Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКДП РЭТ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
472.58 Кб
Скачать

32

ІІ-семестр

1-тақырып. Инновациялық экономика және ғылым. Ғылыми инновациялық жаңалықтар. Грамматика.

Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары:

1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.

2. Тапсырмаларды орындау

3. Сөздікті пайдалана отырып, мәтіндерді аударту.

4. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

Соңғы жылдары әлемдік экономикада білім мен инновацияны маңызды экономикалық ресурстар ретінде пайдалану базасында экономикалық өсудің жаңа типі қалыптасты. Қазір материалдық игіліктерді жасау көп жағдайда ғылымның жалпы деңгейі мен техниканың прогресіне немесе осы ғылымның өндірісте қолданылуына тәуелді.

Дамыған елдердің экономикасын қазіргі уақытта индустрияланудан кейінгі ақпараттық немесе білім экономикасы, болмаса қызмет көрсету технологиялық экономикасы деп анықтайды. Басқа да анықтамалар бар, бірақ, бастысы, қазіргі экономиканың мықты инновациялық құрамдас бөлігі бар. Сондықтан, егер біз әлемдік экономикаға тең түрде ықпалдасқымыз келсе, егер жаһанданудың талаптарына өзімізге пайдалы жағынан бейімделгіміз келсе, онда өзіміздің дамуымызда бұдан әрі қарай да тек табиғи ресурстарға иек артпауымыз керек.

Осы жолдағы негізгі міндеттердің бірі «білім экономикасы » негіздерін қалыптастыру, жаңа технологияларды қолдану, инновациялық экономиканы дамыту болып табылады. Ол үшін адами капиталды дамыту, елдің интеллектуалдық әлеуетін нығайту талап етіледі. Бұл ғылым мен білім беру ісінің алдына үлкен міндеттерді қояды, оларды дамытуда радикалды өзгерістерді талап етеді.

Тапсырмалар

1. Мәтіндегі жаңа сөздерді аударыңыз.

2. Мәтін бойынша сұқбат құрастырыңыз.

3. Жаһандану, инновация. ғылым, экономика сөздерін пайдаланып сөйлем құрастырыңыз

4. Мәтіннен есімдіктерді тауып жазыңыз.

ҒЫЛЫМИ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Елбасы ғылыми инновациялық зерттеулерді дамытудың жаңа саясатын ұсынғанын жақсы білеміз.

«Жаңа технологиялық толқын жалына жармасып, теңдессіз ғылыми инновациялар жасау барлық елдің қолынан келе бермейді. Сондықтан ауқымды халықаралық ғылыми-зерттеу жобаларына қатысуымыз қажет»,- деп атап көрсетті Н.Ә.Назарбаев.

Н.Ә. Назарбаевтың жас ұрпаққа сапалы білім , саналы тәрбие беру мен инновация туралы ой-тұжырымын көрсететін пікірін әрқайсымыз қолдаймыз. «Білім беру жүйесінің басты міндеті- ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың ғылыми инновациялық жаңа технологиясын енгізу , білім беруді ақпараттандыру, халықаралық , экономикалық, ғаламдық , коммуникациялық желілерге шығу...»- деген еді мемлекет басшысы.Бұл барлық құндылықтарды талапты жастың көкейіне сіңіруге үндеген тәлімді сөз .

Инновация дегеніміздің өзі- жаһандану заманында ғылымның ,жаңалықтың өндіріске енгізілуі деп білеміз .Қазақстандық ғалымдарымыз да ұлттық ғылыми инновацияға өз үлестерін қосуда.

Қазақстан ғалымдары қыстың суығына да, жаздың ыстығына да төзімді жылқының жаңа тұқымын ойлап тапты. Ғалымдардың айтуы бойынша жылқының бұл түрін жемдемесе де салмағын жоғалтпайды. Мұндай жылқының салмағы жарты тоннаға дейін жетуі мүмкін. Жылқының жаңа тұқымы еліміздің 3 облысында, атап айтқанда Павлодар, Қарағанды және Алматы облыстарында бағылады.

