- •Семей 2014
- •«Статистика» пәні
- •Пән мазмұны Дәріс сабақтары
- •Студенттердің өзіндік жұмысты орындау тапсырмаларының тақырыптары
- •Сөж орындау және тапсыру тақырыптары
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •Статистика
- •3 Курстың посткреквезиттері:
- •Пән мазмұны Дәріс сабақтары
- •Тәжірибелік сабақтары
- •Осөж орындау және тапсыру графигі
- •Сөж орындау және тапсыру графигі
- •Студенттердің білімін бағалау жүйесі
- •Глоссарий
- •1. Статистика туралы жалпы түсінік.
- •Статистика пәні мен міндеттері.
- •Статистикалық әдістер және оның зерттеу кезеңдері.
- •1. Статистикалық бақылау туралы түсінік.
- •Статистикалық бақылауды ұйымдастырудың негізгі мәселелері
- •3. Статистикалық бақылаудың тәсілдері.
- •4.Статистикалық бақылау қателері. Статистикалық бақылауды мәліметтерін тексеру әдістері.
- •1.Мәліметтерді жинақтау мазмұны және міндеттері
- •2. Топтаудың түрлері
- •3. Статистикалық таратпалы қатарлар.
- •2.Қатысты шама, оның түрлері
- •3.Статистикалық графиктер туралы түсінік.
- •1.Статистикадағы орташа шамалардың мәні. Орташа шамалардың түрлері
- •1. Ішінара бақылау – нарықтық экономикалық негізгі ақпарат көзі
- •2. Іріктеу жиынтығын құрудың тәсілдері.
- •1. Динамикалық қатарлар туралы түсінік және оның түрлері.
- •2. Динамикалық қатардың негізгі көрсеткіштері, есептеу тәсілдері
- •1. Индекс туралы жалпы түсінік, оның түрлері.
- •2. Сапалық белгілердің орташа шамаларының индекстері: өзгермелі және тұрақты құрамды индекстер, құрылымдық өзгерістер индексі
- •1.Қоғамдық құбылыстардың байланыстылығын статистикалық зерттееудің мәні.
- •2. Функционалдық және корреляциялық байланыстар. Аналитикалық топтау әдісі.
- •1.Халық және еңбек ресурстары статистикасының міндеттері
- •2. Халықтың саны және құрамы
- •3. Жұмыспен қамтылу және жұмыссыздық статистикасы
- •1. Халықтың тұрмыс деңгейі көрсеткіштерінің жүйесі
- •2. Үй шаруашылығы табысының көрсеткіштері
- •Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университеті Статистика пәні бойынша әдістемелік нұсқаулар Семей 2014
- •Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті Статистика пәні бойынша тәжірибелік сабақтарды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар Семей 2014
- •Тәжірибелік сабақтары
- •Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті Статистика пәні бойынша оқытушының жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмысы бойынша әдістемелік нұсқаулар Семей 2014
- •Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті Статистика пәні бойынша студенттердің өзіндік жұмысы бойынша әдістемелік нұсқаулар Семей 2014
- •Сөж тапсырмалары
- •Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті
- •Білімді бақылау және бағалау жүйесі
- •Семей 2014
- •Бірінші аралық бақылауға арналған сұрақтар тізімі
- •Қорытынды бақылауға арналған сұрақтар тізімі
2. Халықтың саны және құрамы
Халық берілген аумақта тұратын адамдар. Халық статистикасының бақылау объектісіне тұтас халық және оның жеке белгілі топтары жатады. Бақылау бірлігі – адам, отбасы, үй шаруашылығы.
Еңбекке жарамдылығына қарай халықтардың келесідей категориялары бар: еңбек жасындағы халық саны, еңбек жасындағы еңбекке қабілетті халық саны, еңбек ресурстары.
