Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Statistika_moya_3_kr-1.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
610.08 Кб
Скачать

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті Статистика пәні бойынша оқытушының жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмысы бойынша әдістемелік нұсқаулар Семей 2014

Статистика пәні бойынша оқытушының жтекшілігімен студенттердің өзіндік жұмысы бойынша әдістемелік нұсқаулар 5В050800 «Есеп және аудит», 5В050900 «Қаржы» мамандығының 2 курс студенттеріне арналған

Құрастырушылар «Қаржы және есеп» кафедрасының , аға оқытушысы Корабаев Б.С.

Оқытушымен бірге студенттің өздік жұмысы кредиттік жүйедегі аудиторлық сабақ түрінде жүргізілетін білім берудің бір түрі. ОСӨЖ кеңес беру және бақылаушылық қызметтерін атқарады. ОСӨЖ бұл оқытушымен студенттер бірігіп диалог режимінде жүргізілетін оқу сабағы, мысалы тренинг, пікірсайыс, іскерлік және дидактикалық ойындар, жеке, топтық жобаларды өңдеу және т.б.

Әрбір ОСӨЖ -ге әр түрлі материалдар дайындалуы қажет. Олар қандай да бір сұрақтарды шешуге, оларды кеңейтуге, әр түрлі жағдайларды, тапсырмаларды және тағы басқаларды шешуге, талдауға негізделеді.

ОСӨЖ келесі қызметтерді атқарады: кеңес беру және бақылаушылық.

Кеңес беру қызметтері:

  • әрбір пән бойынша студенттердің өздік жұмысына көмек беру;

  • материалдарды меңгеруге қандай әдісті қолдану керектігін таңдауға студентке көмек беру;

  • студенттерге қиындық тудыратын тақырыптарға қосымша түсінік беру;

  • оқу материалдарын тереңдетіп оқытуға меңгерту;

ОСӨЖ бақылаушылық қызметі білім алуда студенттің ынтасын жоғарылату үшін ағымдағы межелік және қорытындылау мен студенттердің білімін бағалау барысында жүзеге асырылады. ОСӨЖ барысында студент тютерден кеңес алып, бақылау, семестрлік және курстық жұмыстарды орындауға тапсырма алады (ағымдағы және рейтингтік бақылау).

Оларға дайындалу негізінде студенттің ізденуі, алдын-ала қажетті әдебиеттерді іздестіруі, керекті материалдар жинауы, өзіндік көзқарасын білдіре білуі, оларды орындаудағы жоспар жасауы студенттің өз бетімен жұмыс жасай білуіне көмегі зор.

ОСӨЖ 1 Қазақстан Республикасында мемлекеттік статистиканы ұйымдастыру.

Сабақтың мақсаты: Статистика ұғымымен және оның Қазақстан Республикасында мемлекеттік статистиканың пайда болу тарихымен, әдістері және міндеттерімен таныстыру.

Негізгі сұрақтары:

  1. 1.Статистиканың пайда болуы туралы не білесіз?

  2. 2.Статистика неліктен қоғамдық ғылымдарға жатады?

  3. 3.Статистиканың басқа қоғамдық ғылымдардан айырмашылығы қандай ?

  4. 4.Статистикалық зерттеудің кезеңдерін атап, сипаттама беріңіз.

  5. Статистика органының Қазақстандағы ұйымдастырылуы.

  6. Мемлекеттік Ұлттық статистика қызметінің міндеттері мен атқаратын қызметтері

Тапсырма: Тест сұрақтарына жауап беру

Тестілік тапсырмалар

  1. Ғылым ретіндегі статистикаға қатысты не дұрыс емес?

а) қоғамдық құбылыстарды зерделейді;

б) қоғамдық құбылыстардың сапалық мазмұнын зерделейді;

в) қоғамдық құбылыстардың сапалық мазмұнын сандық жағынан зерделейді;

г) бұқаралық құбылыстарды зерделейді;

д) статистика әмбебап ғылым болып табылады.

  1. Статистиканың теориялық негізі болып табылады:

а) математикалық ғылымдар мен философия;

б) математикалық ғылымдар мен демография;

в) философия, экономикалық теория және демография;

г) философия мен демография;

д) барлық экономикалық және әлеуметтік ғылымдар.

  1. Статистикалық заңдылықтардың түрлеріне жатпайды?

а) динамика заңдылықтары;

б) құрылым заңдылықтары;

в) жиынтық ішіндегі бірліктердің бөліну заңдылықтары;

г) үлкен сандардың заңдылықтары;

д) жиынтықтағы әр түрлі өзгермелі белгілердің байланысқан өзгеру заңдылықтары.

  1. Дүкендердің мамандану деңгейі қаншалықты жоғары болған сайын, сауда шығыстарының деңгейі соншалықты жоғары – бұл заңдылық:

а) уақыттағы қозғалыстың;

б) құбылыстар құрылымының өзгерісінің;

в) жиынтық ішіндегі бірліктер бөлінуінің;

г) үлкен сандардың;

д) жиынтықтағы әр түрлі өзгермелі белгілердің байланысқан өзгеруінің.

  1. Аталмыш құбылысқа тән заңдылық көрінеді:

а) әрбір белгінің белгілікті мағыналарында;

б) байқаулардың біршама көп саны кезінде;

в) мағыналар бөлігінің олардың орташа мағынасынан ауытқуынан;

г) құбылыстардың стационарлығы шартында;

д) әрбір жекелеген жағдайда.

  1. Статистикада қолданылатын айрықша амалдар құрайды:

а) статистикалық көрсеткіштер жүйесін;

б) статистикалық байқау құралдарын;

в) статистикалық құбылыстың заңдылығын;

г) статистикалық нәтижелердің жинағын;

д) статистикалық әдіснаманы.

  1. Бірыңғай сапалық негізбен біріктірілген, бірақ бірқатар белгілер бойынша ерекшеленетін әлеуметтік-экономикалық объектілердің көптігі - бұл:

а) статистикалық жиынтық;

б) статистикалық көрсеткіштер жүйесі;

в) белгілердің жиынтығы;

г) байқау объектісі;

д) статистикалық кесте.

  1. Жиынтық бірліктерінің өзгермелі белгілері – бұл белгілер:

а) сапалық әр түрлі мазмұны бар;

б) түрлі мағынаны қабылдайды;

в) теңдес;

г) сандық және сапалық ерекшеленеді;

д) тұрақты немесе орнықты.

  1. Варианта – бұл:

а) жиынтық бірлігінің жекелеген белгісінің сандық мағынасы;

б) жиынтық бірлігі белгісінің жекелеген мағынасының нөмірі;

в) жиынтықтың жекелеген бірліктеріндегі өзгермелі белгінің мағынасы;

г) жиынтық бірлігінің сандық мазмұнының сапалық мағынасы;

д) жиынтық бірліктері.

  1. Сапалық анықтылығы бар қоғамдық құбылыстардың сандық шамасы - бұл:

а) статистикалық бірлік;

б) варианта;

в) байқау объектісі;

г) жиынтық бірлігі;

д) статистикалық көрсеткіш.

  1. Бір-бірімен белгілікті өзара байланыста болатын статистикалық көрсеткіштер нені құрайды?

а) статистикалық көрсеткіштер жүйесін;

б) статистикалық жіктеуді;

в) статистикалық топтастыруды;

г) статистикалық кестені;

д) статистикалық заңдылықты.

Әдістемелік нұсқаулар: Студенттер осы тақырып бойынша семинарлық жұмысқа қосылған тесттiң сұрағына жауап беруi керек.

Бақылау нысаны: жазбаша

Тапсыру мерзімі: 1 апта

ОСӨЖ 2 Статистикалық бақылауды ұйымдастыру нысандары және бақылау түрлері

Мақсаты: «Статистикалық бақылау», оның міндеттері, нысандары, бағдарламасы туралы түсінік беру.

Сұрақтар:

1.Статистикалық бақылау туралы түсінік және оның міндеттері.

2.Бақылау жүргізуді ұйымдастыру және бақылау бағдарламасы.

3.Статистикалық бақылаудың формалары және түрлері.

4.Статистикалық бақылаудың тәсілдері.

5.Статистикалық бақылау кезінде жіберілетін қате және оны тексеру тәсілі.