***

Алматылық ғалым, биолог Мұрат Ғылманов антибиотиктерден жасалатын нано крем жасап шықты. Ол инфекциялық ауруларды екі есе тез емдейтіндігін дәлелдеді. Нәтижесінде бұл нано капсулалар тебуркулез, диабет, глаукома тіпті ісікті де емдей алады дейді өзі.

***

Қызылордада күріштің жаңа үш сорты өндірісіне енгізілді. Мұның барлығы Ыбырай Жақаев атындағы күріш өндіру ҒЗО қызметкерлерінің көп жылдық еңбегінің нәтижесі.

жаңа сөздер:

желі-сеть

халықаралық-международный

ақпарат-информация

жаңалық-новости

өндіріс-производство

жүйе-система

құндылық-богатство

тәжірибе-опыт,практика

ой-тұжырым-идея, мысль

бағыт-направление

сапа-качество

кәсіп-профессия

жетістік-достижение

құрмет-уважение

Тапсырмалар:

1. Ғылыми инновациялық жаңалықтарға арналған мәтіндерді оқып, мазмұнын айтып беріңіздер.

2. Жаңа сөздерді оқып, аударып, сөз тіркесінде қолданыңыз.

3. Инновация дегеніміз не?

4. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жастарға сапалы білім , саналы тәрбие беру туралы ой- тұжырымын айтыңыз.

5. Берілген тіркестермен сөйлем құрастырыңыз: теңдессіз инновациялар, сапалы білім, саналы тәрбие, білім беру, инновациялық технология, талапты жас, жағдайлар жасау, ғылыми жаңалықтар.

6.Ұлы ойшыл , даналардың ғылым туралы айтқан өнегелі сөздерін,өлеңдерін мәнерлеп оқып, жатқа айтыңыздар:

....Ғылым мен мәдениет барлық дүниенің алтын алқасы болып отыр.

(Мұхтар Әуезов)

***

Осы күнгі біздің көп мақтанышымыздың ең ірісі – ғылым.

( Мұхтар Әуезов )

***

Парасаттылық, шарапаттылық, кеңдік, адалдық ғылымда қызмет істеген әрбір адамға лайық, халқымыздың мәпелеп, бетке ұстары – ғылым адамдары.

(Евней Букетов)

***

Ғылыми ізденіс дегеніміз творчестволық процестің барып тұрған биігі, шыңы.

(Евней Букетов)

***

Надандық жаман ғой, оқыған адам ғой,

Ізденіп көріңіз, ғылымды заман ғой.

Насихат тегін ғой – салулы егін ғой,

Еңбек қыл, ерінбе, араздық кегін ғой.

Ғылым бір кенің ғой, үйренсең емің ғой,

Бәріңе жетеді, таусылмас көлің ғой.

(Шәкәрім Құдайбердиев)

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. З.С.Күзекова. Қазақ тілі. Практикалық курсы: Оқулық. Алматы: Раритет, 2003. – 151 бет

2. Оралбай Н, Құрманалиев К. Қазақ тілі - Алматы: «Арыс» -2007- 456 б.

3. Ақылдың кені. -Алматы: «Ана тілі» - 2008 – 216 б. Құрастырған:

Қ. Жарықбаев.

4. «Егемен Қазақстан» газеті. 5.09.2013 ж.

5. «Егемен Қазақстан» газеті. 1.11.2013 ж.

6. Әбілқасов Ғ.М , Хасен М.Ә. Қазақ мәдениеті –Қарағанды: ҚарМТУ баспасы -2009-95 б. ISBN 9965-04-221-7

7. Әбілқасов Ғ.М.Тіл мен мәдениет (Қазақ халқының ұлттық мәдениеті мен өнерін, салт-дәстүрлерін оқытуға арналған танымдық –тәрбие сабағы ) – Қарағанды: ҚарМТУ баспасы- 2013- 118 б. ISBN 978-601-296-434-9

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (1-тақырып) [қосымша14,15,17,18,19]

1. «Ғылыми инновациялық жаңалықтар» тақырыбына реферат дайындаңыздар.

