Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Statistika_moya_3_kr-1.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
610.08 Кб
Скачать

Пән мазмұны Дәріс сабақтары

1-тақырып. Статистика пәні мен міндеттері – 1 сағат

Статистика туралы жалпы түсінік. Статистика пәні мен міндеттер. Статистикалық әдістер және оның зерттеу кезеңдері.

2 – тақырып. Статистикалық бақылау – 1 сағат

Статистикалық бақылау туралы түсінік. Статистикалық бақылауды ұйымдастырудың негізгі мәселелері. Статистикалық бақылаудың тәсілдері.Статистиклық бақылау қателері және оны тексеру әдістері. Статистикалық бақылауды мәліметтерін тексеру әдістері.

3 – тақырып. Статистикалық мәліметтерді жинақтау және топтау– 1 сағат

Мәліметтерді жинақтау мазмұны және міндеттері. Топтаудың түрлері. Статистикалық таратпалы қатарлар.

4 – тақырып. Абсолютті және қатысты шамалар– 1 сағат

Абсолютті шама, оның мәні мен маңызы, түрлері және өлшем бірліктері. Қатысты шама, оның түрлері. Статистикалық графиктер туралы түсінік.

5 – тақырып. Орташа шамалар және вариация көрсеткіштері. – 1 сағат

Статистикадағы орташа шамалардың мәні. Орташа шамалардың түрлері. Арифметикалық және гармониялық орташа шамалар, арифметикалық орташа шамалардың математикалық қасиеттері.

6 – тақырып. Ішінара бақылау. – 1 сағат

Ішінара бақылау – нарықтық экономикадағы статистикалық негізгі ақпарат көзі. Іріктеу жиынтығын құрудың тәсілдері.

7 – тақырып. Динамикалық қатарлар– 1 сағат

Динамикалық қатарлар туралы түсінік және оның түрлері. Динамикалық қатардың негізгі көрсеткіштері, есептеу тәсілдері.

8 – тақырып. Индекстер– 1 сағат

Индекс туралы жалпы түсінік, оның түрлері. Сапалық белгілердің орташа шамаларының индекстері: өзгермелі және тұрақты құрамды индекстер, құрылымдық өзгерістер индексі.

9 – тақырып. Қоғамдық құбылыстардың өзара байланыстылығын статистикалық зерттеу– 1 сағат

Қоғамдық құбылыстардың байланыстылығын статистикалық зерттеудің мәні. Функционалдық және корреляциялық байланыстар. Аналитикалық топтау әдісі

10 – тақырып. Халық және еңбек ресурстарының статистикасы. – 2 сағат

Халық және еңбек ресурстары статистикасының міндеттері. Халықтың саны және құрамы.

Жұмыспен қамтылу және жұмыссыздық статистикасы.

11 – тақырып. Ұлттық шоттар жүйесі, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер. – 2 сағат

Ұлттық шоттарды құру принциптері: міндеті, үлгісі және шоттардың мазмұны.

ҰЕЖ-дегі салааралық баланстың үлгісі.

12 – тақырып. Халықтың тұрмыс деңгейінің статистикасы. – 2 сағат

Халықтың тұрмыс деңгейінің көрсеткіштер жүйесі. Үй шаруашылығы табысының көрсеткіштері.

Тәжірибелік сабақтары

Тақырып 1 Статистика пәні мен әдістері – 2 сағат

Тәжірибелік сабақтың мақсаты:

Статистика ұғымымен және оның пайда болу тарихымен, әдістері және міндеттерімен таныстыру.

Міндеттері:

  • Статистика түсінігі және оның даму үрдістерімен танысу;

  • Статистикалық пәні, міндеттері және оның зерттеу объектісін зерделеу;

  • Статистикалық байқаудың бағдарламасын сипаттау;

Қарастырылатын сұрақтар тізімі

  1. Статистика дегеніміз не?

