- •«Макроэкономика» пәні бойынша пәні бойынша барлық экономикалық мамандықтар үшін
- •Глоссарий
- •Тақырып. Макроэкономиканың пәніне кіріспе
- •2.Тұтыну және қор жинау
- •3. Инвестиция функциясы, мультипликатор және акселератор
- •Тақырып. Жиынтық ұсыныс және жиынтық сұраныс. Ad-as үлгісі
- •1.Жиынтық сұраным және оның факторлары.
- •2. Жиынтық ұсыным, оның классикалық және кенсиандық
- •3. Макроэкономикалық тепе-теңдік: қысқа және ұзақ мерзімдегі
- •1. Кейнс кресті. Мемлекеттік шығындар және салық мультипликаторы.Игіліктер нарығы
- •2.Ақша нарығындағы сұраныс пен ұсыныс. Lm қисығы
- •3.Орталық банктің реттеуші рольі: ақша мультипликаторы
- •1.Экономикалық өсу және оның қарқынын есептеу
- •2.Экономикалық өсудің факторлық үлгісі. Солоу үлгісі.
- •3.Қазақстан Республикасындағы экономикалық өсудің динамикасы және дағдарысқа қарсы шаралар.
- •3. Практикалық және зертханалық сабақтар
- •3.1.Сарамандық сабақ құрылымы:
- •Сарамандық сабақ сұрақтары
- •Сарамандық сабақ сұрақтары
- •Сарамандық сабақ сұрақтары
- •Сарамандық сабақ сұрақтары
- •Сарамандық сабақ сұрақтары
- •Сарамандық сабақ сұрақтары
- •3.2 Практикалық сабақтардың тапсырмалары
- •1. Макроэкономикалық көрсеткіштер есеп
- •2.Макроэкономикалық тұрақсыздық, экономикалық циклдер, жұмыссыздық, инфляция.
- •4.Ұлттық табыс қалыптасу мен бөліну есеп
- •5. Жалпы макроэкономикалық теңдестік. Есеп
- •6.Тауарлар және ақша нарықтарындағы тепе теңдік.Ақша нарығы.
- •Сіз оны 50 мыңға дейін қысқартып, қалған 100 мың теңге банктегі ағымдағы шотыңызға салдыңыз.
- •7.Ашық экономика
- •8. Экономикалық өсу
- •4. Курстық жұмыс
- •4.1.Макроэкономика пәні бойынша курстық жұмыстарын орындауға әдістемелік нұсқаулар
- •4.2. Курстық жұмыстардың тақырыптары:
- •4.3. Макроэкономика пәні бойынша бақылау жұмыстарын орындауға әдістемелік нұсқаулар
- •5. Студенттің өздік жұмысы
- •3. Қолда бар табыс:
- •4. Жұө, жiө, тұө және ұт есептеңiз, егер:
- •Тест жауаптары
- •5.2. Пән бойынша рефераттар тақырыптары:
1. Кейнс кресті. Мемлекеттік шығындар және салық мультипликаторы.Игіліктер нарығы
2.Ақша нарығындағы сұраныс пен ұсыныс. Lm қисығы
3.Орталық банктің реттеуші рольі: ақша мультипликаторы
4.IS – LM үлгісіндегі тепе-теңдік.AD және IS-LM үлгідерінің өзара әрекеті. IS-LM үлгідеріндегі қазынашылық және монетарлық саясат.
Тауарлар және игіліктер нарығындағы тепе-теңдік жағдайын сипаттаудың екі түрлі әдісі
бар. Бірінші – кейде ол макроэкономикада неоклассикалық көзқарас деп аталады – баға нарықты тепе-теңдік жағдайға әкелетін құрал деп жорамалданады. Мұнда «баға» деп тауарлар мен игіліктер деңгейлерінің ақшалай бірлікте көрсетілуі ғана емес, сонымен қатар пайыздық мөлшерлеме, нақты еңбек ақы қарастырылады. Осындай жағдайда нақты және ақша секторлары бір-біріне ықпалын тигізбейді. Екінші – белгілі бір уақыт аралығында кейбір бағалар өзгеруге бейім емес, мұндай жағдайда тепе-теңдік жұмысбастылық көлемі есебінен және жалпы ішкі өнім көлемінен мүмкін болады. Бұл осы көзқарасты сынаған Дж.Кейнс атымен кейнстік көзқарас деп аталады.
