
- •Тақырыбы; компьютерлік желілердің аппараттық құралдары. Маршруттаушылар, шлюздер
- •Қорытынды
- •Тәжірибелік сабақтың жоспары:
- •Соөж және сөж тапсырмалары:
- •Тақырып бойынша бақылау сұрақтарына жауап беру:
- •2. Тәжірибелік сабақ тапсырмасы бойынша сценарийлермен танысып шыққаннан кейін, сұрақтарға жауап беру және компьютерде орындау:
- •3. Тақырып бойынша тест тапсырмаларының сұрақтарына жауап беру:
№7 ДӘРІС
Тақырыбы; компьютерлік желілердің аппараттық құралдары. Маршруттаушылар, шлюздер
Дәрістің мән-мәтіні
Мақсаты: компьютерлік желілердің аппараттық құралдары – маршруттаушылар мен шлюздерді зерделеу.
Дәріс жоспары:
Маршруттаушылар.
Шлюздер.
Негізгі түсініктер: маршруттаушы (router), шлюз (gate way).
Тақырыптың мазмұны. Маршруттаушы (router) – бұл екі коммуникациялық жүйені немесе олардың бөліктерін біріктіретін ретрансляциялық жүйе.
Әр маршруттаушы суретте көрсетілгендей физикалық (1А, 1В), арналық (2А, 2В) және жүйелік (3А, 3В) деңгейдің хаттамасын жүзеге асырады. Арнайы жүйелік үдерістер коммутатордың бөліктерін бір бүтінге біріктіреді. Физикалық, арналық және жүйелік хаттамалар әр түрлі жүйелерде әр түрлі болады. Сондықтан да коммуникациялық жүйелердің бірігуін, көрсетілген хаттамалардың керекті қайта құруын жүзеге асыратын маршруттаушылар арқылы жасайды. Жүйелік үдерістер біріктірілген жүйелердің өзара әрекеттесуін іске асырады.
Маршруттаушылар осылардың біреуіне кезекті деректер блогын бағыттайтын бірнеше арналармен жұмыс істейді.
Маршруттаушылар жүйенің өзгеру құрылымының трафиктері және олардың жағдайлары туралы ақпарат алмасады. Осының көмегімен әр түрлі жүйедегі жіберушінің – абоненттік жүйесінен - қабылдаушы - жүйеге деректер блогының оңтайлы жүру маршруты таңдалады. Маршруттаушылар сондай-ақ административті тәуелсіз коммуникациялық желілердің бірігуін қамтамасыз етеді.
42-сурет – Маршруттаушы құрылымы
Маршруттаушы архитектурасы коммутация пакетінің торабын жасағанда қолданылады.
Маршруттаушылар мен көпірлер арасында айырмашылық бар. Маршруттаушылар көпірлерден өзінің сүзгілеу және деректер пакетін жүйеге бағыттауымен артықшаланады. Маршруттаушылар жүйе деңгейінде жұмыс істегендіктен, олар әр түрлі жүйелік архитектураны қолданатын жүйелерді біріктіре алады, мысалы, жүйелік арналарға ену әдісін және хаттамаларды.
Маршруттаушылар көпірлер сияқты хабарларды талдауға қабілеттілігі жоқ, бірақ екі жүйелік сегмент арасындағы деректер үшін оптималды жолды таңдау туралы шешім қабылдайды.
Көпірлер түскен деректер пакеті арасынан әрбіреуінің мекен-жайға жолдануы туралы шешім қабылдайды немесе оны белгіленген мекен-жайға тәуелді көпірден өткізу керек немесе керек емес екенін анықтайды.
Ал маршруттаушылар кесте ішінен берілген пакет үшін ең жақсы маршрутты таңдайды.
Маршруттаушылар өз аясында алдындағы маршруттаушылармен мекен-жайға жолданған пакеттер болады, ал бұл уақытта көпірлер олар қосылған жүйе сегментінде барлық хабарлар пакеттерін баптауы керек.
Маршруттаушылар үшін топология типі немесе жүйеге ену деңгейінің хаттамасы аса маңызды рөл атқарады, себебі олар көпірлерге қарағанда бір деңгей жоғары жұмыс істейді (OSI моделінің жүйелік деңгейі). Маршруттаушылар көбінесе жоғары деңгейлі бірдей сегменттер арасындағы байланыс үшін қолданылады. NOVELL фирмасының IPX немесе Microsoft фирмасының TCP-сы аса таратылған маршруттаушылар қолданатын транспорттық хаттама болып табылады.
Маршруттаушылармен жұмыс істеу үшін өзі байланысқан барлық сегменттерде дәл сол жалғыз хаттаманы қажет етуін ескерткен жөн. Әр түрлі хаттамалар жүйелерін байланыстыру үшін көпірлерді қолданған дұрыс. Жүйе сегментінің трафик жүктемесін басқару үшін де көпірлерді қолдануға болады.
Шлюз (gate way) – ретрансляциялық жүйе, ақпараттық желілердің өзара қатынасын қамтамасыз етеді. Әр түрлi желiлердi түйiстiру шлюз деп аталатын apнaйы компьютерлер немесе бағдарламалар арқылы қамтамасыз eтіледі. Шлюздер бiр желiден қабылданған деректер форматын баcқa желiдегi деректер форматына түрлендiредi. Әр түрлi масштабтағы желiлердi бiрiктiру нәтижесiнде қалалар, елдер және құрлықтар apacында өзара aқпарат алмасу мүмкiндiгi берiледi.
Шлюз – бұл ретрансляциялық ең күрделі жүйе болып саналады. Бүкіл жеті деңгей әртүрлі жиынтық хаттаманы, желілердің өзара қатынасын қамтамасыз етеді. Өз кезегінде, хаттаманы теру әртүрлі физикалық байланыс құралдарының типтеріне сүйене алады.
Егер де ақпараттық желілер біріктірілсе, онда олардың деңгейінің бөліктері жалғыз хаттамаларды қабылдайды. Онда желілер шлюз арқылы емес, одан да жай маршруттаушылар және көпірлер аталатын ретрансляциялық желімен біріктіріледі.
43-сурет – Шлюз құрылымы
Шлюздер ОSI (сеанстық, өкілдік және қолданбалы) моделінің жоғарғы деңгейінде операция жасайды және желілік сегменттермен компьютерлік желілердің қосылуының аса дамыған әдісін ұсынады.
Желілік шлюздер архитектуралары әртүрлі екі желіні қосқанда өте қажетті. Мысалы, шлюзді TCP/IP хаттамасы бар және SNA стандарты үлкен ЭЕМ – ді желімен қосқанда қолданылады. Бұл екі архитектураның ортақ ештеңесі жоқ, сондықтан да екі желі арасынан өтетін барлық мәліметтер ағынын түгелдей аудару керек.
Негізінде шлюз ретінде шлюздік бағдарламалық қамтамасыздандыру және желі ішінде бірнеше жүйемен әрекеттесуге мүмкіндік беретін қайта құру жасайтын, белгіленген компьютер қолданылады. Хаттамаларды қайта құру шлюздің басқа қызметі болып табылады. TCP/IP клиенті үшін IPX/SPX хабарын алғанда шлюз хабарды TCP/IP хаттамасына қайта құрады.
Шлюздерді икемдеген және орнатқан кезде өте күрделі. Шлюздер маршруттаушыларға қарағанда баяу жұмыс істейді.