Еңбекке жарамды жастағы еңбекке қабілетті халық саны =
Еңбекке жарамды жастағы тұрақты халық саны - Әлеуметтік қорғау орнынан зейнетақы алатын, еңбекке қабілетті жастағы, 1-2 топтағы мүгедектер саны, еңбек жасына байланысты қосымша шартпен зейнетақы алатын, еңбекке жарамды жастағы жұмыс істемейтін зейнеткерлерсаны.
Халық және еңбек статистикасының міндеттері:
- халықтың табиғи қозғалысы зерттеу;
- халықтың миграциялық қозғалысын зерттеу;
- еңбек нарығын, халықтың жұмысбастылғын және жұмыссыздығын зерттеу;
- халық санын болжау.
Халық туралы ақпарат көздері:
1. Халық санағы – критикалық сәт кезіндегі күйі бойынша қазақстан Республикасындағы әр азаматты сипаттайтын демографиялық және әлеуметтік мәліметтерді жинау процесі. Халық санағы әр 10 жыл сайын жүргізіледі. (1999 жыл 25 ақпан)
2. Халық туралы халық санақтары арасындағы ағымдағы есеп: - азаматтық күй актысы- қалпындағы жазбалар – халықтың табиғи қозғалысы түрдегі перзентханада, загстерде, аудандық кеңестегі халық есебі; - миграциялық (көшіп-қону) процестер – келу парғына тіркелетін статистикалық есеп талоны, ішкі істер органдарының және паспорт рұқсатнама қызметінің мәліметі.
3. Ішінара зерттеу халық санақтары арасында жүргізіледі. Оның мақсаты – Қазақстан Республикасындағы және оның жекелеген аумақтарындағы халықтың әлеуметтік- экономикалық құрамы туралы қосымша мәліметтерді жинау.
4. Ұйымдардың еңбек туралы есеп берулері жұмыс істейтін халықтың еңбек қызметтерін сипаттайды.
Халық санағы келесі категориялармен тіркеледі: тұрақты, нақты халық және олармен тығыз байланыстағы уақытша келгендер және уақытша кеткендер.
Статистика халықтың құрамын басқа белгілері (жыныс, жас, әлеуметтік жағдайы, отбасы жағдайы, ұлты, білім деңгейі, күн көру көздері, аймақ, қызметінің түрі, т.б.) бойынша топтастырумен сипаттайды.
3. Жұмыспен қамтылу және жұмыссыздық статистикасы
Қазақстандағы еңбек нарығының деңгейі және дамуының сипаттамасы еңбек ресурстарының категорияларымен байланысады. Еңбек ресурстары – еңбекке жарамды халық, демек нақты және потенциалды жұмыскерлер.
Еңбек ресурстары – экономикалық белсенділік мәртебесі бойынша экономикалық белсенді және экономикалық белсенді емес халық болып бөлінеді. Экономикалық белсенді халық - өндірістік тауарлар мен қызметті өндіруді жұмыс күшімен қамтамасыз ететін халықтың бір бөлігі. Халықаралық стандарттарға сәйкес белсенді халыққа 15 және одан жоғары жастағы адамдар жатады.
Экономикалық белсенді халық саны= жұмыспен қамтылған халық саны + жұмыссыздар саны
Экономикалық белсенді жастарға 15-24 жас аралығындағы жұмыспен қамтылған және жұмыссыздар жатады.
Жұмыспен қамтылған халық (жұмысбасты) – жасына қарамастан экономика саласында нақты жұмыс істеп жүрген халық. Жұмысбастылық мәртебесі бойынша жұмыспен қамтылған халық екіге бөлінеді: жалдамалы жұмысшылар және өз бетімен жұмыспен айналысушылар.
Жұмыссыздар – экономикалық белсенді жастағы халық, жұмыс орны жоқ, бірақ белсенді жұмыс іздеп жүрген және жұмысқа дайын адамдар.
Экономикалық белсенді емес халық – үй шаруашылығымен айналысатын, экономикалық белсенді жастағы халық және күндізгі оқу бөлімінде оқитындар.
