- •Семей 2014
- •«Статистика» пәні
- •Пән мазмұны Дәріс сабақтары
- •Студенттердің өзіндік жұмысты орындау тапсырмаларының тақырыптары
- •Сөж орындау және тапсыру тақырыптары
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •Статистика
- •3 Курстың посткреквезиттері:
- •Пән мазмұны Дәріс сабақтары
- •Тәжірибелік сабақтары
- •Осөж орындау және тапсыру графигі
- •Сөж орындау және тапсыру графигі
- •Студенттердің білімін бағалау жүйесі
- •Глоссарий
- •1. Статистика туралы жалпы түсінік.
- •Статистика пәні мен міндеттері.
- •Статистикалық әдістер және оның зерттеу кезеңдері.
- •1. Статистикалық бақылау туралы түсінік.
- •Статистикалық бақылауды ұйымдастырудың негізгі мәселелері
- •3. Статистикалық бақылаудың тәсілдері.
- •4.Статистикалық бақылау қателері. Статистикалық бақылауды мәліметтерін тексеру әдістері.
- •1.Мәліметтерді жинақтау мазмұны және міндеттері
- •2. Топтаудың түрлері
- •3. Статистикалық таратпалы қатарлар.
- •2.Қатысты шама, оның түрлері
- •3.Статистикалық графиктер туралы түсінік.
- •1.Статистикадағы орташа шамалардың мәні. Орташа шамалардың түрлері
- •1. Ішінара бақылау – нарықтық экономикалық негізгі ақпарат көзі
- •2. Іріктеу жиынтығын құрудың тәсілдері.
- •1. Динамикалық қатарлар туралы түсінік және оның түрлері.
- •2. Динамикалық қатардың негізгі көрсеткіштері, есептеу тәсілдері
- •1. Индекс туралы жалпы түсінік, оның түрлері.
- •2. Сапалық белгілердің орташа шамаларының индекстері: өзгермелі және тұрақты құрамды индекстер, құрылымдық өзгерістер индексі
- •1.Қоғамдық құбылыстардың байланыстылығын статистикалық зерттееудің мәні.
- •2. Функционалдық және корреляциялық байланыстар. Аналитикалық топтау әдісі.
- •1.Халық және еңбек ресурстары статистикасының міндеттері
- •2. Халықтың саны және құрамы
- •3. Жұмыспен қамтылу және жұмыссыздық статистикасы
- •1. Халықтың тұрмыс деңгейі көрсеткіштерінің жүйесі
- •2. Үй шаруашылығы табысының көрсеткіштері
- •Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университеті Статистика пәні бойынша әдістемелік нұсқаулар Семей 2014
- •Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті Статистика пәні бойынша тәжірибелік сабақтарды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар Семей 2014
- •Тәжірибелік сабақтары
- •Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті Статистика пәні бойынша оқытушының жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмысы бойынша әдістемелік нұсқаулар Семей 2014
- •Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті Статистика пәні бойынша студенттердің өзіндік жұмысы бойынша әдістемелік нұсқаулар Семей 2014
- •Сөж тапсырмалары
- •Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті
- •Білімді бақылау және бағалау жүйесі
- •Семей 2014
- •Бірінші аралық бақылауға арналған сұрақтар тізімі
- •Қорытынды бақылауға арналған сұрақтар тізімі
3. Статистикалық бақылаудың тәсілдері.
Статистикада мәліметтерді жинаудың бірнеше жолдары бар. Бақылауға жататын объектінің әрбір жиынтық бірліктерін адамның өзі өлшеу, санау арқылы есепке алатын болса, ол тікелей қатысу арқылы мәліметтер жинау тәсілі деп аталады.
Статистикалық бақылау кезінде қажетті мәліметтер тиісті құжаттармен куәләндірілсе, яғни есеп беру формаларының негізінде жиналса, ол құжаттар арқылы мәліметтер жинаутәсілі болып табылады.
Кейбір жағдайларда қажетті мәліметтерді тікелей өлшеу, санау құжаттар арқылы жинауда мүмкіндік болмайды. Мұндай жағдайда мәліметтерді жинау үшін сұрақ-жауап тәсілі қолданылады.
