Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ППО - 2014 ж.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
8.79 Mб
Скачать

Флирование.

(бір дыбысты күшейту немесе азайту).

Флированияны жасай алу үшін көп еңбек ету керек,өйткені ол әншінің вокалдық техникалық тәжірибиесінің мықты болуын талап етеді. Егер оқушы дыбыстың пайда болу әдісін меңгере алса онда флированияны айтып үйренуге кіріссе болады. Міндетті түрде ес- тен шығармау керек; piano (ақырын)айту әдісі forte(қатты)қалай айтылса, дәл сол сияқты айтылуы керек. Тек қана forte дыбысы тығыз демнің күшімен айтылуды қажет етеді. Piano - ны айтқанда дем біртіндеп азаяды. Бұл жағдайда дауысты дыбыстар белсендірек алға қарай ұмтылып үстіңгі тістерге жақындай түседі, ерін болса созылып күлімсіреу кейпін елестетеді, жоғарғы бас резанаторы анық естіле түседі.

Вакалда ән айтуда жетілу ерекшеліктері,вакалда оқыту мен тәрбиелеу методикасына сүйенеді, олар өзінің көздеген мақсатына жету үшін, келесі мынадай талаптарды алға қояды:

- Танымдылық - Ән айтуға қызығушылықты туғызады.

-Үйрететін- Музыкалық және орындаушылық білімді үйрену үшін барлық жағдайды жасайды.

-Тәрбиеліктен- Эстетикалық, музыкалық-көркемдік танымын жоғары деңгейге көтеруге көмектеседі;

-Жетілдіруші-Музыкалық және вакалдық ән айта білу тәжірибиесін ала алуға көмектеседі. Музыкалық- эстетикалық түсінігін сендіре алуды қалыптастыруға көмектеседі.Беріліп отырған методикалық әдіс, ғылыми әдістемелердің нәтижиесінің ұстанымына сүйене отырып (өткен жылдардағы тәжірибиелердің нәтижиесіне) түсінікті етіп (барлық жастағы қатысушылардың катигориясына), еш қиындықсыз өз ретімен (оңайдан қиынға қарай), әр кімнің қабілетіне қарай (әрбір оқушының қабілетіне жеке-жеке тоқталып), алғырлығына (нотаны қағаздан қарап көз жүгіртіп оқи алуы), арнайы жазылған. Осы педагогикалық міндеттер мен әдістерді қолдана отырып жұмыс атқарылса, вокалдық орындаушылық өзінің көздеген мақсатына мүлтіксіз адаспай жетеді: дұрыс, дауыс аппаратының сауатты дамуы, және қатысушының вокалдық дәрежеге жетуі, әрі ден саулығына еш қауіп келтірмеуі. Педагогикалық көз қараспен қарағанда вокалмен айналысу сабағы- басқада педагогикалық жұмыстар сияқты еш айырмашылығы жоқ. Вокалдық - педагогикалық методика мен әдістерді барлық оқыту түрлерінің бөлімінде қолдану - бұл вокалдық қабілетті дамыту болып табылады, олай болса вокалдық орындаушылықты да.

Қортындылау:

«Оқушыларды музыка пәнінен Республикалық деңгейде жетістіктерді көрсетуде қолданатын әдіс – тәсілдер» іс-тәжірибе таратуға арналған тақырыбым, бүгінгі күнде өте маңызды мәселеге жатады.

  • Оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың мәні мен мазмұнын анықтап, “білім берудің жаңа прадигамасы”, “шығармашылық қызығушылық”, “креативтілік”, “иновациялық креативті білім беру”, “шығармашылық рефлексия” ұғымдарына анықтама беру, жүйелеу.

  • Білім берудің жаңа прадигмасы жағдайында оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделін жасап, өлшемдері мен көрсеткіштерін, деңгейлерін негіздеу.

  • Оқу процесінде оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың дидактикалық тұғырларын анықтау.

  • Оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастыруда жаңа оқыту технологияларының мүмкіндіктерін көрсетіп, оны оңтайлы пайдаланудың мазмұндық сипатын көрсету.

  • Білім берудің жаңа прадигмасы жағдайында оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың әдістемесін жасап, оның тиімділігін педогогикалық тәжірибе жүзінде тексеру және ғылыми-әдістемелік ұсыныстар жасау.

«Мұғалім мәңгі нұрдың қызыметшісі, ол барлық ой мен қимыл қимыл – әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі» – дегендей осы жұмыста пайдаланатын әдіс – тәсілдер, интерактивті тақта , заманға сай дамыған техналогиялық құрал жабдықтар оқушылардың қызығушылық қабілетін ашуға мүмкіндік береді. Жұмыс барысында, ол қоршаған ортаны түсінуге, құбылыстың мәнін білуге, ізденуге ұмтылдырады. Осыған байланысты оқушылардың шабыты, қиялы, болжауы, ой тереңдігі, қарама-қайшылықтарды көре немесе сезе білуі, өзекті мәселені шешу барысында креативтік қабілетінің дамуына әкеледі. Басқа әдістерді пайдалану барысында оқушылардың қарым-қатынастары, тапсырманың мақсаты мен мәнін түсінуге, іс-әрекетті ұйымдастыру, нәтижеге жетудегі рефлексиялық ой санасын арттырады. Іс-тәжірибені музыка пәнінің мұғалімдері оқу үрдісінде шығармашылық түрде, көк жиегін кеңейтуге, өз шеберлігін арттыруға жол ашады.