Экономикалық қызмет жасамайтын, еңбекке жарамды жастағы, еңбек етуге қабілетті халыққа жататындар - мүгедектер, асыраушы адамды жоғалтқандар, жеңілдік шарты бойынша зейнетақы алатындар; жұмысты іздемейтіндер, бірақ жұмыс істеуге мүмкіншілігі бар және жұмыс істеуге дайындар, табыс көзіне қарамай, жұмыс істеуге қажеттіліктері жоқ адамдар.
Экономикадағы жұмыспен қамтылмағын халықтың саны = халықтың жалпы саны – экономикадағы жұмыспен қамтылған халықтың саны.
Еңбек нарығына қатысты көрсеткіштер
Халықтың экономикалық экономикалық белсенді халық саны
белсенділік үлесі = ------------------------------------------------------------ х 100
жалпы халық саны
Халықтың экономикалық экономикалық белсенді халық саны
белсенділік коэффициенті = ------------------------------------------------------------ х 100
15 және одан жоғары жастағы жалпы халық саны
Экономикадағы жұмыс жұмыспен қамтылмаған халық саны
істейтін бір адамға есебімен = ------------------------------------------------------------ х 100
Жүктеме коэффициенті жұмыспен қамтылған халық саны
Жұмыспен қамтылу жұмыспен қамтылған халық саны
(жұмысбастылық) = ------------------------------------------------------------ х 100
коэффициенті экономикалық белсенді халық саны
Жастардың 15-25 жастағы жұмыс істейтін жастар саны
жұмысбастылық = ------------------------------------------------------------ х 100
коэффициенті 15-25 жастағы экономикалық белсенді жастар саны
Жалпы жұмыссыздар саны
жұмыссыздық = ------------------------------------------------------------ х 100
коэффициенті экономикалық белсенді халық саны
Жастардың 15-25 жастағы жастардың жұмыссыздар саны
жұмыссыздық = -------------------------------------------------------------- х 100
коэффициенті 15-25 жастағы экономикалық белсенді халық саны
Ұзақ мерзімдегі 1 және одан көп жыл жұмыс таба алмағандар саны
жұмыссыздық = ----------------------------------------------------------------- х 100
коэффициенті экономикалық белсенді халық саны
Халықтың экономикалық белсенді емес халық саны
экономикалық белсенді = ----------------------------------------------------------------- х 100
емес коэффициенті 15 жастағы және одан жоғары белсенді халық саны
Еңбекке жарамды еңбекке жарамды жасқа дейінгі халық саны
жастағы халықтың орнын = ----------------------------------------------------------------- х 100
басу коэффициенті еңбекке жарамды жастағы халық саны
Зейнеткерлік еңбекке жарамды жастан кейінгі халық саны
жүктеме = ----------------------------------------------------------------- х 100
коэффициенті еңбекке жарамды жастағы халық саны
Жалпы еңбекке жарамды жасқа дейінгі және кейінгі халық саны
жүктеме = ----------------------------------------------------------------------------- х 100
коэффициенті еңбекке жарамды жастағы халық саны
Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар.
1. «Тұрақты халық» және «нақты халық» ұғымдарының айырмашылығы неде?
2. Халық статистикасында халықты бақылау объектісі не№
3. «Халық», «Экономикалық белсенді халық», «Экономикалық белсенді емес халық» ұғымдары нені білдіреді?
4. Халық туралы ақпараттың негізгі көздерін атаңыз.
5. «еңбекке жарамды халық саны», және «Еңбекке жарамды жастағы еңбекке қабілетті халық саны» ұғымдарының айырмашылығы неде?
6. Халықтың табиғи қозғалысының негізгі көрсеткіштерін атаңыз.
7. Еңбек ресурстары, халықтың орташа саны қалай анықталады?
8. Халықтың көшіп-қонуының негізгі көрсеткіштерін атаңыз.
9. Экономикалық белсенді халықтың құрамы қандай?
10. Жұмыс күшінің шығынының құны қандай?
№ 11 дәріс тақырыбы: Ұлттық шоттар жүйесі, нег, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер
Дәріс сұрақтары:
1. Ұлттық шоттарды құру принциптері: міндеті, үлгісі және шоттардың мазмұны.
