- •Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
- •5В030100-«Құқықтану» мамандығының 1 курс студенттеріне арналған
- •Силлабус
- •Пәннің модулдік оқу бағдарламасы (syllabus)
- •Оқытушы туралы мәлімет:
- •1.4 Пәнде игеруге «кірісу» және аяқтау барысында студенттердің дайындығына (құзіреттілігіне) қойылатын талаптар
- •1.5 Пән модулінің сипаттамасы
- •1.6 Курстың қысқаша ұйымдастырушылық–әдістемелік сипаттамасы
- •1.6.1 Оқытудың және оқу жетістіктерін бақылаудың негізгі нысандары мен әдістері
- •1.6.2 Оқу жетістіктерін бағалау
- •Білімнің кредиттік жүйесі бойынша студенттердің білімін бағалаудың кестесі
- •Білімді қорытынды бағалау мыныдай әдіспен анықталады:
- •1.6.3 Оқытушының талаптары.
- •1.6.4 Курс саясаты мен процедурасы
- •1.7 Тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесіне сәйкес оқу жетістіктерінің қорытындысын бағалау жүйесі
- •1.8 Әдебиеттер тізімі:
- •1.Негізгі әдебиеттер:
- •2. Қосымша
- •3. Интернет көздері
- •1.9 Курс бойынша сабақтың кестесі (дәріс, практикалық, зертханалық, сөбж және т.Б.)
- •2. Академиялық әділетсіздік
- •Мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін мүмкіндіктер
- •Мазмұны
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
Экономика және құқық факультеті
Құқықтану кафедрасы
«Бекітемін» ______
Факультетінің деканы
э.ғ.к., доцент К.М. Утепкалиева
«____»_______________2014 ж.
5В030100-«Құқықтану» мамандығының 1 курс студенттеріне арналған
«Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы» пәнінен
Силлабус
Атырау, 2014ж
Пәннің модулдік оқу бағдарламасы (syllabus)
Оқытушы туралы мәлімет:
Наурызова Венера Кайыржановна – «Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы
Кафедрадағы уақыты: -8.30 – 17.00 – күн сайын
Сабақтан тыс уақыты: 14.00-17.00
Телефоны: 87012604082.
Курс жөніндегі мәліметтер
Теориялық құқықтық модулі бойынша (МБМ)-мамандық бойынша модуль, (БП)-базалық пән, (МК)-міндетті компонент болып табылады.
Пәннің атауы мен коды: «1202-Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы»
Кредет саны мен ЕСТS : 2 /4
Өтетін орны: сабақ кестесі бойынша
Оқу жоспарынан көшірме:
Мамандығы |
Курс |
Сем |
Кредит |
Дәріс |
Сем |
СӨБЖ |
СӨЖ |
Барлығы |
Бақылау нысаны |
құқықтану |
1 |
2 |
2 |
15 |
15 |
15 |
45 |
90 |
емтихан |
құқықтану |
1(3ж) |
2 |
2 |
15 |
|
30 |
45 |
90 |
емтихан |
Оқу пәнінің мақсаты, міндеті мен қорытындыларының тізімі
Курстың мақсаты – Қазақстан Республикасының конституциялық құқығын оқыту Қазақстан Республикасында заң бiлiмiн берудiң маңызды бағытын құрайды. Жалпы теориялық пәндердiң бiрi бола отырып, ол негiзгi конституциялық құқықтық институттар туралы бiлiм бередi. Студенттердiң жалпы кәсiби мәдениетi мен танымын дамытады. Конституциялық құқықтың пәнiн барынша терең түсiнулерiн қамтамасыз етедi.
Конституциялық құқықтың пәнiн конституциялық актiлер негiзiнде туындайтын қоғамдық қатынастарды оқыту құрайды.
Курстың міндеті – студенттердi конституциялық құқық ғылымының теориялық негiздерiмен таныстыру, конституциялық құқықтық актiлердi оқыту, оның өзге құқық салаларынан айырмашылығын көрсету, сондай-ақ демократиялық және құқықтық мемлекеттi құру үрдiсiндегi билiк институттарының қызметi мен ролiн түсiндiру болып табылады.
Курстың негiзгi концепциясы Қазқстан Республикасының конституциялық даму мәселелерi бойынша заң академиясының студенттерiне фундаментальдi бiлiм берудi көздейтiн негiзде құрылған, және қоғамдық құрылыс негiздерi туралы, билiк институттарының қызметi мен ұйымдасуы туралы мәселелердi қамтыған.
Білім беру қорытындысы білім берудің деңгейіне сәйкес, Дублин дескрипторларының негізінде анықталады және олардың құзіреттілігінен көрініс табады.
Бұл арқылы білім берудің бес басты қорытындысын анықтайды:
- білім және түсінік
- қолдану
- анализ
- синтез
- бағалау.
Білім берудің қорытындысы толық бағдарлама бойынша, әрбір модуль және жеке пән бойынша қалыптасады. Білім берудің қорытындысын қалыптастыруда келесі қағидаларға сүйену керек:
- білімді игеруде немесе бағдарламаны аяқтағанда білім алушы жетістіктерді көрсету керек;
-білім алудың қорытындыларын бағалауда етістіктерді пайдалану керек.
