
- •Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
- •Cтуденттің пәндік
- •050729 – «Құрылыс» мамандығы үшін
- •1. Пәннің оқулық бағдармасы - Syllabus
- •1.1 Оқытушыға деректеме:
- •1.2 Пәнге деректеме:
- •Оқу жобасынан көшірме
- •1.6. Тапсырманың түрі, саны және орындалу графигі
- •1.7. Әдебиеттер тізімі
- •Қосымша
- •1.8. Студенттердің білімін бақылау және бағалау
- •Бақылау түрлері бойынша рейтингтік балдарды бөлу
- •Барлық бақылау түрлері тапсырудың күнтізбелік кестесі
- •Студентердің білімін бағалау
- •Аралық бақылауға арналған сұрақтар
- •I. Бақылау сұрақтары:
- •II. Бақылау сұрақтары:
- •III. Аралық аттестациялауға арналған сұрақтар:
- •1.9. Курстың саясаты және процедурасы
- •2. Активті үлестірме материал мазмұны
- •Сабақ түрлері бойынша сағаттардың бөлінуі
- •2.2 Дәріс сабақтарының конспектісі
- •«Сенімді»топырақ; 2- «әлсіз» топырақ;
- •1 Және 5 - анкерлік қада; 2- тіреуіш арқалық; 3- домкрат; 4-сынақ қада; 6-насос
- •Сурет 5.7 Қадалардың планда орналасуы
- •Сурет 5.8 Іргетасты қаданың шартты сұлбасы
- •Топырақтың нығыздалу тереңдігі
- •2.3 Тәжірибелік сабақтарының жоспары
- •2.4. Стунденттердің өзіндік жұмысы шегіндегі сабақтардың жоспары (сөж)
- •2.5 Студенттердің өзіндік оқытушының жетекшілігімен жұмысы шегіндегі сабақтардың жоспары (сөож)
- •2.6 Курстық жобаны орындау тәртібі
- •2.7 Өзіндік бақылауға арналған тест тапсырмалары
- •Дұрыс жауаптардың кілті
- •2.8. Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •Глоссарий
- •Мазмұны
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университеті
Құрылыс және сәулет институты
«Ғимараттарды жобалау және құрылыс технологиясы» кафедрасы
Cтуденттің пәндік
Оқу-әдістемелік кешені
«Геотехника 2: Негіздер мен іргетастар» пәні бойынша
050729 – «Құрылыс» мамандығы үшін
Оқу түрі күндізгі
Алматы 2009 ж.
050729 – «Құрылыс» мамандығы бойынша Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университет студенттері үшін «Геотехника 2: Негіздер мен іргетастар» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен. Қалиев Мұрат Мақұлбекұлы, Қалиев Сержан Мұратұлы. Алматы: ҚазҰТУ, 2009 ж. – 82 бет.
Құрастырушылар: Қалиев Мұрат Мақұлбекұлы, инженер; Қалиев Сержан Мұратұлы, «Ғимараттарды жобалау және құрылыс технологиясы» кафедрасының оқытушысы.
Андатпа
«Геотехника 2: Негіздер мен іргетастар» пәнінің оқу-әдістемелік кешені «Құрылыс» мамандығының типтік және жұмыс оқу жоспарына сәйкес жасалынған, сонымен бірге оқытылатын пәннің негізгі мазмұнын қамтиды. Оқу-әдістемелік кешенінің құрамында пәннің оқу жоспары (Силлабус), курстың тақырыптық жоспары, керекті әдебиеттердің тізімі, қысқаша дәріс сабақтарының конспектісі, студенттердің өз бетінше жұмыс істеуіне тапсырмалар, пән бойынша жасалынған жұмыстарды тапсыру графигі және өздерін тексеру үшін тестік тапсырмалар келтірілген.
Студенттердің оқу-әдістемелік кешенін қолдануы оларға оқу уақытын дұрыс бөлулеріне, өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруға, және де оқып білулеріне, творчестволық істерінің белсенділігін арттыруға септігін тигізеді.
Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университеті
1. Пәннің оқулық бағдармасы - Syllabus
1.1 Оқытушыға деректеме:
Қалиев М.М. – инженер.
Қалиев С.М.– «Ғимараттарды жобалау және құрылыс технологиясы» кафедрасының оқытушысы.
1.2 Пәнге деректеме:
Аталуы «Геотехника 2: Негіздер мен іргетастар».
Кредиттың саны 3.
Өткізілетін жер: «Ғимараттарды жобалау және құрылыс технологиясы» кафедрасы, КОҒ (МУК) Қ.И. Сәтбаев атындағы КазҰТУ.
1-кесте
Оқу жобасынан көшірме
Курс |
Семестр |
Кредит |
Кредит саны |
Бағалау түрі |
||||
Дәріс |
Тәжірибе-лік сабақ |
СӨЖ |
СӨОЖ |
Бар-лығы |
||||
3 |
5 |
3 |
2 |
1 |
3 |
3 |
9 |
Емтихан, КЖ |
1.3. Пәннің алдыңғы жетектемелері (Пререквизит): «Геотехника 2: Негіздер мен іргетастар» пәнін оқып білу үшін студенттерге қажетті білімдер: математика I, II; инженерлік механика І, ІІ, ІІІ; инженерлік геодезия І; құрылыс материалдары І; сәулет І; құрылыс конструкциялары І, ІІ; геотехника І.
1.4. Пәннің кейінгі жетектемелері (Постреквизит): Құрылыс өндірісінің технологиясы І, Құрылыс конструкциялары І, ІІ, Құрылыс машиналары мен жабдықтар І, Геотехника І, Құрылыстағы экономика және менеджмент, Құрылыс - жөндеу жұмыстарының технологиясы және ұйымдастыру, Ғимараттар мен имараттарды зерттеу, сынау және қалпына келтіру.
1.5 Қысқаша баяндау: «Геотехника 2: Негіздер мен іргетастар» пәнінің міндеті студенттердің құрылыс жөніндегі түсінігі мен маңыздылығын меңгеруге дағдыландыру. Бұл алдағы уақытта құрылыс алаңының инженерлік – геологиялық жағдайын дұрыс бағалауға; жүктелген топырақтың жағдайын болжауға; топырақ сілемдерінің беріктігі мен орнықтылығын есептеуге; топырақ негізінің құрылыстық сапасын жақсартуға; сенімділігі, ұзақ мерзімділігі және үнемділігі қамтамасыз етілген іргетас, жерасты және жерүсті құрылымдардың негізгі өлшемін белгілеуге; іргетас және жерасты құрылысын негіз топырағының табиғи құрылымын бұзбастан жүргізу әдісін таңдауға мүмкіндік береді.
«Геотехника 2: Негіздер мен іргетастар» пәнін оқып білу барысында студенттер тиісті:
білуге:
- өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс үшін инженерлік – геологиялық ізденістердің құрамы мен көлемі;
- жобалаудың негізгі принциптері және негізді, іргетасты, жерасты және жер құрылысын күшейту әдістері;
- табиғи және терең іргетас конструкциялары мен типтері;
- топырақ қасиеті және жұмыс жақсарту әдістері;
істей алуға:
- өнеркәсіптік, азаматтық ғимарат және жерасты құрылыстарын тұрғызу және пайдалану кезінде ауада, суда және геологиялық ортада пайда болатын табиғи процестерді бағалау және тани білу;
- құрылыс алаңының инженерлік-геологиялық жағдайларын бағалауды;
- іргетастар мен жерасты құрылысының типтерін таңдау және өлшемін алдын-ала анықтау, сондай-ақ топырақ құрылымының сақталуын қамтамасыз ететін қондырғылар және қалпына келтіру әдістері.
түсіне білулері керек:
- өз мамандықтары үшін осы пәннің міндеттері мен маңызы, геотехника, іргетас құрылысы және жерасты құрылысының даму келешегі.