Тапсырма: өзіндік жұмысқа арналған тапсырмаларды орындау

Бақылау нысаны: жазбаша

Әдістемелік нұсқаулар: Барлық тапсырмалар уақытылы, толық орындалуы қажет. Берілген есептер жазбаша нысанда орындалады.

Тапсыру мерзімі: 2 апта

ӨЗІНДІК ЖҰМЫСҚА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

Есеп 1. Статистикалық тексеру кезінде келесі құбылыстарды толық сипаттауға болатын көрсеткіштер тізбесін келтіріңдер: а) көздері бойынша халықтың ақшалай кірістерін және кірістерді пайдалану бағыттары бойынша ақшалай шығыстарын; б) персоналдың санатына (қызметшілер, жұмысшылар) және лауазымына немесе разрядына байланысты өнеркәсіп салалары бойынша өнеркәсіптік кәсіпорындарда жұмыс істеушілердің жалақысын; в) экономикалық белсенділігі бойынша (жұмыспен қамтылғандар, жұмыссыздар, экономикалық белсенді еместер) 15 және одан жоғары жастағы халықтың құрамын, сондай-ақ экономика салалары бойынша жұмыспен қамтылу құрылымын.

Көрсеткіштерді олар бойынша байқау бағдарламасын құруға болатындай етіп тұжырымдаңдар.

Есеп 2. Персоналдың санатына (қызметшілер, жұмысшылар) және олардың лауазым деңгейіне (жоғарғы, орта, төменгі), сондай-ақ разрядына (1-6) байланысты өнеркәсіп кәсіпорындарындағы жалақы деңгейін зерделеу үшін арнайы тексеру жобаланған. Тексеру бағдарламасына сіз қандай сұрақтарды қосу керек деп есептейсіз? Неліктен осы сұрақтарды қою қажет екенін түсіндіріңдер. Әзірлеу бағдарламасын жобалаңдар, кестелердің макеті мен осындай тексеруге арналған статистикалық формулярдың (формуляр жеке немесе тізімдік, таңдау бойынша) макеттерін құрыңдар.

Есеп 3. Мыналарды статистикалық байқаудың қандай нысаны мен түріне жатқызған жөн екенін көрсетіңдер: а) халық санағын; б) азаматтық хал актілерін (туу, неке, ажырасу, өлім) тіркеуді; в) үй шаруашылықтарының бюджеттерін тексерген кезде кіріс және шығыс бланкілеріне күнделікті жазбаларды; г) әрбір тоқсанның басына сауда-қоймалық желідегі тауарлық қалдықтардың есебін; д) өнеркәсіптік кәсіпорындардың өнім шығару және сауда кәсіпорындарының тауар айналымы туралы ай сайынғы есептілігін; е) мал санағын; ж) мал санағын жүргізген кездегі байқау тексерістерін.

Жауаптарды құрған кезде статистикалық байқау нысандары мен түрлерінің жіктелуін пайдаланыңдар.

Есеп 4. Барлық қажетті реквизиттермен оқу сессиясының нәтижелері туралы есептілік нысанын құрыңдар. Байқаудың мұндай бағдарламасы неліктен белгіленгеніне толық түсінік беріңдер, бағдарлама сұрақтарын тұжырымдаңдар.

Тестілік тапсырмалар

  1. Алдын ала әзірленген бағдарлама бойынша әлеуметтік-экономикалық өмірдің құбылыстары мен үдерістері туралы тіркеу жолымен жоспарлы, ғылыми түрде ұйымдастырылған деректерді жинау – бұл:

а) статистикалық зерттеу;

б) статистикалық байқау;

в) бастапқы ақпаратты топтастыру;

г) бастапқы материалдарды сомдау және талдау;

д) зерттеу нәтижелерін жинақтау және әзірлеу.

  1. Статистикалық байқау нысандары:

а) ағымдық және әлсін-әлсін;

б) жаппай және іріктелген;

в) фактілерді тікелей немесе құжаттық есепке алу;

г) есептілік нысаны, анкета, санақ парағы;

д) статистикалық есептілік және арнайы ұйымдастырылған байқау.

  1. Статистикалық байқауды жүргізген кезде оларға жауап алынуы керек сұрақтар және оларды есептеу әдістемесі қалай аталады?

а) статистикалық байқау бағдарламасы;

б) статистикалық нысан;

в) көрсеткіштердің жіктегіші;

г) статистикалық зерттеу әдіснамасы;

д) зерттеуді жүргізу жөніндегі нұсқаулық.

  1. Статистикалық байқау объектісі:

а) статистикалық жиынтық;

б) статистикалық байқау субъектілері;

в) зерделенетін құбылыс бірліктерінің жиынтығы;

г) статистикалық көрсеткіштер жүйесі;

д) әр түрлі белгілердің жиынтығы.

  1. Белгінің тасымалдаушысы болып табылатын статистикалық байқау объектісінің жекелеген элементі қалай аталады?

а) байқау субъектісі;

б) байқау бірлігі;

в) жиынтық бірлігі;

г) әр түрлі белгілердің жиынтығы;

д) статистикалық көрсеткіш.

  1. Одан қажетті статистикалық деректер алынуы тиіс бастапқы бірлік қалай аталады?

а) жиынтық бірлігі;

б) байқау бірлігі;

в) көрсеткіштер жиынтығы;

г) байқау объектісі;

д) байқау субъектісі.

  1. Статистикалық байқауды жүргізген кезде оларға жауап алынуы тиіс дәл тұжырымдалған сұрақтар тізбесі қалай аталады?

а) статистикалық нысан;

б) статистикалық нысанға нұсқаулық;

в) көрсеткіштер жүйесі;

г) байқау бағдарламасы;

д) байқаудың ұйымдастырылған жоспары.

  1. Статистикалық нысан нұсқаулығы мынадан тұрады:

а) байқауды өткізу жөніндегі ұйымдастырушылық сұрақтардың суреттелуінен;

б) статистикалық нысан көрсеткіштердің тізбесі және оларды есептеу әдіснамасынан;

в) байқау бағдарламасының сұрақтарына қосымша түсініктемелерден;

г) мекен-жайлық бөлігін толтыру және деректерді ұсыну мерзімдері жөніндегі талаптардан;

д) статистикалық байқау объектілері мен бірліктерінің суреттелуінен.

  1. Жиынтық бірліктерін қамту толықтығына байланысты статистикалық байқаудың келесі түрлері болады:

а) тұрақты және әлсін-әлсін;

б) жаппай және жаппай емес;

в) тұрақты және іріктелген;

г) сәттік және аралық;

д) тұрақты және бір жолғы.

  1. Уақыт бойынша фактілерді есепке алуына байланысты статистикалық байқаудың келесі түрлері болады:

а) жаппай және іріктелген;

б) тұрақты және іріктелген;

в) тұрақты, сәттік және бір жолғы;

г) ағымдық, әлсін-әлсін және бір жолғы;

д) сәттік және аралық.

  1. Статистикалық есептелік астарында не ұғылады?

а) бухгалтерлік немесе бастапқы есеп құжаты;

б) кәсіпорынның немесе ұйымның жиынтық ведомосі;

в) статистикалық байқау нысаны;

г) статистикалық кесте;

д) арнайы ұйымдастырылған статистикалық байқау.

ОСӨЖ 3 Топтау әдісі

Мақсаты: Топтастыру, статистикалық кесте, топтастыру әдістері мен олардың түрлерімен таныстыру

Сұрақтар

1. Статистикалық мәліметтерді жинақтау туралы ұғым.

2.Статистикалық мәліметтерді топтау және оның түрлері.

3.Топтау белгілері және топқа бөлу принциптері.

4.Қайта топтау.

5.Статистикалық таратпалы қатарлар.

6.Статистикалық кестелер.

Тапсырма: өзіндік жұмысқа арналған тапсырмаларды орындау

Бақылау нысаны: жазбаша

Әдістемелік нұсқаулар: Есептерді шешу арқылы білімді бекіту. Барлық тапсырмалар уақытылы, толық орындалуы қажет. Берілген есептер жазбаша нысанда орындалады.

