Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ППО - 2014 ж.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
8.79 Mб
Скачать

«Оқушыларды музыка пәнінен Республикалық деңгейде жетістіктерді көрсетуде қолданатын әдіс – тәсілдер» ...Ұстаз деген-ұзтаз болып туғандар,

Ұлылықты ұлықтаған имандар.

Ұрпағының ертеңіне жол ашып,

Өмірінің өр шақтарын қиғандар»

Вокалда ән айту ережелері жалпы ән жанырын игеруге байланысты тұжырымдармен сабақтас болып келеді.Алайда хор айтудың жеке жаныр ретінде өзіне тән ерекше- ліктері бар.

Вокалдық топ құрамына ,орындалу ерекшеліктеріне , шығармашылық бағыт- бағдарына қарай бірнеше түрге бөлінеді.Мысалы: халықтық хор,музыка сүймелдеуінсіз ор - ындалатын капеллалық және музыка сүймелденуімен орындалатын жалпы хорлар шағын ансамбль орындауындағы хорлар.

Бір-бірін өзара үстемелей толықтырып отыратын ән және хор айту дағдылары жалпы вокалдық өнердің құрамдас бөлігі. Ән айту ережелерінде де ән айтудағы - дай адамның дене мүшелері тиісті қалыпта ұстап, дұрыс тыныс алудың мәні зор. Ән айтуда дыбыс шығарудың нәтижесі әрбір әншінің дене мүшелерін-бас, кеуде, мойын,ауызтіл,ерін,өңешін қандай қалыпта ұстауына байланысты.Сондай-ақ ән айтудағы орындаушылардың дыбыс алуы, жеке дыбыс пен сөздердің анық естілуі (дикция), жалпы топтық дауыстың бірлігін білдіретін біркелкі үндестік, ансамбльдік құрылым, дирижёр қолының әрбір иірімдік қозғалыстарын қалт жібермей қадағалай білу-міндетті шарттылықтар.

Ән айтушының өзіндік тыныс алу ерекшеліктері бар. Әнші жинақы, біркелкі тыныстауы қажет. Алынған тыныс белгілі музыкалық кескінге (фразаға) шақталып, сол музыкалық кескін орындалып біткенше біркелкі үнменен жұмсалуы тиіс.

Ән айтуда бірнеше дауыс жүйелері бірігіп,үндестік (гармония) құрады. Олар 2 - 8 дауысқа дейінгі жүйені құрауы мүмкін. Ересек адамдар хорында ерлер дауысы тенор, бас ; әйел дауыстары сопрано,альт,контральт деген дауыстарға бөлінеді. Мұндағы әрбір дауыс жүйелері жеке партия деп аталады.

Ән айтудағы ең маңызды мәселе- әр партияның өз дауыс жүйесін дұрыс айтуы, басқа партияларды айтушыларды, сүймелдеушілерді тыңдай білуі,олармен үндесе білуі.

Фонетикалық методика.

Практикалық жұмыстарға сүйене отырып барлық сабақтардың түрлерінде вокалдық сабақ берудегі ең жақсы нәтежие беретін методика бұл фонетикалық методика болып табылады. Бұл әдіс әрбір дыбыстардың дұрыс айтылуына өзінің әсерін тигізеді.Фонем (дауысты және дауыссыз дыбыстардың айтылуы) - дауыс аппараты және ән айту дауысы. Ән айтудағы негізгі дыбыстар бұлар дауысты дыбыстар болып саналады. Фонетикалық методика әншінің сөз сөйлеу тәжірибиесіне сүйене отырып оның тамағымен демалу мүшелерінің қызыметін жұмысқа қосады. Фонетикалық методиканы дұрыс қолдану үшін әрбір сөз дыбыстарының ән айту дыбысы мен дауыс апаратының жұмысына қалай әсер ететінін біліп (көмей, демалу мүшесі, ауыз қуысы каналы), оларды қалай? қай? кезде өз орнымен дұрыс қолдануды білу қажет.

Ауыздың дыбыс шығаруы және оның дауысты,дауыссыз дыбыстарға қалай- қайтіп? қозғалатынын байқап көрейік.Негізгі ән айту дыбысы бұл дауысты дыбыстар.

Бұл дыбыстар дауыс свяскалары мен демалудың арқасында көмейде пайда болып, ауыз қуысы арқылы шығарылып,өте жарқын,анық биіктіктегі таза дыбысты бере алады (негізгі тон) сондықтан да олар әндетуге ыңғайлы.

Дауысты ән айтуға үйрету,дауысты дыбыстарды дұрыс айтудан басталады.

Дауысты дыбыстар,олар алтау: А,Э,И,О,У,Ы, төрт иотированных-

Ю Е,Ё,Я,

Дауысты «И» - тамақты көтеріп келесі дыбыстың айтылуына көмектеседі.

Дауысты «А» - бұл дыбысты айтқанда ауыз қуысы дұрыс форманы ұстанып, көмеймен ән айту шартына жақындай түседі. Балаларда дауыста«а»-көбінесе тіктеліп ашық естіледі бірақ дыбысты оңтайлап жабыңқы айтқызуға тез көнеді.Осындай қа- сиетіне байланысты вокальмен айналысқанда дауысты дыбысты ең басты дыбыс ретінде көп қолданады, және ауыз қозғалысының аппартын босатып, дауыс байланысының табиғи жұмыс атқаруын, оған қоса өзіндік дауыс ерекшелігін анықтауға көмектеседі.

Дауысты «О» -жұмсақ таңдайды өте жақсы көтеріп,есінегендей сезім беріп, дыбысты домалақтап,тамақты қысудан босатады. Құлаққа жағымсыз ашщы дыбыс пен тік естілетін дыбысты оңдауда қолданылады.