  2. Статистиканың негізгі ұғымдары мен категориялары

  3. Статистика қаша пайда болды, оны құру мақсаты қандай болды?

  4. Статистикалық мектептің пайда болу мектептерін атаңыз?

  5. Статистика тар мағынада нені білдіреді?

  6. Статистика неліктен қоғамдық ғылымдар қатарына жатады?

  7. Статистиканың теориялық негізі не?

  8. Жалпы процестер мен құбылыстардың заңдылығы дегініміз не?

  9. Олардың қандай түрлері бар?

  10. Статистикада қолданылатын негізіг түсініктер

  11. Статистикалық әдістеменің ерекшелігі

Тақырып 2 Статистикалық бақылау – 2 сағат

Тәжірибелік сабақтың мақсаты:

Статистикалық байқауды жүргізудің мәні тәртібін қарастыру.

Міндеттері:

  • Статистикалық байқауды ұйымдастыру ретімен танысу;

  • Статистикалық байқаудың бағдарламасын сипаттау;

  • Байқауға арналған формулярды мысалмен көрсету.

Қарастырылатын сұрақтар тізімі

  1. Статистикалық зерттеу кезеңдерін атаңыз.

  2. Бақылауды өткізу кезеңдері

  3. Статистикалық жиынтық дегеніміз не? Статистикалық көрсеткіштердің өзара байланысын анықтаңыз.

  4. Статистикалық бақылау дегеніміз не?

  5. Оның негізгі нысандары қандай

  6. Бақылау объектісі, жиынтық бірлігі, бақылау бірлігі дегеніміз не?

Тақырып 3 Статистикалық мәліметтерді жинақтау және топтау– 2 сағат

Тәжірибелік сабақтың мақсаты:

Статистикалық деректерді жинақтау мен топтастырудың мәнін қарастыру.

Міндеттері:

  • Статистикалық мәліметтерді жинақтау және топтастыру тәртібімен танысу;

  • Бөлінудің аралық қатарын құруға мысал келтіру.

Қарастырылатын сұрақтар тізімі:

  1. Статистикалық мәліметтерді жинақтау мен топтастыру дегеніміз не?

  2. Статистикалық топтау және жіктемелерді құру қағидалары

  3. Статистикалық жинақтаудың қандай түрлері бар?

  4. Бөліну қатарлары қалай құрылады?

  5. Қайта топтау деген не?

  6. Статистикалық таратпалы қатарлар дегеніміз не?

  7. Статистикалық кесте деген не?

  8. Статистикалық кестелердің қандай түрлері болады?

4 – тақырып. Абсолютті және қатысты шамалар– 2 сағат

Тәжірибелік сабақтың мақсаты: Абсолютті және қатысты мөлшерлердің мәні мен мағынасын зерттеу.

Міндеттері:

  • Абсолюттік көрсеткіштерді қарастыру;

  • Қатысты көрсеткіштердің түрлерін қарастыру және сипаттау;

  • Қатысты көрсеткіштерді мысалмен қарастыру.

Қарастырылатын сұрақтар тізімі

  1. Қандай көрсеткіштер жалпылама болып табылады?

  2. Статистикалық графиктердің элементтері

  3. График түрлерінің жіктемесі

  4. Абсолюттік статистикалық мөлшерлер дегеніміз не?

  5. Қатысты статистикалық мөлшерлер дегеніміз не?

  6. Қатысты мөлшерлердің түрлерін атаңыз.

5 – тақырып. Орташа шамалар және вариация көрсеткіштері. – 2 сағат

Тәжірибелік сабақтың мақсаты: Статистикадағы орташа шамалардың мәні, маңызы және түрлері

Міндеттері:

  • Орташа шамалар мәнін қарастыру;

  • Орташа шамалар түрлеріне сипаттама беру;

  • Есептерді шығару мысалында орташа шамаларды есептеу.

