- •«Макроэкономика» пәні бойынша пәні бойынша барлық экономикалық мамандықтар үшін
- •Глоссарий
- •Тақырып. Макроэкономиканың пәніне кіріспе
- •2.Тұтыну және қор жинау
- •3. Инвестиция функциясы, мультипликатор және акселератор
- •Тақырып. Жиынтық ұсыныс және жиынтық сұраныс. Ad-as үлгісі
- •1.Жиынтық сұраным және оның факторлары.
- •2. Жиынтық ұсыным, оның классикалық және кенсиандық
- •3. Макроэкономикалық тепе-теңдік: қысқа және ұзақ мерзімдегі
- •1. Кейнс кресті. Мемлекеттік шығындар және салық мультипликаторы.Игіліктер нарығы
- •2.Ақша нарығындағы сұраныс пен ұсыныс. Lm қисығы
- •3.Орталық банктің реттеуші рольі: ақша мультипликаторы
- •1.Экономикалық өсу және оның қарқынын есептеу
- •2.Экономикалық өсудің факторлық үлгісі. Солоу үлгісі.
- •3.Қазақстан Республикасындағы экономикалық өсудің динамикасы және дағдарысқа қарсы шаралар.
- •3. Практикалық және зертханалық сабақтар
- •3.1.Сарамандық сабақ құрылымы:
- •Сарамандық сабақ сұрақтары
- •Сарамандық сабақ сұрақтары
- •Сарамандық сабақ сұрақтары
- •Сарамандық сабақ сұрақтары
- •Сарамандық сабақ сұрақтары
- •Сарамандық сабақ сұрақтары
- •3.2 Практикалық сабақтардың тапсырмалары
- •1. Макроэкономикалық көрсеткіштер есеп
- •2.Макроэкономикалық тұрақсыздық, экономикалық циклдер, жұмыссыздық, инфляция.
- •4.Ұлттық табыс қалыптасу мен бөліну есеп
- •5. Жалпы макроэкономикалық теңдестік. Есеп
- •6.Тауарлар және ақша нарықтарындағы тепе теңдік.Ақша нарығы.
- •Сіз оны 50 мыңға дейін қысқартып, қалған 100 мың теңге банктегі ағымдағы шотыңызға салдыңыз.
- •7.Ашық экономика
- •8. Экономикалық өсу
- •4. Курстық жұмыс
- •4.1.Макроэкономика пәні бойынша курстық жұмыстарын орындауға әдістемелік нұсқаулар
- •4.2. Курстық жұмыстардың тақырыптары:
- •4.3. Макроэкономика пәні бойынша бақылау жұмыстарын орындауға әдістемелік нұсқаулар
- •5. Студенттің өздік жұмысы
- •3. Қолда бар табыс:
- •4. Жұө, жiө, тұө және ұт есептеңiз, егер:
- •Тест жауаптары
- •5.2. Пән бойынша рефераттар тақырыптары:
2.Тұтыну және қор жинау
3. Инвестиция функциясы, мультипликатор және акселератор
Кейнс теориясына сәйкес экономиканың тепе-теңдігін қалыптастыратын негізгі фактор пайыз мөлшерлемесі емес, үй шаруашылықтарының қолда бар табыс көлемі тұтыну және қор жинау динамикасын анықтайтын басты фактор болып табылады. Сонымен қатар барлық тұтыну шығындарын жасағаннан кейін қалған табыс бөлігі сақталып, жиналады. Пайыз мөлшерлемесінің екінші әсері табыстың тұтынуға және қор жинауға әсеріне қатысты салыстырмалы шағын рол атқарады. Солай бола тұра, инвестициялар динамикасы ең алдымен пайыз мөлшерлемелерінің динамикасымен анықталады. Бұл тұтыну, қор жинағы және инвестициялар функцияларында бейнеленеді.
C = a + b(Y-T)
C – тұтыну шығыны
A – автономды тұтыну
B – тұтынуды шекті бейімділігі
Y – табыс
T – салықтық аударымдар
(Y-T) – қолда бар табыс (Yd немесе DI)
MPC = ΔC/ΔYd
MPC – тұтынудың шекті нормасы
ΔC – тұтыну шығындарының өсімшесі
ΔYd – қолда бар табыстың өсімшесі
APC = C/Yd
APC – тұтынудың орташа бейімділігі
C – тұтыну шығындарының көлемі
Yd – қолда бар табыстың көлемі
Қор жинағының қарапайым функциясы.