Дауысты «У» -басқа дауысты дыбыстарға қарағанда жұмсақ таңдайдың көтерілуін,әрі есінеусезімін туғызуға,өте жақсы көмегін тигізеді.Бұл өте қанық қою дауысты дыбыс,сондықтан да бұл дыбысты таскерең, терең естілтін бөлмелер де қолданбаған жөн.Бұл дауысты дыбыс жұмыс барысында жәй қозғалыстағы таңдайдың , ерін мен дауыс байланыстары тік дыбсты тудырмуға көмгін тигізетіндігін дәлелдеген. Соңғы лабораторилық көрсеткіштердің нәтижесінде жоғарғы регистірдің қалыптасуына көмегін тигізетіндігі анықталған.

Дауысты«Ы»-қолднылмайды.Өйкені бұл дыбыс дауыстың айтылуына өте қолайсыз.Тілдің түбіне күш түсіп содан тамақты қысылуына әкеледі.Бұл көмеймен айту дыбысын күшейте алатындықтан,оны дәстүрлі ән айту жанырында қолданады.

Дауысты «Э»-өте сирек қолданылады,тек үлкейген жаста. Ол вокальдық көрсеткіші едәуір қалыптасқан қатысушының дыбысты өте белсенді бағытты қозғалуына мүмкіндік жасауына әсерін тигізеді.

Дауыссыз дыбыстар ауыз қуысында пайда болады. Ауыз қуысының мүшелрі (тіл,таңдай,ерін) демнің құйылуына және дыбыс толқындарына кедергі жасағанда , шулы дыбыстар пайда болады,бұл дыбыстарды біз дауыссыз дыбыстар деп білеміз.

Олар«Ашық және Жабыңқы»дыбыс болып екіге бөлінеді.

Жабыңқы дыбыс-(дауыс байланысының қатысуынсыз пайда болады):

- к п с т ф х ч ш щ

Ашық дыбыс-(ауыз қуысындағы шулы дыбыстар мен дауыстың әсерінен пайда болады): - б в г д ж з л м н р

Аз қозғалыстағы тілдің арқсында дауысты және дауыссыз дыбыстардың үйлесімі сөзді құрайды.Ауыз қуысында пайда болатын дауыссыз дыбыстар олар: қуыстың артқы жағынан- к г, ортаңғы жерден - х ш р, алдңғы жағынан - д з л.

Дауыссыз дыбстар да жарылып айтылатын болып - т п б д р-дыбыстары анықталады.Бұл ән айту кезінде демалу жұмысын күшейтіп дыбыстың белсенділігін арттырады. Тағыда-л м н- - ”сонарные” бұларды жартылай дауысты дыбыстар депте атайды бұлар мен де әуендетуге болады.Көптеген тәжрибиелердің көрсеткішінше алғаш вокальмен айналысқанда бірнші кезеңдерде ең тиімді нәтижие бертін қолдану әдістерінің бірі бұл-буын; дыбыс пайда болғанда /сонарный / (жартылай дауысты дыбыстар) -л м жұмсақ таңдайды жоғары көтеруге көмектессе, ал жарыла айтылатын-д-дыбыстың белсенді қозғалуына септігін тигізеді.

Тәжірибелерге сүйене отырып дауысқа жаттығу жасағанда біріншіден; алдыңғы ауыз қуысында пайда болатын дауыссыз «З»дыбысына дауысты дыбысты қосып “зи за”- мажорлы үш дыбыстан тұратын бір қалыпты қозғалыстағы дыбыстарды айтып жаттығу жасау қажетдыбысын “з”дыбысына қосқанда жұмсақ таңдайды

жоғары көтеруге өте .“и” жақсы көмектеседі , ал “з” дыбысы

“и” дыбысын алға қарай беруге көмектес еді, сөйтіп келесі “за”дыбысының өте нақты әрі жинақы естілуіне көмектеседі,өйткені “за”-ны айту қиынырақ,бірақ ол төменірек естілетін болғандықтан , нақты дыбыс береді.

Екіншіден-«ми» және дауысты иотированный «я» бір-бірімен жақсы үйлеседі.

Мұнда «ми» буыны дауыс аппаратына жинақылық дыбыс

береді,ал«я»оны белсен- діре түседі.

Үшіншіден- дауысты жаттықтыруда мажорлы үш дыбыстықта, жоғары және төмен басқыштар арқылы айту.

Төртіншіден-жоғарғы сыныптарға арнайы мажорлы үш дыбыстықта тұрақты дыбыстар арқылы жоғары қарай, немесе тұрақсыз дыбыстар арқылы да, не болмаса бас- қыштар арқылы

(stacato , marcato) тәсілі мен дем алудың жұмысын жандандыра жұмыс атқаруға үйретуге болады.

Тағыда-әрбір дыбыстарды әндету,диапазонды үлкейту үшін мажорлы гаммаларды айту, ноталарды жақсы оқиалу,бұлардың бәрі өзінің ықпалын нәтижиеге жетуде жақсы көмектеседі.

Музыкалық шығармаларды

жаттау әрі айту

және вокалдық жаттығулар.

Сабақ берген кезде ең алғашқы (1-2)сыныпта егер оқушы әуенді еске сақтайтын болса, онда графикалық суреттер әдісі қолданыды. Музыкалық шығарма сияқты оқушы вокал жаттығуын қарап тұрып айтады. Музыкалық шығармны жаттау методикасы, дидактикалық әрі арнайы вокалдық мысалдарға жүгіне отырып міндеттелінген жоспарлар арқылы құрылады.