Екінші көзқарасты жақтаушылар пайымдаудың басқа жолын ұсынады. Оларда кейбір баға аз өзгермелі (белгілі бір уақыт аралығында) дегенге жол беріледі. Бұл жағдайда тепе-теңдік айырбасталатын көлем – тауарлар мен қызмет көрсету (ЖҰӨ) және жұмысбастылық көлемі есебінен орнайды.
Бұл көзқарастар түбегейлі әртүрлі қорытындыларға әкелуіне қарамастан, олар бір негізін қалаушы үлгіге негізделді. Соңғысын талдаудың екі графикалық құралдарымен синтездеуге болады: тауар нарығы мен ақша нарығының өзара әрекеттесуін көрсететін IS-LM үлгісі, еңбек нарығы және тауарлар мен қызмет көрсетуді өндіретін және оларды тауар нарығында сататын фирма іс-әрекетін сипаттайтын сұраныс – үлгісімен.
Алдымен кең анықталған тауар нарығын қарастырайық, яғни, тауарларды ғана емес, сонымен қатар қызмет көрсетуді де қамтитын нарықты қарастырайық. Талдаудың бастапқы нүктесі – тұтыну және инвестициялық игіліктерге сұранысты білдіретін үй шаруашылықтары. Бұл бөлімде басты назар қысқа мерзімді кезеңге аударылады.
Ақша дегеніміз – тауардың жалпы эквивалентінің тиянақталған түрі, құнның эквиваленттік формасы мен тұтыну құны біте қайнасқан ерекше тауар. Яғни ақша - тауар өндіру мен оны айырбастау үрдісінде басқа тауарлардан бөлініп шыққан ерекше тауар, оның айырықша қызметі - барлық тауарларға ортақ балама (эквивалент) ролін атқару. Осыдан келіп ақшаның жаппай күші болады. Ақшаның қоғамдағы мәнін К.Марк “жеке адам өзінің қоғамдық билігін де, қоғаммен байланысын да өзінің қалтасына салып жүреді” деген афоризммен сипаттады. Ол мынадан айқын көрінеді:
Біріншіден, тек ақшаға айырбастау арқылы ғана тауарлар қоғамдық еңбектің нәтижесі екенін анықтауға болады.
Екіншіден, әр адамның еңбектегі, яғни қоғамдық өндірістегі үлесін де ақша арқылы анықтауға болады.
Үшіншіден, айырбас үрдісінде ақшаның делдалдық етуімен тауардың ішкі қайшылықтары да шешіледі.
Өнеркәсібі өркендеген мемлекеттерде ақша жиыны құрамын анықтау үшін негізгі ақша агрегаттарының төмендегі жиынтығын пайдаланады:
М1 – айналыстағы қолма-қол ақша (банкноттар, тиындар, ал кейбір мемлекеттерде қазыналық билеттер) және банктік ағымдағы шоттардағы қаражат (депозиттер) жатады;
М2 – оған М1 агрегаты және мерзімді төрт жылға дейінгі коммерциялық банктердегі мерзімді және жинақ салымдары кіреді;
М3 – оған М2 агрегаты және арнаулы несие мекемелеріндегі жинақ салымдары кіреді;
L – оған М3 агрегаты және ірі коммерциялық банктердің депозиттік сертификаттары қосылады.
Ақша сұранысын талқылағанда екі тұжырымға сүйенеді:
монетарлық;
кейнстік.
Классиктер ақша сұранысын мына теңдеу арқылы түсіндіреді:
МV=PY
M – айналымдағы ақша көлемі
V – ақша айналымының жылдамдығы
P- баға деңгейі
Y - өнім шығару көлемі
Сандық теориясы тұрғысынан ақшаға сұраныс екі мотивке негізделеді. Бірінші мотив бойынша адамдар мен фирмалар ақшаны төлем құралы ретінде қажет етеді.
Мәміле жасау үшін керекті ақша көлемі:
тауар жиынының көлемі;
баға;
жиынтық табыс;
ақша айналымының жылдамдығына тәуелді болады.
