- •Семей 2014
- •«Статистика» пәні
- •Пән мазмұны Дәріс сабақтары
- •Студенттердің өзіндік жұмысты орындау тапсырмаларының тақырыптары
- •Сөж орындау және тапсыру тақырыптары
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •Статистика
- •3 Курстың посткреквезиттері:
- •Пән мазмұны Дәріс сабақтары
- •Тәжірибелік сабақтары
- •Осөж орындау және тапсыру графигі
- •Сөж орындау және тапсыру графигі
- •Студенттердің білімін бағалау жүйесі
- •Глоссарий
- •1. Статистика туралы жалпы түсінік.
- •Статистика пәні мен міндеттері.
- •Статистикалық әдістер және оның зерттеу кезеңдері.
- •1. Статистикалық бақылау туралы түсінік.
- •Статистикалық бақылауды ұйымдастырудың негізгі мәселелері
- •3. Статистикалық бақылаудың тәсілдері.
- •4.Статистикалық бақылау қателері. Статистикалық бақылауды мәліметтерін тексеру әдістері.
- •1.Мәліметтерді жинақтау мазмұны және міндеттері
- •2. Топтаудың түрлері
- •3. Статистикалық таратпалы қатарлар.
- •2.Қатысты шама, оның түрлері
- •3.Статистикалық графиктер туралы түсінік.
- •1.Статистикадағы орташа шамалардың мәні. Орташа шамалардың түрлері
- •1. Ішінара бақылау – нарықтық экономикалық негізгі ақпарат көзі
- •2. Іріктеу жиынтығын құрудың тәсілдері.
- •1. Динамикалық қатарлар туралы түсінік және оның түрлері.
- •2. Динамикалық қатардың негізгі көрсеткіштері, есептеу тәсілдері
- •1. Индекс туралы жалпы түсінік, оның түрлері.
- •2. Сапалық белгілердің орташа шамаларының индекстері: өзгермелі және тұрақты құрамды индекстер, құрылымдық өзгерістер индексі
- •1.Қоғамдық құбылыстардың байланыстылығын статистикалық зерттееудің мәні.
- •2. Функционалдық және корреляциялық байланыстар. Аналитикалық топтау әдісі.
- •1.Халық және еңбек ресурстары статистикасының міндеттері
- •2. Халықтың саны және құрамы
- •3. Жұмыспен қамтылу және жұмыссыздық статистикасы
- •1. Халықтың тұрмыс деңгейі көрсеткіштерінің жүйесі
- •2. Үй шаруашылығы табысының көрсеткіштері
- •Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университеті Статистика пәні бойынша әдістемелік нұсқаулар Семей 2014
- •Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті Статистика пәні бойынша тәжірибелік сабақтарды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар Семей 2014
- •Тәжірибелік сабақтары
- •Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті Статистика пәні бойынша оқытушының жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмысы бойынша әдістемелік нұсқаулар Семей 2014
- •Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті Статистика пәні бойынша студенттердің өзіндік жұмысы бойынша әдістемелік нұсқаулар Семей 2014
- •Сөж тапсырмалары
- •Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті
- •Білімді бақылау және бағалау жүйесі
- •Семей 2014
- •Бірінші аралық бақылауға арналған сұрақтар тізімі
- •Қорытынды бақылауға арналған сұрақтар тізімі
Глоссарий
Әлеуметтік- экономикалық статистика - әлеуметтік- экономикалық құбылыстардың сандық жағын зерттейді, олардың пропорцияларын, экономикадағы және әлеуметтік сферадағы даму заңдылықтарды көрсетеді.
Әлеуметтік- экономикалық статистиканың қоғамдық дербес ғылым ретіндегі мақсаты – мемлекеттің жағдайын дамудың кешенді сандық сипаттамасымен қамтамасыз ету, нарықтық жағдайды бақылау, мемлекеттің саяси жүйесін баяндау.
Әртараптандыру - инвестициялық қор активтерiн олардың құнының төмендеу қаупiн азайту мақсатында түрлi қаржы құралдарына және өзге мүлiкке орналастыру;
Бақылаудың объектісі – барлық деңгейлердегі бұқаралық әлеуметтік- экономикалық құбылыстар мен процестер.