Мен өз сабақтарымда СТО жобасының «Ассоциация», «Венн диаграммасы», «Бес жолды өлең», «Түртіп алу», «Топтау», «Болжау» стратегияларын қолдана отырып, әр тұлғаның қандай қабілеті мен қасиеттерінің дамитындығын, қандай нәтижеге жетуге болатындығын,сабақ барысында бейжай қалатын оқушының болмайтындығын түсіндім. Осы технологияның арқасында мен өзімнің педогогикалық іс-тәжрибиемде мынадай жетістіктерге жеттім:

Мектебімізде оқушылыар оркестірін құрып, әрбір мектеп қабырғасындағы шағын концерттерде, қалалық мерекелерде, мектептің есеп беру шығармашылық концерттерінде өз өнерлерін көрсетіп жүр. Сондай-ақ вокалдық топтар Халық аралық, Республикалық, Облыстық, қалалық деңгейлерде өз өнерлерін көрсетіп қалалық «Жас ұлан», «Жұлдызды жаңбыр», халықарлық «Ақ көгершін» Республикалық «Жұлдыз» Облыстық «Ақмола жұлдыздары» байқауларына қатысып жүлделі - орындарды иеленді.

Осындай өнерлі тағыда мектебімізде хор «Вокалдық этетика» үйірмесі, домбырада ойнау аспаптық оркестрлер жұмыс істеуде, оларда әр түрлі тақырыптарда өз өнерлерін көрсетуде.

Өнері - шексіз өнер. Оны түсіну, игеру адамзат мәдениеті қанша жасаса, сонша кезеңде жалғасып отырады.

Олай болса болашақ еліміздің азаматын, атадан балаға жалғасып келе жатқан асыл мұрамызды әрі қарай дамыта алатын ұрпақты дұрыс тәрбиелеу, болашақ азаматты білім жарығымен нұрландыратын ол ұстаз.

Жетістіктер:

  1. 2014 ж - VIII Халық аралық фестивалі – байқауы «Ақ көгершін» - трио /Жумагалиев Еркебулан 11с, Нургалиев Арнур 11с, Кожабеков Кажымурат 9с – Дипломант – 1 дәрежелі

  2. 2014 ж - VIII Халық аралық фестивалі – байқауы «Ақ көгершін» Олжабаева Аяжан – дипломант – 2 дәрежелі

  3. 2013 ж - Республикалық жас вокалистер және аспаптық орындаушылар байқауы «Жулдыз приглашает друзей» Жумагалиев Еркебулан 11 с – 2 орын

  4. 2014 ж – Облыстық байқау «Достық әні тербеткен, дархан далам!» -трио /Жумагалиев Еркебулан 11с, Нургалиев Арнур 11с, Кожабеков Кажымурат 9с – Диплом Лауреат

  5. 2012 ж – Облыстық көркем өнерпаздар байқауында «Ақмола жұлдыздар» бірлескен домбырашылар ансамблі – диплом Лауреат

  6. 2011ж – Облыстық көркем өнерпаздар байқауында «Өнермен өрнектелген Тәуелсіз Қазақстан» қазақ халық аспаптары оркестірі - Диплом Лауреат

  7. 2013 ж – Облыстық көркем өнерпаздар байқауында - Абылай ханның 300 – жылдығына арналған «Рухыңмен асқақтай бер, қазақ елі!» аспаптар құрама оркестрі - диплом Лауреат

  8. 2014 ж - Степногорск қалалық «Жас ұлан» патриоттық байқауы - Жумагалиев Еркебулан 11 с – 1 орын

  9. 2014 ж - Степногорск қалалық «Жас ұлан» патриоттық байқауы - Олжабаев Диас 6 с – 1 орын

  10. 2014 ж - Степногорск қалалық «Жас улан» патриоттық байқауы - Нургалиев Арнур 11 с – 1 орын

  11. 2014 ж - Степногорск қалалық «Жас улан» патриоттық байқауы - Трио Арай /Тельманова Салтанат 9 с, Кенжебекова Камшат 9с , Дуйсенова Ұлболсын 9 с – 1 орын

  12. 2014 ж - Степногорск қалалық «Жас улан» патриоттық байқауы - Абдисаттаров Нурислам 6 с – 1 орын

  13. 2014 ж – Степногорск қалалық «Звездный дождь» байқауында – Абдикайрова Дария 4 с – 1 орын

  14. 2013 ж – Степногорск қалалық «Степногорск жұлдыздары» фестивальінде «Ең үздік аспаптық ұжым» номинациясында жеңгені үшін 1 орын

Қосымша сабақтар:

Байдилдаев Серик Мырзакаримович