Тапсыру мерзімі: 3 апта

ӨЗІНДІК ЖҰМЫСҚА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

Есеп 1. Мектептің екі сыныбындағы балалардың бойлары (см.) бөлінуінің аралық қатары мен гистограммасын құрыңдар:

130

126

140

132

123

121

127

126

129

128

131

126

129

128

138

122

134

127

133

135

120

139

130

133

133

135

130

124

130

137

130

135

125

130

127

138

129

131

133

123

130

129

124

134

130

130

127

130

137

129

Бөліну қатарын тең аралықтармен құрыңдар. 5 топ құру қажет.

Есеп 2. Жұмыспен қамтылғандар саны бойынша өнеркәсіптегі кәсіпорындардың бөлінуі туралы келесі деректер бар:

Жұмыспен қамтылған-дар саны, адам

5-ке дейін

6-10

11-15

16-35

36-50

Барлығы

Кәсіпорындардың бөлінуі, %

40

20

11

20

9

100

Қайталама топтастыру әдісін пайдалана отырып, жұмыспен қамтылғандар саны бойынша өнеркәсіптегі кәсіпорындардың келесі топтарын құрыңдар: 1-5, 5-10, 10-20, 20-30, 30-40, 41-50.

Есеп 3. Заводта келесі разрядтары бар 50 жұмысшы жұмыс істейді:

6

5

6

6

5

4

6

5

4

6

5

3

4

3

4

6

5

6

6

3

4

4

5

4

4

5

3

5

3

4

3

5

3

6

3

4

6

6

4

6

5

3

6

3

4

6

5

5

6

5

Бөліну қатары мен полигонын құрыңдар және оларды өндіріс технологиясы бойынша талап етілетін ең төменгі разрядтармен салыстыра отырып, алынған нәтижелерді талдаңдар:

Разряд

3-ші

4-ші

5-ші

6-шы

Барлығы

Қорытындыға %-пен

25

25

30

20

100

Есеп 4. Қала халқының саны мен құрамы туралы келесі деректер бар (жыл басына, мың адам):

Барлық халық: 2007 ж. – 147,1; 2008 ж. – 146,7; 2009 ж. – 146,3; 2010 ж. – 145,6, соның ішінде ерлер: 2007 ж. – 69,9; 2008 ж. – 68,8; 2009 ж. – 68,6; 2010 ж. – 68,2 құрады.

Қала халқының саны мен құрамының динамикасын сипаттайтын статистикалық кесте құрыңдар.

Есеп 5. Қаланың тұрақты халқының саны туралы келесі деректер бар (жыл басына, мың адам):

Барлық тұрақты халық: 2008 ж. – 146,7; 2009 ж. – 146,3; 2010 ж. – 145,6. Тұрақты халықтың жалпы санынан еңбекке қабілетті жастан төмен халықтың саны: 2008 ж. – 84,8; 2009 ж. – 85,6; 2010 ж. – 86,3. Қалған халыққа еңбекке қабілетті жастан жоғары халық жатады.

Қаланың тұрақты халқы санының динамикасын және оның жас құрамын сипаттайтын статистикалық кесте құрыңдар.

Есеп 6. Қаладағы жүк автокөлік кәсіпорындарының тобы бойынша есепті жыл үшін келесі ақпарат бар:

Кәсіпорын №

Жүк айналымы, млн. ткм.

Тасымал шығындарының сомасы, мың теңге

1

62

29140

2

40

22040

3

38

21660

4

25

14625

5

15

9900

6

30

17100

7

52

25272

8

27

30800

9

47

26790

10

24

14160

11

18

11700

12

58

27750

13

44

22000

14

23

13317

15

32

17280

16

20

12000

Талап етіледі:

1) келесі топтарды ажыратып, жүк айналым мөлшері бойынша жүк автокөлік кәсіпорындарына топтастыру жүргізу: 20 млн. ткм-ге дейін; 20-40; 40 млн. ткм. және одан көп;

2) әрбір топ бойынша анықтау: кәсіпорындар санын, жүк айналымының жалпы көлемін, тасымал шығындарының жалпы сомасын, 10 ткм-ге шығындардың орташа шамасын;

3) шешімін статистикалық кесте түрінде келтіру.

Қорытындыны тұжырымдау.

Есеп 7. Қаланың өнеркәсіптік кәсіпорындарының жылдық есептері бойынша келесі ақпарат алынды:

Кәсіпорын №

Өнім көлемі, млн. теңге

Негізгі қорлардың орташа жылдық құны, млн. теңге

Қызметкерлердің орташа тізімдік саны, адам

1

402

7,2

700

2

792

11,6

1100

3

1116

15,6

1285

4

435

7,6

705

5

1281

16,0

1300

6

1756

22,0

1450

7

510

8,4

800

8

1392

18,8

1380

9

540

9,2

825

10

924

13,2

1210

11

1756

21,0

1425

12

1014

14,0

1208

13

1440

19,0

1400

14

720

11,0

900

15

1086

14,8

1300

16

1809

23,0

1480

17

1125

15,6

1295

18

648

10,0

895

19

1716

19,8

1440

20

881

12,4

1180

Талап етіледі:

1) топтастыру негізіне негізгі қорлардың құнын жатқыза отырып, негізгі қорлардың құны бойынша өнеркәсіптік кәсіпорындарына топтастыру жүргізу: 10 млн. теңгеге дейін; 10-15 млн. теңге; 15-20 млн. теңге; 20 млн. теңге және одан көп.

2) әрбір топ бойынша кәсіпорындар санын, өнім көлемін, қызметкерлердің орташа тізімдік санын, негізгі қорлар құнының 1 мың теңгесіне шаққандағы өнім көлемін анықтау;

3) нәтижелерді статистикалық кесте түрінде ресімдеу.

Қорытындыны тұжырымдау.

Есеп 8. Есепті жыл үшін өнеркәсіптік кәсіпорындар тобы бойынша келесі деректер бар:

Кәсіпорын №

Өнім көлемі, млн. теңге

Негізгі қорлардың орташа жылдық құны, млн. теңге

Қызметкерлердің орташа тізімдік саны, адам

Пайда, млн. теңге

1

591

10,0

900

2,7

2

1776

22,8

1500

27,2

3

1395

18,4

1412

19,4

4

888

12,6

1200

8,8

5

1752

22,0

1485

29,2

6

1440

19,0

1420

22,0

7

1734

21,6

1390

27,6

8

612

9,4

817

6,0

9

1398

19,4

1375

22,4

10

876

13,6

1200

10,0

11

1269

17,6

1365

11,0

12

576

8,8

850

6,1

13

1080

14,0

1290

12,8

14

624

10,2

900

6,7

Талап етіледі:

1) келесі аралықтарды қабылдап, өнім көлемі бойынша кәсіпорындарға топтастыру жүргізу: 600 млн. теңгеге дейін; 600-1200 млн. теңге; 1200 млн. теңге және одан көп;

2) әрбір топ бойынша және тұтастай барлық кәсіпорындар бойынша кәсіпорындар санын, өнім көлемін, қызметкерлердің орташа тізімдік санын, бір қызметкерге келетін орташа өнім өндіруді анықтау;

3) топтастыру нәтижелерін статистикалық кесте түрінде келтіру.

Қорытындыны тұжырымдау.

Есеп 9. 8-есептің берілгендері бойынша келесі аралықтарды қабылдап, қызметкерлердің саны бойынша кәсіпорындарға топтастыру жүргізу: 1000 адамға дейін; 1000 адамнан 1300 адамға дейін; 1300 адам және одан көп.

Әрбір топ бойынша және тұтастай барлық кәсіпорындар бойынша анықтау: кәсіпорындар санын, өнім көлемін, қызметкерлердің орташа тізімдік санын, негізгі қорлардың орташа жылдық құнын, сондай-ақ бір қызметкерге шаққандағы негізгі қорлардың орташа жылдық құнының мөлшерін және бір қызметкерге келетін орташа өнім өндіруді. Топтастыру нәтижелерін статистикалық кесте түрінде келтіру.

Қорытындыны тұжырымдау.

Есеп 10. Құрылыс ұйымының жекелеген бригадалары бойынша тамыз айы үшін келесі деректер бар:

Талап етіледі:

1) құрылыс бригадаларында шұғылданған жұмысшылар санына жұмыс көлемінің тәуелділігін анықтау үшін аралығы тең үш топты бөліп, жұмысшылардың саны бойынша бригадаларға топтастыру жүргізу;

2) жасалған топтастыру негізінде топтық кестені құру.

