. Атм желілері
- •Қорытынды
- •Тәжірибелік сабақтың жоспары:
- •Соөж және сөж тапсырмалары:
- •Тақырып бойынша бақылау сұрақтарына жауап беру:
- •Тәжірибелік сабақ тапсырмасы бойынша компьютерде орындау:
- •1. Желілік байланыс үшін ics баптаңыз
- •2. Байланысты бөлуді орнатуыңыз
- •3. Интернетпен байланысты орнатыңыз
- •4. Ics үшін Интернет параметрлерін баптаңыз
- •3. Тақырып бойынша тест тапсырмаларының сұрақтарына жауап беру:
Тәжірибелік сабақ тапсырмасы бойынша компьютерде орындау:
1. Желілік байланыс үшін ics баптаңыз
1. Start\Settings\Network And Dial-Up Connections мәзірін ашыңыз (Пуск\Настройка\Сеть және желіге қашықтан қатынау) мәзірін ашыңыз.
2. Қашықтағы байланыстың жалаушасын, VPN немесе бірлесіп қолдануды талап ететін кіріс байланысын тышқанның оң жақ батырмасымен шертіңіз, және контекстік мәзірде Properties бұйрығын таңдаңыз.
3. Sharing (Общий доступ) салымшысында Enable Internet Connection Sharing For This Connection жалаушасын белгілеңіз (Осы байланыс үшін жалпы қатынауға рұқсат беру).
4. Егер әрбір желілік компьютердің сыртқы қорларға осы қосылуды пайдаланып қосылуы талап етілсе, онда Enable On-Demand Dialing жалаушасын белгілеңіз.
2. Байланысты бөлуді орнатуыңыз
1. Routing And Remote Access оснасткасындағы IP Routing (IP-маршруттау) бумасын (папкасын) ашыңыз және General белгісіне тышқанның он жақ батырмасын шертіңіз.
2. Контекстік мәзірден New Routing Protocol бұйрығын таңдаңыз.
3. Ашылған терезеден NAT хаттамасын таңдаңыз.
3. Интернетпен байланысты орнатыңыз
1. Internet Explorer-ді іске қосыңыз.
2. Шебер терезесіндегі Интернетке байланыстыруында I Want To Set Up My Internet Connection Manually Or I Want To Connect Through A Local Area Network (Интернетпен байланысты қолмен орнату немесе локалды желі арқылы қосылу) айырып қосқышын шертіңіз, содан кейін Next-ті шертіңіз.
3. I Connect Through A Local Area Network (Мен локалды желі арқылы Интернетке қосыламын) батырмасын шертіңіз, одан кейін Next-ті шертіңіз.
4. Automatic Discovery Of Proxy Server (Прокси-серверді автоматты түрде анықтау) жалаушасын алып тастаңыз, Next – ті шертіңіз.
5. Егер де сіз поштаның есептік жазбаларын баптасаңыз және талап ететін мәліметтерді білсеңіз, Yes батырмасын шертіңіз және сұрап отырған ақпаратты енгізіңіз. Кері жағдайда No батырмасын шертіңіз, содан кейін Next және Finish (Дайын) батырмаларын шертіңіз.
4. Ics үшін Интернет параметрлерін баптаңыз
1. Tools (Сервис) мәзірінде Internet Options (Шолушының қасиеттері) бұйрығын таңдаңыз.
2. Connections (Қосылу) салымшасында Never Dial A Connection (Қолданбау) алып қосқышын қосыңыз, содан кейін LAN Settings (Желі баптауы) батырмасын шертіңіз.
3. Automatic Configuration терезесінде (Локалды желі баптауы) жалаушасын алып тастаңыз Automatically Detect Settings (Баптаудың автоматты анықталуы) және Use Automatic Configination Script (Автоматты баптаудың сценарийін қолдану) жалаушасын алып тастаңыз.
4 Use A Proxy Server (Прокс – серверін қолдану) жалаушасын алып тастаңыз.
3. Тақырып бойынша тест тапсырмаларының сұрақтарына жауап беру:
1. Екі адаптер арасының максималды ұзындығы қанша метр болуы мүмкін?
40
50
25
200
70
2. Кабельдің үш түрін атаңыз?
мыс, сым, алюминий
коаксиалды, есулі қос өткізгіш, оптоталшықты
экрандалған, сым, коаксиалды
экрандалмаған, оптоталшықты, мыс
есулі қос өткізгіш, оптоталшықты, алюминий
3. Ең қарапайым және жеңіл кең қолданылатын кабель?
қос өткізгіш
экрандалмаған
коаксиалды
экрандалған
оптоталшықты
4. 200 м сақинада маркер секундына қанша айналым жиілігімен айнала алады?
4000
500
250
10000
70
5. Топология шартты түрде қалай ажыратылады?