2. ҰЕЖ-гі салааралық баланстың үлгісі
1. Ұлттық шоттарды құру принциптері: міндеті, үлгісі және шоттардың мазмұны.
Ұлттық шоттар жүйесі – ұлттық деңгейдегі макроэкономиканың ұлттың жайлыңқы статисткалық моделі. Экономикалық операциялар секторлар түрінде берілген: қаржылық емес корпорациялар, қаржылық корпорациялар, мемлекеттік басқару ұйымдары, үй шаруашылығы, коммерциялық емес ұйымдар, үй шаруашылығына қызмет көрсетушілер, қалған әлем. Алты сектордың ішіндегі бесеуі ішкі отандық экономиканы сипаттайды және олар Қазақстан Республикасының резиденті болып табылады. Соңғы алтынша сектор – «қалған әлем» сыртқы болып есептеледі және осы елдің резидент еместерінің және резиденттерінің арасындағы операцияларды бейнелейді.
Ұлттық Шоттар өзара байланысты бухгалтерлік шотқа ұқсас баланс-кесте түрінде құрылады. Әрбір шот екі жақты баланс- кесте түрінде берілген экономикалық айналымның белгілі дәрежесін анықтайды. Бұл кестеде операциялар екі рет тіркеледі: бірінші рет ресурстарда, екінші рет пайдаланған кезде кестедегі 2-бөлімнің операция нәтижелері шот ресурстары мен оларды қолдану көрсеткіштерінің айырмасы арқылы анықталатын баланстаушы бап арқылы теңеседі. Баланстаушы баптан алынған мөлшер келесі шоттың ресурсты бөлігіне аударылады. Бұлардың нәтижесінде шоттардың өзара байланысын және Ұлттық Шот Жүйесін түрлендіру қамтамасыз етіледі. Ұлттық шоттар жүйесінің баланстаушы бап тізімі:
Шот аты |
Шоттың баланстаушы бабы |
1.Өндіріс шоты |
Жалпы ішкі өнім |
2.Табыстарды құру шоты |
Жалпы пайда (жалпы аралас кіріс) |
3.Бастапқы табыстардың таратылу шоты |
Бастапқы табыстардың сальдосы (жалпы ұлттық табыс) |
4.Табыстардың қайта таратылу шоты |
Жалпы қолда бар табыс |
5.Қолда бар табыстарды пайдалану шоты |
Жалпы жинақ |
6.Капиталмен байланысты операциялар |
Таза несиелендіру (таза қарызға алу) |
Ұлттық шоттар жүйесіндегі баланстаушы бап таза және жалпы көлем негізінде анықталады. Егер негізгі тұтыну капиталының мәліметтері бар болса, онда баланстаушы бап жалпы көлем деп аталады. Егер осы мәліметтер жоқ болса, онда баланстаушы бап таза көлем деп аталады.