Сұрақ-жауап тәсілі дегеніміз қажетті мәліметтерді сұралушы адамның айтқаны бойынша сұрақ немесе санақ қағаздарында жазып алу арқылы жинау. Бұл тәсілдің экспедициялық, тілшілік, сауал-сұрақ, өзін-өзі тіркеу сияқты бірнеше жолдары бар. Экспедициялық тәсілмен мәліметтерді жинау екзінде арнайы дайындықтан өткен адамдар сұралушымен келісілген уақытта кездесіп, қажетті мәліметтерді ауызша сұрау арқылы қағаздарға толтырып статистика мекемелеріне өткізеді. Бұл тәсілмен мәліметтерді жинау үшін статистика мекемелерінің қызметкерлері сұралушыларға арнайы үлгідегі сұрақ қағаздарын таратып береді және оны толтыру тәртібін түсіндіреді. Тілшіліктәсілмен мәліметтерді жинау байланыс бөлімшелері арқылы ерікті түрде жүргізіледі. Сауал-сұрақтық тәсілмен қажетті мәліметтерді жинау сұралушының келісімі бойынша ерікті түрде жүргізіледі.
4.Статистикалық бақылау қателері. Статистикалық бақылауды мәліметтерін тексеру әдістері.
Статистикалық қате дегеніміз нақты факты зерттеу нәтижесі көрсеткіштер арасындағы сәйкессіздік айырмашылықтарды дұрыс санамау, түрлі себептерге байланысты бұрмалаушылықтар. Бақылау мәліметтерінде жіберілген қателер екі түрге бөлінеді: репрезентативті және тіркеу кезіндегі қате.
Тіркеу кезіндегі қате әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестердің өзгеруіне әсерін тигізетін фактілердің дұрыс анықталмауы нәтижесінде пайда болатын қате. Ол дұрыс жазбағандықтан, тіркеулерді дұрыс жүргізбегендіктен, бұрмалау мен қате есептеудің салдарынан болады.
Бұл қателердің өзі фактілердің біртектілігіне қарай кездейсоқ және жүйелі түрде жіберілетін қате болып есептелінеді. Жүйелі түрде ұдайы жіберілетін қате қасақана, әдейі жіберілген және абайсызда, байқаусызда жіберілетін болып бөлінеді.
Абайсызда, байқаусыздажіберілетін қате әдейі жасалмайды, ал қасақана немесе әдейі жіберілетін қате алдын-ала ойластырылған, көбейтіп немесе кемітіп жазу арқылы жасалған қателер. Тексеру қисынды түрде тексеру және есептеу арқылы тексеру болып бөлінеді. Қисынды түрде тексеру дегеніміз статистикалық бағдарламаларда көрсетілген сұрақтарға қайтарылған жауаптардың өзара байланысын бір-бірімен салыстыру арқылы жіберілген қатені түзету.
Есептеу арқылы тексеруде жалпы жиынтық көрсеткіштердегі жіберілген қателерді түзету үшін орта шаманы және процентті қайта есептеу тәсілін қолдану арқылы түзету енгізіледі. Статистика органдары осы тексерулерден басқа жоспарлы түрде әрбір шаруашылық жүргізуші субъектінің есеп беру формаларындағы көрсеткіштердің дұрыстығын тексереді. Оның өзі тақырыпты, кешенді және жаппай болып үшке бөлінеді.
Тақырыпты тексеруде жеке кәсіпорынның белгілі бір формасы немесе оның көрсеткіші алынады. Кешендік тексеруде кәсіпорынның барлық есеп беру формалары түгелдей тексеріледі. Жаппай тексеруде барлық есеп беретін кәсіпорынның белгілі бір есептеу формасы немесе көрсеткіші толығымен тексеріледі.
Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар.
Тақырыпты қаншалықты меңгергеніңізді білу үшін келесідей сұрақтарға жауап беріңіз.
1.Статистикалық бақылау дегеніміз не?
2.Статистикалық бақылаудың қандай негізгі формалары бар?
3.Статистикалық бақылаудың қандай түрлері бар?
4.Статистикалық бақылаудың қандай тәсілдері бар?
5.Статистикалық бақылау кезінде қандай қателіктер кездеседі?
6.Қателерді түзетудің қандай әдістерін білесіз?
№ 3 дәріс тақырыбы: Статистикалық мәліметтерді жинақтау және топтау
Дәріс сұрақтары:
Мәліметтерді жинақтау мазмұны және міндеттері.
Топтаудың түрлері.
Статистикалық таратпалы қатарлар.