Тестілік тапсырмалар

  1. Статистикалық жинақтау – бұл ненің ғылыми ұйымдастырылған үдерісі:

а) бастапқы деректерді жинаудың;

б) бастапқы деректерді өңдеудің;

в) елеулі белгілер бойынша жиынтықты бөлудің;

г) статистикалық деректерді талдаудың;

д) ақпаратты хабарлаудың.

  1. Статистикалық топтастыру – бұл ненің ғылыми ұйымдастырылған үдерісі:

а) статистикалық деректерді ұсынудың;

б) статистикалық көрсеткіштерді есептеудің;

в) статистикалық деректерді талдаудың;

г) статистикалық деректерді берудің;

д) елеулі белгілер бойынша жиынтықты бөлудің.

  1. Төмендегілердің қайсысы жекелеген міндеттерді шешетін топтастыру түрлеріне жатпайды?

а) аралық;

б) типологиялық;

в) құрылымдық;

г) аналитикалық;

д) корреляциялық.

  1. Жіктеу дегеніміз:

а) атрибутивтік белгісі бойынша жай топтастыру;

б) зерделенетін құбылысты күрделі топтастыру;

в) заңдастырылған орнықты іргелі топтастыру;

г) көп шамалық топтастыру;

д) қайталама топтастыру.

  1. Бұған дейін бөлінген топ негізінде жаңа топтарды құру:

а) құрамдастырылған топтастыру;

б) күрделі топтастыру;

в) қайталама топтастыру;

г) аналитикалық топтастыру;

д) құрылымдық топтастыру.

  1. Қайсыбір белгілер бойынша жиынтықтардың бөлінуі:

а) жіктеу;

б) топтастыру;

в) рангілеу;

г) бөліну қатары;

д) көп шамалық топтастыру.

  1. Атрибутивтік бөліну қатары деп келесі белгі бойынша құрылған қатар аталады:

а) сандық;

б) сапалық;

в) бастапқы;

г) қайталама;

д) дискреттік.

  1. Вариациялық бөліну қатары деп келесі белгі бойынша құрылған қатар аталады:

а) сандық;

б) сапалық;

в) бастапқы;

г) қайталама;

д) үздіксіз.

  1. Вариациялық бөліну қатары мыналардан тұрады:

а) орташа мәндерден;

б) жиіліктер мен жиілік шамаларынан;

в) жиіліктер мен варианталардан;

г) сапалық белгінің варианталарынан;

д) динамика көрсеткіштерінен.

  1. Кумулятивтік бөліну қатары мыналардан тұрады:

а) орташа мәндер мен жиіліктерден;

б) абсолюттік және салыстырмалы жиіліктерден;

в) қорланған жиіліктер мен жиілік шамаларынан;

г) варианталар мен қорланған жиіліктерден;

д) полигондар мен кумуляталардан.

ОСӨЖ 4 Статистикадағы қортындылаушы көрсеткіштер

Мақсаты: Абсолютті және қатысты шамалар мәнін зерттеу.

Сұрақтар:

1.Статистикадағы нақты шамалар, олардың түрлері

2.Қатысты шамалар, олардың түрлері

3.Статистикадағы графиктік әдіс, оның қолданылуы.

Бақылау нысаны: жазбаша

Тапсырма: өзіндік жұмысқа арналған тапсырмаларды орындау

Әдістемелік нұсқаулар: Барлық тапсырмалар уақытылы, толық орындалуы қажет. Берілген есептер жазбаша нысанда орындалады.

Тапсыру мерзімі: 4 апта

ӨЗІНДІК ЖҰМЫСҚА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

Есеп 1. Қазақстан республиксы мемлекеттік бюджетінің шығыс бөлігі бойынша келесі мәліметтер белгілі.

Шығыстар статьясы

1995

1999

2003

Барлық шығыстар, соның ішінде:

260,2

468,4

1068.4

Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерге

10,1

28,9

65,3

Қорғанысқа

10,8

17.2

47,5

Қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік

17,5

32,5

91,6

Білім беру

45,8

78,5

149,0

Денсаулықты сақтау

30,0

44,8

89,8

Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек

7,8

159,1

239.2

Мәдениет, спорт және ақпараттық кеңістік

6,9

12,2

33,8

Қазақстан. Республикалық бюджетінің құрамында қандай қозғалыстар болғанын анықтаңыз.

Есеп 2. Адам дамуы туралы дүниежүзілік Есеп мәліметтері бойынша 2005 жылы Ресейде сатып алу қабілеттілігінің паритеттілігі (СҚП) бойынша бір адамға шаққандағы ЖІӨ өндірісінің көлемі 8230 АҚШ долл. құрады. Қазақстанда бұл көрсеткіш СҚП бойынша 5870 АҚШ долл. құраған.

Есептеңіз: Ресей мен Қазақстандағы бір адамға шаққандағы ЖІӨ өндірісі көлемдерінің арақатынасын. Есептелген қатысты көрсеткіш қалай аталады?

Есеп 3. Республика халқының орташа жылдық саны 2004 ж. 15013,0 мың. адамды құрады. Республика ауданы 2724,9 мың шаршы км. АХАЖ органдары бір жыл ішінде бала тууының 273,0 мың жағдайын және өлімнің 152,3 мың жағдайын тіркеген.

Анықтау қажет: а) республика тұрғындарының тығыздығын; б) туу және өлу коэффициенттерін (1000 халыққа). Бұл көрсеткіштер қандай қатысты мөлшерлерге жатады?

Есеп 4. Кондитер фабрикасы бір ай ішінде өнімнің келесі түрлері мен көлемін шығарған: (мың т): шоколад - 10, шоколад кәмпиттері - 30, карамель - 50 және мармелад - 40. Шоколадтық кәмпиттер өндірісін бірлік ретінде ала отырып, ал өнімнің келесі түрлері үшін келесі коэффициенттерді шоколад - 1,5; карамель-0,6; мармелад-0,5. ала отырып кондитерлік бұйымдар өндірісінің жалпы көлемін шартты бірліктерде анықтаңыз.

Есеп 5. Жыл басына кәсіпорынның негізгі құрал-дарының құны 350 млн теңгені, ал жұмыспен қамтылғандардың саны 100 адамды құрады. Жыл ішінде негізгі құралдар 35 млн теңгеге шығып қалды және 85 млн теңгеге жаңадан енгізілді. Жұмыспен қамтылғандардың саны 8 адамға өсті. Жыл басымен салыстырғанда (фондовооруженность) қорлану қоры қалай өзгергенін анықтаңыз. Қорлану қоры салыстырмалы мөлшердің қай түріне жатады? Өзіндік құн өзгерісін сипаттаушы көрсеткіш қатысты мөлшердің қай түріне жатады?

ОСӨЖ 5 Арифметикалық орташа шаманы «ықшамдалған» тәсілмен есептеу

Мақсаты: статистикадағы орташа шамалар түсінігін, олардың түрлерін қарастыру

Сұрақтар:

1.Орташа шаманың мәні және түрлері

2.Арифметикалық және үйлесімдік орташа шамалар

3.Мода және медиана

4.Өзгерме көрсеткіштері және оны есептеу тәсілдері

5.Шашырандының түрлері және қосу ережесі

Бақылау нысаны: жазбаша

Әдістемелік нұсқаулар: Есептерді шешу арқылы бекіту. Барлық тапсырмалар уақытылы, толық орындалуы қажет. Берілген есептер жазбаша нысанда орындалады.

Тапсырма: өзіндік жұмысқа арналған тапсырмаларды орындау

Тапсыру мерзімі: 5 апта

ӨЗІНДІК ЖҰМЫСҚА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

Есеп 1. Мезеттік тәсілін қолдана отырып, 1999ж. ҚР-нда өткен халық санағының нәтижесі бойынша ғылым докторынының орташа жасын, мода мен медиананы есептеңіз:

Жас, жыл

25-29

30-34

35-39

40-44

45-49

50-54

55-59

60-64

Ғылым докторының саны

2

40

110

178

269

339

376

383

Есеп 2. 2004 жылы Қазақстанда тиісті жастағы 1000 әйелге келетін аналардың жасы бойынша туу коэффициенті келесілерді құрады:

Жас, жыл

15-19

20-24

25-29

30-34

35-39

40-44

45-45

Туу коэфф-ті, промилле

26,9

143,2

131,2

86,1

44,1

9,5

0,4

2004 жылы бала туған әйел адамның орташа жасын, мода мен медиананы анықтаңыз.

