- •Психологиялық-педагогикалық сараман бағдарламасы
- •Сонымен қатар студенттің міндетті есеп құжаттарына мыналар жатады:
- •Студент-машықкердің мемлекеттік сараманнан өту барысында жүргізетін психологиялық жұмыстарының түрлері:
- •Оқушының жеке басын зерттеу және оған мінездеме беру үлгісі
- •Оқушыларды зерттеу бағдарламасы:
- •Сыныптағы оқушылар ұжымын зерттеу бағдарламасы
- •Сынып ұжымына мінездеме:
Студент-машықкердің мемлекеттік сараманнан өту барысында жүргізетін психологиялық жұмыстарының түрлері:
1. Психодиагностикалық жұмыстар:
1. Кеттелдің 16 факторлық жеке тұлғалық сауалнамасы
2. Айзенк тестісі ЕРQ
3. «Әлемде жоқ жануар» тесті
4. Сакс – Левидің «Аяқталмаған сөйлем» әдістемесі
5. Люшер тесті.
6. ММРІ әдістемесі
7. Социометрия
2. Қиын балалармен жұмыс
1. Мінез-құлық акцентуациясын анықтау. Леонгард әдістемесі
2. Роршах тесті
3. Кәсіби бағдарды анықтауға байланысты әдістеме жүргізу
1. Е.Климов кәсіби бағдарды анықтау сауалнамасы.
2. Голомшток «Қызығушылықтар картасы»
4. Тренингтер
1. Жеке тұлғалық өсу тренингтері (көшбасшылық қасиеттерді дамыту)
2. Қарым-қатынас тренингтері
5. Коррекциялық жұмыстар
1. Эмоциялық сферасын түзеу және дамыту
2. Ерік сферасын дамыту
6. Ата-аналармен, педагогикалық ұжыммен жұмыстар. (Психологтың жұмыс жоспары бойынша)
Сараман есебі психологиялық-педагогикалық сараманның соңғы күні, яғни сараман аяқталған соң жазылады. Әр студент жеке-дара сараманның басталған күнінен соңғы күніне дейінгі атқарған іс-әрекетін толығымен баяндауы қажет.
Сараман есебінде көрсетілуі қажет мәліметтер:
- сараман уақыты;
- студент машықкердің сараманнан өткен орны;
- бөлінген топ және жетекшілері;
- қанша психологиялық-педагогикалық жұмыстарға қатысып, қаншасын орындағандығы туралы және қандай озық әдістерді қолданды;
- өткізілген психологиялық, тәрбиелік шаралары және тақырыбы мен әдістері, сараман барысында кез болған кедергілер (егер болса), сараман туралы өз ойы, алған әсері.
Психологиялық-педагогикалық сараманның қорытындысы ретінде жоғары оқу орнында қорытынды конференция өтеді. Конференцияға дейін студенттер құжаттарын тапсырады. Конференцияда берілген тақырыптар бойынша баяндамалар оқып, жалпы сараманның өту барысы туралы, кедергі тұстарын, жинаған тәжірибелерін және іскерліктері туралы өз ойларын ортаға салады. Конференция соңында сараман жетекшісіне, әдіскерлерге сөз беріліп, сараман жетекшісі студент машықкердің қорытынды бағаларын жариялайды.
Оқушының жеке басын зерттеу және оған мінездеме беру үлгісі
Жалпы мәлімет: аты-жөні, жасы, сыныбы
Отбасы құрамы: ата-аналарының жұмыс орны, отбасындағы тәрбие, олардың тұрақты жұмыстары
Үйде сабақ оқуы, ата-аналарының мектеп және мұғалімдер туралы ой-пікірлері
Әрбір пәннен сабақ үлгерімі. Сабақты жете түсінбеу себептері
Машықкер-студент оқушының үлгерімін жақсартуға қандай үлес қосты? Қандай құралдар қолданды? Олар қандай нәтиже берді?
Оқу жұмысына қатынасы: әуесқойлығы, жеке пәндерге қызығушылығы. Оқуға деген қызығушылығын көтеру үшін не істейді? Бұл тәсілдерді белгілегенде нені басшылыққа алды? Қандай нәтиже алынды?
Еңбекке қатынасы: жауапкершілігі, қызығушылығы.
Оқу пәндеріне қабілеті: тапқырлығы, жаңа материалды түсінуі, қорытындылар жасап, фактілерді талдап, қорыта анықтама бере білуі.
Тіл ерекшеліктері: дұрыстығы, дәлдігі, бейнелілігі.
Байқағыштығы: зейіні, тұрақтылығы, ауытқушылығы.
Ес ерешеліктері: өз сөзімен қайталау, есте сақтау шапшаңдығы, беріктігі, түсінуі, жаттай білуі.
Дене еңбегіне қабілеті: еңбек дағдыларын тез және оңай алу, жүйелі дене еңбегіне қабілеті
Тәртібі: тәртіпсіздік себебі. Осы оқушыға қандай тәрбие тәсілдері қолданылады? Нәтижелері қандай?