2. Жаңадан өндіріске енгізілген инновациялық технологиялар туралы шағын әңгіме жазыңыздар

2- тақырып. Заман және заң. Қазақстан Республикасының «Тілдер туралы Заңы».

1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.

2. Тапсырмаларды орындау

3. Сөздікті пайдалана отырып, мәтіндерді аударту.

4. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.

ЗАМАН ЖӘНЕ ЗАҢ

Қазақстан Республикасының егемендігі мен дербес тәуелсіздігін қамтамасыз ететін негізгі нормативтік құқықтық акт, еліміздің Ата заңы – ҚР Конституциясы. Ата заңның 1 бөлімінің 1 бабында «Еліміздің ең басты қазынасы – адам және адам өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп жазылған.

Ал адам құқықтары мәселесі – бүкіл адамзатқа ортақ мәселе. Мемлекеттердің халықаралық институттары (Біріккен Ұлттар Ұйымы, Еуропа Қауіпсіздігінің ынтымақтастық Ұйымы) көлемінде қабылданған адам құқықтары туралы міндеттемелері, жеке мемлекеттердің тек ішкі ісі болып қана қоймай, барлық қатысушы мемлекеттердің мүддесіне айналды. Осындай маңызды халықаралық келісімдерге жету бүкіл әлем халықтарының қауіпсіздігі мен ынтымақтастығын нығайтуға септігін тигізеді. Мысалы ретінде Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық Кеңесінің Қорытынды Актісін айтуға болады.

Адам құқықтарын қорғау, оның қажетті талаптарын жасап, жүзеге асыру мәселелері –көптеген халықаралық ұйымдар мен мемлекеттердің халықаралық қатынастардағы басты мақсаттарының бірі. Еуропада адам құқықтарына байланысты құқықтық реттеу тек Екінші Дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін басталды. 1950 жылы Римде «Адам құқықтары бойынша Еуропа Конвенциясы» қабылданды. Мазмұндық тұрғыдан адам құқықтары мен бостандықтары азаматтық, саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени және экологиялық деп жіктеледі. Кез келген мемлекет бұл құқықтарды заңмен бекіту арқылы қамтамасыз етеді. Барлық адамдар заң алдында тең. Ал адамдар өз құқықтары мен бостандықтарын және оны қалай қорғауды білуі керек. Заңды білу – заман талабы. Заңның ең басты мақсаттарының бірі – қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу. Ал азаматтардың міндеті – заң талаптарын бұзбау. Заң бұзушылық – Конституцияда бекітілген заңға қайшы әрекет ету.

Тапсырмалар:

1. Мәтінді оқып, аударыңыз.

2. Жаңа сөз тіркестерінен дәптерге сөздік жұмысын жазып, жаттап алыңыз.

3. Төменде берілген сұрақтарды дәптерге көшіріп, жауабын жазыңыз.

Қазақстан Республикасы – қандай мемлекет?

Қазақстан Республикасының егемендігі мен дербес тәуелсіздігін қамтамасыз ететін қандай құжат?

Көптеген халықаралық ұйымдар мен мемлекеттердің халықаралық қатынастардағы басты мақсаттарының бірі не?

1950 жылы Римде қандай құжат қабылданды?

Мазмұндық тұрғыдан адам құқықтары мен бостандықтары қалай жіктеледі?

4. Заң сөзімен тіркескен сөз тіркестерін теріп жазыңыз.

5. Мақалдарды аудармасымен сәйкестендіріп, дәптерге жазыңыз.

Әр дәуір өз заманының ұлы адамдарын тудырады.

Адамдарды жасы жақындастырмайды, заманы жақындастырады.

Уақыты келгенде мұз да ериді.

Уақыт тасты да уатады.

Адамның ісін уақыт басқарады.

Время настанет – и лед растает.

Не возраст людей сближает, а время их объединяет.

Время и камни разрушат.

Делами человека время управляет.

Каждая эпоха своих великих людей рождает.

6. Мәтіннің мазмұнын айтыңыз.

Пайдаланылған әдебиет:

Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының Хабарлары.

Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар сериясы. №5(284) 2011. 9-б.

Қазақстан республикасының «тілдер туралы заңы»

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Заңы 1997 жылғы 11 шiлдеде қабылданды. Осы Заңның 4-шi бабында: «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi – қазақ тiлi. Мемлекеттiк тiл – мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi. Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы» - деп бекітілген. Сонымен бiрге, «Үкiмет, мемлекеттiк органдар мемлекеттiк тiлдi яғни қазақ тiлiн барынша дамытуға, оның халықаралық беделiн нығайтуға және қазақ диаспорасына ана тiлiн сақтауы мен дамытуы үшiн көмек көрсетуге мiндеттi» - деп көрсетiлген.

Әр халықтың ана тiлi - оның жаны, халқының қайталанбас өзiндiк бейнесі, ғасырлар бойы жинақтаған рухани байлығының көзi. Қазақ тiлiн зерттеушiлер Мұхтар Әуезовтің 20 томдық шығармалар жинағында, жазушының сөздiк қорында 29.483 сөз бар екенiн, соның iшiнде таза қазақ сөздерiнiң саны - 23.740, қалғаны кiрме сөздер екенiн анықтаған. Салыстыру үшiн айтсақ, А.С.Пушкин шығармаларында 21.197 сөз, ал Шекспир шығармаларында 15.000 сөз бар екенi туралы ғылыми анықталған деректер бар.

Тiл туралы Заңның 24-шi бабында «Қазақстан Республикасының тiл туралы Заңының бұзылуына кiнәлi мемлекеттiк органдардың, кез келген меншiк нысанындағы ұйымдардың 1-шi басшылары, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалар ҚР Заңдарына сәйкес жауапты болады» делiнген.

ҚР Ата Заңының 19-бабының 2-тармағында «Әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға құқы бар» делінген. Соңғы жылдары әр түрлі этностардың мәдени бірлестіктері де өз тілдері мен салт-дәстүрлерін жаңғыртумен қатар, мемлекеттік тілді де меңгеріп жатыр. Қазір өзге ұлт өкілдерінің арасында қазақша еркін сөйлейтін басқа ұлт өкілдерінің қатары өсті.

Тапсырмалар:

  1. Мәтінді оқып, аударыңыз.

  2. Жаңа сөз тіркестерінен дәптерге сөздік жұмысын жазып, жаттап алыңыз.

  3. Төменде берілген сұрақтардың жауабын дәптерге жазыңыз.

  • Қазақстан Республикасының «Тiл туралы» Заңы қашан қабылданды?

  • Осы Заңның 4-шi бабында не туралы жазылған?

  • Мұхтар Әуезовтің шығармалар жинағында, жазушының сөздiк қорында қанша сөз бар екенi анықталған?

ҚР Ата Заңының 19-бабының 2-тармағында не деп жазылған?

  1. Төменде берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

  • Сіз ана тіліңізді білесіз бе?

  • Қалай ойлайсыз, көп тіл білу қажет пе?

  • Сіз қанша тіл білесіз?

  • Тілді тез үйрену мүмкін бе?

  • Мемлекеттік тілді үйрену сіз үшін қажеттілік пе, әлде міндет пе?

  1. Мақалдарды жаттап алыңыз.

Жеті түрлі ілім біл.

Жеті жұрттың тілін біл.

Адамгершілік амандасудан басталады.

Көп сөйлеген білімді емес, дөп сөйлеген білімді.

Білімді өлсе, қағазда аты қалар. Ұста өлсе. Істеген заты қалар.

  1. Төменде берілген сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыз.

Туыстас тілдер, ұлт саясаты, тілді құрметтеу.

  1. Мәтіннің мазмұнын айтыңыз.

СӨЖ тапсырмасы: Тіл туралы жазылған қазақ ақындарының шығармаларын жаттаңыз.

3-тақырып. Жарнама және бәсеке. Жарнама сауаттылығы.

1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.

2. Тапсырмаларды орындау

3. Сөздікті пайдалана отырып, мәтіндерді аударту.

4. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.