Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ped_prakt_1241_dist_n_1201_s_1179_au_bakalavr.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
39.56 Кб
Скачать

Педагогикалық практиканы ұйымдастыру және өткізу

Практика факультетте ұйымдастыру конференциясын өткізуден басталады. Практика басшысы мектеппен келісе отырып, студенттердің келетін күнін,сағатын белгілейді. Студенттер келген күні ұжыммен, мектеп басшыларымен танысады.Мектеп басшыларының бірі студенттерді мектебімен, оқу-тәрбие жұмыстарымен таныстырады. Топ әдіскері пән мұғалімдерімен бірлесе отырып,студенттерді сынып жетекшелігіне, жастар жұмыстарына, әдеби үйірмелерге, газет шығаруға, директорға, оқу-ісінің меңгерушісіне көмекке бөлінеді.

Алғашқы жұмада студенттер сыныбымен, ондағы оқушылармен танысу жұмысын жүргізеді.Сыныптың белсенділерімен,жекелеген оқушылармен танысады.Оқушыларды не қызықтыратынын, қай сабақты сүйіп оқитындығын, оның себебін анықтайды, олардың психологиясын, сезім дүниесін жете түсінуге талпынады. Сыныптың журналымен танысып, сынып жетекшісімен оқушылар жайлы жалпы мағлұмат алады.

Тәртібі нашар, қиын оқушылармен жұмыс жасау жағын қарастырады; сынып жетекшісінің көмегімен, ақыл-кеңесімен тәрбие жұмысын жүргізеді. Пән мұғалімінің сабағына қатыса отырып,балалардың жалпы тәртібін, білімін бақылайды.

Топты басқаратын әдіскердің ұйымдастыруымен пән мұғалімдері қазақ тілінен бір сабақты, әдебиеттен бір сабақты, ашық сабақ түрінде өткізеді. Бұл сабаққа студенттер, әдіскерлер түгел қатынаса отырып,талдау жасалады.

Мұғалім өзінің сабақ өту тәсілін, кездесетін қиындықтарды түгелдей айтып, студенттерді сабаққа дайындалу, өткізу жолдарымен таныстырады. Сабақ өтер алдында тақырыбы бойынша мектеп мұғалімдерінен, әдіскер мамандардан кеңес алады. Сабақтың толық жоспарын, конспектісін жасайды, оны қаратып бекітеді. Сабақтың тәрбиелік жағына да көңіл бөледі. Сабақ барысының әр кезеңінің ұқыпты ойланып, сәтті өткізу жағын ойластырады. Көрнекті құралдар пайдаланады. Университеттен алған білімдерін тәжірибе жүзінде жан-жақты көрсетуге кіріседі.

Әр сабақ талданып отырады, оған студенттер, әдіскерлер, пән мұғалімі қатысады.Мұнда сабақты беру әдісі, сабақтың сапасы, студенттердің білімдері, оны оқушыға жеткізу жолдары, сабаққа оқушыларды қатыстырып, уақытты пайдалану түгелдей қарастырылады.

Талдауда бірінші сөз сабақ өткізген практиканттың өзіне беріледі. Ол өзіне-өзі талдау жасайды. Өз сабағына өзі дұрыс баға бере алса, ол студенттің жетістігі болып табылады. Содан кейін ғана сабаққа қатысқан студент-практиканттары мен мұғалімдері, әдіскерлер сабақты талдауға кіріседі.

Педагогикалық пракикаға басшылық

Педагогикалық практиканы басқаратын бір жетекші, әр топқа бір-бірден әдіскер тағайындалады. Практиканың жетекшісі студенттерді практика өтуге әзірлейді. Ұйымдастыру жұмыстарын жүргізеді; практика өтетін мектептерді белгілейді, топқа басшылық ететін әдіскерлердің жұмыстарын бақылап, конференциялар өткізеді. Практиканың соңында істелген жұмыс жайлы факультетке есеп береді. Топты басқаратын әдіскер студенттерді сыныпқа бөледі, пән мұғалімімен келісе отыра өткізетін сабақтарын, тақырыптарын,сыныптан тыс жұмыстарын белгілейді, студенттердің практиканың соңына дейін істейтін жұмыстарының жоспарын жасауға көмектеседі, кеңес береді, сабақ жоспарын, конспектілерді тексереді, оны бекітеді, сабағына қатынасып тыңдайды, талдайды, баға қояды. Практика біткен соң керекті құжаттарды жинастырып (сабақ жоспары, есеп, хаттама,мінездеме, сабаққа қатысқан дәптерлері) алады. Тобы жайлы есеп жасайды.

Студенттердің тәрбие жұмысына психология, педагогика кафедрасынан бөлінген әдіскерлер басшылық етеді. Практиканың соңында топтың әдіскері, пән мұғалімі, педагогика, психология кафедрасының өкілдері бірігіп әр студенттің жұмысын қорытындылап, бағасын қояды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]