Валюта - мемлекеттердің заңды төлем қаражаты ретінде қабылдаған ақша бiрлiгі немесе банкноттар, қазынашылық билеттер және монеталар, оның iшiнде қымбат металдардан жасалған монеталар (айналыстан алынған немесе алынатын, бiрақ айналыста жүрген ақша белгiлерiне айырбасталуға жататынын қоса алғанда) түрiндегі қолма-қол және қолма-қол емес ақша нысанындағы құнның ресми стандарттары, сондай-ақ шоттардағы, оның ішiнде халықаралық ақша немесе есеп айырысу бiрлiктерiндегі қаражат;
Дауыс беретін акциялар – акционерлік қоғамның осы Заңда көзделген жағдайларда дауыс беру құқығы беріліп, орналастырылған жай және артықшылықты акциялары;
Делистинг - бағалы қағаздарды сауда-саттықты ұйымдастырушының тiзiмiнен уақытша немесе тұрақты шығарып тастау;
Депозитарийлiк қызмет - басқа нақтылы ұстаушылар үшiн бағалы қағаздарды нақтылы ұстау қызметiн көрсету және ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында қаржы құралдарымен жасалған мәмiлелер бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру жөнiндегi қызмет;
Депозитарийлiк қолхат - осы депозитарийлiк қолхаттың базалық активi болып табылатын эмиссиялық бағалы қағаздардың белгiлi бір санына меншiк құқығын растайтын туынды эмиссиялық бағалы қағаз;
Депонент - орталық депозитарийдiң клиентi болып табылатын ұйым;
Депозитке салу - орталық депозитарийдiң депоненттер мен олардың клиенттерiнiң қаржы құралдарын есепке алуы;
Дефолт - эмиссиялық бағалы қағаздар және өзге де қаржы құралдары бойынша мiндеттемелердiң орындалмауы;
Дилер - бағалы қағаздар рыногының ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногында және ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында оған тiкелей кiру құқығымен өз мүдделерiн көздеп және өз есебiнен эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмiлелер жасайтын кәсiби қатысушысы;
Диверсификация – зейнетақы активтерінің жоғалып кету қатерін азайту мақсатында оларды уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкес қаржы құралдарына орналастыру;
Дивиденд – акционердің өзіне тиесілі акциялар бойынша акционерлік қоғам төлейтін кірісі;
Ерікті зейнетақы жарналары – Қазақстан республикасының заңдарына және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта белгіленетін тәртіппен салымшылардың өз бастамасымен алушының пайдасына жинақтаушы зейнетақы қорларына салатын ақшасы;
Ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары – Қазақстан Республикасының Үкіметті белгілейтін кәсіптер тізбесі бойынша және Қазақстан Республикасының заңдарында және ерікті кәсіптік зейнетақы есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта белгіленген тәртіппен салымшылардың өз бастамасымен қызметкерлердің пайдасына жинақтаушы зейнетақы қорларына салатын ақшасы;
Ерікті зейнетақы жарналарының ставкасы – жинақтаушы зейнетақы қорына төленетін, ерікті зейнетақы есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты белгіленетін төлемнің мөлшері;
Ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарының ставкасы – жинақтаушы зейнетақы қорына төленетін, еріктік кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты және осы заңға белгіленген төлемнің мөлшері;
Жарияланған эмиссиялық бағалы қағаздар - шығарылуын уәкiлеттi орган тiркеген бағалы қағаздар;
Жеке инвестор - институционалдық инвестор болып табылмайтын инвестор;
Жеке шот - бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмi жүйесiнде немесе нақтылы ұстауды eceпкe алу жүйесiнде бар, эмиссиялық бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдары бойынша мәмiлелердi тiркеу және құқықтарды есепке алу мақсатымен тiркелген тұлғаны сөзсiз бiрдейлендiруге мүмкiндiк беретiн жазбалар жиынтығы;
Жеке шоттан үзiндi - бағалы қағаз болып табылмайтын, тiркеушi немесе нақтылы ұстаушы беретiн және тiркелген тұлғаның эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша белгiлi бiр уақыт кезiндегi құқықтарын растайтын құжат;
Жүктерді сақтандыру - жүк саќтандырудың негізгі шарттары — ќауіп-қатердің барлық түрлеріне жауапкершілігі. Саќтандырудың бұл түрінде жалпы апат шығындарының, шеккен зияндыќтардың, төленген жарналардың, сонымен ќатар ќандай себептерден болса да саќтандырылған мүліктің, заттың бүліну, жоғалу, толық апатқа ұшырауының орны толтырылады. Саќтандырылмайтын ќауіп-ќатерлерге: соғыс қаупі, тікелей не жанама радиация әсері, саќтанушының салаќтығы мен арам ниетті істері, жүктің ескеруге жатпайтын ерекше қасиеттері мен жүкті тасу өзгешеліктеріне байланысты басқа да ќауіп-қатерлер жатады. Міндетке алынған қауіп-қатерлерден тыс қалғандары екі жаќтық келісім бойынша қосымша сыйлық-төлем арқылы саќтандырылады.