Есеп 3. ҚР еңбек әлеуметтік қорғау Министрлігінің жыл басына белгіленген жәрдемақылардың орташа мөлшері және белгіленген жәрдемақылардың айлық көлемі туралы мәліметтері бойынша үш жыл ішіндегі жәрдемақылардың орташа мөлшерін есептеңіз:

Жыл

Белгіленген жәрдемақының орташа мөлшері, тг.

Белгіленген жәрдемақының айлық көлемі, теңге

2003

3391

2684994

2004

3647

2868001

2005

3824

3022490

ОСӨЖ 6 Вариация көрсеткіштері дисперсияның математикалық қасиеттері

Мақсаты:. Вариация туралы түсінікті, вариация көрсеткіштерін, балама белгі вариациясынғ тарату нысандары көрсеткіштері туралы мәлімет беру

Сұрақтар:

1.Статистикалық орташа шамалар дегеніміз не?

2.Орташа шамалардың қандай түрлері бар?

3.Үйлесімдік орташа шама деген не, оның қандай түрлері бар?

4.Мода дегеніміз не, оны есептеудің формулаларын көрсетіңіз.

5.Медиананы қандай формуламен есептеуге болады?

6.Статистикалық өзгерме дегеніміз не?

7.Өзгерменің қандай көрсеткіштері бар?

8.Шашыранды деген не, оны қалай есептеуге болады?

Бақылау нысаны: жазбаша

Тапсырма: өзіндік жұмысқа арналған тапсырмаларды орындау

Әдістемелік нұсқаулар: Есептерді шешу жолдарын көрсету. Барлық тапсырмалар уақытылы, толық орындалуы қажет. Берілген есептер жазбаша нысанда орындалады.

Тапсыру мерзімі: 6 апта

ӨЗІНДІК ЖҰМЫС ТАПСЫРМАЛАРЫ

Есеп 1. 2004 жылы Қазақстанда тиісті жастағы 1000 әйелге келетін аналардың жасы бойынша туу коэффициенті келесілерді құрады:

Жас, жыл

15-19

20-24

25-29

30-34

35-39

40-44

45-≤

Туу коэффи-циенті, промилле

26,9

143,2

131,2

86,1

44,1

9,5

0,5

Әйел адамның орташа жасының дисперсиясын, орташа квадраттық ауытқу мен вариация коэффициентін есептеңіз.

Есеп 2. 2004 жылы ҚР зерттелген үй шаруашылықтарындағы, күнкөріс деңгейі-нен төмен мөлшерде тұтынуға қолданылған табыстарға ие халықты жас мөлшері бойынша бөлу:

Жас, жыл

Халық үлесі, %

0-14

33,1

15-19

13,0

20-24

7,4

25-29

6,0

30-34

6,7

35-39

7,9

40-44

7,9

45-19

5,4

50-54

3,7

55-59

2,3

60-64

1,8

65 және одан жоғары

4,8

Осы мәліметтердің негізінде қарапайым тәсілмен және мезеттік тәсілмен келесілерді анықтаңыз: а) орташа квадраттық ауытқу; б) вариация коэффициентін; в) асимметрия коэффициентін. 65 және одан жоғары жастағы халық жасының орташа мәні 75 жылға тең екенін ескеріңіз.

Есеп 3. Мезеттік тәсілін қолдана отырып, 1999ж. ҚР өткен халық санағының нәтижесі бойынша ғылым докторынының орташа жасынан орташа квадраттық ауытқуды, асимметрия коэффициентін есептеңіз:

Жас, жыл

25-29

30-34

35-39

40-44

45-49

50-54

55-59

60-64

Ғылым докторының саны

2

40

110

178

269

339

376

383

Тестілік тапсырмалар:

1. Дисперсия - бұл:

  1. Белгінің жеке мәні мен орташаның арасындағы ауытқу;

  2. Белгінің жеке мәні орташадан ауытқуының орташа мөлшері;

  3. Белгінің жеке мәні орташадан ауытқуының орташа квадраты;

  4. Белгінің ең жоғары және ең төмен мәндерінің айырмасы;

  5. Белгінің ең жоғары мәні мен орташаның айырмасы.

2. Егер жиынтық варианттарының барлық мәндері 5-ке азайса, дисперсия:

1) 5 есе кемиді;

2) 25 есе кемиді;

3) өзгермейді;

4) 5 есе көбейеді;

5) 25 есе көбейеді.

3. Егер жиынтық варианттарының барлық мәндері 10 есе азайса, дисперсия:

1) 10 есе кемиді;

2) 100 есе кемиді;

3) өзгермейді;

4) 10 есе көбейеді;

5) 100 есе көбейеді.

  1. Аяқ-киім дүкенінде бір адамға қызмет көрсету уақыты 10 минутты құрайды, ал орташа квадрат -104-ке тең. Осы дүкенде бір сатып алушыға қызмет көрсетуге кететін шығындардың орташа квадраттық ауытқуын анықтаңыз:

  1. 2

  2. 4

  3. 10,4

  4. 0,1

  5. 94.

5. Топ аралық вариация дегеніміз:

  1. Белгінің жеке мәнінің жалпы орташадан ауытқуы квадратының сомасы;

  2. Белгінің жеке мәнінің топтық орташадан ауытқуы квадратының сомасы;

  3. Белгінің жеке мәнінің орташадан ауытқуынан орташа арифметикалығы;

  4. Топтық орташалардың жалпы орташадан вариациясы;

  5. Топтық орташадан топ ішіндегі белгінің вариациясы.

ОСӨЖ 7 Ішінара бақылау нәтижелерін бағалау

Мақсаты: бірліктерді ішінара жиынтыққа топтастыру әдістемесін үйрету, білімді бекіту.

Бақылау нысаны: жазбаша

Әдістемелік нұсқаулар: Бас және ішінара жиынтыққа салыстырмалы талдау жүргізу

Барлық тапсырмалар уақытылы, толық орындалуы қажет. Берілген есептер жазбаша нысанда орындалады.

Тапсырма: өзіндік жұмысқа арналған тапсырмаларды орындау

Тапсыру мерзімі: 6 апта

ӨЗІНДІК ЖҰМЫС ТАПСЫРМАЛАРЫ

Есеп 1. халықтың білім деңгейін іріктемелі зерттеу кезінде 100 адамды білім деңгейі бойынша бөлу келесідей:

Білім деңгейі, саты

1-і бастапқы

2-ші негізгі

3-ші орта

4-ші орта кәсіби

5-ші жоғ. кәсіби

барлығы

Саны, адам

7

18

35

25

15

100

Анықтау қажет:

1) бас жиынтықтағы орташа білім деңгейі (0.954 мүмкіндігімен) мен 4-ші және 5-ші білім деңгейі бар халық үлесі (0,683 мүмкіндігімен) қандай шекте орналасқан; 2) үлес қателігі 0,02 аспайтындай, іріктеудің саны қанша болуы қажет.

Есеп 2. 2000 адам арасында социологиялық сауалнама жүргізу нәтижесінде, 1700 адам ел президентінің саясатын қолдайтыны анықталды. 0,997 мүмкіндігімен президент саясатын қолдаушы халықтың пайызының мүмкін болатын диапазонын анықтаңыз.

Есеп 3. Шаруашылық егістіктерін іріктемелі зерттеу 1 шаршы метрге 30 грамм бидайдың орташа квадраттық ауытқуы анықталды. 0,954 мүмкіндігімен іріктеу қателігі 3 граммнан аспайтындай іріктеу санын анықтаңыз.

Есеп 4. Зерттелген 100 қап пияздың орташа салмағы 42 кг., ал орташа квадраттық ауытқуы 3 кг құрады. 0,954 мүмкіндігімен барлық жиынтықтың бір қап пияздың орташа салмағының шегін анықтаңыз.

