
- •«Оқушыларды музыка пәнінен Республикалық деңгейде жетістіктерді көрсетуде қолданатын әдіс – тәсілдер»
- •«Оқушыларды музыка пәнінен Республикалық деңгейде жетістіктерді көрсетуде қолданатын әдіс – тәсілдер» ...Ұстаз деген-ұзтаз болып туғандар,
- •Фонетикалық методика.
- •1.Ауызша түсіндіру немесе қысқаша әңгіме түрінде:
- •2.Оқытушыларға шығарманы таныстыру.
- •3.Шығарманы әсерлі суреттей алу жұмысы:
- •Вокалға тәрбиелеудегі әр түрлі бөліктерді дамыту.
- •Дыбыстың пайда болуы.
- •Артикуляция және дикция.
- •Флирование.
- •Сыныбы: 3 «б» Пәні: Музыка Тақырыбы: Халық күйі «Тепеңкөк»
1.Ауызша түсіндіру немесе қысқаша әңгіме түрінде:
а) Шығарма туралы түсінік.
б) Композитор туралы қысқаша мәлімет.
в) Композитордың өмір сүрген кезеңі және шығарма -
ның қалай жазылғаны туралы.
г) Стиль (нақты формасы,әуеннің мінезі мен сипаты).
2.Оқытушыларға шығарманы таныстыру.
(схема № 2)
3.Шығарманы әсерлі суреттей алу жұмысы:
а) Сөздермен жұмыс жасау,сөйлеммен (сөйлемдер,мағынасы) табиғи
өзіндік демалуды таба білу.
б) Әуенді анықтай алу.
в) Шығарманы әсерлендіру,әрлендіру жұмысы (берілген белгілерді
қолдану - p, f, crescendo, diminuendo т.б.);
г) Жылдамдық пен жұмыс істеу.
д) Штрихтар мен жұмыс (вокалдық тәжрибиеде - дыбыстың естілуімен)
е) Дикция мен жұмыс (сөзді анық,түсінікті айта білу-ауыздың қозғлу
аппаратының белсенділігімен(олар;ерін,тіл,таңдай,т.б.)жұмыс жасау).
Вокалға тәрбиелеудегі әр түрлі бөліктерді дамыту.
Демалу.
Ән айту мектебінің бірінші мәселесі демді дұрыс ала білуді үйрету.Тәжрибиенің көрсе - туінше ән айтудағы демді дұрыс алуда демалу түрлеріне шектеу қоймау керек екендігін
дәлелдеген.(диафрагмалық-қабырғамен,арқа белімен,т.б.).Бұған шектеулер тек уақытша ғана.
Оқушының ән айтудағы негізгі жетіспеушілігі- арқа белімен терең демала білмеуі.
Бұл қателіктерді жою үшін әртүрлі методикалық жаттығулар , және демалу түрлері мен жұмыс жасау керек.
Демді алуды жетілдіру жаттығулары;
1. «Ағаш» жаттығуы-терең демді алып және оны шығару.
2. «Шарларды үрлеу» жаттығуы-тез демді алып жәй демді шығару.
3. «Алақан» жаттығуы.
(схема № 3)
Дыбыстың пайда болуы.
Дыбыстың пайда болуы , бұл өте күрделі физиологиялық процесс. Балалардың ән айту дыбысының пайда болуындағы негізгі кемшілігі : дыбыс күшінің әлсіздгінде; дыбыста дірілдің болуы; дұрыстың дұрыс айтылуын бағыттай алмауы.
Атака -дыбыстың алғаш пайда болу кезі.Бұл дыбыс қатты,жұмсақ, демді алу сияқты болады.
Дыбыстың пайда болуымен жұмысты бастағанда ортаңғы диапазоннан бастап (концентрияциялық бағдар) көкірек резонаторын қоса қолданып жоғарғы бас резонаторына білдірмей жәйғана көшу керек. Резанатордан, резанаторға көшу кезіндегі негізгі міндет, таңдайды көтеріп айта алу (демалғандағы есінеу әдісі) - таңдайды белсенді ету.
Распевка жаттығуларын жасағанда мынадай тәсілдерді қолданған жөн; алдымен төмен қарай түсу қозғалысы, содан кейін жоғары қарай көтерілу әдісі, бұларды мынадай буындар арқылы айтқан жөн; -зи-,-за-,-лё-,-йя-.
Артикуляция және дикция.
Вокалдық дикция - бұл түсініктілігі,анықтылығы,сөздің дұрыс айтылуы.
Дыбысты шығарушы : ерін, тіс, тіл, жақ, көмей дыбысты байланыстырушы мүшелері болып табылады.Осылардың барлығы артикуляциялық аппарат деп аталады.
Дикцияның жақсы болуын қамтамасыз ететін артикуляциялық аппараттың жұмысын артикуляция дейміз.
Жас орындаушылардың бірден-бір кемшілігі олардың артикуляциялық аппаратының жұмысты әлсіз атқаруында : өзін-өзі бос ұстамауы және қысылуы; тілдің еркін қозғалмауы.
Осы кемшіліктерді жою үшін не істеу керек ?
1. Беттің бұлшық еттерін бос ұстап жақты толық ашу. Бұған тіс пен тіл байланысы мен айтылатын дауыссыз буындар арқылы жаттығулар жасаса көмегін тигізеді: -д--з-,-р-,-л-
-н-; және ерінмен айтылатын дауыссыз дыбыстар : -б-,-п-, тілдің артқы жағына күш түсірмейді.
Артикуляциялық гимнастика үшін келесі жаттығулар қолданылады:
Ашық және жабық дауыссыз дыбыстарды қасқаша деммен айту : -п-б,-ф-в,-т-д,-с-з,-ш-ж,-к-г . Буындарды белсендірек айту жаттығуы : -да-,-ди-,-до-,-ди-,-та-,-па- . Сонарлы дауыссыз дыбыс пен распевка жасау: -н- .
Дауыстың жалдамдығын арттыру.
Барлық дауыстардың түрлеріне дауыстың жылдамдығы керек.Ол дауысқа жеңілдік, майысқақтық пен бұралмалылық қасиет береді. Дауыстың жылдамдығын арттыру үшін жәй жылдамдықтан бастап бірте - бірте тездете беру керек.