Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
8_D_1240_RIS.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
96.26 Кб
Скачать

1. Табыстау аймақтары

1. Start\ Programs\ Administrative Tools (Пуск\Программы\ Администрирование) менюді ашып DNS ярлығын шертіңіз.

2. Консолдер ағашында тышқанның оң батырмасын аймақта немесе ішкі доменде шертіп, New Delegation (Создать делегирование) команданы таңдаңыз.

Табыстау шеберінің терезесі ашылады.

3. Next-ті шертіңіз.

4. Delegated Domain Name (Имя делегируемого домена) терезесінде табысталатын доменнің атын енгізіңіз, содан кейін Next-ті шертіңіз.

5. Name Servers (Серверы имен) терезесінде Add (Добавить) барыңыз, бұнда аттарды және DNS-сервердің IP-мекен-жайлары жазылуы тиіс, одан кейін Next басыңыз.

6. Finish (Готово) батырмасын басып, табыстау шеберінің терезесін жабады.

2.DNS-сервердің кэшін орнату

1. Өз компьютерінде DNS Server қызметін орнатыңыз.

DNS-серверді орнатқанда TCP/IP-ді өзіңіз орнатуыңыз қажет.

2. DNS-сервердің кез келген аймақ үшін енгізуін орнатпаңыз.

3. Тамыр сервердің сілтемесін дұрыс құрастыру және жаңартуын тексеріңіз.

3. Тақырып бойынша тест тапсырмаларының сұрақтарына жауап беру:

1. Fast Ethernet технологиясының орталығы белсенді емес ... топология желілері де моноарналарды қолданады?

  1. жұлдызша және шина

  2. сақиналық және шина

  3. сақиналық және шапақты

  4. шапақты және шина

  5. сақиналық

2. Ethernet технологиясы локалды есептеуіш желілердің бірі болып, қандай технологиялардың орнына келді?

  1. Xerox PARC

  2. Arcnet, FDDI және Token ring

  3. Brain Maker

  4. Case ring

  5. Arcnet

3. Ethernet технологиясын кім құрастырды?

  1. Дэвид Богс

  2. Эван Макли

  3. Джон Эйн

  4. Роберт Меткалф

  5. Эл Харт

4. Ethernet-кадрдың форматтарының бірі?

  1. бастапқы Version I

  2. Version IІ

  3. DIX

  4. Xerox

  5. Version V

5. Fast Ethernet желілерінде бірнеше құқықтар бар және оларды міндетті түрде қолдап отыру қажет. Берілген бөлімде кабельді жүйелерге қатысты құқықтар ұсынылған:

  1. кабельді таңдау, кабельдің ұзындығы, 5-ші категориялы кабельдердің айрықшаланымы, қарапайым және айналдырылған (cross-over), патч-панелдер, өту кедергілері

  2. мәліметтерді сақтау, мәліметтерді өңдеу, қолданушылардың мәліметтерге қатынауын ұйымдастыру

  3. қолданушыларға мәліметтерді және мәліметтерді өңдеу нәтижелерін беру, желіде бөліктелген ақпараттық қорлармен

  4. қолданушының осы қорлардың түрлеріне қашықтық (дистанционды) жолымен

  5. жүйе элементтерінің сақтық қорларына сақталуымен қамтамасыз етілетін, оның қызмет ету сенімділігінің жоғары болуымен

6. 200 м сақинада маркер секундына қанша жиілікпен айнала алады?

  1. он мың (10000) айналым

  2. мың (1000) айналым

  3. он (10) айналым

  4. бір (1) айналым

  5. екі (2) айналым

7. Интернетке қосылған басқа компьютерлермен тікелей байланысу және нақты уақыт режимінде сөйлесу бағдарламасы қалай аталады?

