Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
БиТР 2 и 3 лабораторные работы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
839.26 Кб
Скачать

2 Тапсырма Бұрғылау ерітінділерінің сүзілу көрсеткіші мен тұрақтылығын өлшеу

      1. Сүзілу көрсеткіші

Сүзілу деп бұрғылау ерітіндісінің артық қысым әсерінен кеуек өткізгіш тау жыныстарына сұйық фазаларды өткізу қабілетін айтады. Сүзілу көрсеткіші (Ф) немесе су бергіштік қасиеті (В) ретінде артық қысым (0,1 МПа ВМ-6 приборы үшін, ФЛР-1 үшін 0,7 МПа) әсерінен стандартты сүзгі қағаздан 30 минут аралығында сүзіліп өткен сұйық көлемі алынады. Сүзілу көрсеткішінің өлшем бірлігі см3 /30 мин.

Сүзілу көрсеткішін анықтау үщін сүзгі – пресс ФЛР-1 (6-сурет), ВМ-6 (7-сурет) приборы, сонымен қатар жоғары температурада УИВ-2 приборы қолданылады.

6-сурет. Сүзгі – пресс

1 – сауыт; 2 – өткізу клапаны; 3 – винт; 4 – редуктор

5 – баллон

ФЛР-1-ің жұмыс істеу принципі қысым әсерінен ерітінді құрамынан дисмперстік ортаны сүзіп шығару қабілетіне негізделген.

Жұмысты жүргізу реті. Сауытты (1) шығарып алып, қақпағын бұрап ашып, сумен шайып кептіреді, сүзгі қағазды сулап, артық суды құрғақ сүзгі қағазбен кетіреді. Редуктор (4) винтін (3) толық бұрап ашып, өткізу клапанын (2) тірелгенге дейін бұрап қатайтады. Сауытқа бұрғылау ерітіндісін құйып, бобышканы 900 бұру арқылы орнына орналастырады. Сауыттың астына сүзілу қарқынына байланысты 10 немесе 50 ·10-3 м3 сүзінді өлшенетін, өлшеу цилиндрі қойылады.

Баллон (5) винтелін ашып, редуктордың (4) реттеу винтін сағат тілі бойынща бұрай отырып, редуктордың шыға берісінде 0,7 МПа қысымға қояды. Өткізу клапанының винтін 3,5 айналымға ашып, секундомерді қосады. 30 минуттан кейін клапанның винтін тірелгенше бұрап жауып, секундомерді тоқтатады да, баллон винтелі жабылады. Сауыт алынып, қақпағы ашылып, тығыздауыш сақина алынып, ерітінді құйылып тасталады. Сауыт, қақпағы, тығыздауыш сақина жуылып, кептіріледі.

Сүзілу көрсеткіші төмендегідей анықталады (10-3 м3)

Ф = 2 Qф (8)

2 – диаметрі 75 ·10-3 мм стандартты сүзгі ауданының сүзгі-пресстің сүзу ауданына қатынасы.

ВМ-6 приборында жұмыс істеу принципі қысым әсерінен сұйықтың ерітінді құрамынан сүзгі қағаздан сүзіліп өту қабілетіне негізделген.

7 – сурет. ВМ-6

1 – төлке; 2 – цилиндр; 3 – плунжер; 4 – сауыт; 5 – түбі;

6 – резеңке сақина; 7 – резеңке тығын; 8 – вентиль.

Жұмысты жүргізу реті. Приборды жұмысқа дайындау үшін сүзгі қағазды сулап, сүзгі сауыт түбіне (5) орналастырады. Сүзгі қағаз бетіне резеңке сақинаны орналастырып, сауыт түбін сүзгі сауытқа бұрап жалғайды. Жиналған сауытқа тексерілетін ерітіндіні сауыттың жоғарғы шетіне 3-4 мм жеткізбей құяды да, қысым цилиндрін (2) сауыттың жоғарғы шетіне бұрап жалғайды. Ондағы винтельді жауып, цилиндр ішіне машина майын құяды. Плунжерді (3) цилиндр (2) ішіне салып, шығару вентилін (8) ашу арқылы плунжер шкаласындағы нөлді, цилиндр төлкедегі өлшеу кертігіне келтіріп жабады. Резеңке тығынды ашқан бойда секундомерді қосады. 30 минуттан кейін плунжердағы шкала бойынша сүзілу көрсеткішін жазып алады. Өлшеп болғаннан кейін шығару вентилін ашып, майды құйып алады да, плунжерді цилиндрден шығарып алады. Цилиндрді сауыттан бұрап ашып, сауыттағы ерітіндіні төгіп тастайды. Сауыттың түбін бұрап ашып, сүзгі қағаз бетіндегі ерітіндіні сумен шайып, қабыршық қалыңдығын (к, мм) сызғыш немесе Вика приборымен өлшейді.