Қарастырылатын сұрақтар тізімі

  1. Орташа шаманың анықтамасы

  2. Статистикада қандай орташа шамалар қолданылады?

  3. Орташа арифметикалық қарапайым қалай есептеледі және ол қай жағдайларда қолданылады?

  4. Құрылымдық орташа шамалар

  5. Вариация түсінігі және оның маңызы

  6. Дисперсиялардың қосу ережесі

  7. Сапалық белгілі дисперсиясы

  8. Мода және медиана дегеніміз не? Олар дискретті қатарда қалай есептеледі?

6 – тақырып. Ішінара бақылау – 2 сағат

Тәжірибелік сабақтың мақсаты: іріктелген байқау жүргізілу тәртібімен таныстыру, теориялық білімді бекіту

Міндеттері:

        • Іріктелген байқау әдісі және оның негіздерімен таныстыру;

        • Іріктелген байқаудағы іріктеудің әдістері мен тәсілдерін зерделеу;

        • Әр түрлі іріктеуде жіберілетін қателермен таныстыру.

Қарастырылатын сұрақтар тізімі

  1. Іріктемелі байқауға түсінік беріңіз

  2. Бас және іріктеу жиынтығы

  3. Ішінара бақылау бірліктерінің санын анықтау

  4. Ішінара бақылау мәліметтерін бас жиынтыққа тарату

  5. Орташа көрсеткіштер үшін іріктеудің орташа қателіктерін есептеу формулаларының мазмұнын сипаттаңыз.

  6. Іріктемелі жиынтықты қалыптастыру сыныптамасын кесте түрінде бейнелеңіз.

  7. Кіші іріктеумен жұмыс істеу және оның қателігін анықтау тәртібін сипаттаңыз.

7 – тақырып. Динамикалық қатарлар– 2 сағат

Тәжірибелік сабақтың мақсаты: Динамикалық қатарлардың мәні мен мағынасын зерттеу.

Міндеттері:

  • Динамикалық қатарларды қарастыру;

  • Динамикалық қатарларды түрлерін қарастыру және сипаттау;

  • Динамикалық қатарларды мысалмен қарастыру.

Қарастырылатын сұрақтар тізімі

  1. Статистикалық зерттеудегі динамикалық қатарлардың мәнін сипаттаңыз.

  2. Динамика қатар түрлерінің сыныптамасының сызбасын сызыңыз

  3. Динамикалық қатардың орташа көрсеткіштері,есептеу тәсілдері.

  4. Динамикалық қатардағы тенденцияны талдау әдістері

  5. Көрсеткіштерді атаңыз және динамика қатарлар деңгейлерінің өзгерісін сипаттау үшін оларды есептеу тәртібін көрсетіңіз

  6. Бір атаулы және бірнеше атаулы мөлшерлердің динамикалық қатарларын салыстырмалы талдау тәртібін суреттеңіз.

  7. Динамикалық қатарлардағы маусымдық тербелістерді өлшеу тәртібін көрсетіңіз.

8 – тақырып. Индекстер– 2 сағат

Тәжірибелік сабақтың мақсаты: Индекстердің мәні мен мағынасын зерттеу.

Міндеттері:

  • Индекстерді қарастыру;

  • Индекстердің түрлерін қарастыру және сипаттау;

  • Индекстерді мысалмен қарастыру.

Қарастырылатын сұрақтар тізімі

  1. Зерттелуші объект сипаты бойынша, жиынтық элементтерін қамту дәрежесі бойынша және есептеу әдістемесі бойынша индекстердің сыныптамасын орындаңыз.

  2. Дара және жалпы индекстер

  3. Агрегаттық индекстер

  4. Арифметикалық және гармоникалық орташа индекстер

  5. Маңызды экономикалық индекстер

  6. Индекстерді тізбекті және базистік, тұрақты және ауыспалы салмақты ндекстерге бөлінуінің айырмашылықтарын түсіндіріңіз.

