Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ППО - 2014 ж.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
8.79 Mб
Скачать

Анотация

«Оқушыларды музыка пәнінен Республикалық деңгейде жетістіктерді көрсетуде қолданатын әдіс – тәсілдер»

Мақсаты: Оқушылардың шығармашылық қасиетін шыңдап, дамыту жолында музыка сабақтарында оқушының эстетикалық, мәдени талғамын жеке тұлғаның бойына ата-бабадан қалған мирасын дамыту, өмірлік мәнін асыру, әрі жалғастыру. Балалардың әнге деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға жанрларды таныстыра отырып, музыкалық сауаттылықтарын арттыру.

Міндеті: Осы мақсатқа жету барысында музыка пәнінің мұғалімдеріне бүгінгі күннің талабына сай әдістемелік және технологиялық жолдарын көрсету. Әлемдегі білім беру ісінің даму жағдайына талдау жасай отырып, ерекше үміт күттіретін тенденциясының бағытын көрсету: мектеп жүйесіндегі демократизация; мектеп тәрбиесінің гуманистік бағыты;

  • оқушылардың шығармашылығын, дербестігін,

  • ізденімпаздығын,белсенділігін дамытуға бағытталған

  • оқытудың әдіс-тәсілдерін қолдану;

  • ұлттық-мәдени, рухани құндылықтарды пайдалану;

  • оқыту жүйесін модернизациялау;

  • тәжірибелік-эксперименттік іс-әрекет;

  • жаңа техникалық құралдарды пайдалану;

  • мектептегі және мектептен тыс уақыттағы оқыту мен

  • тәрбиелеуді біріктіру.

Осы қолданылып отырған әдіс-тәсілдерден технологиялардан оқушылардың жан-жақты дамығанын, қызығушылықтарының жан-жақты ойанғандарын аңғардым. Мысалы: ойын толық жеткізуді, өнерін ортаға салуды әр оқушы өзінің бойындағы дарынын көрсетіп, өзін еркін сезініп ұстауға жеткенін байқадым.

  • Жинақта музыка пәнінің мұғалімдері оқушылардың

шығармашылық қасиетін шыңдап, дамыта оқыту технологиясымен танысуға болады.

Кіріспе

Қазіргі қоғамның даму барысында жеке адамның белсенді шығармашылық іскерлігі зор маңызға ие болып отыр.

Ойшыл да іскер жеке адамды қалыптастыру – кешенді тәрбие шараларын қажет етеді. Бұл арада адамзаттың ғасырлар бойы қалыптасқан рухани

мұраларын таныстыра отырып жүргізілетін эстетикалық тәрбиенің маңызы зор.

Эстетика дегеніміз – (грекше / aisthetikos / - сезінгіш, сезімтал деген сөз) – адамның әлемді қоршаған ортаны эстетикалық игеруінің заңдылықтары туралы ғылым.

Эстетикалық әсерлендіру эстетикалық әсем заттар мен құбылыстардан, өнер туындыларынан, эстетикалық қанағаттану сезімін тудыратын іс – әрекеттен туындайды. Эстетикалық тәрбиенің негізі сезім мен адамның эмоциялдық реакциясына байланысты, яғни оқыту барысында баланың сезіміне әсер ету арқылы оның бойында қажетті іскерлік пен дағдыны, білім қорын арттыруға болады. Оның өзбетінше шығармашылығын арттыруға болады.

Өмірді әсемдік жағынан тану жөнінде көптеген арнайы, теориалық және тарихи ғылымдармен байланысты, алайда ол – өз алдына философиалық ғылым. Ол өмірдегі әсемдіктің – эстетикалық санының, өнердің мәнін, заңдылықтарын, олардың дилектикалық бірлікте нақты жағдайда кездесуін зерттейді. Әлемді эстетикалық игерудің обективті негізі – адамдардың қоғамдық мәні мен жасампаз күші көрініс табады.

Тәрбие беруде өнер мен көркем образдар арқылы әсер етудің маңызы зор. Өнердің көмегімен тәрбиелеу өнердің деңгейінің жоғары болуын талап етіп қана қоймайды, оны қабылдай білудің де, жоғары деңгейде болуын талап етеді. Бұл арада жалпы тәрбие де, арнайы эстетикалық тәрбие мен білім де қажет.

Әсемдік пен көркемдік тәрбиесі өнерді терең қабылдауға көмектеседі, ал өнер әсемдік пен көркемдік тәрбиенің жетілдіруіне әсер етеді, яғни бұл – екі жақты құбылыс.

Жанұядағы тәрбие мен мектептегі тәрбие, өзбетінше білім алу, өнер арқылы тәрбиелеу, көркем өнерпаздар ұжымына қатысу – бәрі эстетикалық тәрбие жүйесінің жеке бөлімдері. Эстетикалық тәрбие біртұтас, үйлесімді, жан – жақты түрде жеке адамды дамытуға көмектеседі.

