Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Statistika_moya_3_kr-1.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
610.08 Кб
Скачать

2.Қатысты шама, оның түрлері

Зерттеліп отырған көрсеткіштерге талдау жасау, олардың өзара байланыстылығы мен заңдылықтарын анықтау және тұжырымды қорытынды жасау үшін нақты шамамен берілген көрсеткіштер жеткіліксіз болады. Сондықтан статистикалық зерттеуде қатысты шамалар да қолданылады.

Қатысты шамалар дегеніміз қоғамдық өмірдегі әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың сандық қатынасының мөлшерін көрсететін көрсеткіштерді айтады.

Қатысты шамаларды есептеуде өзара байланысты екі нақты шаманың қатынасы қарастырылады және ол екі көрсеткішті біріне-бірін бөлу арқылы айқындалады. Мұнда бөлшектің бөлімін салыстыру негізі немесе базалық шама деп , ал алымын салыстырмалы шама деп атайды. Салыстыру негізін 1-ге тең деп, екі көрсеткішті бір-бірімен салыстырсақ, онда салыстыру нәтижесінің өлшем бірлігі коэффициентпен беріледі, яғни неше есеге артық неше есе кем екенін көрсетеді. Ал салыстыру негізін 100-ге тең деп алсақ, онда өлшем бірлігі процентпен беріледі. Сонда салыстырылатын шаманың базалық шамадан қанша процентке артық немесе кем екені көрсетіледі. Бір шама бөлшектің негізгі шамадағы үлесін анықтау үшін , сол берілген шама бөлшегін негізгі шамаға бөлу керек.

Кейде қатысты шаманың есептелген көрсеткіштері ұсақталып, бөлшектеніп кетпеуі үшін промиль не продецимиль өлшем бірліктері қолданылады. Егер салыстыру негізі 1000-ға тең болса, промильмен; ал 10000-ға тең болса продецимильмен өлшенеді.

Сонымен, статистикалық қатысты шамалар әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестерді бір-бірімен салыстыру кезінде олардың өзгеруін ,дамуын, құрылымын анықтауға, талдауға мүмкіндік береді және сол берілген сандық көрсеткіштердің қатынасына, мәні мен мақсатына қарай бірнеше түрге бөлінеді: жоспардың орындалуы, жоспарлық тапсырма, өсіңкілік, құрылымдық, үйлестік, үдемелілік, салыстырмалық, дәрежелік.

Жоспардың орындалуының қатысты шамалары берілген жоспардың қандай дәрежеде орындалғанын , яғни қаншаға өскендігін немесе кемігенін көрсетеді және өлшем бірлігі коэффициентпен беріледі. Ол көрсеткіштің нақты орындалған мәнінің жоспарлы мәніне қатынасы арқылы көрсетеді:

Қазіргі уақыттағы нақты мәндер х100

Жоспарлық мәндер немесе У1/Ужос. х 100.

Жоспарлық тапсырманың қатысты шамалары дегеніміз жоспар бойынша қоғамдық құбылыстар мен процестердің өткен уақытпен салыстырғанда қаншалықты өскенін немесе кемитінін бағдарлама арқылы көрсету болып табылады. Оны есептеу үшін көрсеткіштің жоспарланған мәнін өткен уақыттағы нақты мәніне бөлеміз және келесі схема арқылы есептейміз:

___Жоспарлы мәндер х100

Өткен уақыттағы нақты мәндер немесе Ужосп. / Уо х100.

Өсіңкілі қатысты шамалар құбылыстың уақытқа байланысты өзгеру мөлшерін білдіреді. Оны есептеу үшін төменде берілген схеманы немесе формуланы қолданамыз:

Қазіргі уақыттағы нақты мәндер х100

Өткен уақыттағы нақты мәндер немесе У1 / Уо х100.

Құрылымның қатысты шамалары жалпы жиынтықтың жеке бөліктерінің үлесін көрсетеді, яғни ол арқылы құрылымның өзгеруін анықтауға болады. Бұл қатысты шаманы үлестік қатысты шама деп те атайды. Оны есептеу үшін жиынтықтың жеке бөліктерінің мәнін оның жалпы жиынтығына бөлу керек.

Үйлестік қатысты шамалар деп жалпы жиынтықтың жеке бөліктерінің өзара қатынастарын айтады. Мысалы, дүниеге келген ұлдар мен қыз балалардың санының қатынасы , жұмысшылар мен қызметкерлер санының қатынасы және т.б.

Үдемелік қатысты шамалар аттас емес көрсеткіштердің қатынасын сипаттайды. Олар жинақтың әртүрлі көрсеткіштерінің қатынасын немесе бір-бірімен байланысты екі жиынтық көрсеткіштер қатынасының белгілі бір ортаға таралуын көрсетеді.

Салыстырмалы қатысты шамалардеп бір уақытта әртүрлі аймақтарға жататын бір тектес, аттас шамалардың қатынасын көрсетуді айтады. Мысалы, 1995 жылдың басында Алматы қаласының тұрғындары 1197,9 мың адам, ал Қарағанды қаласының тұрғындары 956,0 мың адам болды. Яғни Алматы қаласының тұрғындары Қарағандылықтарға қарағанда 2 есе көп (1197,9/596,0=2).

Дәрежелік қатысты шамалар дегеніміз әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың даму немесе кему процестерін жан басына шаққандағы шығатын көрсеткіштермен көрсету. Мысалы, жан басына шаққанда келетін халық шаруашылығы өнімдерінің көлемі, ұлттық табыс пен байлықтың көлемі және т.б.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]