Экономика секторының (тауар нарығының) және ақша нарығының өзара әсерінің тереңдетілген талдауын көрсету. Тауар нарығы түсінігінде қызмет көрсету мен тұтыну тауарлары нарығы да қарастырылады, олардың тұтыну игілігінен өзгешелігі жоқ деп айтуға болады. Бұл тауарлар санаттары арасында кейбір ерекшеліктер бар, дегенмен олар өзара сұраныспен ғана шарттасып тұр, өйткені тұтыну мен инвестицияланған тауарларға деген сұраныстың болуы түрлі айнымалы шамаларға байланысты. Тұтыну тауарларына сұраныс негізінен табыспен байланысты, ал инвестициялық тауарлар пайыздық мөлшерлемемен байланысты болады. Бірақ бұл айырмашылықтар үстіртін қарастырылған, өйткені тұтыну мен инвестицияланғанң тауарлардың нарығын бір-бірінен шектеу үшін, оларды салыстырмалы бағаларын білу керек.
Кейнс үлгісінше бұл жасалмаған, сондықтан да экономистер тауар нарығының барлық түрлерін бір нарық деп қарастырады.
Ақша нарығы — бұл қысқа мерзімдік несиелік құралдарды, қазыналық вексельдер мен коммерциялық қағаздарды алып-сату тетігі. Бұл нарықты облигация нарығынан ажыратып қарастыру керек. Облигация берілгсн ақшаның салыстырмалы бағасы — бұл облигациялардың пайыздық мөлшерлемесі.
Біздің міндетіміз осы нарықтардың құрылымын тура анықтау, бұл жердегі маңызды мәселе олардың арасындағы өзара байланысын табу. АD-AS үлгісін қарастырғанда бұл өзара байланыс болжанған өйткені тауар мен қызмет көрсету бағаларының өзгеруі тікелей ақша сұранысына әсер етеді.
Ақша нарығында пайыздық мөлшерлеменің ауытқуы жиынтық шығындар шамасына әсер етеді. IS—LМ үлгісін ең алғаш рет Дж. Хикс (Хикс «кресі») 1937 жылы ұсынған.
А. Хансеннің 1949 жылы шыққан «Монетарлы теория және қазыналық саясат» атты кітабы арқылы ол көпшілікке мәлім болды, содан кейін ол Хикс-Хансен үлгісі деп атальш кетті.
IS—LМ үлгісі (инвестиция — қор жинағы, ұнамды өтімділік — ақша) — жиынтық сұраныс функциясын анықтау үшін қажетті, экономикалық факторды айқындайтын тауар-ақша тепе-теңдігінің үлгісі. Тауар және ақша нарықтарында бір мезгілде тепе-теңдік қалыптасу үшін, қажетті табыс көлемі Ү пен нарықтық пайыз мөлшерлемесі R-дің тіркемесін табуға үлгі мүмкіндік береді.
Сондықтан да, IS-LМ үлгісі АD-AS үлгісінің нақтыланған түрі болып табылады.
Инвестициялар пайыз мөлшерлемесінің теріс функциясы, ал тұтыну — нақты табыстың оң функциясы екенін білеміз, демек жиынтық сұраныс теңдеуі төмендегідей:
АD = С (Ү) + I (R)
Ал ұсыныс, Кейнстің айтуынша, мынадай болады. AS = С (Ү) + S (Ү)
Тауар нарығындағы тепе-теңдік жағдайы келесі теңдікті орындағанда ғана орын алады.
I (R) = S (Ү)
Берілген теңдеуді Дж. Кейнс анықтаған, ол тауар нарығындағы классикалық тепе-теңдік жагдайы үлгісінен басқаша.
I (R) = S (R)
Төмендегі теңдеу классикалық үлгідегі тауар нарығындағы тепе-тендікті көрсетеді. Бұл тендеулердің айырмашылығы қор жинағы функциясының аргументінде.
IS-LМ үлгісінің негізгі теңдеулері:
1) Ү = С + I + G + Хn - негізгі макроэкономикалық тепе-теңдік. Мұндағы:
2) С = а + Ь (Ү-Т) - тұтыну функциясы.
3) I = е - d • R - инвестиция функциясы.
4) Хn =g - m/ *Ү – n*R - таза экспорт функциясы.
5) М/Р = к • Ү - һ • R - ақшаға сұраныс функциясы.
Үлгінің ішкі айнымалылары:
Ү (табыс), С (тұтыну), I (инвестиция), Хn (таза экспор), R (пайыздық мөлшерлеме).
Үлгінің сыртқы айнымалылары:
G (мемлекеттік шығындар), Мs (ақша ұсынысы), t (салық мөлшерлемесі).
Эмпирикалық коэффициентер:
(а, Ь, е, d, g, m', n, k, һ) оң мәндер және салыстырмалы түрде қарағанда тұрақты.
Қысқа мерзім кезеңінде экономика ресурстардың толық қамтылмаған жағдайында болады. (Ү≠Ү*), баға деңгейі Р тұрақты (анықталған), ал пайыз мөлшерлемесі R және жиынтық табыс Ү өзгермелі. Р = соnst тұрақты өйткені барлық айнымалылар атаулы және нақты мәндері сәйкес келеді.
Ұзақ мерзім кезеңінде экономика ресурстардың толық қамтылған жағдайында болады.
(Ү=Ү*), баға деңғейі Р өзгермелі. Бұл жағдайда айнымалы Мs (ақша ұсынысы) атаулы шама болады, ал үлгідегі басқа айнымалылар - нақты шама болады.
IS қисығы тауар нарығындағы тепе-тецдікті керсетсді.
IS қисығы басқа факторлар тұрақты болған кездегі (G,Т) пайыз мөлшерлемесі (R) мен жиынтық табыс арасындағы байланысты көрсетеді.
IS қисығының қарапайым түрі инвестициялар мен қор жинағы функцияларымен тығыз байланысты. IS қисығының бойындағы кез келген нүктеде қор жинағы меи инвестицияның тең екендігі көрінеді.
А-суреттс қор жинағы функциясы бейнеленген. Табыстың (өнім көлемінің) Ү1-ден Y2-ге өсуіне байланысты қор жинағы S1-ден S2-ге өседі.
Қор жинағы Пайыздық мөлшерлеме
Табыс, өнім көлемі Инвестиция
А-сурет Ә-сурет
Пайыздық мөлшерлеме
Табыс, өнім көлемі
Б-сурет
Ә-суретте инвестиция функциясы бейнеленген, қор жинағының өсуі пайыз мөлшерлемесін R1-ден R2-ге азайтады, ал инвестиция І1-дсн І2-ге өседі. Бұл жагдайда I1=S1, ал I2=S2 болады.
Б-суретте IS қисығы бейнеленген, пайыз мөлшерлемесі төмен болған сайын, табыс деңгейі (немесе жиынтық сұраныс) соғұрлым жоғары болады. Егер пайыз мөлшерлемесі жоғары болса, онда табыс деңгейі (немесе жиынтық сұраныс) соғұрлым төмен болады. Жоғарыда тұрақты деп болжанған басқа факторлар IS қисығын не жоғары немесе төмен қозғалтады. Мысалы, егер кез келген пайыз мөлшерлемесінде мемлекеттік шығындар өсетін болса, онда жиынтық сұраныстың өсуіне алып келеді. Мұндай жағдай IS қисығын оңға қарай өсіреді. Керісінше,
берілген пайыз мөлшерлемесінде салық мөлшері мен қолда бар табыстың төмендеуін күту жиынтық сұранысты төмендетеді, IS қисығы солға қарай қозғалады.
LM қисығы ақша нарығындағы тепе-теңдікті көрсетеді. LM қисығының графигі – ақша ұсынысының
(Мs) белгілі бір мөлшерінде ақша нарығындағы тепе-теңдікке сәйкес келетін пайыз мөлшерлемесі мен жиынтық сұраныстың арасындағы байланысты көрсетеді.
LM қисығының графигі
А. Ақша нарығының нақты қоры Ә. LM қисығы
R R
Ms
LM
R
2
R
2
R1 R1
M/D
MD
M/P
Y1
Y2
Y
Дәрісті өздік қайталау үшін сұрақтар:
Кейнстің психологиялық заңы нені білдіреді?
Ұлттық банк ақша массасын қалай бақылайды?
Ақша агрегаттарына сипаттама беріңіз.
Фишер теңдеуі нені сипаттайды?
Ақша-несие саясатының негізгі құралдары қандай?
Қолма - қол ақша депозиттер қатынасына әсер ететін факторларды атаңыз.
7-тақырып. Ашық экономика
1. Ашық экономика ұғымы. Төлем теңгерімінің мәні және құрылымы
2. Халықаралық валюта жүйесі, валюта нарығы және валюта бағамын есептеу.
3. Макроэкономикалық саясаттың нақты валюта бағамына және төлем теңгеріміне әсері
4. Қазақстан Республикасындағы валюта саясатының ерекшелігі
Ашық экономика проблемаларын талдау сыртқы сауданы қарастырудан басталады, өйткені халықаралық экономикалық қатынастардың пегізін сыртқы сауда құрайды. Бұл жерде сыртқы сауданың өнім деңгейіне, жұмысбастылыққа, баға және басқа айнымалыларға әсері макроэкономика тұрғысынан және халықаралық саудада үлесі бар жеке тауарлардың, экономикалық агенттердің пайдасы мен шығынын бағалау тұрғысынан микроталдаулар бір-бірімен тығыз байланысты. Макроэкономикалық талдау барысында ашық экономика проблемаларының кейбіреуін қарастырдық. Өйткені экспорт пен импорттың көлемі ЖҰӨ деңгейіне, жұмысбастылыққа тікелей әсер етеді. Бұл көрсеткіштер жалпы макроэкономикалық тепе-теңдікке әсерін тигізеді.
Экспорттық салалардағы өндірістің өсуі шет мемлекеттерде қарастырылып отырған мемлекеттің тауарларына сұраныстың өсуін көрсетеді, бұл қарастырылып отырған мемлекеттің ЖҰӨ көлемін өсіреді. Керісінше, импорттың өсуі шет мемлекеттердің тауарына сұранысты өсіреді, бұл жағдай ЖҰӨ көлемін кемітеді. Кейнс үлгісіне сәйкес таза экспорттың экономикадағы жалпы табысқа әсері мультипликатор әсері арқылы өлшенеді.
Д. Рикардоныц салыстырмалы артықшылық теориясы. Халықаралық сауда теориясы XIX ғасырдың басында Давид Рикардо айтып өткен салыстырмалы артықшылық тұжырымдамасы негізіндс құрылды. Д.Рикардодан бұрын бұл проблемаларды А.Смит зерттеген еді. А.Смит халықаралық сауданың пайда болуын түсіндірді жәпе әр түрлі мемлекеттерде тауар өндіруге кететін абсолютті шығындарының айырмашылығы арқылы пайда табу жолдарын көрсетті. Халықаралық еңбекті бөлісу және мамандыққа бөлу тиімді деп есептеледі. Өйткені әр түрлі мемлекеттерде ресурстар көлемі мен еңбек жағдайлары әр түрлі, бұл ерекшеліктер мемлекеттер арасындағы артықшылықты туғызады. Мысалы, белгілі бір тауарды аз шығынмен өндіру. А.Смиттің абсолюттік артықшылық теориясы, шаруашылықпеп айналысатын субъектілердің іс-әрекеттері принципі халықаралық сауда теориясьша да таралады.
Егер де шет мемлекеттерден тауарды өз мемлекетіне қарағанда төмен бағаға сатып алуға болса, онда сол тауарды арзан өпдіретін мемлекеттен сатып алган жөн.
Еңбекті бөлісу және мемлекеттердің тауар өндіруге мамандануы, өндірісте абсолюттік артықшылыққа ие бола алатындығы - ішкі тұтынуды қанағаттандырғаннан соң, бұл тауарларды экспортқа шығарып, басқа тауарлармен айырбастауга болады - мұның барлығы жалпы үнемдеуге мүмкіндік өсіреді. Д.Рикардоның теориясы халықаралық саудаға тағы бір қадам жасады. Бұл теорияның негізінде салыстырмалы артықшылық принципі жатыр.
Халықаралық сауда көмегімен мемлекеттер мамандануды дамытатындығын, өзінің ресурстарын
тиімді пайдалана алатындығын, жалпы тауар көлемін өсіре алатынын көреміз. Жеке мемлекеттер салыстырмалы артықшылыкпен өндірілетін гауарларға мамандану арқылы ұтады.
Мемлекеттер неге сауда жасайды деген сұраққа төмендегідей жауап бсруге болады:
1. Экономикалық ресурстар (табиги, еңбек, капитал) әр мемлекеттерде әр түрлі. Бір ел капиталсыйымды болса, екішпі ел еңбексыйымды болады.
2. Әр түрлі тауарды тиімді өндіру әр түрлі технология мен ресурстарды кажет етеді.
Валюта багамы деп бір елдің валютасы екінші елдің валютасына айырбастағандағы валюталардың қатынасын атаймыз.
Мысалы: 153 тг = 1$, 70 тг = 1DM, 4тг= 1RR.
Қазіргі заманда валюта бағамын белгілеуде бір-біріне қарама-қарсы екі әдіс бар:
1) валютаның еркін айналымдағы бағамы;
2) тағайындалатын валюта бағам әдісі.
Валютаның еркін айналымдағы бағамы кезінде бағам ұсыныс пен сұраныстың әсерінен қалыптасады.Валютаның еркін айналымдағы бағамына көптеген факторлар әсер етеді. Олар:
• Тұтынушы талғамының өзгеруі. Басқа елдің тауарына деген тұтынушының талғамы, көзқарасы ол елдің валютасына қатты әсер етеді. Мысалы, америкалық машиналардың беделі артса, онда тұтынушылар оны алуға тырысып, долларға қосымша сұраныс тудырады. Немесе Қазақстанға Ресейден демалушылар көп келсе, онда рубль ұсынысы көбейіп, арзандайды.
• Табыстың салыстырмалы азаюы. Бір елдің ұлттық табысы басқа елдердің ұлттық табысына қарағанда өсімі салыстырмалы жоғары болған жағдайда, ол елдің валюта бағамы төмендейді. Себебі елдің импорты оның табыс деңгейіне қатысты болады.
• Бағаның салыстырмалы өзгеруі. Егер Қазақстанда баға өссе, ал Ресейде қалыпты болса, онда қазақстандықтар ресейліктердің салыстырмалы арзан тауарын тұтынуға тырысып, рубльге қосымша сұраныс тудырады. Ал ресейліктердің керісінше, біздің тауарды тұтынуға деген ынтасы азайып, рубль ұсынысын кемітеді. Бұл екі жағдай бірігіп теңгені құнсыздандырады.
• Салыстырмалы нақты пайыздық мөлшерлемелерінің өзгеруі. Мынандай жағдайды ойластырайық. Қазақстанда инфляцияны тежеу мақсатында «Қымбат ақша» саясаты жүргізілді. Нәтижесінде инфляцияны есептей отырып алынған нақты пайыздық мөлшерлеме мөлшері басқа елдерге қарағанда жоғары болды. Соның арқасында Қазақстан инвестициялауға өте тиімді елге айналды, ал ол инвесторларды (елдің экономикасы тұрақты болған жағдайда) теңгені алуға итермелейді.
• Алыпсатарлық. Қазақстан экономикасында: а) Ресей экономикасына қарағанда жылдам өсу қарқыны болады деген жорамал бар; ә) басқа елдерге қарағанда инфляция жоғары болады деген қауіп бар; б) төмен мөлшерлеменің пайыздық мөлшері күтілуде. Ондай жағдайда теңгесі бар тұлғалар қолындағы теңгені
басқа, қалыпты валютаға айырбастауға ұмтылады. Ал ол сол валютаға сұранысты жоғарылатып, оны теңгеге қарағанда қымбаттатады.
Дәрісті өздік қайталау үшін сұрақтар:
1. Халықаралық валюталық жүйенің қалыптасу және даму кезеңдеріне сипаттама беріңіз.
2. Қандай жағдайда валюталық интервенция мен девальвация саясаты жүргізіледі ?
3. Валюталардың айырбас бағамы қалай есептелінеді?
4. Бюджеттік тапшылық және мемлекеттік қарыз мәселелерін шешу үшін тұрақтандыру саясатының қандай шаралары бар ?
5. Төлем балансы дағдарысы және оны жою әдістері қалай айқындалады?
8-тақырып. Экономикалық өсу.
