- •Модулінің «Ішкі жұқпалы емес аурулар клиникалық балаумен» пәндері бойынша оқу бағдарламасы (силлабус)
- •1.1. Пәннің қысқаша мазмұны
- •1.Пәннің сипаттамасы
- •1.3. Оқыту нәтижелері:
- •2014-2015 Оқу жылының 6,7,8 семестрі бойынша 5в120100-Ветеринарлық медицина мамандығының 3,4 курс студенттеріне арналған «Ішкі жұқпалы емес аурулар клиникалық балаумен»
- •Пәні бойынша тақырыптық жоспар
- •Пәннің мазмұны
- •3. Дәріс жоспары
- •7 Семестр
- •8 Семестр
- •4. Практикалық сабақтар жоспары
- •5.Зертханалық сабақтар жоспары
- •8. Оқытушының талаптары
- •9. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
- •6 Семестр (3 кредит)
- •7 Семестр (2 кредит)
- •8 Семестр (2 кредит)
- •10. Ұсынылған әдебиеттер:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық- техникалық университеті
«Ветеринарлық медицина және биотехнология» факультетінің 5B120100 – «Ветеринарлық медицина» мамандығының
3,4 курс студенттеріне арналған
«Жануарлардың ішкі аурулары клиникалық балаумен»
Модулінің «Ішкі жұқпалы емес аурулар клиникалық балаумен» пәндері бойынша оқу бағдарламасы (силлабус)
Орал 2014 ж.
«Жануарлардың ішкі аурулары клиникалық балаумен» модулінің
«Ішкі жұқпалы емес аурулар клиникалық балаумен» пәндері
(міндетті компонент) бойынша оқу бағдарламасы (силлабус)
Құрастырушы: а.ш.ғ.к., доцент м.а. Жубантаев И.Н.
в.ғ.м., аға оқытушы Ищанова А.С.
«Жұқпалы емес аурулар және морфология» кафедрасы
«Ветеринарлық медицина және биотехнология» факультеті, 311- кабинет
Оқу бағдарламасы (силлабус) ҚР Білім және ғылым министрлігімен 2006 ж. бекітілген 5B120100 – «Ветеринарлық медицина» мамандығына арналған «Ішкі жұқпалы емес аурулар клиникалық балау рентгенологиясымен» пәнінің типтік оқу бағдарламасына негізделіп жасалынды
Кредит саны – 7
Дәріс – 35 сағат
Практикалық – 35 сағат
Зертханалық – 70 сағат
БАОӨЖ – 35 сағат
БАӨЖ – 140 сағат
Барлығы – 315 сағат
Бақылау түрі – емтихан
1.1. Пәннің қысқаша мазмұны
1.Пәннің сипаттамасы
«Ішкі жұқпалы емес аурулар клиникалық балаумен» пәні жоғары оқу орындарының «Ветеринарлық медицина» мамандарын дайындауында негізгі пән болып саналады.
1.1.Пәннің пререквизиттері: Пәнді игеру үшін жалпы биологиялық, жалпы ветеринарлық және клиникалық пәндерді, соның ішінде анатомия, физиология, биохимия, патологиялық физиология және микробиология т.б. пәндерді игере білу қажет.
1.2. Пәнді оқудың мақсаты: Пәннің негізгі мақсаты – студенттерді, ауру малдарды белгілеп шығару үшін, жаңа клиникалық, зертханалық және арнайы зерттеулер әдістерін игеруді үйрету, алынған мәліметтерді талқылай білу, жануарлардың анатомо-физиологиялық ерекшеліктеріне дұрыс баға беру.
Сонымен қатар, жалпы және жеке алдын-алуда, этиологиясында, патогенезінде, симптоматикасында, ауру барысында, оны балауда, дифференциалдық балауда, емінде, ішкі орган ауруларының алдын-алуының ерекше шараларын үйрету мақсатында теоретикалық және практикалық білім береді.
1.3. Оқыту нәтижелері:
«Ішкі жұқпалы емес аурулар клиникалық балаумен» пәнінің басты негізгі міндеті болашақ мамандарды ауру себептерін дұрыс талқылап білуін, аурудың барысының механизмін білуін және оптималдық емдік алдын-алу шараларын өткізуін үйретеді.
А. Ауру малдардың клинико-зертханалық зерттеулердің жаңа әдістерін, аурудың өту үрдісінің әдістемесін ажыратып білу, лабораторлық зерттеуге биоматериалды алу ережесін, малдармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздікті сақтау;
В. Аурулардың классификациясын, олардың этиологиясын, патогенезін, симптоматикасын, балаудың жаңа әдістерін, дифференциалдық балау әдістерін, емдік және алдын-алу шараларының ең тиімді түрлерін, ішкі жұқпалы емес аурулар және олардан болатын экономикалық шығын бойынша ветеринарлық есеп-берудің №2 формасын талдау;
С. Аурулардың симптоматологиясын ажыратып білу, диагнозды дұрыс қою бағытын, терапевтикалық техникасымен физиотерапия негіздерін білу;
Д. Аспапты – лабораторлық және физикалық зерттеу әдістерін уақытым тиімді қолдану, жануарлардан қан, несеп, нәжіс және т.б. алып білу, олардың анализін өткізіп білу;
Е. Малдың жалпы күйі туралы өзі ерікті түрде шешім қабылдау, ауру малдардың, олардың жеке ерекшеліктеріне қарай емдік шараларын өткізу және диспансеризацияны жүргізу.
1.5.Пәннің постреквизиттері: Пәнді әрі қарай игеру үшін қосымша арнайы клиникалық пәндер – хирургия, акушерство, эпизоотология, патологиялық анатомия, фармакология және токсикология клиникалық пәндерімен тығыз байланысты.