  1. Gopher

  2. Е-mail

  3. TelNet

  4. UseNet

  5. Chat (IRC)

8. Компьютерлік жүйені құру кезіндегі шешілетін негізгі есептерді көрсетіңіз:

  1. желіде біріктірілген компьютерлердің бағасы бойынша үйлесімділігін қамтамасыздандыру

  2. ақпараттық қамтамасыздандыру үйлесімдігін (бағдарлама және деректер) деректер пішімі және кодтау жүйесі бойынша қамтамасыздандыру

  3. ақпараттық қамтамасыздандыру және бағасы бойынша үйлесімділігін қамтамасыздандыру

  4. желіде біріктірілген компьютерлердің мониторлар экрандарының көлемі бойынша үйлесімділігін қамтамасыздандыру

  5. электрлік және механикалық сипаттамалары бойынша жабдықтар үйлесімділігін қамтамасыздандыру

9. Интернет дегеніміз – ол:

  1. бүкіл әлемдік компьютерлік жүйе

  2. қалалық компьютерлік жүйе

  3. республикалық компьютерлік жүйе

  4. компьютерлік жүйе

  5. локалдық жүйе

10. Интернет. Mail List атқаратын қызметті көрсетіңіз:

  1. телеконференция тізімі

  2. ауа райын болжау қызметі

  3. тестілеу қызметі

  4. жіберу тізімдері

  5. файлдарды беру

11. Концентраторлар қандай топтарға бөлінеді?

  1. белсенді және белсенді емес

  2. белсенді, бөлінгіш

  3. белсенді емес

  4. сақиналы, шиналы

  5. сигналды және сигналсыз

12. Концентраторлар нешеге бөлінеді?

  1. үш

  2. бір

  3. екі

  4. бес

  5. төрт

13. Белсенді концентраторлар сигналдарды репитерлар сияқты береді. Кейде оларды не деп атайды?

  1. портсыз репитер

  2. сақиналы репитер

  3. жай репитер

  4. көп портты репитер

  5. күрделі репитер

14. Бір фирмаға, мекемеге немесе жеке тұлғаға тиісті және өзара мазмұны бойынша байланысқан парақтар тобы:

  1. гипермәтін

  2. фирма сайты

  3. бума

  4. құжаттар

  5. сервер

15. ON-LINE режимі жүйесінде ақпаратты беруге негізделген:

  1. нақты уақыт режимінде ақпаратты беру

  2. пакетті режимінде

  3. байланыс кабельдері бойымен

  4. спутниктік байланыс бойымен

  5. телефон байланысы арқылы

16. Интернетті қолдайтын қай хаттама?

  1. SC/IP

  2. SPC

  3. QP/IP

  4. HTTP

  5. TCP/IP

17. Өндірістің ауқымды және локалды желілері арасында мәліметтерді рұқсат берілмеген (бүлдіретін) алмастыруға бөгет болатын брандмауэр ретінде не болатындығын көрсетіңіз?

  1. арнайы бағдарламалар

  2. арнайы пернетақта

  3. арнайы шлюздер

  4. арнайы CD-ROM

  5. арнайы компьютер

18. Кеңтаралымды желілердің жұмыс істеу принципі:

  1. уақыттың әр мезетінде жіберуді тек бір торап қана орындай алады, басқа тораптар ақпаратты тек қабылдай алады

  2. жұмыс стансаларының өзара әрекеттесуін басқарады және мәліметтерді сақтайды

  3. байланыстың бір жалпы арнасын немесе бір жалпы пассивті арнаны коммутациялайды

  4. қолданушыға қажетті тақырыптар бойынша желі қорларында ақпараттарды іздестіреді

  5. қолданушыларға, негізінен, ақпараттық қызмет көрсетеді

19. Екі желінің мәлімет алмасу ережелерін, ақпарат форматтарын, принципін анықтау заңдылығы:

  1. хаттамалар

  2. желі торабы

  3. құжат

  4. провайдер

  5. ақпараттық сервер

20. Желілік технология дегеніміз не?

  1. мәліметтер алмасу арналарымен біріктірілген компьютерлер жүйесі

  2. желіні құруға жеткілікті хаттамалар және оларды іске асыратын аппараттық-бағдарламалық компоненттердің келісілген жиынтығы

  3. желі қолданушыларының бірлік уақытында жасалатын сұрауларының орташа саны

  4. желінің өнімділігін төмендетпей оны ұлғайту мүмкіндігі

  5. бөлінген жүйелердің жеке жағдайлары

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]