Жинақтаушы зейнетақы қоры – зейнетақы жарналарын тартуды және зейнетақы төлемдері жөніндегі қызметті, сондай – ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті, жүзеге асыратын заңды тұлға;
Жинақталған зейнетақы қаражаты – міндетті зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын, инвестициялық кірісті, өсіипұлды және шарттарға, осе Заңға қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес өзгеде түсімдерді қоса алғанда, салымшының (алушының) жеке зейнетақы шоттарында есептелетін ақша;
Жинақталған зейнетақы қаражатының нақты құны – жинақталған зейнетақы қаражатының Қазақстан Республикасының мемлекттік статистикасының уәкілетті органы есептен шығаратын тұтыну бағалары индекісіне үйлестірілген нақты құны;
Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт – зейнетақы жарналарымен, жинақталған қаражаттарымен және төлемдералумен байланысты құқықтық қатынастарды белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы, бір жағынан жинақтаушы зейнетақы қоры және екінші жағынан салымшы мен алушы жасасатын шарт (келісім);
Зейнетақылық аннуитетшарты – сақтандыру шарты, оған сәйкес сақтанушы (зейнетақы төлемдерін алушы) сақтандыру ұйымына жинақталған зейнетақы қаражатының сомасын беруге міндеттенеді, ал сақтандыру ұйымы сақтандырушының (зейнетақы төлемдерін алушының) пайдасына өмір бойына немесе белгілі бір уақыт кезеңі ішінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға міндеттенеді;
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым -
жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлға;
Зейнетақы активтері – зейнетақы төлемдерімен аударымдарын; сондай – ақ жинақтаушы зейнетақы қорларынан аударымдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен қамтамассыз етуге және жүзеге асыруға арналған ақша, бағалы қағаздар, өзге де қаржы құралдары;
Зейнетақы төлемдері :орталықтан – 1998 жылғы 1 қаңтардағы жай – күйі бойынша кемінде алты ай еңбек стажы бар жеке адамдарға заңдарда белгіленген тәртіппен еңбек стажына бара – бар түрде жүзеге асыратын ақма қаражатын төлеу;
Жинақтаушы зейнетақы қорларынан алушыларға Қазақстан республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын жинақталған зейнетақы қаражатын төлеу;
Зейнетақы – Орталықтан, жинаушы зейнетқы қорларынан төленетін зейнетақы төлемдерінің жиынтығы;
Зейнетақы төлемдерін алушы (бұдан әрі – алушы) – орталықтан зейнетақы тағайындалған және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерн алуға құқығы бар жеке адам;
Инвестициялар - лизинг шартын жасасқан кезден бастап лизинг заттарын қоса алғанда, заңды тұлғаның жарғылық капиталына инвестор салатын мүлiктiң (жеке тұтынуға арналған тауарларды қоспағанда) барлық түрi, сондай-ақ оларға құқықтар немесе кәсiпкерлiк қызмет үшiн пайдаланылатын тiркелген активтердi көбейту;
Инвестициялық портфель - бағалы қағаздар рыногы субъектiсiнiң меншiгiндегi немесе басқаруындағы әр түрлi қаржы құралдарының жиынтығы не инвестициялық қорлар туралы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптарға сәйкес инвестициялық қордың мүлкi;
Инвестициялық кіріс – жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялау нәтижесінде алынатын ақша;
Жеке зейнетақы шоты – салымшының (алушының) жинақтаушы зейнетақы қорындағы жеке атаулы шоты, онда қазақстан республикасының заңдарына сәйкес оның міндетті не ерікті зейнетақы жарналары немесе еріктік кәсіптік зейнетақы жарналары, инвестициялық кірісі, өсімпұл және өзгеде түсімдер есепке алынады және содан зейнетақы төлемдері төленеді;