Ал, оқушының шығармашылық іскерлігін қалай дамытуға болады? Ойында ма, еңбекте ме? Өнерде ме, білімде ме? Бұл сұрақтар көптеген теоретиктер мен педогогтердің көкейін мазалауда. Жеке адамның шығармашылық қабілетін қалай дамытуға болады? деген сұраққа философтар, психологтар, педогогтар бірауыздан «эстетикалық тәрбие арқылы» деп жауап береді.

Тәрбиені тек еңбек тәрбиесімен, еңбек орнын безендірумен ғана шектеу – мәселені біржақты шешу екенін өмірдің өзі көрсетті, Ең басты – өнер арқылысезімге әсер ету. Өнер сезімді тәрбиелей отырып, оның дүние танымының, өмірлік әрекетінің дамуына, қалыптасуына әсер етеді. Өнер адамды бірсарынды тіршіліктен жоғары көтеріп, әлеуметтік – тарихи құбылыспен бетпе – бет кездестіреді, өмірді философиялық пайымдау деңгейіне көтереді. Өнер адамның күнделікті тіршілігі мен әлеуметтік тарихи болмысы арасында дәнекер ретінде қызымет атқарады.

Жеке адамды өнер арқылы тәрбиелеу әдебиет, музыка, көркемсурет, театыр саласындағы маман – педагогтар көмегімен жүзеге асады. Көркемдік тәрбиенің маңызын ешкім жоққа шығармаса да, көп ретте бұл оқушыға өнер туралы мәлімет берумен шектеледі. Эстетикалық тәрбиені музыка, бейнелеу өнері пәні мұғалімдерінің міндеті деген сыңаржақ пікірден әлі күнге дейін арыла алмай келеміз. Түсіне білген адамға эстетикалық немесе эстетикалық емес пәндер деген болмайды ғой. Бұл барлық пәндерге де қатысты.

Өнерге, әсемдікке үрету үш түрлі сатыда болуы мүмкін: өнерді пайдалануға үйрету, жақсы орындаушыны тәрбиелеу немесе шығарма жасаушыны қалыптастыру, яғни: дана ойланады, жасайды, жәй адам орындайды, ал ақымақ пайдаланады және рахмет те айтпайды.

Демек, мәдениетті, өнерді игеру – жеке адамның әрі қарай дамуының негізі. Шебер адам, орындаушы болу аз, адам өнер арқылы адамгершілігі жағынан адамзаттың рухани байлығын терең игерген және кез – келген іс – әрекет барысындаөзінің қайталанбас жекелігін көрсете білетін адам болуы керек.

Қорыта айтқанда, эстетикалық тәрбие – жас ұрпақты өнер арқылы сезіміне әсер ете отырып, тәрбиелеу. Сухомлинский айтқандай, адам жануарлар дүниесінен тек еңбек құралын жасау арқылы ғана емес, көгілдір аспанды, жұлдыздарды, таң арайы мен кешкі күн батардағы әсемдікті, таңғы шықтағы күн сәулесінің жарқылын, бәшешектің қоңырауын көргендіктен, одан ләззат алып, өз қолынан әсемдік жасауға ұмтылғандықтан да бөлініп шықты.

Кіріспе

(Дайындық жолдары)

Дарынды оқушылармен жұмыс

Құрметті әріптестер!

Бүгінгі педагогикалық кеңесіндегі «Дарынды оқушылармен жұмыс» жәйіндағы сөзді бастамастан бұрын назарларымызды бейне материалға аударсақ.

Болар бала бесікте бұлқынар,

Болар құлын желіде жұлқынар.

Үш күніңді болжай білсең алдағы

Бақытыңның жанғаны - деген дана ойдан шыққан сөздер шынында да қазақ халқының бойна біткен, жаңа ғана бейне материалда көргендеріңіздей көрегендік, болжампаздық қырағылық қасиетті шынында да о бастан бір Алланың өзі бойна бергендей.

Өнер шексіз, шетсіз әлем. Рухани жан әлемінің азығы – өнер атты дүниенің қойнауына ену, оның ауыртпашылығы мен болмысын еркін меңгеру – кез келгенге бұйыра бермейтін қасиет.

«Ақын боп туады, ал шешен боп қалыптасады» деп ғұлама, шешен Цицерон (б.э.д. 106-43ж.ж.) айтқандай:

Қазіргі заманның даму барысында жеке адамның белсенді шығармашылық іскерлігі зор маңызға ие болып отыр. Ойшыл да іскер жеке адамды қалыптастыру – кешенді тәрбие шаралырын қажет етеді. Бұл арада адамзаттың ғасырлар бойы қалыптасқан рухани мұраларын таныстыра отырып жүргізілетін эстетикалық тәрбиенің маңызы зор. Эстетика дегеніміз – (грекше – сезінгіш, сезімтал деген сөз) – адамның әлемді, қоршаған ортаны эстетикалық игеруінің заңдылықтары туралы ғылым.

