- •Психологиялық-педагогикалық сараман бағдарламасы
- •Сонымен қатар студенттің міндетті есеп құжаттарына мыналар жатады:
- •Студент-машықкердің мемлекеттік сараманнан өту барысында жүргізетін психологиялық жұмыстарының түрлері:
- •Оқушының жеке басын зерттеу және оған мінездеме беру үлгісі
- •Оқушыларды зерттеу бағдарламасы:
- •Сыныптағы оқушылар ұжымын зерттеу бағдарламасы
- •Сынып ұжымына мінездеме:
Оқушыларды зерттеу бағдарламасы:
1. Оқушылар жөнінде жалпы мәлімет:
1. Оқушы қайда тұрады
2. Ата-анасының мамандығы
3. Жанұяның құрамы, оның мәдениет дәрежесі, материалдық дәрежесі
4. Жанұядағы қарым-қатынас
5. Жанұядағы бала тәрбиесінің сипаты
6. Баланың күн тәртібі мен бос уақыты
7. Баланың үй жұмысына қатысуы
8. Мектептен тыс жердегі баланың достары
9. Баланың өміріндегі ең елеулі оқиғалар
10. Баланың денсаулық жағдайы (мектеп дәрігерінің мәліметі бойынша)
ІІ. Оқушының жалпы даму дәрежесі:
Жалпы даму. Сөйлеу мәдеиеті, ой өрісі, кітап оқығыштығы, оқырман ынтасының мөлшері мен тұрақтылығы, кино, театр, музей, стадионға барып тұруы
Оқу еңбегіне көзқарасы. Оқу себептері. Мектептегі сабаққа оқушы қалай қарайды? Оқу сабақтарына ұдайы қатысып отыра ма? Сабаққа зейінді ме? Үйге берген тапсырманы орындап отыра ма? Қатыспай қалған материалды меңгеруі. Өзінің оқу ісіндегі табыстарын, кемшіліктерін қалай бағалайды?
Оқушының үлгерімі. Әр пәннен ол қалай үлгереді? Қай пәнді жақсы көреді? Қай пәнді жақсы меңгеріп, қайсысы қиындыққа түседі?
Дене еңбегіне көзқарасы. Өзіне-өзі қызмет істеуге оқушы қалай қарайды? Еңбекке байланысты қоғамдық тапсырманы қалай орындайды? Мектеп шеберханасында, мектеп жанындағы учаскіде оқушы жұмыс істеуге ынтасы.
Оқушы тәртібінің дәрежесі. Оқушыларға арналған ережені біле ме және оны қалай орындайды? Үлкендермен, жолдастарымен қарым-қатынасы, сыпайылығы, ұқыптылығы.
Оқушының қызығушылығы мен бейімділігі. Оқу ынтасы. Әдебиет, техника, спорт саласындағы қызығушылығы. Қызығушылығының кеңдігі мен тұрақтылығы, қандай үйірмелерде жұмыс істейді. Қандай мамандыққа қызығады? Оның қызығушылығы болашақта мамандық таңдаумен байланысты ма?
Сыныптағы оқушылар ұжымын зерттеу бағдарламасы
І. Сыныптың құрамы
1. Сыныптың жас құрамы
2. Оқушылардың білім дәрежесі, дамуы.
3. Оқушылардың білім қабілеттілігі, үлгерімі
4. Сыныптың қоғамдық бейнесі (сыныпта белсенділер бар ма), қоғамдық істерге қызығушылығы. Қоғамдық тапсырмаларды орындауы.
ІІ. Сыныптың топтасқандығы
Іске, ықыласына қарай немесе ұнамсыз сипатта сыныпта топқа бөлушілік бар ма? Оқушылардың бір-біріне қарым-қатынасы қандай? Сыныптың жұмыстарына олар қалай қарайды?
Оқушылар мектепке және мектептен тыс жерлерде уақытын бірге өткізуді ұната ма?
Ұлдар мен қыздар достаса ма? Балалар кішкентай қыздарды жақтай ма?
Балалар жалпы өз ұжымын жақтай ма?
Сыныпта сыбайластық жоқ па? Егер болса, ол неден байқалады?
Мектеп оқушылары өз сыныбының табыстарына қуанып, сәтсіздіктеріне ренжи ме?
Жалпы мектеп бойынша шаралар өткізгенде сыныптың оқушылары бірге болуға тырысады ма, әлде бытырап жүре ме?
ІІІ. Сыныптың ұйымшылдығы
Ұжымдық істерді орындау үшін оқушылар өздері ұйымдаса біле ме? Олар өзара жұмыс бөлісіп алып, оларды дұрыс орындай ала ма?
Оқушылар бірін-бірі шыдамдылықпен, зейін қойып тыңдай біле ме?
Өкілетті адамдардың айтқанына бағына ма?
ІУ. Сыныптағы қоғамдық пікір
Өз жолдастырының қандай істерін мақұлдап, қандайын айыптайды?
Өздерінің мақұлдағанын немесе мақұлдамағанын оқушылар қалай және қандай формада білдіреді?
Оқушылардың айтқаны мен істерінің арасында салмақтылық бар ма?
Сыныптағы сын мен өзара сын.