Инвестициялық портфельдi немесе зейнетақы активтерiн басқарушы- бағалы қағаздар рыногының азаматтық құқық объектiлерiн басқару жөнiндегi қызметтi өз атынан, клиенттiң мүдделерiн көздеп және соның есебiнен жүзеге асыратын кәсiби қатысушысы;
Инвестор - Қазақстан Республикасында инвестицияны жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар;
Институционалдық инвестор - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес инвестицияны жүзеге асыру мақсатымен қаражат тартушы заңды тұлға;
Инвестициялық қордың активтерi - акционерлiк инвестициялық қорға тиесiлi немесе инвестициялық пай қорын құрайтын активтер жиынтығы;
Инвестициялық декларация - инвестициялау объектiлерiнiң тiзбесiн, инвестициялық қор активтерiне қатысты инвестициялық қызмет мақсатын, стратегиясын, шарттарын және оны шектеудi, қор активтерiн хеджирлеу және әртараптандыру шарттарын айқындайтын құжат
Инвестициялық шешiм - инвестициялық қордың активтерiн басқару процесiнде қабылданатын оның активтерiмен мәмiле жасасу туралы шешiм;
Инвестициялық кiрiс - инвестициялық қор активтерiн инвестициялау нәтижесiнде алынған олардың ақшалай көрiнiсiндегi өсiмi;
Инвестициялық қор - заңға сәйкес құрылған акционерлiк немесе инвестициялық пай қоры;
Инвестициялық пай қоры - пайға, сондай-ақ оларды инвестициялау нәтижесiнде сатып алынған өзге де активтерге ақы төлеуден алынған, пайларды ұстаушыларға ортақ үлестiк меншiк құқығымен тиесiлi және басқарушы компанияның басқаруындағы ақша жиынтығы;
Инвестициялық пай қорының ережесi - инвестициялық пай қорының мақсаттарын, жұмыс iстеу және жұмыс iстеуiн тоқтату шарттары мен тәртiбiн айқындайтын құжат;
Инвестициялық жоба - Қордың инвестицияларын көздейтін іс-шаралар кешені;
Инфрақұрылымдық облигация — эмитент міндеттемелерінің орындалуы мемлекет пен эмитент арасында мемлекетке берілетін объектінің құнының сомасына сәйкес жасалған инфракұрылымдық жобаны іске асыру жөніндегі концессиялық келісім шеңберінде мемлекеттің кепілгерлігімен қамтамасыз етілген облигация;
Ипотекалық облигация - ипотекалық қарыз шарттары бойынша талап ету құқығы кепілiмен (ипотекалық куәліктердің кепiлiн қоса алғанда), сондай-ақ тiзбесi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленетiн өзге де жоғары өтiмдi активтер кепiлiмен қамтамасыз етiлген облигация;
Инвестициялық қордың таза активтерiнiң құны - инвестициялық қордың барлық активтерiнiң құны мен оның инвестициялық қор активтерi есебiнен төленуге жататын мiндеттемелерi не есептелген шығыстары арасындағы айырма ретiнде айқындалатын инвестициялық қор активтерi құнының ақшалай көрiнiсі;
Кастодиондық шарт – кастодион банк пен оның клиенті жасасатын бағалы қағаздар мен ақшаны жауапкершілікпен сақтау және есепке алу туралы шарт;
Коммерциялық кредиттер - тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетудi) жеткiзушiлер (сатушылар) мен алушылар (сатып алушылар) арасында тiкелей жүзеге асырылатын экспорт бойынша төлем мерзімін кейінге қалдыру немесе импорт бойынша алдын ала ақы төлеу (аванстық төлем);
Қазақстанның инвестициялық қорының инвестициялары - қордың мақсаттары мен мiндеттерiне сәйкес жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасы резиденттерінің-акционерлiк қоғамдардың және шетелдiк заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына Қордың салымдары;
