Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Макро УММ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
594.94 Кб
Скачать

6.Тауарлар және ақша нарықтарындағы тепе теңдік.Ақша нарығы.

1. Кестеде көрсетілген мәліметтер бойынша М1, М2, М3 ақша

агрегаттарының көлемін анықтаңдар.

млрд.долл.

Аз көлемді қысқа мерзімді салымдар

Көп көлемді қысқа мерзімді салымдар

Чектік салымдар

Чексіз жинақтық салымдар

Қолда бар ақша

1630

645

448

300

170

2. a) Айталық, шарт жасасуға арналған әр теңге орта есеппен жылына 6 рет айналады және соңғы тауар немесе қызмет көрсетуді сатып алуға бағытталады. ЖҰӨ атаулы көлемі 2400 млрд.тг. Шарт жасасуға арналған ақшаға деген сұраныс көлемін табыңдар.

ә) Кестеде активтерден әр түрлі пайыз мөлшері бойынша ақшаға деген сұраныс мөлшері көрсетілген.

а) Мәліметтерді қолданып, ақшаға деген жалпы сұранысты көрсетіңдер.

б) Ақша ұсынысы 480 млрд. тг. болды. Тепе- теңдік пайыздық қойылымды анықтаңдар.

Пайыздық қойылым (%)

Ақшаға сұраныс көлемі

активтер бойынша

жалпы

16

20

420

14

40

440

12

60

460

10

80

480

8

100

500

6

120

520

4

140

540

3.Айталық.Сіз қолда ұстағыңыз келген ақша сомасы 150 мың тг. тең.

Сіз оны 50 мыңға дейін қысқартып, қалған 100 мың теңге банктегі ағымдағы шотыңызға салдыңыз.

Ақша базасы қалай өзгереді? Банк резервінің жалпы сомасы қалай

өзгереді? Сіздің ісіңіз алғашқыда және соңында М ақша агрегаты көлемінің өзгеруіне қалай әсер етеді?

4. Коммерциялық банктің резерв сомасы 230 млн. теңге, ал депозиттер көлемі 800 млн. теңге. Депозиттегі міндетті резерв нормасы 25% . Егер банк өзінің барлық артық резервтеріне несие беретін болса, ақша ұсынысы қалай өзгеруі мүмкін?

Шешуі:

20%-дық резервтеу нормасында міндетті резервтер Rr= 800 * 0,25 = 200 млн. теңге;

Бұдан шығатын артық резервтер мынаған тең:

Re = 230 – 200 = 30

Егер олардың барлығы несие беруге жұмсалса, онда қосымша ақша ұсынысы келесідей болады:

ΔМ = 30* ( 1/0,25 ) = 120 млн. теңге

Бұл жағдайда біз тек банктік мультипликаторды ғана ( 1/rr) қолдана аламыз.Себебі бізде ақша базасы және қолма-қол ақшаның депозиттерге қатынасы туралы мәліметтер жоқ. Алынған сома ақша ұсынысының ең жоғары шегі қаншаға артуы мүмкін екенін көрсетеді.

5.Міндетті резервтер нормасы 15%. Коммерциялық банк депозиттер көлемінің 5% -ын артық резерв ретінде сақтап отыр. Егер депозиттер көлемі 9000 теңге болса, банк несие беру үшін қандай ең жоғары шекті соманы қолдана алады.

6. Орталық банк коммерциялық банктерден 150 млн. теңгеге мемлекеттік облигацияларды сатып алды. Егер коммерциялық банктер өздерінің барлық несиелік мүмкіндіктерін қолданса, депозиттердегі резерв нормасы 15 % болған жағдайда ақша ұсынысы қалай өзгеруі мүмкін?

7.Кестеде берілген мәліметтер бойынша: а) М1; ә) М2; б) М3 табыңыз.

Млн. теңге

Шағын жедел салымдар

1290

Ірі жедел салымдар

476

Чексіз салымдар

413

Қолма-қол ақшалар

210

Чексіз жинақ салымдары

280

8. Мәмілеге арналған әр доллар жылына 5 рет айналып,аяғында соңғы тұтынуға арналған тауарды сатып алуға жұмсалады делік. ЖҰӨ атаулы көлемі 2500 млрд. теңгені құрайды.

а) Мәмілеге арналған ақша сұранысының мөлшері қанша?

ә) (а) сұрағына жауапты пайдалана отырып, кестедегі әрбір пайыз мөлшерлемесіне сәйкес жалпы сұраныс көлемін табыңдар:

Пайыз мөлшерлемесі(%)

Ақша сұраныс көлемі (млрд. теңге)

Активтер тарапынан

Жалпы сұраныс

16

30

14

60

12

90

10

120

8

150

6

180

4

210

б) Егер ақша ұсынысы 620 млрд. теңге болса пайыздық тепе-теңдік мөлшері қандай?

П айыз мөлшерлемесі(%)

Ақшаға сұраныс көлемі (млрд. теңге)

Активтер тарапынан Жалпы сұраныс

16

30

530

14

60

560

12

90

590

10

120

620

8

150

650

6

180

680

4

210

710

9.Мемлекет бюджетінің тапшылығын қысқарту және инфляция деңгейін төмендету үшін үкімет салықты өсіреді. IS-LM үлгісін қолдана отырып графигін көрсетіңдер және пайыз мөлшерін өзгертпес үшін Ұлттық банк қандай шаралар қолданады?

R

LM`

LM

R о P

A IS

IS`

Y

Y2 Y1

10. Мемлекеттік сатып алу 500, салық функциясы T = 0,4Y, трансферт функциясы F = 0,2Y, баға деңгейі: P = 1. Пайыз мөлшерлемесі R = 0,1 болғандағы қарыз D = 1000. Нақты өндіріс көлемі 2000, ал әлуетті өндіріс көлемі 2500-ге тең.

а) Мемлекеттік бюджет сальдосы оң мән бе, әлде теріс мән бе?

ә) Мемлекеттік бюджеттің циклдік тапшылығы қанша?

3.Экономика келесідей мәліметтермен берілген.

C = 20 + 0,8 (Y – T + F) (тұтыну)

I = 60 (инвестиция)

T = 40 (салықтар)

F = 10 (трансферттер)

G = 30 (мемлекеттік шығын)

а) Тепе-теңдік кіріс деңгейін есептеңдер.

ә) Мемлекет салық деңгейін 40-тан 50-ге дейін жоғарылатты (мемлекеттік шығындар G = 30).