Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
14-15_PIP_progr_praktiki_Avtosokhranenny.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
26.37 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Педагогикалық факультет

Педагогика және психология кафедрасы

Психологиялық-педагогикалық сараман бағдарламасы

Орал-2014

Сараманның мақсаты – студенттердің кәсіби психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін қалыптастыру.

Студент машықкер сараманнан өту барысында бекітілген әдіскер мен мекеме психологының нұсқаулары шеңберінде әрекет етеді. Мекеме психологы немесе оның көмекшісі ретінде жұмыстарды атқарады. Яғни, психодиагностика, қиын өмірлік жағдаяттардағы психологиялық көмек беру, психологиялық реабилитация, психологиялық кеңес беру, психологиялық ағарту, дамытушылық және түзету жұмыстарын жүргізеді.

Ол педагог-психологтың этикалық кодекстерін қатаң сақтауы тиіс.

Студент-машыққкер міндетті түрде өткізуге тиісті бекітілген және тапсыруға тиісті құжаттармен (әдістеме, баяндама, жұмыс жоспарлары т.б.) қатар мекеме жұмысының өзіндік ерекшеліктеріне байланысты өткізілген қосымша жұмыс құжаттарының көшірмелерін де жинақтауы тиіс. Дәлірек айтқанда:

Нормативті (қағидалы) құжаттардың;

Қызметтік және есептік кұжаттардың /Қызметтік құжаттар/.

Нормативті (қағидалы) құжаттар:

  1. Бала құкығы туралы халықаралық конвенция.

  2. «Білім туралы» ҚР заңы.

  3. «Білім» мемлекеттік бағдарлама.

  4. Психологиялық қызмет ережесінің жобасы.

  5. Білім мекемесіндегі педагог-психологтың статусының жобасы.

  6. ҚР білімінің даму концепциясы.

7. Психологтың этикалық кодексі.

Қызметтік және есептік кұжаттар /Қызметтік құжаттар/

  1. Жұмыс жоспары.

  2. Күндік, апталық, айлық жоспар.

  3. Циклограмма.

  4. Әкімшілікпен жұмыс жоспары.

  5. Жеке жоспарлар (дарынды, қиын, 1 сынып, мектеп алды даярлық топтары т. б.).

  6. Сұранысты тіркеу журналы.

  7. Сұраныстың орындалуын тіркеу журналы.

  8. Коррекциялық, профилактикалық жоспар.

  9. Педагогикалық-психологиялық сараптама жұмыстарының қорытындысы бойынша талдау дәптері (бөлінген сыныпқа).

Сонымен қатар студенттің міндетті есеп құжаттарына мыналар жатады:

  1. Сараманнан өту бойынша жеке жоспары.

  2. Сараман күнделігі. Әдіскер не психологтың қолы қойылған болуы тиіс.

  3. Өткізілген психодиагностикалық жұмыстардың материалдары (психолог немесе әдіскердің қолы қойылған әдістемелер, хаттамалар ). Кем дегенде 10 әдістеме болуы тиіс.

  4. Өткізілген психологиялық ағарту, алдын алу жұмыстарының материалдары. Әдіскер не психологтың қолы қойылған болуы тиіс.

  5. Өткізілген түзетушілік-дамытушылық жұмыстардың материалдары. Әдіскер не психологтың қолы қойылған болуы тиіс.

  6. Өткізілген кеңес беру жұмыстарының материалдары, хаттамалары (кеңес беру журналының көшірмесі). Әдіскер не психологтың қолы қойылған болуы тиіс.

  7. Кәсіби бағдар беру бойынша жұмыс жоспарының көшірмесі және сол бойынша жүргізілген жұмыс материалдары. Әдіскер не психологтың қолы қойылған болуы тиіс.

  8. ҰБТ-ға дайындық жұмысының жоспарының көшірмесі және сол бойынша жүргізілген жұмыс материалдары.

  9. Дарынды және «қиын» балалармен жүргізілген жұмыс материалдары (болса жоспар көшірмесімен). Әдіскер не психологтың қолы қойылған болуы тиіс.

  10. Жеке оқушыға ғылыми тілде талапқа сай жазылған мінездеме және сол оқушының психологиялық картасының көшірмесі

  11. Сынып немесе топқа ғылыми тілде талапқа сай жазылған мінездеме.

  12. Машықкердің зерттеу нәтижелері және өткізген жұмыстары бойынша сараман бойынша есебі.

  13. Оқу орынының машықкерге берген мінездемесі (мекеме басшысы, психологтың қолы қойылуы, мөрмен бекітілуі және бес баллдық жүйемен бағалануы тиіс).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]