Қазақстанның қордың инвестициялық қызметi - ұйымдардың жарғылық капиталдарына инвестиция салуды, инвестициялық жобалар бойынша ақпарат жинау мен өңдеудi, маркетингтiк, инжинирингтiк және өзге де зерттеулердi, жоспарлы-болжамдық және жобалау-сметалық құжаттаманы қамтамасыз етуге қатысуды, сондай-ақ инвестицияларға бақылау ұйымдастыруды қамтитын, Қордың инвестицияларды жүзеге асыруға байланысты қызметі;
Казақстандық депозитарийлiк қолхат - Қазақстан Республикасының резидентi емес эмитенттiң басқа мемлекеттiң заңдарына сәйкес шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздарының белгiлi бiр санына меншiк құқығын растайтын туынды эмиссиялық бағалы қағаз;
Қамтамасыз етiлген облигация - эмитент мiндеттемелерiн орындау эмитент мүлкiнiң кепiлiмен, банк кепiлдiгiмен қамтамасыз етiлген облигация;
Кастодиан - бағалы қағаздар рыногының қаржы құралдарының және клиенттер ақшасының есебiн алуды және олар бойынша құқықтарды растауды, клиенттердiң құжатты қаржы құралдарының сақталуы жөнiнде өзiне мiндеттемелер қабылдай отырып оларды сақтауды және Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес өзге қызметтi жүзеге асыратын кәсiби қатысушысы;
Қаржы агенттiгi - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес экономиканың белгiлi бiр салаларында мемлекеттiк инвестициялық саясатты iске асыруға уәкiлеттi және осы мақсатта Қазақстан Республикасының қаржы рыногында және (немесе) халықаралық қаржы рыногында қарыз алуды жүзеге асыратын банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым;
Қаржы құралы - қаржы рыногының Қазақстан Республикасының аумағында айналысқа жiберiлген бағалы қағаздары (туынды бағалы қағаздарды қоса алғанда) мен өзге де активтерi;
Қаржылық ұйым - қаржылық қызмет көрсету жөнiндегi кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға;
Қаржы рыногындағы кәсiби қызмет - қаржылық қызмет көрсету жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет;
Қарыз.Несие.- ақша немесе тауар түріндегі қарыз, яғни ақшаны немесе тауарларды пайыз төлеімен қарызға беру (қайтарылу талабымен уақытша қолдану); несие беруші мен қарыз алушы арасындағы экономикалық қатынасты білдіреді. Банктік, коммерциялық, мемлекеттік, тұтынушылық сияқты болады.
Қоғамның аффицирленген тұлғасы – шешімді тікелей және (немесе) жанама айқындауға және (немесе) акционерлік қоғам қабылдайтын шешімге, оның ішінде ауызша шартты қоса алғанда, шартқа немесе өзге де мәмілеге орай ықпал етуге мүмкіндігі бар тұлға (оның қызметін берілген өкілеттіліктер шеңберінде реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды қоспағанда), сондай – ақ өзіне қатысты акционерлік қоғамның осындай құқығы бар кез келген тұлға;
Коносамент – бұл су жолымен тасымалданатын, жүктерді жөнелтушіге тасымалдаушымен берілетін көлік құжаты, ол жүктерді тасымалдауға қабылдануын дәлелдейді және тасымалдаушының жүкті қабылдаушыға жүкті беруді міндетін арттырады.
Қор биржасы - акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, осы сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесiн пайдалана отырып, оларды тiкелей жүргiзу арқылы сауда-саттықты ұйымдық және техникалық жағынан қамтамасыз етудi жүзеге асыратын заңды тұлға;
Клиент - бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысы көрсететiн қызметтi пайдаланушы немесе пайдаланғысы келетiн тұлға;
Клиринг - өзара талаптар мен міндеттерді есептеуге негізделген қор биржасындағы контрагенттер арасындағы қолма-қолсыз есеп айырысу жүйесі.