Есеп 5. Алдыңғы есептің мәліметтерін қолдана отырып, іріктеу қателігі 0,2 кг. аспайтындай, іріктеудің қажетті санын анықтаңыз (0,954 мүмкіндігімен).

ОСӨЖ 8 Динамика қатарды зерттеудің негізгі қағидалары

Мақсаты: динамика қатарларығ түрлері, әдістері, құру тәртібі туралы түсінік беру, есеп шығару арқылы білімді бекіту.

Сұрақтар:

1. Динамикалық қатарлар туралы түсінік және оның түрлері.

2.Өсіңкілік қатарларды негізгі көрсеткіштері бойынша есептеу тәсілдері.

3.Өсіңкілік қатарлардың орташа көрсеткіштерін есептеу.

4.Өсіңкілік қатарларды талдау және аналитикалық тегістеу тәсілдері.

5.Интерполяция және экстраполяция. Маусымдық ауытқу.

Тапсырма: Динамикалық қатарларды құру қағидаларын сипаттау

Бақылау нысаны: жазбаша

Әдістемелік нұсқаулар: Барлық тапсырмалар уақытылы, толық орындалуы қажет. Берілген есептер жазбаша нысанда орындалады.

Тапсыру мерзімі: 7,8 апта

ӨЗІНДІК ЖҰМЫС ТАПСЫРМАЛАРЫ

Есеп 1. Қазақстандағы орташа айлық жалақы мен инфляция туралы келесі мәліметтер бар:

91ж

92ж

93ж

94ж

95ж

96ж

97ж

Орташа жалақы

Рубль

440,8

4625,03

63750

Теңге

127,5

1725,7

4786,0

6840,9

8541,0

Тұтыну тауарларының индексі, % өткен жылға

190,9

1614,8

1758,4

1977,4

276,2

139,3

117,4

Орташа жалақы

Рубль

Теңге

9643

11864

14374

17303

20323

23221

28270

Тұтыну тауарларының индексі, %-бен өткен жылға

107,1

108,3

113,2

108,4

105,9

106,4

106,9

Орташа жалақы динамика қатары деңгейлерінің сәйкессіздік себебін көрсетіңіз. Динамика қатары деңгейін сәйкестендіріңіз. Нақты жалақы динамикасын 1990 жылға келтіріңіз, бірақ1990 жылы орташа жалақы 265,4 рубльге тең екенін ескеріңіз.

Есеп 2. 2000-2004жж. Қазақстандағы бала тууының өсу динамикасы келесі мәліметтермен сипатталады:

2000ж

2001ж

2002ж

2003ж

2004ж

Туғандар, мың адам

222,1

221,5

227,2

247,9

273,0

Осы мәліметтер негізінде: 1) динамика қатарының көрсеткіштерін (абсолютті өсімше, 1 процент өсімшенің аюсолютті мәнін; 2) қатардың орташа деңгейін; 3) динамиканың орташа жылдық қарқынын (қатардың абсолютті деңгейі бойынша және өсу коэффициенті бойынша).

Есеп 3. 2007-2009жж. басына республикадағы айналыстағы қолма-қол ақша (Мо) келесіні құрады:

2007ж

2008ж

2009ж

Айналыстағы қолма-қол ақшалар, млн теңге

161701

238730

379273

2007-2009жж. айналыстағы қолма-қол ақшаның орташа мөлшерін есептеңіз.

Есеп 4. Төменде 2001-2004жж. Қазақстандағы әрекет еткен екінші деңгейлі банктердің саны (жыл басына) және олардың экономика мен халыққа берген несиелердің көлемі берілген.

2001ж

2002ж

2003ж

2004ж

Жыл басына екінші деңгейлі банктердің саны

48

44

38

36

Экономикаға және халыққа берілген несиелер, млн теңге

489817

672407

978128

1484294

Осы мәліметтер негізінде: 1)әрбір динамика қатарының түрін және олардың орташа деңгейін (2005 жылдың басына Қазақстанда 36 екінші деңгейлі банк болды); 2) әрбір жылға бір банкпен берілген несиелердің орташа көлемінің динамика қатарының туындысын қалыптастырыңыз; 3) әрбір көрсеткіш бойынша 2002-2004жж. Динамика қарқынын және орташажылдық қарқынды есептеңіз.

ОСӨЖ 9 Динамика факторларын талдаудың индекстік әдісі

Мақсаты: Индекс, индекстердің сыныптамасы, сандық және сапалық индекстер туралы түсінік қалыптастыру

Сұрақтар:

1.Индекстер туралы түсінік.

2.Жеке, жалпы және орташа индекстерді есептеу.

3.Тұрақты және өзгермелі құрамды индекстер.

Тапсырма: Индекстер арқылы құрылымдық қозғалыстардың экономикаға әсерін талдау.

Бақылау нысаны: жазбаша

Әдістемелік нұсқаулар: Барлық тапсырмалар уақытылы, толық орындалуы қажет. Берілген есептер жазбаша нысанда орындалады.

Тапсыру мерзімі: 8 апта

ӨЗІНДІК ЖҰМЫСҚА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

Есеп 1. 2003-2004жж. Қазақстанның үш негізгі өнеркәсіп салаларындағы жұмыспен қамтылғандар саны мен орташа айлық жалақы туралы мәліметтер бар.

Өнеркәсіп саласы

2003

2004

Жұмыспен қамтылғандар саны, мың адам

Орташа айлық жалақы, теңге

Жұмыспен қамтылғандар саны, мың адам

Орташа айлық жалақы, теңге

Тау-кен өнеркәсібі

181,7

45594

186,0

53358

Өңдеуші өнеркәсіп

506,4

24823

519,08

30203

Электр қуаты өндірісі

167,2

23339

163,8

26943

Өнеркәсіп бойынша тұтастай келесілерді есептеңіз: 1) жалақының агрегаттық индексін және жалақы қорының өсу көлемін; 2) жұмыспен қамтылғандардың өсуінің агрегаттық индексін.

Есеп 2. Кондитерлік фабриканың І және ІІ кварталда шығарған өнімі мен оның өзіндік құны туралы келесі мәліметтер бар:

Кондитерлік бұйым

ІІ квартал өнім өндірісі, кг

Бұйым бірлігінің өзіндік құны, теңге

жоспар

есеп

Нақты І кв

Жоспар ІІ кв

Есеп бойынша ІІ квартал

Шоколад

2000

2100

400

400

405

Шоколад кәмпиттері

5000

5500

300

290

280

Карамель

9000

9600

150

145

140

Кондитерлік бұйымдардың әрбіреуі бойынша және фабрика бойынша келесілерді есептеңіз: 1) өзіндік құнды төмендетудің жоспарлы индексін; 2) ІІ кварталдағы өзіндік құнның нақты индексін; 3) өзіндік құнның жоспарда бекітілген және ІІ кварталда нақты төмендеуінен түскен үнемдеу.

Есеп 3. 2003-2004жж. Қазақстандағы бөлшек сауда айналымы туралы келесі мәліметтер бар:

Тауарлар тобы

Тауар айналым, млн теңге

2004 ж. физикалық көлемнің индексі, %

2003 ж

2004 ж.

Азық-түлік тауарлары

370273

412615

104,0

Азық-түлік емес тауарлар

598665

774583

115,5

Осы мәліметтер негізінде есептеңіз: 1) физикалық көлемнің жалпы индексін; 2) нақты бағадағы тауар айналымның жалпы индексін; 3) өзгеріссіз бағадағы тауар айналымның жалпы индексін; 4) бағаның өзгерісінің нәтижесін халық шығарған шығындарының сомасын.

ОСӨЖ 10 Қоғамдық құбылыстардың байланыстылығын бір факторлы корреляция-регрессиялық талдау

Мақсаты: Халық, еңбек ресурстары мен миграция статистикасын зерттеу

Сұрақтар:

1.Құбылыстардың өзара байланысы туралы түсінік және оның түрлері.

2. Құбылыстардың өзара байланысын статистикалық әдістер арқылы зерттеу.

Тапсырма: халық жұмысбастылығы, жұмыссыздығы статистикасын қарастырып, есептерді шығару.

Бақылау нысаны: жазбаша

Әдістемелік нұсқаулар: Барлық тапсырмалар уақытылы, толық орындалуы қажет. Берілген есептер жазбаша нысанда орындалады.