  7. Ласпейрес және Пааше агрегаттық индекстерін арифметикалық және гармониялық орташа индекстерге айналдырыңыз. Орташа индекстерді қолдану ережесін түсіндіріңіз.

9 – тақырып. Қоғамдық құбылыстардың өзара байланыстылығын статистикалық зерттеу– 2 сағат

Тәжірибелік сабақтың мақсаты - Корреляциялық байланысты есептеу тәртібін қарастыру.

Міндеттері:

  • Фехнер және Чупров коэффициенттерін есептеуді мысалмен көрсету.

  • Корреляциялық байланысты есептеу тәртібімен танысу;

Қарастырылатын сұрақтар тізімі

  1. Функционалдық байланыс дегеніміз не?

  2. Байланыс тығыздығының көрсеткіштері

  3. Түзу теңдеудің параметрлерің есептеу

  4. Корреляцияның сызықтық коффициенті

  5. Теориялық корреляциялық қатынас

  6. Икемділік коэффициенті

  7. Сызықтық емес байланыстар

  8. Көп факторлы корреляциялық-регрессиялық талдау

10 – тақырып. Халық және еңбек ресурстарының статистикасы. – 4 сағат

Мақсаты Студеттердің теориялық білімін есептерді шығару арқылы бекіту

Міндеттері:

  • Халық статистикасы бойынш есептер шығару

  • Еңбек ресурстары бойынша есептер шығару

Қарастырылатын сұрақтар тізімі

1. «Тұрақты халық» және «нақты халық» ұғымдарының айырмашылығы неде?

2. Халық статистикасында халықты бақылау объектісі не№

3. «Халық», «Экономикалық белсенді халық», «Экономикалық белсенді емес халық» ұғымдары нені білдіреді?

4Халықтың табиғи және механикалық қозғалысының көрсеткіштері

5.Халық санағы

6. Экономикалық тұрғыдан белсеңді халықтың жіктемесі

7. жұмыспен қамтылу және жұмыссыздық статистикасы

11 – тақырып. Ұлттық шоттар жүйесі, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер. – 4 сағат

Тәжірибелік сабақ мақсаты – алынған теориялық білімді бекітіп, ұлттық байлық статистика тақырыбы бойынш есеп шығару қабілеттіктерін дамыту

Қарастырылатын сұрақтар тізімі

1. Ұлттық Шоттар Жүйесі бойынша Ұлттық байлық анықтамасын беріңіз.

2. Ұлттық байлық құрамындағы экономикалық активтер қалай аталады?

3. Негізгі капиталды бағалаудың қандай түрлерін білесіз.

4. Ұлттық шоттар жүйесінің макроэкономикалық көрсеткіштерің есептеу әдіснамасы

5. Салааралық баланс көрсеткіштерінің экономикалық мағынасы

6. Айналым капиталына түсінік беріңіз және құрамын сипаттаңыз.

7. Материалдардың үлестік шығынының индекстері қалай есептеледі?

8. Материалдық шығындардың өзгерісіне әсер ететін факторлардың индекстік талдауы.

9. Инвестицияларға түсінік беріңіз және құрамын сипаттаңыздар.

10.тікелей шығын коэффициенттерін есептеу.

12 – тақырып. Халықтың тұрмыс деңгейінің статистикасы. – 4 сағат

Мақсаты: Халықтық тұрмыс деңгейі статистикасының теориялық негіздерін игеру негізінде, есептер шығарып, білімдерін бекіту

Қарастырылатын сұрақтар тізімі

  1. Халықтың тұрмыс деңгейі ұғымы және оны статистикалық зерттеудің міндеттері.

  2. Халық табысының негізгі көздерін атаңыз

  3. Халықтың нақты табыстары қалай анықталады?

  4. Үй шаруашылығыныңақырғы тұтыну шығындары.

  5. Тұтынушылық корзина дегеніміз не?

  6. Адам дамуы индексі

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]