Клирингтік талаптар. Есеп айырысу палаталары – биржалық операциялар бойынша есеп айырысуды жүзеге асыратын, оларды тіркейтін, сондай-ақ олардың орындалуына гарант болатын ұйым.
Құжатты бағалы қағаздар - құжатты нысанда шығарылған (қағаздағы немесе арнайы техникалық құралдарды пайдаланбай-ақ бағалы қағаздың мазмұнын тiкелей оқуға болатын өзге де материалдық берiлiм көзiндегi) бағалы қағаздар;
Құжатсыз бағалы қағаз - құжатсыз нысанда (электрондық жазбалардың жиынтығы түрiнде) шығарылған бағалы қағаз;
Левередж - эмитенттiң мiндеттемелерi мен өз капиталы мөлшерлерiнiң арақатынасы;
Листинг - бағалы қағаздарды қор биржасының бағалы қағаздар тiзiмiнiң санатына енгiзу, оған енгiзу және сол санатта болу үшiн қор биржасының iшкi құжаттарында бағалы қағаздарға және олардың эмитенттерiне арнайы (листингтiк) талаптар белгiленген;
Лицензиат - уәкiлеттi орган берген лицензия негiзiнде бағалы қағаздар рыногындағы қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға;
Мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздар - мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар болып табылмайтын акциялар, облигациялар және өзге де эмиссиялық бағалы қағаздар;
Мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаз - қарыз алушы Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi болатын қарыз алуға қатысы жөнiнен ұстаушының құқықтарын куәландыратын эмиссиялық бағалы қағаз;
Мүдделер қақтығысы - бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушылары мен олардың клиенттерiнiң мүдделерi бiр-бiрiне сай келмейтiн жағдай;
Мәміле паспорты - валюталық операциялар бойынша есепке алуды және есептілікті қамтамасыз ету үшін қажетті сыртқы экономикалық мәміле туралы мәліметтер көрсетілетін белгіленген нысандағы құжат;
Міндетті зейнетақы жарналарының салымшысы – міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан және жинақтаушы зейнетақы қорында жеке зейтетақы шоты бар жеке тұлға;
Міндетті зейнетақы жарналары – осы заңға сәйкес, жинақтаушы зейнетақы қорларына Қазақстан республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен салынатын ақша;
Міндетті зейнетақы жарналарының ставкасы – салымшының зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын кірісіне проценттік қатынаспен көрсетілген жинақтаушы зейнетақы қорына төлем мөлшері,
Нақтылы ұстауды есепке алу жүйесi - бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысының уақыттың белгiлi бiр кезiнде оларды бiрдейлендiрудi, бағалы қағаздармен мәмiлелердi тiркеудi қамтамасыз ететiн бағалы қағаздарды ұстаушылар мен оларға тиесiлi бағалы қағаздар туралы мәлiметтер бар, нақтылы ұстау қызметiн көрсететiн есеп беру жүйесi, сондай-ақ осы бағалы қағаздардың айналысқа немесе олар бойынша құқықтарды жүзеге асыруға арналып тiркелген шектеулердiң сипаты және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес өзге де мәлiметтер;
Облигация – нақты пайыз төленетін қарыз міндеттемесі, ол мемлеке пен корпорациялардың қор нағында қаржы ресурстарын шоғырландыруға мүмкіндік беретін құралдардың бірі.
