Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ped_prakt_1241_dist_n_1201_s_1179_au_bakalavr.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
39.56 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Филология факультеті

Қазақ филологиясы кафедрасы

Педагогикалық практика

(Әдістемелік нұсқау)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Филология факультеті

Қазақ филологиясы кафедрасы

Педагогикалық практика

(Әдістемелік нұсқау)

5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5в012500 «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті», 5в011700 «Филология: қазақ тілі» мамандықтары бойынша

Орал 2013

«Педагогикалық практикаға әдістемелік нұсқау» ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты және үлгілік оқу жоспарлары негізінде жасалынды.

Құрастырушылар:

А.С.Қыдыршаев – педагогика ғылымдарының докторы, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры

З.Ж.Мүтиев- филология ғылымдарының кандидаты, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің доценті

«Педагогикалық практикаға әдістемелік нұсқау» - Орал, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, 2013. – 11 б.

Пікір білдірушілер:

Ғ.Қ.Хасанов –филология ғылымдарының докторы, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры

Ж.Ж.Шайекенов - филология ғылымдарының кандидаты, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің доценті

«Педагогикалық практикаға әдістемелік нұсқау» «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті», «Филология: қазақ тілі» мамандығын алуға даярланып жатқан студенттер ІV курста «Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесі» курстарынан теориялық лекцияларды тыңдап, практикалық сабақтарды өткізгеннен кейін педагогикалық практикадан өтеді. Лицей-мектептер мен гимназияларда және жалпы орта білім беретін мектептерде өтетін педагогикалық практика филолог студенттер үшін аса маңызды кезең болып табылады. Олар өздерінің университет қабырғасында алған теориялық білімдері мен дағдыларын жанды практика үстінде өмірмен тікелей байланысты жүзеге асыруға кіріседі.

Кафедра отырысында талқыланды

Хаттама №___1__ «05» ___09______ 2013 ж.

Факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінде бекітілді

Хаттама №___1__ «05» ____09_____ 2013 ж.

Кіріспе

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің 5В011700-«Қазақ тілі мен әдебиеті»ғ, 5В012500 «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті», 5В011700 «Филология: қазақ тілі» мамандықтары бойынша оқитын студенттер 4-курста педагогикалық практикадан өтеді. Лицей-мектептер мен гимназияларда және жалпы орта білім беретін мектептерде өтетін педагогикалық практика филология факультеттерінің студенттері үшін аса маңызды кезең болып табылады.Әрбір студент өзінің қалап алған болашақ мамандығы жолында тұңғыш қадам жасайды. «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығын алуға даярланып жатқан студенттер IV курста «Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесі» курстарынан теориялық лекцияларды тыңдап, практикалық сабақтарды өткізгеннен кейін педагогикалық практика өтеді. Лицей мектептер мен гимназияларда және жалпы орта білім беретін мектептерде өтетін педагогикалық практика филолог студенттер үшін аса маңызды кезең болып табылады. Олар өздерінің университет қабырғасында алған теориялық білімдері мен дағдыларын жанды практика үстінде өмірмен тікелей байланысты жүзеге асыруға кіріседі. Лицей-мектептің ішкі-тысқы өмірімен, оқу-педагогикалық және тәрбиелік процестің сан алуан құбылыс, көріністерімен танысады. Осы міндеттер тұрғысынан қарағанда педагогикалық практика студенттерге Y-YIII және IX-XI сыныптарға қазақ тілі мен әдебиетінен сабақтың негізгі түрлері мен сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу жөнінен алғашқы білім, дағдылар беру мақсатын көздейді. Сөйтіп, әрбір студент өзінің сүйіп, қалап алған болашақ мамандығы жолында тұңғыш қадам жасайды.

Педагогикалық практиканың мақсаты - жалпы ғылыми, мәдениеттілік, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік және арнайы пәндер бойынша білім негізінде педагогикалық дағды мен құзіреттілігін қалыптастыру болып табылады.

Мектепте өтілетін педагогикалық практика универсиет студенттері үшін аса маңызды кезеңнің бірі болып есептеледі. Оған студенттер үлкен дайындықпен келеді. Педагогикалық практика өтетін қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ беретін мамандарға бірнеше түрлі міндеттер жүктелінеді.Олар мыналар:

1.Жас ұрпаққа саналы білім бере отырып, бірнеше жылдан бергі қазақ тілі мен әдебиетінен алған білімдерін тереңдете түсу. Тәжірибелі, озат ұстаздар мен әдіскерлердің сабақтарына кіріп, кеңестерін алу.

2.Студенттерді оқушылармен тәрбие жұмыстарын өз бетінше жүргізуге дағдыландыру, сыныпты және оқушыларды зерттеу (ол үшін бақылау жүргізу,оқушылардың жеке істерімен танысу, отбастарымен, қызығушылығымен танысу).

3.Практиканттардың алдында тұрған басты міндеттердің бірі оқушыларды адамгершілікке, мораль мен имандылыққа тәрбиелейтін, еңбекке баулитын сапалы, мазмұнды, қызықты сабақты өткізу, әр сабақ өтудің жүйесін, тиімді амал-тәсілдерін ойластыру.

4.Жас ұрпақты тәрбиелеуде негізгі тұлға - ұстаз. Олай болса студенттердің өздерінің таңдаған мамандығы - ұстаздықты қадірлей білуге үйрету.

5.Мектептерде сабақ жүйесін жолға қою, әдебиетті, тілді оқыту әдістемесі туралы ғылыми пікір, озат іс-тәжірибелермен үлгі болып келе жатқан ғалымдарымыздың, ұстаздарымыздың еңбектерін іс жүзінде оқу үрдісінде, тәрбие сағаттарында пайдалана отырып,студенттердің өздерін ойлануға, ғылыми жұмыстармен шұғылдануға бейімдеу.

Пратикант студенттер тек қана сабақ беріп қоймайды,тәрбие жұмысын қатар жүргізеді.Оқу-тәрбие жұмыстары бір-бірін толықтырып отырады,сондықтан студенттер практиканы сапалы өткізу үшін тіл мен әдебиетті ғана емес, педагогика, психология пәндерін де жете меңгеруге міндетті:

1.Мектеп бағдармалары мен оқулықтары материалдарын талдап,пәннің нақты мазмұны мен теориялық тұжырымдарының арасындағы байланыстарды аша алатындай тақырыптың мазмұнындағы басты, негізгі дегендерін ажырата алатындай болу;

2.Әдістемелік зерттеулердің қарапайым түрлерін меңгеретіндей(байқау,сарапқа салу, эксперимент жасауға тырысу, озық іс- тәжірибелерді пайдалануға тырысу);

3.Кейбір элементтерін, тақырыптық және сабақ жоспарларын жасай алатын, белгілі бір сабақ түрін құрастырып, сабақтың әр кезеңін және тұтас сабақ түрін талдай, дәлелдей алатын болу;

4. «Қазақ тілін оқыту әдістемесі», «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» пәндері бойынша алған теориялық білімдерін оқытудың дидактикалық міндеттері мен шарттарына қарай жетілдіру (оптимизациялау);

5.Тілдік талдаудың барлық түрін, жұмыс түрлерін өткізудің, жаңа материалды түсіндірудің, кітаппен, сөздіктердің түрлерімен, схема, таблицалармен жұмыс істеуді ұйымдастырудың әдістемесін меңгеретін болу;

6.Сабаққа дидактикалық материал дайындағанда оның танымдық, тәрбиелік, эстетикалық танымдылығын ескеретін болсын;

7.Әр сипатта көрнекі құралдар жасай алатын, бейнелі емес, дәстүрлі, символдық көрнекіліктер және сабақта қөрнекілік пен техникалық құралдары пайдалану тәсілдерін меңгере алатындай дәрежеге жету;

8.Оқушылардың жазба жұмыстарын тексеру, шығарманы рецензиялау,оқушылардың жазба тілін жетілдіруде басқа да жұмыс түрлерін жүргізе алатындай болу;

9.Оқушылардың ауызша жауаптары мен жазбаша жұмыстарын бағалау нормаларын білу.

Жоғарыда аталған міндеттерге қосымша мына мәселелерді де білуге тиіс:

1.Мектептің оқу- тәрбие жұмыстарын тереңірек үйрену;

2.Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша сыныптан тыс жұмыс түрлеріне студент – практиканттардың белсенді қатысуы, әдіскерлер мен мұғалімдердің тапсырмаларын орындау;

3.Сынып жетекшісінің қызметін атқаруда білім мен педагогикалық іскерлікті жүйелеп, әрі қарай дамыту;

4.Балалар ұжымын қалыптастыру жөнінде өздігінен істейтін жұмыс көлемін кеңейту, олардың өзара байланысын анықтау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]