Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Statistika_moya_3_kr-1.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
610.08 Кб
Скачать

2. Үй шаруашылығы табысының көрсеткіштері

Халықтың тұрмыстық деңгейі көрсеткіштерінің негізгі ақпарат көзі – үй шаруашылықтарын ішінара бақылау. Үй шаруашылықтарын ішінара бақылауды ұйымдастырудың мақсаты - үй шаруашылықтарының құрамы, халықтың ақшалай табыстары және шығындарының құрылымы мен деңгейі туралы мәліметтерді жинау.

Үй шаруашылықтарының ішінара зерттеу принциптері:

1. Үй шаруашылықтарының ішінара жиынтығы облыстық және республикалық деңгейлер бойынша өкілеттілік болуы тиісті;

2. Тауарлар мен қызметтердің кем жіктелуі пайдаланылады;

3. Тұрақты ақшалай шығындарды тіркеу кезінде қысқа (екі апталық) уақыт мерзімін қолданады. Себебі, экономикалық тұрақсыздықтардай, бағалардың көпшілігі және инфляцияжағдайларындағы өзіндік шығындар туралы халықтың есіне түсіру қиын болады.

Қазақстан Республикасындағы үй шаруашылықтарының ішінара жиынтығы аумақтық белгі бойынша тұрғын үйлердің тіркелімі негізінде қалыптастырылған.

Бұл тіркелім 1999 жылғы Қазақстан Республикасындағы халық санағы қорытындысы бойынша құрылған.

Үй шаруашылықтарының бас жиынтығы алты стратқа бөлінеді:

1) үлкендер саны 30 мың бірліктен жоғары үй шаруашылықтары бар ірі қалалардағы үй шаруашылықтарының санын қосады;

2) орта саны 10 мың бірліктен жоғары, бірақ 30 мың бірліктен аспайтын орта қалалардағы үй шаруашылықтары;

3) шағын – үй шаруашылықтарының саны 10 мың бірліктен аспайтын шағын қалалардағы және қала үлгісіндегі қыстақтардағы үй шаруашылықтары;

4) Алматы қаласындағы үй шаруашылықтары;

5) Астана қаласындағы үй шаруашылықтары;

6) ауылдық мекендердегі үй шаруашылықтары.

Келесі тұрғын үйде тұратын үй шаруашылықтары есепке алынады.

Тұрғын үйлердің келесі типтері: жеке үй, жеке үйдің бөлімі, жеке пәтер есепке алынады. Іріктемелі жиынтықтың көлемі 12 мың үй шаруашылығының бірліктерінің жасалады.

Әр страттағы таңдама мөлшерін есептеу мына формула қолданылады:

, мұндағы,

ni – і – страттағы үй шаруашылықтарының іріктеме көлемі;

N – Қазақстан Республикасындағы үй шаруашылықтарының бас жиынтығының көлемі;

Ni - і – страттағы үй шаруашылықтарының бас жиынтығының көлемі;

n – Қазақстан Республикасындағы үй шаруашылықтарының іріктеме жиынтығының көлемі.

Қазақстан Республикасының барлық аймақтарында өкілеттілікті қамтамасыз ету мақсатында көп сатылы кездейсоқ ықтималдылық таңдама әдісімен шаруашылықтар құрылады.

Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар

1. Әлеуметтік статистканың пәні не?

2. Әлеуметтік статистканың зерттеу объектілеріне не жатады?

3. Әлеуметтік статистка қандай бөлімдерді қамтиды?

4. Үй шаруашылығын ішінара зерттеудің принциптері

5. Үй шаруашылығының бас жиынтығы қандай страттарға бөлінеді?

6. Халықтың тұрмыс деңгейі деген не?

Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университеті Статистика пәні бойынша әдістемелік нұсқаулар Семей 2014

Оқу курсының құрылымы:

Статистика курсы келесілерден тұрады:

  1. Дәріс конспектісі

  2. ОСӨЖ курсы

  3. СӨЖ курсы

  4. Білімді бақылау және бағалау жүйесі

Пәнді оқу ерекшеліктері

Статистика курсы базалық пән болып табыла отыра, студенттерді теориялық материалды тәжірибеде қолдануды үйретеді. Статистика іс-жүзінде тәжірибені теориямен байланыстырып, студенттер макродейңгейде экономикалық процестер мен құбылыстарды талдауға үйренеді, статистикалық әдістерді қолдану машықтарна ие болады. Басқа да экономикалық пәндер бойынша өткен материалды қолдануға мүмкіндік береді, курстық жұмыстар мен дипломдық жұмысты жазуда талдау жүргізуге үйретеді.