Облигацияның нақтылы құны - облигация құнының ол шығарылған кезде белгiленген, купондық облигация бойынша процентпен көрсетiлген сыйақы есептелетiн ақшалай көрiнiсi, сондай-ақ облигацияны өтеген кезде оны ұстаушыға төленуге тиiстi сома;
Өзiн-өзi реттейтiн ұйым - бағалы қағаздар рыногында өз қызметiнiң бiрыңғай ережелерi мен стандарттарын белгiлеу мақсатымен қауымдастық (одақ) нысанында бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушылары құрған заңды тұлға;
Оқшаулау - бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмi жүйесiнде және нақтылы ұстауды есепке алу жүйесiнде бағалы қағаздармен жасалған азаматтық-құқықтық мәмiлелердi тiркеуге бағалы қағаздардың сақталуына кепiлдiк беру мақсатында жүзеге асырылатын уақытша тыйым салу;
Орналастырылған эмиссиялық бағалы қағаздар - бастапқы бағалы қағаздар рыногында инвесторлар толық төлеген эмиссиялық бағалы қағаздар;
Орналастырылған акциялар – акционерлік қоғамның бағалы қағаздардың ұстаушылардың тізілімін жүргізу жөніндегі кәсіби қызметті жүзеге асыратын ұйым;
Орналастыру бағасы- акцияларды бастапқы бағалы қағаздар рыногына орналастырған кезде акцияның белгіленетін бағасы.
Опцион – белгіленген нысандағы туынды бағалы қағаз, оны сатып алушы белгілі бір мерзім өткеннен кейін опционда айтылған базалық активті келісілген баға бойынша сатып алу немесе сату құқығына ие болады;
Орталық депозитарий - негiзгi функциясы депозитарийлiк қызметтi жүзеге асыру болып табылатын мамандандырылған коммерциялық емес ұйым;
Пайды сатып алу - басқарушы компанияның пайды ұстаушыдан оны сатып алу арқылы инвестициялық пай қорының активтерiн сенiмгерлiк басқару шартын бұзу;
Пай ұстаушы - инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылар тiзiлiмi жүйесiнде немесе нақтылы ұстауды есепке алу жүйесiнде жеке шоты бар және инвестициялық пай қорының пайлары бойынша құқықтары бар тұлға;
Пруденциялдық норматив – жинақтаушы зейнетақы қорының және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаржылық орнықтылығын қамтамассыз ету үшін Қазақстан республикасының заңдарында белгіленетін экономикалық талаптар;
Рейтинг - белгiлi бiр эмитенттiң шамамен алғандағы кредит қабiлетiн немесе оның бағалы қағаздарының сапасы мен сенiмдiлiгiн белгiлейтiн бағаның жеке сан және әрiп көрсеткiшi;
Сатып алу сомасы – зейнетақы аннуитеті шарты мерзімінен бұрын бұзылған кезде сақтанушының (зейнетақы төлемдерін алушының) сақтандыру ұйымынан алуға құқығы бар ақша сомасы;
Сенiмгерлiк басқару шарты - осы Заңда белгiленген талаптарға сәйкес ақшаны сенiмгерлiк басқаруға беру туралы басқарушы компанияның акционерлiк инвестициялық қормен немесе инвестициялық пай қорының инвесторымен жасайтын инвестициялық қор активтерiн құрайтын инвестициялық портфельдi басқару жөнiндегi шарт;
Төлемеушілік тәукелдікті сақтандыру - осы күні сыртқы сауда да тауарды несиеге беру орын алып отыр. Несиені мерзімінде қайыруды қамтамасыз ету мақсатымен экспортерлер (шетелге тауар шығарушылар) көпшілік жағдайда төлемеушілік тәуекелін сақтандырады. Саќтандырудың мұндай түрімен жеке меншік акционерлік қоғамдар айналыспайды, әдетте мемлекеггік, не болмаса мемлекеттік акцияны бақылау пакеті бар мекемелер жүргізеді.
