- •Дәрістік курс бағдарламасының құрастырылуы тақырып 1 пcихотерапияға кіріспе
- •Тақырып 2 психоанализ психотерапиясы
- •Тақырып 3 аналитикалық психотерапия
- •Тақырып 4 индивидуалдық психотерапия
- •Тақырып 5 психодрама
- •Тақырып 6 к.Роджерстің клиентке бағытталған психотерапиясы
- •Тақырып 7 гештальттерапия
- •Өз тұлғасының бөліктері арасындағы диалог.
- •Шеңбер жасау.
- •Аяқталмаған іс.
- •Проективті ойын.
- •Қарама-қарсыны табу (реверсия)
- •Қиялдау жаттығуы.
- •Сананың кеңеюі.
- •Қарама-қайшылықтармен жұмыс.
- •Тақырып 8 денеге бағытталған психотерапия
- •Тақырып 9 психосинтез
- •Тақырып 10 когнитивтік психотерапия
- •Тақырып 11 экзистенциалдық психотерапия
- •Тақырып 12 милтон эриксонның психотерапиясы
- •Тақырып 13 нейролингвистикалық бағдарламалау
- •Тақырып 14 трансактілі талдау
- •Тақырып 15
- •Психотерапевтік кеңес берудің жалпы стратегиялары
Тақырып 4 индивидуалдық психотерапия
Сабақтың мақсаты:
Индивидуалдық психологияның теориялық негіздерін және индивидуалдық психотерапияның қолданылу аясы туралы білімдер мен білік, дағдыларды оқыту және қалыптастыру
Жоспар
1. Индивидуалдық психологияның негізгі ұғымдары
2. Индивидуалдық психотерапия
Индивидуалдық психологияның негізін қалаушы Альфред Адлер (1870-1937) – австриялық психолог, 1935 ж. бері Лонг-Айлендтегі (Нью-Йорк штаты) медициналық колледждің медициналық психология профессоры. З.Фрейдтің шәкірті, 1911ж. дейін Жоғарғы психоаналитикалық қауымдастықтың президенті болды.
Классикалық психоанализден бастау алған Юнг те, Адлер де және басқа да атақты ғалымдар мен практиктер Фрейдің данышпандығы мен беделін мойындай отырып, оның негізгі идеяларын өздерінің теориялық және практикалық ізденістерімен дамытып, толықтыруға, түзетуге дайын болды.
Алайда Фрейд ерте жыныстық даму кезеңдері мен эдип комплексі психоанализдің принципиалдық тұжырымдарының маңызын құрайды деп кәміл сенген. Дәл осы себеп бойынша ол Юнгпен де, Адлермен де қоштасты.
Адлердің өзінің әріптестерінен айырмашылығы, ол ең алғашқы болып психотерапияға әлеуметтік сипат берді. Ол индивидуумды, оның санасын және бейсанасын әлеуметтен бөліп алып жасанды қарастыруға болмайтындығын атап көрсетті. Адам (кіші топ, таптар, партия немесе ұлттар) қоғамсыз өмір сүрмейді.
Адлер психоанализдің зиялылық сипатын бұзды. Фрейд мұны ұнатпай, бұл психоанализді екі-ақ апта ішінде үйренуге болады деген ой айтады. Оған Адлер былай жауап береді: «Иә, және мен бұған мақтанамын. Оны екі аптаның ішінде игеру үшін, мен қырық жыл бойы еңбектендім».
Фрейдке терең талдау жасау үшін көптеген жылдық дайындық пен ұзақ терапевтік процессті қажет етеді. Сондықтан да Адлер психоанализ сөзін индивидуалдық психология терминіне ауыстырды.
Индивидуалдық психологияның негізгі тұжырымдары
Адам – ол біртұтас және өзімен-өзі үйлесетін ағза (individuum (лат.) – бөлінбейтін).
Адам өмірі – тұлғалық маңызды мақсаттарға жету үшін даму мен өсуге бағытталған үздіксіз қозғалыс. Адамның өмірлік мақсаттары оның тағдырын анықтайды.
Адамның мінез-құлқы – ол тек тұқымқуалаушылық пен ортаның ықпалының нәтижесі ғана емес, сонымен қоса адамды өз өмірінің сәулетшісі ететін шығармашылық күштің де ықпалы.
Индивидуалдық психотерапия
Невроздың себебі – үстемдікке ұмтылу мен өзіндік толымсыздық сезімі арасындағы конфликт.
Невроздың сипаттамасы мынадай:
теріс өмір стилі (эгоцентризм, белсенділіктің төмендігі, төмен әлеуметтік қызығушылық);
енжар, селқос өмір стилі;
Неврозбен ауыратын адамдар өздерін басқалар еркелеткенін қалайды, басқа адамдарға тәуелді болуға ұмтылады.
Толымсыздық сезімін бірнеше жолмен жеңуге болады:
жемісті компенсация жолымен, оның нәтижесінде индивид негізгі өмірлік жақсы жағдайларға жету үшін күресу жолында мақсатына жетеді;
шектен тыс компенсация (балалық шағында қағажу көргендер қолына билік тигенде диктаторға айналады);
«ауруға берілу» жолымен, үстемдікке жетудің жасырын тенденциясын көрсетеді.
Бұл жол неврозға әкеледі.
Индивидуалдық психотерапия негізгі үш кезеңге бөлінеді:
1) келушінің өмір стилінің ерекшеліктерін психотерапевтің түсінуі;
2) келушінің өзін және өзінің мінез-құлқын түсінуіне көмектесу;
3) жоғары әлеуметтік қызығушылығын қалыптастыру.
Тақырыпты пысықтауға және бекітуге арналған сұрақтар:
1. А.Адлер өзінің психоаналитикалық бағытын неге және неліктен осылай атады?
2. Адлер классикалық психоанализдің қандай тұжырымдарымен келіскен?
3. Адлер классикалық психоанализдің қандай тұжырымдарымен сынаған?
4. Адлер психоанализге қандай жаңалық енгізді?
5. Толымсыздық комплексінің жағымды және жағымсыз көріністері.