Оқушының шығармашылық іскерлігін қалай дамытығуа болады? Ойында ма, еңбекте ме? өнерде ме, білімде ме? Бұл сұрақтар көптеген теоретиктер мен педагогтердің көкейін мазалауда. Сонымен дарынды оқушылармен қалай жұмыс істеуге болады?

Адамдардың әлемді эстетикалық игеруі бір-бірімен байланысты үш жақты фактордан тұрады: а) обьективті шындықтың (айналаның) әсемдігі, ә) субьективті эстетика (ойдың әсемдігі), б) өнер (субьективті және обьективті әсемдіктің бірлігі). Эстетикалық тәрбие адам өмірінің барлық жағына қатысты, яғыни ол еңбек әсемдігін түсінуге үйретеді, өз еңбек әрекетін жетілдіруге ұмтылыс тудырып, адамдардың мінез-құлқына, әсер етеді.

Адам – сұлулық, асқақтылық пен пысықтылық, жарасым, грация, дәлме - дәлдік, шалқыма (патетика), талғам, драма, трагедиялық, комедиялық, әсемдікті сезінуді, түсінуді, бойына қалыптастырған болуы керек.

Осылардың ішінде сұлулық категориясына тоқталсақ: тек қана сыртқы сұлулық қана емес, мысалы Сырым жайлы аңызда: «Сырымның ерекше үш қасиеті бар: - батырға лайық тұлғасы, өжет мінезі, асқан даналығы», - делінген. Қарап тұрсақ, мұнда жан сұлулығы мен тән сұлулығы жақсы үйлесім тапқандығы көрсетіледі. Әсемдік пен көркемдік тәрбиесі өнерді терең қабылдауға көмектеседі, ал өнер әсемдік пен көркемдік тәрбиенің жетілдіруіне әсер етеді, яғни бұл – екі жақты құбылыс.

Эстетикалық тәрбиенің негізі сезім мен адамның эмоционалдық реакциясына байланысты, яғни оқыту барысында баланың сезіміне әсер ету арқылы оның бойында қажетті іскерлік пен дағдыны, білім қорын арттыруға болады. Оның өз бетінше шығармашылығын арттыруға негіз болады.

Дарынды тұлғаға тәрбие беруде өнер мен көркем образдар арқылы әсер етудің маңызы зор. Өнердің көмегімен тәрбиелеу өнердің деңгейінің жоғары болуын талап етіп қана қоймайды, оны қабылдай білудің де жоғары деңгейде болуын талап етеді. Бұл арада жалпы тәрбие де, арнайы эстетикалық тәрбие мен білім де қажет.

Жеке адамды өнер арқылы тәрбиелеу әдебиет, музыка, көркем сурет, театр саласындағы маман-педагогтар көмегімен жүзеге асады. Мысалы күнделікті жұмыс барысында мектепте өтілетін кештермен іс-шараларда көркемдік жағынан әсемдеу үшін музыка жанырының қажеттілігі айтпаса да түсінікті. Мен өзім қабілетті оқушыларды таңдағанда, олардың қабылдау қабілетіне яғни сезімталдығына, ырғақты сезіну мүмкіндігі, дауыс диапозонының кеңдігіне қараймын. Осы оқушыларды атап өтсем: Жумагалиев Еркебулан, Қожабаев Қажмурат, Нургалиев Арнур, Олжабаева Аяжан қазір бұл балалар сахынаның төрінде әрбір концерт, халықаралық байқауларда республика деңгейінде үлкен жеңістерге жетіп өз өнерлерін паш етіп жүр. Ослармен қатар Тельманова Салтанат, Дүйсенова Ұлболсын, Кенжебекова Камшат, Зейнулла Айнагуль, Смагулова Лятипа, Абдисаттаров Нурислам, Олжабаев Диас, Бейсенбаев Өмірсерік, Нуржанов Жарас, Хамидулла Шерхан, Абдикаирова Дария, Мейрам Сабина, Алатаева Диляра, Халмуратова Асем, Жумагалиева Аружан, Байтаева Алуа, Ануарбек Мариям, Сыдық Абдуғани, Өтепбергенов Абзал, Келдешов Дамир сияқты талантты оқушылар тәрбиеленуде.

Алдағы уақытта осы оқушылардың кең сахыналарда, үлкен ортада өзінің дарынын дамытуы сіздермен біздердің, ортақ тәрбиеміздің нәтижесінде жүзеге асатын іс.

Демек, өнерді игеру – жеке адамның әрі қарай дамуының негізі. Шебер адамға орындаушы болу аз, адам өнер арқылы, рухани байлығын терең игерген және кез-келген іс-әрекет барысында өзінің қайталанбас жекелігін көрсете білетін адам болуы керек.

Қорыта айтқанда

«Жас мұраты - білім тәлім - талабы...

Өнер, оқу - жастың қару - жарағы.

І.Жансүгіров

айтқандай жас ұрпақты өнерге тәрбиелегенде өнер арқылы сезіміне әсер ете отырып, тәрбиелеген жөн.

Негізгі жұмыс: