Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Макро УММ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
594.94 Кб
Скачать

4.Ұлттық табыс қалыптасу мен бөліну есеп

  1. Өнім шығару көлемі жоспарланған шығыннан асқан кезде, онда төмендегі тұжырымдарды айтуға болады

а) Өткізілмеген өнім қоры өседі, ал өнім шығару деңгейі төмендейді

ә) Өткізілмеген өнімм қоры өседі және өнім шығару деңгейі де өседі

б) Өткізілмеген өнім қоры төмендейді және өнім шығару деңгейі де төмендейді

в) Өткізілмеген өнім қоры төмендейді, ал өнім шығару деңгейі өседі

  1. Жаңа технологиялық құрал енгізгеннен кейін банк жүйесінде ақша айналу жылдамдығы көбейеді. Орталық банк экономикада өнім көлемі және баға деңгейін қалыптастыру үшін ақша ұсынысын өзгертті. Орталық банктің қалыптастыру саясыты қалай болатынын графикте көрсетіңдер.

  2. Алғашында экономика өзінің әлуетті (Y*) деңгейінде жұмыс істейді дейік. Кейіннен шок әсерінен әрбір баға деңгейі белгісінде жиынтық сұраныс төмендейді. Бұл қатаң жағдайында тудырады:

а) Жұмыссыздық деңгейінің жоғарылауын

ә) Экономикадағы капитал қорының азаюын

б) Әлуетті ЖҰӨ төмендеуін

в) Жұмыс айлығының және бағаның жоғарылауын

  1. Экономика келесі көрсеткіштермен сипатталады:

Y = C + I + G + Xn

C = 300 + 0,8Yd

I = 200 + 0,2Y

Xn = 100 - 0,04Y

G = 200

t= 0,2

Анықау керек:

а) Табыстың тепе-теңдік деңгейін;

ә) Автономды шығындар мультипликаторының көлемін.

5.Экономика төменгі мәліметтермен өрнектелген.

Нақты табыс Y = 4000 долл. Тұтынудың шекті бейімділігі МРС = 0,8. Тепе- теңдік табыс Y* = 4200 долл.

  1. а) Экономика тепе-теңдік жағдайда болуы үшін (Y* = 4200 долл.) мемлекеттік шығындар қалай өзгеруге тиісті? ( Басқа шарттары тұрақты деп жорамалдаймыз.)

ә) Экономика тепе-теңдік жағдайда болуы үшін салық түсімі қалай өзгеруге тиісті?

6. А мемлекетіндегі экономиканы кейнс үлгісі төмендегідей бейнелейді.

(Баға тұрақты деп жорамалдаймыз.)

1) Cd=200 + 0,8 Yd – болжанған тұтыну шығындары.

2) GNP=Yd – ЖҰӨ

3) Id=160 – болжанған инвестиция

4) G=500 млн.долл.

Таза экспорт нөлге тең.

Y=(GNP – 500)+200+0,8 160+500

Табу керек

a) А мемлекеті үшін жиынтық шығындар қисығын салу

ә) ЖҰӨ-нің тепе-теңдік көлемін табу және графикте көрсету

б) Мультипликатордың мәнін анықтау.

7. Төмендегідей мәліметтер берілген:

Cd=1000 + 0,9 Yd

G=600

Id=390

T=400

Yd=Y - T

B=T -C

Nх=0.

    1. Мемлекетте жұмыспен толық қамтылған жағдай болу үшін мемлекеттік шығындар қалай өзгеруге тиісті?

8. Экономикада төмендегідей мәліметтер берілген:

Y=5000

C=3200

I=900

G=1000

T=900

  1. Мемлекет бюджетінің тапшылығын анықтаңдар.

5. Жалпы макроэкономикалық теңдестік. Есеп

1. Кестеде жиынтық сұраныстың негізгі құрауыштарының динамикасына әсер ететін бағадан тәуелсіз факторлар көрсетілген. Осы кестені толтырыңдар Екінші бағанада сәйкес келетін жиынтық сұраныстың құрауыштарын, ал үшіншісіне оның өзгерісін ( өсу (+), кему (-)) көрсетіңдер.

Факторлар

Жиынтық сұраныс

құраушы

Өзгеріс

а) Халықтың өсуі

тұтыну

(+)

ә) Ақшаға ұсыныстың қысқаруы

б) Жеке салықтардың өсуі

в) Басқа мемлекеттердегі болжанып отырған рецессия

г) Тұрғын үйлерге бағаның өсуі

д) Экономикада болжанып отырған рецессия

2. Төмендегі суретте жиынтық сұраныстың (Demand) және жиынтық ұсыныстың (Supply) қисықтары берілген. Жиынтық сұраныстың қисығы солға жылжиды.

а) Сұраныс қисығының қозғалысы баға деңгейіне қалай әсер етеді?

ә) Сұраныс қисығының қозғалысы баға деңгейіне қалай әсер етеді? Оның көлемі қалай өзгереді.

б) Егер экономикада өнім өндіру 50%-ға қысқарса, жиынтық ұсыныс қисығы қалай өзгереді?

  1. Суретте жиынтық сұраныс қисығы көрсетілген

а) Егер жиынтық ұсыныс қисығы вертикальды сызықта, нақты ЖҰӨ деңгейі 140 млрд. Долларға тең болса онда тепе-теңдік көлемінде бағаның деңгейі нешеге тең болады?

ә) Егер жиынтық ұсыныс қисығы горизонтальды сызық, баға деңгейі 120-ға тең болса, онда тепе-теңдік ЖҰӨ нешеге тең?

б) Егер жиынтық ұсыныс функциясы келесі түрде берілсе: P = - 40+Q (мұндағы; P – баға деңгейі, ал Q – нақты ЖҰӨ көлемі), онда өнімнің нақты көлемі және баға деңгейі неге тең?

4. Кестеде жиынтық ұсынысты сипаттайтын мәліметтер берілген

Баға деңгейі

Нақты түрдегі өндірілген ЖҰӨ

250

2000

255

2000

200

1900

175

1700

150

1400

125

1000

125

500

125

0

а) Табу керек:

  1. Жиынтық ұсыныс қисығы кейнстік кесіндіде болғанда, нақты ЖҰӨ көлемі қандай арлықта өзгереді?

  2. Жиынтық ұсыныс қисығы классикалық кесіндіде болғанда, нақы қандай ЖҰӨ көлемі және баға деңгейі қандай аралықта өзгереді?

  3. Жиынтық ұсыныс қисығы аралық кесіндіде болғанда, нақты ЖҰӨ көлемі қандай арлықта өзгереді?

ә) Төмендегі суретті пайдаланып, жиынтық ұсыныстың графигін сыз.

б) Кестеде жиынтық сұраныс функциясының 3 варианты берілген. Төмендегі кестеде берілген 3 вариантқа сәйкес келетін АД1, АД2 және АД3 жиынтық сұраныс қисығын сыз, 3 варианттың әрқайсысына ЖҰӨ тепе-теңдік көлемін және бағаның тепе-теңдік деңгейін анықтаңдар.

Баға деңгейі

Нақты ЖҰӨ көлемі

(1)

(2)

(3)

250

1400

1900

400

225

1500

2000

500

200

1600

2100

600

175

1700

2200

700

150

1800

2300

800

125

1900

2400

900

100

2000

2500

1000

5. Суретте 6 Жиынтық сұраныс қисығы және жиынтық ұсыныс қисығы берілген.

а) Егер оның сұраныс қисығы АД1-ден АД2-ге; АД3-тен АД-ке; АД5-тен АД-ға орын ауыстыратын болса, онда жиынтық сұраныстың динамикасын анықтаңдар.

AS

АД6

АД5

АД4

АД2 АД3

АД1

Нақты ЖҰӨ

ә) АД1 қисығының АД2-ге орын ауыстыруы нақты ЖҰӨ мен баға деңгейінің динамикасына қалай әсер етеді?

б) АД3 қисығының АД4-ке орын ауыстыруы нақты ЖҰӨ мен баға деңгейінің динамикасына қалай әсер етеді?

в) АД5 қисығының АД6-ға орын ауыстыруы нақты ЖҰӨ мен баға деңгейінің динамикасына қалай әсер етеді?

г) Егер суреттегі АД қисығы солға жылжыса, жиынтық сұраныс қалай өзгереді?

д) Егер АД солға жылжыса, онда жиынтық сұраныстың өзгеруі ЖҰӨ мен баға деңгейінің динамикасына қалай әсер етеді?