экомикалық
физикалық және логикалық
әлеуметтік
реттік
сандық
6. Желілік технология дегеніміз не?
мәліметтер алмасу арналарымен біріктірілген компьютерлер жүйесі
желіні құруға жеткілікті хаттамалар және оларды іске асыратын аппараттық-бағдарламалық компоненттердің келісілген жиынтығы
желіні қолданушылардың бірлік уақытында жасалатын сұратуларының орташа саны
желінің өнімділігін төмендетпей оны ұлғайту мүмкіндігі
бөлінген жүйелердің жеке жағдайлары
7. Жергілікті есептеуіш желі IEEE802.2 қандай хаттама?
LLC мәліметті логикалық жіберу хаттамасы
MAC – желіге қатынау хаттамасы
Token Bus хаттамасы
Token Ring хаттамасы
мәліметті логикалық алу хаттамасы
8. Алғашқы түрде байланыс линиясы ретінде қандай кабелді қолданды?
екі жұпты
оптималды
өткізгішті
коаксиалды
желілік
9. Шлюз не үшін қажет?
әр түрлі архитектурадағы желілерді байланыстырады
жұмыс істеу принципі көпірдегідей
деректерді тиімді бағыттау
көпір арқылы желіні құрамдастыру
желі өлшемін ұлғайту
10. Маршруттауыштың (router) қызметі?
әр түрлі архитектурадағы желілерді байланыстыру
жұмыс істеу принципі көпірдегідей
желілік құрылымдық мекен-жайларды қолдану арқасында деректерді тиімді бағыттау
көпір арқылы желіні құрамдастыру
желі өлшемін ұлғайту
11. Коммутатордың айырмашылығы?
әр түрлі архитектурадағы желілерді байланыстыру
жұмыс істеу принципі көпірдегідей
әр порт өзінің деректерді тәуелсіз өндейтін процессорымен қамтылған
көпір арқылы желіні құрамдастыру
желі өлшемін ұлғайту
12. Желінің ең төменгі деңгейі?
қолданбалы
математикалық
бағдарламалық
аппараттық деңгей
химиялық деңгей
13. Екі байланысқан компьютерлердің деңгейлері қабылданған ережелерге сәйкес әрекеттеседі. Байланысты реттейтін ережелер мен процедуралар жиынтығын не деп атайды?
ip мекен-жай
желі архитектура
интерфейс
хаттама
клиент сервер
14. Бірінші көпдеңгейлі стандарт жобаланып, қай жылы ұсынылды?
мың тоғыз жүз жетпіс сегіз
мың тоғыз жүз жетпіс екі
мың тоғыз жүз жетпіс бір
мың тоғыз жүз жетпіс алты
мың тоғыз жүз жетпіс бес
15. Аймақтық желілердің атқаратын қызметін атаңыз:
жеке кәсіпорындар, фирмалар, офистерді байланыстырады
әлемдегі барлық компьютерлерді байланыстыратын тор
шектелген ақпараттық ресурстарға қатынауды қамтамасыз етеді
қала, аудан, облыс және ұсақ елдің абоненттерін байланыстырады
кішкентай аумақ шегінде орналасқан абоненттерді біріктіреді
16. Жұмыс істеу аумағына байланысты АЕЖ қанша топқа бөлінеді:
екі
үш
бес
жеті
алты
17. Local Area Network қандай ұғымды білдіреді?
жергілікті есептеуіш желіні
аумақты есептеуіш желіні
аймақты есептеуіш желіні
тармақталған желіні
бөлектелген желіні
18. Metropolitan Area Network қандай ұғымды білдіреді?
жергілікті желіні
аумақты есептеуіш желіні
аймақтық есептеуіш желіні
тармақталған желіні
бөлектелген желіні
19. Желідегі коммуникациялы тапсырмалар хаттамалары нешеге, қалай бөлінеді?
екіге бөлінеді, қолданбалы, жүйелік,
үшке бөлінеді, қолданбалы, жүйелік, көліктік
бір ғана түрі бар, қолданбалы
бір ғана түрі бар, жүйелік
бір ғана түрі бар, көліктік
20. Қолданбалы бағдарламалар дегеніміз не?
OSІ моделі әрбір деңгейде қандай хаттамаларды пайдалану керектігін анықтайды
компьютерлер арасындағы байланыс сеансы мен мәліметтердің сенімді ауысуын жүзеге асырады
OSІ моделінің жоғарғы деңгейінде жұмыс істейді. Олар қосымшалар әрекеттестігі мен олардың арасындағы мәліметтердің ауысуын қамтиды
бұл хаттамалар мәліметтердің бірнеше түрін басқарады: мекен-жайға жолдау, маршруттау, қатені тексеру және қайта жіберу сұранысы
«Шина» топологиясы маркер берудің үлгісін пайдаланады