2. ҰЕЖ-гі салааралық баланстың үлгісі
Өндіріс шоты
Ресурстарды пайдалану |
Ресурстар |
1.1. Аралық тұтынну |
2.1. Негізгі бағамен шығару |
1.2. Нарық бағасындағы жалпы ішкі өнім көлемі (2.1.- 2.2. -2.3. -1.1.) |
2.2. Өнімдерге салықтар |
1.3. Негізгі капиталды тұтыну |
2.3. Өнімдерге демеу қаржылары (субсидиялар) |
1.4. Нарық бағасындағы таза ішкі өнім (1.2. -1.3.) |
|
Табыстардың құрылу шоты
Ресурстарды пайдалану |
Ресурстар |
1.1. Барлық секторлардағы жалдамалы жұмыскерлердің еңбек ақысын төлеу |
2.1. Нарық бағасындағы жалпы ішкі өнім көлемі |
1.2. Өндіріске және импортқа салықтар, оның ішінде: - өнімге салықтар - басқа да өндірістерге салықтар |
|
1.3. Өндіріске және импортқа субсиядиялар, оның ішінде: - қаржылық көмек; - өнімдерге демеу қаржылары (субсидиялар) - басқа өндіріс субсидиялары |
|
1.4. Жалпы пайда (жалпы аралас табыстар) (2.1. -1.1.-1.2.-1.3.) |
|
1.5. Негізгі капиталды тұтыну |
|
1.6. Таза пайда (таза аралас табыстар) (1.4.-1.5.) |
|
Бастапқы табыстардың таратылу шоты
Ресурстарды пайдалану |
Ресурстар |
1.1. «Қалған әлемге» берілген меншіктен түскен табыстар |
2.1. Жалпы пайда және жалпы аралас табыстар |
1.2. Бастапқы табыстардың жалпы сальдосы (2.1.+2.2.+2.3.+2.4.+2.5.-1.1) |
2.2. Жалдамалы жұмыскерлердің еңбек ақысын төлеу |
1.3. Негізгі капиталды тұтыну |
2.3. Өндіріске және импортқа салықтар |
1.4. Бастапқы табыстардың таза сальдосы (1.2.-1.3.) |
2.4. Өндіріске және импортқа субсиядиялар (демеу қаржылары), «Қалған әлемнен» меншіктен алынған табыстар |
Табыстарды қайта тарату шоты
Ресурстарды пайдалану |
Ресурстар |
1.1. «Қалған әлемге» берілген, әлемдегі трансферттер |
2.1. бастапқы табыстардың жалпы сальдосы |
1.2. Қолда бар жалпы табыс (2.1+2.2-1.1) |
2.2. «Қалған әлемнен» алынған ағымдағы трансферттер |
1.3. Негізгі капиталды тұтыну |
|
1.4. Қолда бар таза табыс (1.2.-1.3.) |
|
Қолдағы табыстарды пайдалану шоты
Ресурстарды пайдалану |
Ресурстар |
|
2.1. Қолда бар жалпы табыс |
|
|
|
|
|
|
Капиталмен операциялар шоты
Ресурстарды пайдалану |
Ресурстар |
1.1. Негізгі капиталдың жалпы қорлары |
2.1. Жалпы жинақ |
1.2. Материалдық айналым құралдары қорларының өзгеруі |
2.2. «Қалған әлемнен» алынған капиталды трансферттер |
1.3. Құндылықтарды, өндірілмеген қаржылық емес активтерді таза сатып алу |
2.3. «Қалған әлемге» берілген капиталды трансферттер |
1.4. Негізгі капиталды тұтыну |
|
Таза қарызға алу (-) (2.1.-2.2-2.3.-1.1-1.2.-1.3.-1.4.) |
|
Қызметтер және тауарлар шоты
Ресурстарды пайдалану |
Ресурстар |
1.1. Аралық тұтыну |
2.1. Негізгі бағамен шығару |
1.2. Түпкілікті тұтынудағы шығындар |
2.2. Тауарлар мен қызметтер көрсету импорты |
1.3. Жалпы қорлану |
2.3. Өнімдерге салықтар |
1.4. Тауарлар мен қызметтер көрсету экспорты |
2.4. Өнімдерге демеу қаржылары (субсидиялар) |
Барлығы пайдаланылған |
2.5. Ресурстардың барлығы |
Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар.
1. Ұлттық Шоттарды құрудың негізгі принциптерін атаңыздар.
2. Әр Ұлттық Шоттың үлгісін, мазмұнын айтыңыз:
- өндіріс шотын;
- табыстардың құрылу шотын;
- бастапқы табыстардың таратылу шотын;
- табыстарды қайта тарату шотын;
- қолдағы табыстарды пайдалану шотын;
- капиталмен операциялар шотын;
- қызметтер және тауарлар шотын.
№ 12 дәріс тақырыбы: Халықтың тұрмыс деңгейінің статистикасы
Дәріс сұрақтары:
Халықтың тұрмыс деңгейі көрсеткіштерінің жүйесі
Үй шаруашылығы табысының көрсеткіштері