Тапсыру мерзімі: 9,10 апта

ӨЗІНДІК ЖҰМЫСҚА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

Есеп 1. Семей қаласы Шакарим көшесінің № 5 үйінде санақ жүргізу барысында, санақтың сынақ мезетіне (24 ақпаннан 25 ақпанға қарағандағы 00 сағатта), 190 іс жүзінде тұрақты тұрғындардан басқа, келесі анықталды.

 

Аты-жөні, тегі

Пәтер №

Сынақ уақытындағы орны

1

Абілмансуров А.Г.

15

1

Үйінде қонды

2

Абілмансурова А.Ж.

15

1

Үйінде қонды

3

Абілмансуров С.А. - ұлы 16 жас

15

1

Семей қаласында әжесінің үйінде қонды

4

Абілмансуров а А.А. - қызы 12 жас

15

1

Үйінде қонды

5

Тлемисова Т.Ж.

15

1

Абілмансуровтардың үйіне Алматыдан қонаққа келген (7 күнге)

6

Санжарова А.Н.

8

1

Семей қаласының ауруханасында жатыр, үйінде жоқ (1 ай)

7

Санжарова Ә.Р. және Санжаров Қ.А.

8

2

Үйінде жоқ, Екібастұз қаласында түнгі ауысымда жұмыста болған

8

Тахтаев Р.Ш.

10

1

Үйінде қонды

9

Тахтаев К.А.

10

1

Үйінде жоқ, Семей қаласының мейрамханасында түнгі жұмыста болды

10

Тахтаев С.К. - ұлы 6 жас

10

1

Үйінде қонды

11

Оспанов Ж.Д. және Оспанова Т.Н.

12

1

Үйілерінде жоқ, 2 аптаға Астанаға туыстарында қонаққа кеткен

12

Ережепов Ж.Р.

15

1

Туристтік сапармен Египетте болған

13

Ережепова А.К.

15

1

Үйінде қонды

14

Ереежепов Д.Ж.

15

1

Үйінде жоқ. Әскерде борышын өтеуде.

15

Юровских О.Ю.

27

1

Үйінде қонды

16

Юровских А.А.

27

1

Үйінде жоқ, перзентханада жатыр, 23 ақпанның 23.00 сағатында қызы дүниеге келген

Анықтау қажет: Тұрақты және нақты халық санын

Есеп 2. Аймақ экономикасының салалары бойынша келесі мәліметтер берілген:

Санаттардың атауы

Саны

1

Жыл басына жұмысшылардың саны

507

2

Жұмысқа қабылданған жұмысшылар

111

3

Жұмыстан шығарылған жұмысшылар

126

Соның ішінде, өз еркімен және еңбек тәртібін бұзғаны үшін жұмыстан шығарылғандар

75

Жыл ішінде тұрақты жұмыс істеген жұмыс істегендер саны

154

Анықтау қажет:

1.Жұмысшылардың орташа тізімдік санын (мың адам)

2.Қабылдау бойынша айналым коэффициентін (процентпен)

3.Шығу бойынша айналым коэффициентін (процентпен)

4. Ағымдылық коэффициентін (процентпен)

5. Жұмыс күшінінің орнын толтыру коэффициентін (процентпен)

6. Тұрақтылық коэффициентін (процентпен)

Есеп 3. Қазақстан Республикасы еңбек ресурстары құрамының серпіні туралы келесі мәліметтер бар:

Көрсеткіш

2009

2010

2011

1. Экономикада жұмыспен қамтылғандар

Соның ішінде:

Заңды тұлғаларда

Шаруа қожалықтарында

Дербес жұмыспен қамтылғандар

6472,3

4037,7

277,4

2157,2

6127,6

3568,6

254,6

2304,4

6105,4

3165,8

259,7

2679,9

2.Жұмыссыздар

967,8

925,0

950,0

3.Еңбекке қабілетті жастағы оқушылар

588,6

615,1

663,0

4.Экономикалық қызметпен және оқумен қамтылмаған еңбекке қабілетті жастағы еңбекке қабілетті халық

784,9

803,5

680,6

Барлық халық

15334,4

15073,0

14927,0

Есептеу қажет:

1.Экономикалық белсенді халық санын

2. Экономикалық белсенділігі жоқ халық саны

3. Еңбек ресурстарының саны

4. Жұмыспен қамтылу коэффициенті

5. Жұмыссыздық коэффициенті

6. Жұмыспен қамтылған халық құрамы

7. Еңбек ресурстарының құрамы

Экономикалық талдау жасаңыз.

Есеп 4. Экономика саласы бойынша бір жылдың келесі мәліметтері бар:

1.Жыл басына қызметкерлердің тізімдік саны – 177590

2. Қабылданды:

- Жұмыспен қамту қызметтерінің жолдамасы бойынша – 17820

- Кәсіпорын ниетімен – 12310

- басқа кәсіпорындардан ауыстырылды – 900

- жоғары және орт кәсіби білім беру орындарын аяқтағаннан кейін – 7540

3. Шығарылды:

- ұлттық әскерге шақырылғандықтан - 6820

- оқу орындарына түскеннен кейін - 3030

- шарт мерзімі аяқталған соң - 7050

- зейнеткерлікке шыққан соң - 8440

- басқа кәсіпорындарға ауысу себебімен - 2780

- штаттың қысқаруынан - 24780

- қызметкрдің өлімі- 3660

- өз еркімен - 1800

- еңбек тәртібін бұзғаны үшін - 1360

4. Тұрақты жұмыс істеген қызметкерлер саны – 132820

Анықтау қажет:

1.Жыл соңына қызметкерлердің тізімдің санын

2. Қызметкерлердің орташа тізімдік санын

3. Қызметкерлер айналымының абсолюттік көрсеткішін

4. Қабылдау бойынша айналым коэффициенті

5. Жұмыстан босатылу бойынша айналым коэффициентін

6. Ағымдылық коэффициентін

7. Жұмыс күшінінің орнын толтыру коэффициенті

8. Тұрақтылық коэффициентін.

ОСӨЖ 11 Халықтың орташа санын есептеу әдістері

Мақсаты: Халық статистикасының бақылау объектісіне тұтас халық және оның жеке белгілі топтарын анықтау.

Тапсырма: Халық саны және құрамының өзгерістерін анықтау, өзіндік жұмыс тапсырмаларын орындау.

Бақылау нысаны: жазбаша

Әдістемелік нұсқаулар: Барлық тапсырмалар уақытылы, толық орындалуы қажет. Берілген есептер жазбаша нысанда орындалады.

Тапсыру мерзімі: 10,11 апта

ӨЗІНДІК ЖҰМЫС ТАПСЫРМАЛАРЫ

Есеп 1. ҚР статистика агенттігінің есебі бойынша ұлттық байлық элементтерінің серпінці туралы келесі мәліметтер бар, млрд.тг.

Көрсеткіш

2007

2008

2009

2010

  1. Негізгі капитал, оның ішінде

3717

3880

3402

3004

Тауар өндіруші салаларда

2498

2588

2082

1438

Нарықтық және нарықтық емес қызмет көрсетуші салаларда

1219

1292

1320

1566

2 Материалдық емес активтер

42

46

61

71

3 Тауарлы-материалдық қорлар

491

402

583

233

Анықтамалық:

Халықтың үй мүлігі

281

156

393

312

Анықтау қажет:

1 Әрбір жылға жинақталған ұлттық байлықтың құндық сомасын;

  1. Құрылымдық қозғалыстарды анықтап, әрбір жылға жинақталған ұлттық байлықтың құрылымын, пайызбен

  2. Жинақталған ұлттық байлықтың серпінін қалай зерттеу қажет? Экономикалық қорытынды жаса.

Есеп 2. Амортизацияның жылдық нормасы орташа шамамен 9%, ал жыл сайынғы амортизациялық төлемдер 98 млн. тенге. Фирма капиталының бастапқы құнын анықта.