Аталмыш курс бойынша оқу процесін ұйымдастыру нысандары

Статистика оқу курсы келесі нысандарда ұйымдастырылған:

- дәрістер

- тәжірибелік сабақтар

- ОСӨЖ, СӨЖ

Курсты оқу кезіндегі студенттердің өзіндік жұмысының рөлі. Статистика пәнін зерттеу кезінде студенттердің аудиториялық және өзіндік жұмыстарының өзара байланысы

Қазіргі университеттік білім берудің ұлттық және әлемдік бағыттарн зерттеуде келесі үдеріс байқалады:

а) қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайлар үздіксіз білім алу идеясының құныдылығын дәлелдейді, талап етеді, студенттердің өз білімдерін әрдайым тұрақты негізде дамыту қажеттілігін туындайды;

б) ақпараттық қоғам жағдайында білім процесін ұйымдастыруды қажет етеді: аудиториялық жүктемені қысқарту, дәрістерді енжар тыңдау және студенттердің өзіндік жұмысы рөлінің жоғарылауы;

в) білім берудегі студенттердің өзіндік жұмысы ретіндегі оқуға үлкен көңіл бөлінеді.

Студенттің оқып, білім алуы бұл бақылаусыз процесс емес, бұл оқытушынң қадағалауында өтетін, үздіксіз, жүйеленген, басқарылушы қызмет, бұл әсіресе ҚазИГЗУ-дегі жоғары білім беруде мамандарды дайындауда доминантты болып келеді, әрине бұл процес Қазақстан жоғарғы білім беру жүйесінде қалыптасқан үрдіс.

Осыған байланысты аудиториялық және аудиториядан тыс сабақтар арасыгдағы пропорционалдылық СӨЖ-ді ұйымдастыру мәселесіне назар аударуды қажет етті. Мұнда бірінші орынға өзіндік жұмыс жасай алу деңгейі ие болуда.

Өткізу орны мен уақытына және оқытушы тарапынан жетекшілік ету сипатына қарай және оның нәтижелерін бақылау тәсіліне СӨЖ келесі түрлерге бөлінеді:

  • Негізгі аудиториялық сабақтар кезіндегі өзіндік жұмыс (дәріс, тәжірибе);

  • Оқытушының жетекшілігімен жоспарлы кеңес нысанын жүргізілетін өзіндік жұмыс;

  • Оқулық және шығармашылық сипаттағы үй жұмыстарын орындау кезіндегі өзіндік жұмыс.

Әрине аталған жұмыстардың өзіндік сипаты шартты түрде және нақты білім беру процесінде бір-бірімен тығыз байланысқан.

Іс-жүзінде студенттердің оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін өзіндік жұмысы кәсіби өзіндік білім алуға мақсатты дайындауды дамытудың педагогикалық қамсыздандыру түрі болып табылады. Әрине СӨЖ құрылымы бойынша екі бөлікке бөлінеді: оқытушының жтекшілігімен және студенттің өзіндік жұмысы (дәрістерге дайындық, тәжірибелік сабақтарға, коллоквиумдарға дайындық және т.б.) Сол себепті СӨЖді басқару осы аталған екі бөліктердің үйлесімділігін оңтайландыру болып табылады.

Студенттің біліктілік сипаттамасына сәйкес курсты оқу барысында меңгеретін білімі, дағдыларына қойылатын талаптар

  1. Статистика көрсеткіштері жүйесін құрудың теориялық негіздерін, соның ішінде әлеуметтік және қаржылықбанктік статистика негіздерін оқып білу;

  2. Статистикада қолданылатын негізгі категориялар, түсініктер, сыныптамалар, топтарды меңгеру;

  3. Әлеуметтік-экономикалық даму жалпылама көрсеткіштерінің жүйесін, статистикалық ақпарат қайнар көздерін зерттеу;

  4. Ұлттық шоттарды құру әдістемесі, ҰЖШ салааралық балансын оқып білу;

  5. Әлеуметтік-экономикалық процестер серпінін зерттеуде статистикалық әдістердік қолдана білу, өндіріс тиімділігінің деңгейінің өзгерісіне факторлардың әсерін зерттей білу;

  6. Қазіргі басқарушылық шешімдерді уақытылы қабылдауға қажетті макродеңгейде статистикалық ақпаратты жалпылау әдістемесін меңгеру.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]