S = -a + (1 – b) (Y – T)
S – жеке меншік сектордағы қор жинағы
(1 – b) – тұтынудың шекті бейімділігі функциясы
MPS = ΔS/ΔYd
MPS – қор жинағының шекті нормасы
ΔS – қор жинағының өсімшесі
APS = S/Yd
APS – қор жинағының орташа бейімділігі
S – қор жинағының көлемі
Yd – қолда бар табыс
Қысқа мерзімді кезеңде ағымдағы қолда бар табыс өскен сайын АРС кемиді, ал APS өседі, яғни отбасы табысының өсуімен тұтынуға кеткен шығын бөлігі салыстырмалы қысқарады және қор жинағы салыстырмалы өседі. Бірақ ұзақ мерзімді кезеңде тұтынудың орташа бейімділігі тұрақтанады, өйткені тұтыну шығындарының көлеміне ағымдағы қолда бар табыс көлемі ғана емес, сонымен қатар отбасының жалпы өмір сүру деңгейі және күтіп отырған тұрақты табыс көлемі де әсерін тигізеді.
Мемлекеттік қарыздар бойынша пайыз мөлшерлемесін төлеуге, әлеуметтік трансферттердің өсуі немесе мемлекеттік шығындарды осы жоғарыда айтылған қаржылар арқылы қаржыландыруға кедергі болатын жағдайлар пайда болады. Циклдік бюджет артықшылығының өсуі экономиканың өрлеу кезеңдерінде болатындықтан, бұл жағдай инфляцияның күшеюіне әкелетіндіктен, онда қаржылардыц бір бөлігін халыққа төлемақы ретінде беруі (облигацияларды өтеу, әл-ауқаты нашар отбасыларға жәрдемақының өсіру) жиынтық шығындардың және сұраныс инфляциясының өсуіне әсер етеді. Керісінше, бюджет артықшылығын "тыйым салу" артық жиынтық сұранысты шектейді және экономикадағы инфляциялық дүрлігісті ұстап тұрады.
Бюджет тапшылығының тұрақтандыру деңгейіне әсері қаржыландыру тәсілдеріне байланысты. Мемлекеттік бюджеттің тапшылығын қаржыландыру тәсілдері:
1) ақша-несие эмиссиясы (тиын шығару)
2) займ шығару
3) мемлекетке түсетін салық мөлшерін көбейту.
Тапшылықты жою үшін тиын шығару жағдайында сеньораж пайда болады. Сеньораж — ақша шығару арқылы мемлекеттің табатын пайдасы.
Нақты ЖҰӨ өсуінің қарқынынан ақша жиынының өсу қарқыны артық болған жағдайда сеньораж пайда болады, бұл құбылыс орташа баға деңгейін өсіреді. Барлық экономикалық агенттер инфляциялық салық төлейді және олардың табыстарының бір бөлігі бағаның жоғарылауы арқылы мемлекетке түсіп отырады.Инфляция деңгейінің жоғарылауы жагдайында Оливер-Танзи әсері пайда болады.
Өсіп келе жатқан инфляциялық қиындықтар салдарынан экономикалық ынта пайда болады, ол салықты уақтылы төлемеу, өйткені өткен уақытта ақша құнсызданады, бұдан салық төлеушілер ұтады. Мұның салдарынан мемлекеттегі тапшылық және қаржы жүйесінің жалпы тұрақсыздығы өседі.
Мемлекеттік тапшылықты жою үшін ақша шығару қолда бар қаржыны эмиссиялаумен бірдей жүрмеуі мүмкін, ол басқа түрде жүзеге асырылады. Мысалы, Орталық банктің мемлекеттік кәсіпорындарға жеңілдетілген пайыз мөлшерімен несие беруді кеңейту арқылы немесе төлем уақытын созу арқылы жүзеге асырылады.
Дәрісті өздігінен қайталау сұрақтары:
Ресурстар нарығында өндіріс факторларына бағаның қалыптасу ерекшелігі.
Тұтынуға және қор жинауға орташа бейімділік дегеніміз не?
Инвестицияға әсер ететін факторлар
