
- •5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5в012500 «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті», 5в011700 «Филология: қазақ тілі» мамандықтары бойынша
- •Педагогикалық практиканы ұйымдастыру және өткізу
- •Педагогикалық практикаға даярлық
- •Студенттердің практикалық жұмыстарының мазмұны
- •Педагогикалық практика кезінде студенттер мына міндеттерді атқара алу керек:
- •Педагогикалық практикадан өткеннен кейінгі студенттердің тапсыратын құжаттары:
- •Сырттай оқу бөлімі студенттерін педагогикалық практикадан босату үшін керекті құжаттар:
Педагогикалық практикаға даярлық
1.Университетте кіріспе конференция өткізу
2.Практиканттарды даярлау:
а.Мектепке практика кезінде өтілетін тақырыптарға дайындығын тексеру
ә.Дидактикалық материалдармен танысу
б.Көрнекі құрал,оған қажетті материалдарыды анықтау
3.Мектеппен танысу
4.Мұғалімдердің сабақтарына кіру
5.Практиканттарды сыныптарға бөліп, берілетін сабақтарына қосымша кеңес беру
6.Практиканттардың сыныптан тыс жүргізетін жұмыстары туралы кеңес беру
Студенттердің практикалық жұмыстарының мазмұны
Танысу
1.Тәжірибеден өтетін практикант-студенттерді мектеппе , мектеп басшыларымен,пән мұғалімдерімен, өтетін мектептің оқу – тәрбие жұмысы жүйесімен, жұмыс жоспарымен таныстыру;
2.Оқушылардың ата-аналарымен жұмыс жүйесімен танысу;
3.Өндірістік оқудың жағдайларымен,оқушыларды еңбекке кәсіптік мамандыққа даярлай жүйесімен танысу.
Зерттеу
Оқушылардың психологиялық құрылымын зерттеп, психология – педагогикалық мінездеме беруі. Балалармен жекелеген жұмыстарды жүргізу әдісін зерттеу.
Педагогикалық практика кезінде студенттер мына міндеттерді атқара алу керек:
1.Мектеп бағдарламасы мен оқулық материалдарын талдап,пәннің нақты мазмұны мен теориялық тұжырымы арасындағы байланысты аша алатындай негізгі,басты дегендерін ажырата алуы;
2.Методикалық зерттеулердің қарапайым түрлерін меңгеретіндей,әдістемелік мұраларды оқып үйренуі;
3.Күнтізбелік,тақырыптық және тұтас сабақ түрін таңдай,талдай,дәлелдей алуы;
4.Әдістемелік тұрғыда ойлай алатын,оқыту принципі барынша жетілдіруді меңгеруі;
5.Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің нақты бөлімін,тақырыбын оқушылардың оқу танымдық әрекеттерінің алуан түрін ұйымдастыра алуы;
6.Тілдік талдаудың барлық түрін және диктант, шығарма, мазмұндама жаздырудың, кітаппен жұмыс істеудің ұйымдастыру әдістемесін меңгеруі;
7.Сабақта дидактикалық материал талдағанда оқыту тиімділігін, эстетикалық тартымдылығын ескеруі;
8.Көрнекі құралдар жасай алатын болуы;
9.Техникалық құралдардың тәсілдерін меңгере алуы;
10.Жазба жұмыстарын тексеруді жүргізе алуы;
11.Оқушылардың ауызша және жазбаша жұмыстарының бағалау нормаларын білуі керек.
Бұл көрсетілгендер студенттердің №1 күнделік дәптерлеріне жазылуы тиіс.
Педагогикалық практикадан өткеннен кейінгі студенттердің тапсыратын құжаттары:
1.Пән мұғалімінде болатын пікір күнделігі-№1;
2.Студенттердің –өздерінде болатын күнделігі -№2;
3.Сабақ беру жоспары;
4.Күнтізбелік жоспар;
5.Студенттердің сабақ талдау жоспары;
6.Әдістемелік тақырыпқа баяндама;
7.Үлгілі папка.Мұның ішінде:
а.бір үлгілі сабақтың толық конспектісі
ә.тілге байланысты сыныптан жұмыстың конспектісі
б.карточкалар түрі-10 шақты
в.мазмұнды сурет-5
г.әр студент 2 таблица немесе бір буклен
д.мінездемесі мен қорытынды бағасы(мектептің мекен- жайы, директордың пән мұғалімінің аты-жөні).
Ескерту:
Бұл тапсырылатын құжаттардың әрқайсысы шығармашылық жағынан мазмұнды эстетикалық жағынан әдемі безендірілген жағдайда ғана жоғары бағалануы тиіс. Мектептің пән мұғалімдерінің қойған бағасы тек осы тапсырылған құжаттармен ғана дәлелденеді,сонда ғана мемлекеттік педагогикалық практика толық өтілді деп саналады.