Есеп 3. Станок 10 жыл жұмыс істеді. Осы мерзім ішінде ол екі рет күрделі жөндеуден өтті. Әрбір күрделі жөндеу жұмысының құны 20 мың тг. Станоктың жойылу құны 1 мың тг. Жыл сайынғы амортизациялық төлем 9 мың тг. Осындай станоктың жыл сайын бағасының көтерілуі алғашқы екі жылда 0,1%, үш жылда 0,2%, төрт жылда 0,28%, соңғы жылы 0,5% құрады. Қалпына келтіру құны 52,247.

Анықтау қажет:

  1. Бастапқы құнын

2 Қалдық құнын

3 Қалпына келтіру құны бойынша амортизацияның жылдық нормасын.

ОСӨЖ 12 Ұлттық шоттар- халықаралық практикада қолданылатын баланстық есептеулердің жиынтығы.

Мақсаты: ҰШЖ мағынасы мен дамуы, мазмұны мен құрылымын қарастыру, ҰШЖ тұжырымдамасының салалааралық балансына сипаттама беру.

Сұрақтар:

1. Ұлттық байлықтың құрамы, мәні

2. Негізгі капиталдың бар болуы, күйі және қозғалысының статистикасы

3. Негізгі капиталдың ұдайы өндіріс статистикасы

4. Негізгі капиталды пайдалану статистикасы

5. Айналым капиталының статистикасы

Тапсырма: ҰШЖ көрсеткіштерін қарастыру, өзіндік жұмыс тапсырмаларын орындау

Бақылау нысаны: жазбаша

Әдістемелік нұсқаулар: Барлық тапсырмалар уақытылы, толық орындалуы қажет. Берілген есептер жазбаша нысанда орындалады.

Тапсыру мерзімі: 12 апта

ӨЗІНДІК ЖҰМЫС ТАПСЫРМАЛАРЫ

Есеп 1. АҚ негізгі капиталының бастапқы құны 4,8 млн тг құрады, оның жарамдылық коэффициенті 90%-ға тең. Тозу сомасын есептегендегі қалпына келтіру құны 5,2 млн тг тең.

Анықтау қажет:

1 Қалдық құнын

  1. Амортизация сомасы

  2. Қалпына келтіру құнын

Есеп 2. Есепті жылға ҚР негізгі капиталының бар болуы және қозғалысы туралы статистикалық есептіліктің келесі мәліметтері бар:

1

Жыл басына негізгі капиталдың бар болуы

2120,8

2

Есепті жылда түсті, барлығы

389,6

Соның ішінде

Жаңа негізгі капиталдың іске қосылуы

162,6

Индексация есебінен

15,8

Басқа себептермен

211,2

3

Есепті жылда шығарылды, барлығы

309,3

Соның ішінде

Жойылды

54,3

Басқа себептермен

254,5

Анықтау қажет:

А. Толық құны бойынша негізгі капиталдың балансын құр

Б. Келесі көрсеткіштерді есепте:

1. жыл соңына негізгі капитал

2. негізгі капиталдың жылдық құны

3. НК түсуі мен жаңару коэффициенттері

4. НК жойылу коэффициенті

5. НК түсу құрылымы (%)

6. НК шығуының құрылымы (%)

ОСӨЖ 13 Салааралық баланс ұлттық есеп жүйесін интеграциялау құралы

Мақсаты: экономикалық қызмет нәітижелері тұжырымдамасы мен көрсеткіштерін зерттеу, ЖҰӨ сипаттамасын беру.

Сұрақтар:

1.Ұлттық шоттар жүйесі бойынша экономикалық өндіріс ұғымы

2. Өндіріс нәтижелерінің микро-мезо-экономикалық көрсеткіштері

3. Өндіріс нәтижелерінің макроэкономикалық көрсеткіштері.

Тапсырма: экономикалық қызмет нәтижелері көрсеткіштер жүйесін қарастыру, өзіндік жұмыс тапсырмаларын орындау.

Бақылау нысаны: жазбаша

Әдістемелік нұсқаулар: Барлық тапсырмалар уақытылы, толық орындалуы қажет. Берілген есептер жазбаша нысанда орындалады.

Тапсыру мерзімі: 13,14 апта

ӨЗІНДІК ЖҰМЫС ТАПСЫРМАЛАРЫ:

Есеп 1. Қазақстан Республикасы экономикасының секторлары бойынша жалпы ішкі өнім серпіні туралы мәліметтер бар.

Көрсеткіш

2008

2009

2010

1.  Жалпы қосылған құн негізгі бағамен экономика секторлары бойынша:

 

 

 

Қаржылық емес корпорациялар

1030

1162

1236

Қаржылық корпорациялар

17

29

62

Мемлекеттік басқару органдары

169

192

201

Коммерциялық емес ұйымдар

16

21

22

Үй шаруашылықтары

958

1102

1263

2. Өнім мен импортқа салықтар

101

115

126

3. Өнім мен импортқа субсидиялар

12

9

11

4. Тауар өндірісі

952

1021

1526

5.  Қызмет өндірісі

1121

1236

1562

Соның ішінде

Жанама өлшенетін қаржылық делдалдық қызметтері

10

15

21

Анықтау қажет:

1.негізгі бағадағы экономиканың ҚР ЖҚҚ (жалпы қосылған құн)

2. Экономика секторлары бойынша ҚР ЖҚҚ құрылымының серпінін

3. Нарықтық бағадағы ЖІӨ (жалпы ішкі өнім):

а) негізгі бағадағы ҚР ЖҚҚ мен өнімдер мен импортқа таза салықтардың қосындысы ретінде

б) тауар, қызмет өндірісі мен тауарлар мен импортқа таза салықтардың қосындысы ретінде

4. ЖІӨ құрылымының серпінін, келесі құрамды бөліктердің:

а) тауар өндірісі

б) қызмет өндірісі

в) өнімдер мен импортқа таза салықтар.

Есеп 2. Келесі мәліметтер негізінде құрылыс өнімдері өндірісін есептеңіз, млн.теңге.

  1. Құрылыс-монтаждық жұмыстар орындалды – 1180

  2. Ғимараттар мен үймереттердің күрделі жөндеуі өтті -950

  3. Орнатылған құрал-жабдықтардың құны – 110

  4. Көп жылдық өсімдіктерді отырғызу шығындары – 225

  5. Тұрғындардың тапсырысы бойынша комиссияның қабылдаған тұрғын үйлерінің құны – 963

  6. Құрылыспен байланысты геологиялық барлау және бұрғылық жұмыстар құны – 236

Есеп 3. Ауыл шаруашылық өнімдері өндірісін келесі мәліметтер негізінде анвқтаңыз, млрд.теңге.

  1. Ауыл шаруашылығы өнімі өткізілді – 2236

  2. Ауыл шаруашылығы өнімінің өткізілмеген қалдықтары:

Жыл басына - 236

Жыл соңына – 269

  1. Өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығының аяқталмаған өндірісінің қалдықтары:

Жыл басына – 315

Жыл соңына – 256.

Есеп 4. Келесі мәліметтер негізінде сауда өнімдері өндірісін анықтаңыз, млрд. теңге

  1. Өткізілген сауда салу – 3569

  2. Айналым шығындары – 1263

Соның ішінде шығындар:

Көлік ұйымдары – 236

Байланыс ұымдары – 253

Есеп 5. Келесі мәліметтер негізінде сауда өнімдері өндірісін анықтаңыз, млрд. теңге

  1. Сауда ұйымдары тауарларды сатып алды – 4526, ал оларды сатты - 7623

  2. Басқа көлік ұйымдары мен байланыс ұйымдарының шығындары – 2316

ОСӨЖ 14 Күнкөріс деңгейінің ең төменгі шегі

Мақсаты: халық табыстары мен шығыстары статистикасына сипаттама беру, өмір сүру деңгей көрсеткіштерін талдау

Сұрақтар:

1.Халықтың тұрмыс деңгейі деген не?

2.Құрылымдық айырмашылықтардың квадраттық коэффициенті қалай есетеледі?

3.Нақты және номиналды табыстар қалай анықталады?

Тапсырма: Халықтың өмір сүру деңгейі көрсеткіштер жүйесін қарастыру.Тақырып бойынша 15-25 сөздер аралығында кроссворд құру, формулаларды жаттау

Бақылау нысаны: жазбаша

Әдістемелік нұсқаулар: Барлық тапсырмалар уақытылы, толық орындалуы қажет.

Тапсыру мерзімі: 15 апта

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]