Тәуелсіз директор – сол акционерлік қоғамның аффилиирленген тұлғасы болып табылмайтын және өзі директорлар кеңесіне сайланардың алдындағы үш жыл ішінде ондай тұлға болмаған (оның сол акционерлік қоғамның тәуелсіз директоры қызметінде болған жағдайды қоспағанда), сол акционерлік қоғамның аффилиирленген тұлғаларына қатынасы жөнінен аффилиирленген тұлғаларына қатынасы жөнінен аффилиирленген тұлға болып табылмайтын; сол акционерлік қоғамның немесе ұйымдардың – сол қоғамның аффилиирленген тұлғаларының лауазымды адамдарымен бағыныштылығы жағынан байланысты емес; сол акционерлік қоғамның аудиторы емес және өзі директорлар кеңесіне сайланар алдындағы үш жыл ішінде ондай аудитор болмаған; сол акционерлік қоғамның аудитіне аудиторлық ұйым құрамында жұмыс істейтін аудитор ретінде қатыспайтын және өзі директорлар кеңесіне сайланардың алдындағы үш жыл ішінде мұндай аудитке қатыспаған директорлар кеңесінің мүшесі;
Трансфер-агент - бағалы қағаздар рыногының өз клиенттерiнiң арасында құжаттар (ақпараттар) қабылдау мен беру жөнiнде қызмет көрсететiн кәсiби қатысушысы;
Туынды бағалы қағаздар - осы туынды бағалы қағаздардың базалық активке қатынасы бойынша құқықтарды куәландыратын бағалы қағаз;
Төлем агенті – банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым;
Төлем тапсырмасы – ақшаны төлеуі мен аударуды іске асыру тәсілі, ол жіберушінің алушы – банкке бейнефициар пайдасына нұсқауда көрсетілген ақша сомасын аудару туралы нұсқауды ұсынуын қарастырады.
Статистика - қоғамдағы құбылыстарды, процестерді сандық және сапалық жағынан тығыз байланыстыра отырып қай жерде және қай уақытта болғанын зерттейтін қоғамдық ғылымның бір саласы.
Статистикалық бақылау - қоғамдық құбылыстар,процестер туралы мәліметті жинау,тіркеу.
Статистикалық жинақтау - бақылауда жинақталған мәліметтерді ғылыми жүйеде өңдеуді және жиынтық бірліктерінің белгілері бойынша бөліп, қортынды көрсеткіштерді есептеу
Статистикалық бақылау бағдарламасы - бақылау процесінде жауап алуға қажетті сұрақтар тізімі
Статистикалық бақылау зерзаты - зерттеуге жататын әлеуметтік құбылыстар мен процестер жиынтығы.
Статистикалық топтау - қоғамдық құбылыстар мен процестерді өздеріне тән белгілеріне, өзара ұқсастығына, түрлеріне сәйкес бір-бірінен ажырату үшін топтарға бөлу.
Қайта топтау - алғашқы топтастырылған топтық көрсеткіштерді жаңа топтарға өзгерту әдісі.
Статистикалық таратпалы қатарлар - қоғамдық құбылыстар мен процестер туралы сандық көрсеткіштерді өздеріне тән өзгермелі белгілеріне қарай белгілі бір тәртіп бойынша ретке келтіріп топтарға бөлу.
Статистикалық кесте - сандық мәліметтерді ұтымды түрде қолдану.
Статистикалық нақты шамалар - қоғамдық құбылыстар мен процестердің белгілі бір жердегі және уақыттағы мөлшерін, көлемін, аумағын, деңгейін сипаттайтын нақты сандық көрсеткіштер.
Статистикалық өзгерме - жиынтық бірліктерінің белгілеріне әртүрлі себептердің әсерінен болған сандық өзгеріс.
Қатысты шамалар - қоғамдық өмірдегі әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың сандық қатынасының мөлшерін көрсететін көрсеткіштер.
Орташа шамалар - біртектес жиынтықты белгілі бір жағдайда және уақытта өзіне тән белгілері бойынша жинақтап көрсететін орташа сан мөлшері, яғни біртектес жиынтық бірліктерінің орта есеппен алынатын белгісінің барлық бірліктерге жатқызылатын сандық шамасы.
Мода - статистикалық қатарлардың ішінде ең жиі кездесетін белгінің үлкен шамасы, яғни өзгермелі сандық қатарда жиіліктің үлкен мәні жатқан белгі.
Медиана -статистикалық қатардың ортасында жатқан белгі.
СТАТИСТИКА ПӘНІ БОЙЫНША ДӘРІСТЕР КОНСПЕКТІСІ
№ 1 дәріс тақырыбы: Статистика пәні мен міндеттері
Дәріс сұрақтары:
Статистика туралы жалпы түсінік.
Статистика пәні мен міндеттері.
Статистикалық әдістер және оның зерттеу кезеңдері.
