
- •«Оқушыларды музыка пәнінен Республикалық деңгейде жетістіктерді көрсетуде қолданатын әдіс – тәсілдер»
- •«Оқушыларды музыка пәнінен Республикалық деңгейде жетістіктерді көрсетуде қолданатын әдіс – тәсілдер» ...Ұстаз деген-ұзтаз болып туғандар,
- •Фонетикалық методика.
- •1.Ауызша түсіндіру немесе қысқаша әңгіме түрінде:
- •2.Оқытушыларға шығарманы таныстыру.
- •3.Шығарманы әсерлі суреттей алу жұмысы:
- •Вокалға тәрбиелеудегі әр түрлі бөліктерді дамыту.
- •Дыбыстың пайда болуы.
- •Артикуляция және дикция.
- •Флирование.
- •Сыныбы: 3 «б» Пәні: Музыка Тақырыбы: Халық күйі «Тепеңкөк»
Сыныбы: 3 «б» Пәні: Музыка Тақырыбы: Халық күйі «Тепеңкөк»
Сабақтың мақсаты:
Музыка тілінің көркемдік мумкіндіктерін жеткізу.
Халық музыкасын өмірдің бейнесі ретінде түсініп және оны сүйетін халқымыздың ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін қастерлеп, классикалық музыканы және басқа халықтардың өнерін сыйлайтын жеке тұлға тәрбиелеу.
Орындаушылық-тыңдаушылық және еске сақтау біліктілігін дамыту, дұрыс музыкалық талғамын қалыптастыру.
Сабақтың көрнекілігі: күйтаспа, домбыра, сыбызғы, қобыз аспаптарының суреті.
Сабақтың түрі:Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: кесте толтыру.
Сабақтың тәсілі:топтық жұмыс.
Пән аралық байланыс:Әдебиет, дүние тану.
Сабақтың барысы:ұйымдастыру, оқу құралдарын түгендеу.
Жаңа сабақ: Халық күйі «Тепеңкөк».
Халық
күйі – ауызекі жолмен тарап, музыкалық
аспапта орындалатын шығарма. Қазақ
халқының музыка өнерінің ең бай саласы-күй
өнері. Күйді орындайтын адамды күйші
дейміз. Күйшілер қоршаған табиғаттың
сұлулығын, құстардың дауысын немесе
қайғы-қуаныштарын күй арқылы жеткізе
білген.
Ертеде бір кедейдің мал дегенде жалғыз көк аты болыпты, өзі бәйгеге қосқанда алдына қара салмайтын жүйрік екен. Бірақ тері шықпаса мүлде шаба алмай, жақсылап тері шыққан соң құстай ұшады екен. Бір ұлан-асыр тойға ат шабыс, жамбы атыс, палуан күрестері белгіленіп, сәйгүліктер жарысына жүлделер тағайындалады. Көк тұлпарын жарысқа қосу үшін иесі бәйге бастамас бұрын қанжығасына екі дорба құмды өңгеріп, әрі-бері желдіртіп, терін шығарып темпеңдетіп келе жатқанын елдегі бір домбырашы көріп аттың сұлулығына, жүрісіне қайран қалады. Осыған орай «Тепеңкөк» деп күй тартыпты.
Оқушының тіл байлығын дамыту үшін төмендегі сауалдарға жауап беру арқылы тыңдаған күйге мінездеме беру.

Көрініс.
Үлкен ауыл, киіз үйлер, ұшқан құс, сарқырап ағып жатқан өзен, қызыл жасыл гүлдер, көк орай шалғын шөп, т.б.
Үн,
дыбыс.
Ат тұяғының дүбірі, сыңғырлаған күлкі, шулаған балалардың даусымен ән салған жеңге, әжейлер.
Тыңдалған күй не туралы?
«Тепеңкөк» - тұлпар. Бұл күй Тепеңкөктің сұлулығын, әсем жүрісін бейнелейді. Тұлпардың иесі өте кедей адам болған.

Не сездім?
Әсер.
Көтеріңкі көңіл күй, қуаныш, шаттық, мереке, бас жүлдеге ие болғаны.
Сабақ барысында халық педогогикасының элементтерін пайдалану арқылы, оқушылардың музыкалық қабілеттерін дамыту. Ойындар, сөзжұмбақтар пайдалану.
Музыкалық аспап – домбыра.
Ұлттық бұйым – ертоқым.
Ұлттық киім – бөрік.
Ұлттық әшекей – белбеу.
Сергіту сәті –
Орындығымыздан
тұрамыз,
Қолды биікке созамыз,
Содан белге қоямыз,
Бұрыламыз оңға бір,
Бұрыламыз солға бір,
Жоғары қолды созамыз,
Тып - тынышорнымызға
отырамыз.
Жұмбақтар: Әр аспаптың үнін күй таспадан тыңдап, қимылмен аспапты ойнап көрсету.
Тиіп кетсе жылаған
Даусы көпке ұнаған (Домбыра)

Қалай ойнаймыз? (Шертіп)
Сызылған үні сүйкімді тілі
Үрлесең ойнайтын аспаптың бірі. (Сыбызғы)
Қалай ойналады? (үрлеп)
Бас, құлақ, мойны бар,
Үп-үлкен шанғы бар.
Ысқышпен ысқанда
Әндетер үні бар (қобыз)
Қайтып тартады? (Ысқышпен)
Бекітуге арналған сұрақтар:
Күйді қандай аспапта ойнайды?
Күйдің несі болмайды?
Авторы жоқ шығарманы қандай күй дейміз?
Бүгін қандай күй тыңдадық?
Тағы қандай аспапта күйді тартуға болады?
Күйді тартатын адамды кім дейміз?
Үйге тапсырма: Домбыраның құрлысын әңгімелеу.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Мильбурн. Е. Методы вокальной работы с детьми школьноо возраста.
М. Музыка 1992г.
2. Яковлева А. Из истории вокальной педагогики.
3. Соколов В. Работа с голосом. М. Музыка 1967г.
4. Тулегенова Б. Солничный голос. Алматы. 1993г.
5. Морозов В. Тайны вокальной речи. Ленинград. 1969г.
6. Молдагаинов, А. Рахимова Ж. Пастановка голоса Алматы. 2007г.
7. Ахат Н. А. “Мұғалім журналы” №3 2007жыл
8. Мұқышева Қ.С. “Мұғалім журналы” №4 2007жыл ҚР Президентінің
жолдауы.
9. “Шығармашылық-басты мақсат”
10. /Бастауыш мектеп, 2006.-№3.-Б. 30-32.
11. “Шығармашылық-ізденіске жетелейді”
12. //Қазақстан мектебі, 2006.-№4.-Б.47-49.
13. “Жаңаша оқыту-уақыт талабы.”//Мектеп директоры №4.2006 жыл