
- •Cтуденттердің өтетін пәндеріне арналған
- •050729 – «Құрылыс» мамандығына
- •1. Пәннің оқу жоспары – syllabus
- •Тапсырмалардың тізімі мен түрлері және олардың орындалу кестесі
- •1.7. Әдебиеттер тізімі
- •1.8. Білімді бақылау және бағалау
- •3 Кесте
- •4 Кесте
- •5 Кесте Студенттер білімін бағалау
- •1.9. Курстың саясаты мен процедуралары
- •2. Активті таратылатын материалдың мазмұны
- •6 Кесте
- •2.2. Дәріс сабақтарының конспектісі
- •Жүктелу түрі
- •12 Сурет. Қырлы жиналмалы ірі жабын панельдері.
- •17 Сурет. Екі еңісті саңылаулары жиі орналасқан жабын арқалығы.
- •18 Сурет. Кран асты арқалық.
- •2 Сурет. Ортасынан жүктелген іргетастың есебіне:
- •10.1 Кесте
- •2.3. Практикалық сабақтар тақырыптары, олардың сағат бойынша
- •2.4 Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары (сөж) Темірбетон конструкциялары – 30сағат
- •2.5. Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары (сoөж) -30 сағат
- •2.6 Курстық жұмыс пен жобаның тақырыптары
- •Дұрыс жауаптар
- •2.8 Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •Глоссарий
- •Мазмұны
- •Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешен
- •050729 «Құрылыс» мамандығына арналған
- •Наширалиев Жанкелді Тұртемірұлы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.И. Сәтбаев атындағы қазақ ұлттық техникалық университеті
Құрылыс және сәулет институты
«Ғимараттарды жобалау және құрылыс технологиясы» кафедрасы
Наширалиев Ж. Т.
Cтуденттердің өтетін пәндеріне арналған
оқу-әдістемелік комплексі
«ҚҰРЫЛЫС КОНСТРУКЦИЯСЫ III»
пәні бойынша
050729 – «Құрылыс» мамандығына
Алматы 2010.
«Құрылыс конструкциясы III» пәні бойынша студенттің оқу әдістемелік кешені 050729 «Құрылыс» мамандығына арналған.
Наширалиев Ж. Т., Алматы: Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ. 2010ж.
Құрастырған «Ғимараттарды жобалау және құрылыс технологиясы» кафедрасының доценті, техника ғылымдарының кандидаты Наширалиев Жанкелді Тұртемірұлы
Андатпа
Студенттер оқитын «Құрылыс конструкциясы III» пәніне арналған оқу-әдістемелік кешені мамандықтың оқу жұмыс жоспарына сәйкес жазылған және оқылатын пәннің негізгі мазмұнын қамтып көрсетеді. Оқу-әдістемелік кешеннің құрамында пәннің оқу бағдарламасы (Syllabus), курстың тематикалық жоспары; дәріс конспектілері; практикалық сабақтар мазмұны; білімгерлердің өзіндік жұмыстарының және оқытушы жетекшілігімен жасалатын жұмыстарының жоспарлары; білімгерлердің өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары, сондай-ақ бақылау өткізетін сұрақтар тізімі бар.
«Құрылыс конструкциясы III» пәнінің дәріс конспектілерінде негізінен түсініктерге, мақсаттарға және мәселелерге көп көңіл бөлінген.
Оқу-әдістемелік кешенді қолдану барысында студенттер оқу уақытын дұрыс пайдалануға, өзіндік жұмысын ұйымдастыруға және тапқырлық пен творчестволық қызметін белсендіруге мүмкіндік алады.
Оқу-әдістемелік кешені студенттерге ғимараттарды жобалау мен есептеу жайында (құрылыс ғылымы ретінде) дұрыс түсінік қалыптастырады. Оқу-әдістемелік кешенінде студенттерге теориялық негіздер мен тәжірибелік дағдыларды оқыту мәселелері тұтас қарастырылған.
Рецензент: техн. ғылым. докторы, профессор Исақов О.Ә
© Қ.И. Сәтбаев атындағы қазақ ұлттық техникалық университеті. 2010
1. Пәннің оқу жоспары – syllabus
Оқытушы туралы мәлімет:
Пәнді жүргізетін оқытушы: Наширалиев Жанкелді Тұртемірұлы, техника ғылымдарының кандидаты, доцент.
Қатынасу мәлеметтері: Мекен жай: 480013, Алматы, Сәтбаев көшесі 22А, МУК 314 кабинет.
Жұмыс телефоны:257-71-73, ішкі 73-71
Кафедрада болу уақыты: бекітілген сабақ кестесі бойынша.
Консультация уақыты: бекітілген сабақ кестесі бойынша.
Пән туралы мәлімет
Пәннің атауы: «Құрылыс конструкциясы III»
Кредит саны 4.
Жүргізілетін орны: Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ.
1- ші кесте
Оқу жоспарының көшірмесі
Курс |
Семестр |
Кредиттер |
Бір аптадағы академиялық сағаттар |
Бақылау түрі |
||||
Дәріс |
Зертханалық Сабақ |
СӨЖ* |
СӨОЖ* |
Барлығы |
||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
7 |
8 |
9 |
10 |
4 |
7 |
4 |
2 |
- |
4 |
4 |
12 |
емтихан |
*Ескерту: Әр кредит екі СӨЖ-ден тұрады.
СОӨЖ – 50%, СӨЖ – 50% (жұмыс оқу жоспарына қараңыз).
1.3 Пререквизиттер: «Құрылыс конструкциясы III» пәнін үйрену үшін студенттерге келесі пәндерді білу керек: математика I, математика, физика, инженерлік механика I, инженерлік механика II, құрылыс материалдары I, құрылыс конструкциясы I, II, қазіргі заманның компьютерлік программалары.
1.4 Постреквизиттер: бұл пәнді білу: өндірістегі құрылыс технологиясы I,II, дипломдық жобалау кезінде қажет.
1.5 Пәннің қысқаша түсініктемесі: Бұл пән қазіргі заман талаптарына сәйкес есептеу және металл және темірбетон конструкцияларын жобалау тәсілдерін береді. Сонымен қатар әр түрлі констуктивтік сызбадағы ғимарат пен үймереттердің есебі мен жоспары, жазық және кеңістіктік жұқа қабырғалы құрылыс конструкциясының (арқалық, арка, ферма, қабықша және т.б.) есебі мен жоспары бойынша сұрақтар қарастырылады.
Пәнді оқу нәтижесінде студенттер міндетті:
білуге:
металл және темірбетон конструкцияларындағы ішкі күштерін анықтау әдістерін, деформация және беріктік есептерінің әдістерін;
металл конструкцияларын құрастыру тәсілдерін;
темірбетон конструкцияларын құрастыру тәсілдерін;
бір және көпқабатты тұрғын, азаматтық және өндіріс ғимараттарын жобалауын;
істей алуға:
құрылыс конструкциясы түрлерінің беріктік есебі бойынша есептерді шығаруын;
деформация, жарықтардың ашылуы және пайда болуы есепбі бойынша есептер шығару;
ғылыми-техникалық мәлеметтерді табу және қолдануын.
қолдана білу керек:
тағайындалған түрлі ғимарат пен үймереттердің конструктивтік шешімдерін жобалау негіздерін;
түрлі сыртқы әсерлерге конструкцияның беріктік есебі тәсілдерін;
деформация бойынша металл және темірбетон конструкциясын есептеу және жобалау тәсілдерін;
жұқа қабатты кеңістікті металл және темірбетон конструкциясын жобалау принциптерін.