- •Семей 2014
- •«Статистика» пәні
- •Пән мазмұны Дәріс сабақтары
- •Студенттердің өзіндік жұмысты орындау тапсырмаларының тақырыптары
- •Сөж орындау және тапсыру тақырыптары
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •Статистика
- •3 Курстың посткреквезиттері:
- •Пән мазмұны Дәріс сабақтары
- •Тәжірибелік сабақтары
- •Осөж орындау және тапсыру графигі
- •Сөж орындау және тапсыру графигі
- •Студенттердің білімін бағалау жүйесі
- •Глоссарий
- •1. Статистика туралы жалпы түсінік.
- •Статистика пәні мен міндеттері.
- •Статистикалық әдістер және оның зерттеу кезеңдері.
- •1. Статистикалық бақылау туралы түсінік.
- •Статистикалық бақылауды ұйымдастырудың негізгі мәселелері
- •3. Статистикалық бақылаудың тәсілдері.
- •4.Статистикалық бақылау қателері. Статистикалық бақылауды мәліметтерін тексеру әдістері.
- •1.Мәліметтерді жинақтау мазмұны және міндеттері
- •2. Топтаудың түрлері
- •3. Статистикалық таратпалы қатарлар.
- •2.Қатысты шама, оның түрлері
- •3.Статистикалық графиктер туралы түсінік.
- •1.Статистикадағы орташа шамалардың мәні. Орташа шамалардың түрлері
- •1. Ішінара бақылау – нарықтық экономикалық негізгі ақпарат көзі
- •2. Іріктеу жиынтығын құрудың тәсілдері.
- •1. Динамикалық қатарлар туралы түсінік және оның түрлері.
- •2. Динамикалық қатардың негізгі көрсеткіштері, есептеу тәсілдері
- •1. Индекс туралы жалпы түсінік, оның түрлері.
- •2. Сапалық белгілердің орташа шамаларының индекстері: өзгермелі және тұрақты құрамды индекстер, құрылымдық өзгерістер индексі
- •1.Қоғамдық құбылыстардың байланыстылығын статистикалық зерттееудің мәні.
- •2. Функционалдық және корреляциялық байланыстар. Аналитикалық топтау әдісі.
- •1.Халық және еңбек ресурстары статистикасының міндеттері
- •2. Халықтың саны және құрамы
- •3. Жұмыспен қамтылу және жұмыссыздық статистикасы
- •1. Халықтың тұрмыс деңгейі көрсеткіштерінің жүйесі
- •2. Үй шаруашылығы табысының көрсеткіштері
- •Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университеті Статистика пәні бойынша әдістемелік нұсқаулар Семей 2014
- •Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті Статистика пәні бойынша тәжірибелік сабақтарды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар Семей 2014
- •Тәжірибелік сабақтары
- •Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті Статистика пәні бойынша оқытушының жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмысы бойынша әдістемелік нұсқаулар Семей 2014
- •Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті Статистика пәні бойынша студенттердің өзіндік жұмысы бойынша әдістемелік нұсқаулар Семей 2014
- •Сөж тапсырмалары
- •Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті
- •Білімді бақылау және бағалау жүйесі
- •Семей 2014
- •Бірінші аралық бақылауға арналған сұрақтар тізімі
- •Қорытынды бақылауға арналған сұрақтар тізімі
1. Статистика туралы жалпы түсінік.
Статистика латынның «status» деген сөзінен шыққан. Ол заттың, құбылыстың, нәрсенің жағдайын жетік білу дегенді білдіреді. Осы сөздің негізінен италияның «stato» - мемлекет, «statisto» - мемлекеттің жағдайын жетік білу дегенді білдіреді. Статистика қоғамдық ғылым ретінде бертінде пайда болды. Оның даму процесінің бастамасы XVII ғ аяғынан Англияда басталады. Оның негізін алғашқы болып қалағандар-ағылшын ғалымдары Джон Граунд және Вильям Петти.Олар «Саяси арифметика» атты еңбек жазған.
Статистика тарихының екінші бір бастауы неміс ғалымы Конгридтің еңбектерінде қалыптаса бастаған «мемлекеттану» ғылымында жатыр.Статистиканың одан кейінгі дамуына да көптеген ғалымдар, яғни неміс ғалымы Ахенбал, бельгия ғалымы Кеплер, англия ғалымы Баули және т. б. өз үлестерін қосты.
XIX ғ. екінші жартысы мен XX ғ.басында статистика ғарыштап дами бастады. Оған көптеген ғалымдар мен статистиктердің еңбектері дәлел бола алады. Мысалы, математикалық статистиканың ықтималдық теориясын қолдану арқылы көптеген сандық көрсеткіштерді есептеу тәсілдері анықталады. Бұл салада Чебышев, Марков, Бернштейн сияқты атақты математиктердің еңбектерін атауға болады.
Статистика пәні мен міндеттері.
Статистика – бұл қоғамдық ғылымның саласы, оның өзіне тән жеке пәні мен зерттеу әдістері бар. Статистика қоғамдық құбылыстардың құрамы мен өзгеру процестерін, ондағы сандық қарым-қатынастар мен заңдылықтарды сапалық тұрғыда байланыстыра отырып, оның белгілі бір уақытта қай жерде болғанын зерттейтін ғылым Сонымен бірге әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың сандық көрсеткіштеріне табиғи және техникалық факторлардың тигізген ықпалын немесе керісінше қоғамдық өндірістің табиғат пен қоршаған ортаға тигізген әсерін анықтайды. Статистика органы халық шаруашылығы саласының есебін жүргізу, мекеме ретінде жалпы мемлекеттің экономикалық саясатының жүргізілуі мен орындалуын қамтамасыз етеді және ол жүйелі түрде басшылық жасаудың маңызды құралының бірі болып табылады. Сондықтан да статистика қоғамдық құбылыстардың құрамын және ондағы сандық және сапалық тұрғыдан тығыз байланыстырып зерттейтін ғылым болып табылады . Статистиканың сандық жағы-зерттелген әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың, процестердің көлемін, мөлшерін сандық көрсеткіштер түрінде көрсету.Сандық жағын оқып үйренудің келесідей түрлері бар:
Статистика қоғамдық құбылыстар мен процестердің көлемін, мөлшерін зерттейді.
Статистика қоғамдық құбылыстардың сандық көрсеткіштерінің өзгеруін уақыт арқылы көрсетеді.
Статистика қоғамдық құбылыстардың өзара қарым-қатынасын немесе пропорциясын зерттейді.
Статистиканың негізгі қасиеті-құбылыстар мен процестердің өзгеруі сандық тұрғыдан қарастыра отырып оның сапалық мәнін анықтау. Сапа - әрбір сандық көрсеткіш өзіне тән ұғым түрінде берілуі. Статистикада қоғамдық құбылыстар мен процестерді зерттеуде біртектес элементтерден тұратын көрсеткіштер жиынтық бірлік, ал олардың әрқайсысын сипаттайтын ортақ қасиеттер белгі болып табылады. Оның екі түрі бар:сандық және сапалық.Белгілер жиынтықтың әрбір бөлігінде әртүрлі мәнге ие болуы өзгермелілік деп аталады(вариация).
Статистиканың міндеттері:
1.Мемлекет, коммерциялық, акционерлік және басқа да органдарды сенімді, қажетті, нақтылы ақпараттармен және мәліметтермен қамтамасыз ету.
2.Іс жүзінде оперативтік перспективалық жұмыстардың артынан статистикалық бақылау жасау.
3.Статистикалық мәліметтерді талдау.
