Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силлабус ҚМХ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
202.24 Кб
Скачать

Ф.7.03-09

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.О. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТIК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТIК УНИВЕРСИТЕТI

«ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ КӨЛІК» ФАКУЛЬТЕТІ

«Құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкцияларының технологиясы» кафедрасы

Бекітемін

«ҚжК» факультетінің деканы

_________Садықов Ж.Ә.

«___»_______2015ж.

Студенттер үшін

«Құрылыс материалдарының химиясы» (HSM 2206) пәнінен

Оқу бағдарламасы (syllabus)

Мамандық бағыты: 5В073000 - «Құрылыс материалдары, бұйымдары

мен конструкцияларын өндіру»

Курс: 2, Семестр:4

Кредит саны: 4

Лекция: 30 сағат

Практикалық сабақтар: 15сағат

Лабораториялық сабақтар: 15 сағат

ОБСӨЖ - 60 сағат

СӨЖ - 60 сағат

Шектік бақылау: (7 және 15 апта)

Емтихан: 4 семестр

Оқытушы туралы мағлұматтар:

Рысдәулетов Райымберді Аманұлы – т.ғ.к., доцент, М. Әуезов

атындағы ОҚМУ-гі педагогикалық өтілі 13жыл, қызмет саласы – Құрылыс

материалдары, бұйымдары мен конструкцияларының технологиясы.

Кеңсе: «ҚМБжКТ» кафедрасы

Мекен-жайы: Шымкент қ, Ғ. Таке - Хан даң,5 . №3 оқу ғимараты, к.329В

Тел.: 21-23-18

Е-mail: raimberdi-67@mail.ru

Кеңес беру уақыты: (кестеге сәйкес, сейснбі 103В,105В)

Шымкент, 2015ж

Оқу бағдарламасы (syllabus) «Құрылыс материалдарының химиясы» пәнінің бағдарламсы негізінде жасалып, «Құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкцияларының технологиясы» кафедрасының мәжілісінде талқыланып бекітілді.

№___ хаттама, ___. ____. 2015ж.

Кафедра меңгерушісі _________ Копжасаров Б.Т.

Құрылыс және көлік факультетінің әдістемелік комиссиясы бекіткен

хаттама № ____, ____.____.2015ж.

Төрайымы _________________ Бекауылова А.А.

Құрылыс және көлік факультеті администраторы ________ Жүсіпбеков А. Қ.

  1. «Құрылыс материалдарының химиясы» пәнінің мақсаты мен міндеті.

«Құрылыс материалдарының химиясы” пәнiнiң мақсаты

«Құрылыс материалдары химиясы» пәнінің мақсаты, мамандарға композицицялық, конструкциялық және әшекейлік, жылуоқшаулағыш материалдарды алудың химиялық заңдылықтары мен қолданылуы, олардың құрамы, құрылымы және қасиеттерін макро- және микро-, нанодеңгейде зерретудің негізгі әдістері жайлы білімдер беру.

Пәннің міндеттері – химияның негізгі салалары: физикалық, коллойдты, аналитикалық, силикаттардың физикалық химиясы, органикалық және жоғарымолекулалы қосылыстар химиясының құрылыс материалдарын өндіру кезіндегі химиялық процестердің, қолданудың, олардың құрылымы мен микроқұрылымын оңтайландырудың, эксплуатациялық қасиеттерін жетілдірудің мәнін түсінуге мүмкіндік беретін жалпы теориялық аспектілеррін оқып үйрену.

«Құрылыс материалдарының химиясы» пәнiнiң негiзгi мiндеттерi:

«Құрылыс материалдары химиясы» пәнін оқу барысында студенттің білуі крек:

  • Термодинамиканың бірінші және екінші заңдарынының мәнін;

  • Термохимиялық шамалар және химиялық процестердің жылу эффектілерін анықтауды;

  • Химиялық процестердің кинетикалық заңдылықтарын;

  • Көп компонентті дисперсті жүйелердің құрылысы туралы ұғымды;

  • Химиялық қосылыстардың сапалық және сандық анализінің негіздерін;

  • Термиялық анализ негізін;

  • Көп компонентті силикатты жүйелердің құрамын анықтау жолдарын;

  • Бетондар мен құрылыс ерітінділері үшін химиялық қоспаларды таңдау негізін;

  • Әшекейлік, жылу және суоқшаулағыш, байланыстырғыш заттар, суперпластификаторлар мен герметиктер ретінде пайдаланылатын полимерлерді алу тәсілдерін.

Студенттер орындай білуі керек:

  • химиялық реакциялардың жылу эффектілерін анықтауға арналған есептерді шығаруды;

  • химиялық реакциялардың жүру заңдылықтарын анықтауды;

  • ерітінділерге анализ жасап, дисперсті жүйелердің қасиеттерін тексеруді;

  • силикаттық жүйелердің құрамын анықтауды;

  • құрылыста қолданылатын органикалық және жоғары молекулалық заттардың номенклатурасын және физика-химиялық қасиеттерін білуді;

  • бетондар мен құрылыс ерітінділері үшін химиялық қоспаларды дұрыс таңдауды;

  • ғылыми-техникалық ақпараттарды табу және қолдануды.

Студенттің дағдысы болуы керек:

құрылыс материалдары өндірісімен байланысты химиялық және физикалық процестерде қолданылатын термодинамикалық есептеулерді қолдану;

  • силикаттарды жымдастыруда жүретін физика-химиялық процестерді басқару;

  • байланыстырғыш заттардың қатаюы мен жымдасуының коллойдты-химиялық теориясын меңгеру.

2. Курс пререквизиті: «Құрылыс материалдары химиясы» пәнінен дейін оқытылатын пәндерге «Бейорганикалық химия», «Органикалық химия», «Физикалық химия», «Физика», «Құрылыс материалдары».