Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Otchet_praktika_1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
687.62 Кб
Скачать

4.Қауіпсіздік ережесі

1.Компьютерді тоққа қосатын сымдарға, қос тілді розеткілерге, штеккеелерге тиісуге және жабдықтарды мұғалімнің рұқсатынсыз жылжытуға тыйым салынады.

2.Дербес компьютерде суланған қолмен және дымқыл киіммен жұмыс істеуге болмайды;

3.Компьютердің жанына портфельдер,сумкалар,кітаптар қоюға тйым салынады.Үстелде қалам мен дәптер ғана болуы тиіс.

4.Пернелік тақта үстіне артық заттар қоюға болмайды;

5.Компьютерлік сыныпта жүгіруге,ойнауға, жанындағы құрбыларын аландатуға, бөгде жұмыстармен шұғылдануға тыйым салынады.

6.Мұғалімнің рұқсатынсыз сыныптан шығуға және кіруге болмайды.

7.Оқушы компьютермен жұмыс жасау кезінде техника қауіпсіздігі талаптарын орындау ережесімен танысқандығы туралы журналды толтырады.

8.Дербес компьютерде жұмыс жасау алдындағы қауіпсіздік ережесінің талаптары:

9.Дербес компьютерді іске қосу кезінде оның сыртқы қорабының дұрыс жұмыс жасап тұрғандығына және сымдарының қатесіз жалғанғанына көз жеткізу керек;

10.Жұмыс жасау кезінде сымдардың дұрыс жалғанғанына ерекше көңіл бөлінуі керек.

11.Жұмыс орнына бекітілген тіркеу журналына керекті мағлұматтарды енгізіп, белгі жасау қажет.

12.Оқушының дербес компьютермен жұмыс жасау кезіндегі техника қауіпсіздігінің ережесіне қойылатын талаптар:

13.ЭЕМ – мен жұмыс жасау кезінде көзді экраннан 60-70см қашықтықта ұстау керек;

Еңбекті қорғау ережесі

1.Жұмыс берушінің міндеті жеке және коллективті шарт бойынша жұмыскерлерге жағдай туғызады.

2.Жұмыскерлерден түскен ұсыныс түскен кезде арнаулы түрде қарау, шарт жасау.

3.Жұмыскерлерді жұмыс атқару үшін уақытында материал,жабдықтармен қамтамасыз ету.

4.Жұмысқа алған кезде:а) техникалық қауіпсіздік актісімен таныстырад; ә)коллективтік шартпен таныстырады.

5.Қазақстан Республикасының нормативті актілермен сәйкес заң тиген кезде шығынын шығарып беру.

6.Егер де адам өміріне қауіп төнетін болса жұмысын тоқтату керек.

7.Егер де жұмыскер техникалық қауіпсіздік емтиханын тапсыра алмаса,ол жұмыстан шығады.

8.Берілген сақтандыру құралды қолданбаса жұмысшы жұмыстан босатылады.

9.Медициналық тексеруден өтпесе жұмысқа алмайды.

10.Жұмыстан босатқан кезде еңбек ақысы сақталмайды.

11.Өте қауіпті жерде жұмыс атқарар алдында жұмыскерлер медициналық тексерістен өтеді.

12.Өндіріс жұмыскерлері арнаулы түрде сақтандырғыш орындармен шарт жасасу керек.

13.Жұмыс атқарған кезде денсаулыққа зиян келетін жағдай туса,жұмысты топтау керек, жоғарғы басқармаға қауіп туралы жеткізу керек.

14.Атқаратын жұмыс істеу уақыты ( ауыр жұмыстарда,денсаулыққа зиян келетін жұмыстарда бір сағаттан аспауы керек. Басқа уақыттарда екі сағаттан.)

15.Өте қауіпті жұмыстарда артық жұмыс істеу уақыты ескерілмейді,тыйым салынады.

16.Суық кезде ашық ауада жұмыс істеген кезде жылынуға уақыт беріледі.Ол жұмыс уақыты деп есептелінеді.

17.Жұмыс істеп жүрген кезде жарақат алса, жұмыс беруші жалақы береді.

18.Жазатайым оқиғаларды, апаттарды және қоршаған ортаға зиян келтірумен байланысты қауіпті азайту;

19.Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтірумен байланысты қауіпті азайту;

20.Жұмыс орындарында қауіпсіз еңбек ету жағдайларын қамтамасыз ету;

21.Қызметкерлердің еңбекті қорғау,қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау саласы бойынша біліктілік деңгейін үздіксіз арттыру;

22.Өнеркәсіп қауіпсіздігі , қоршаған ортаға келтірілетін зиянды әсер бойынша қауіпсіздік шараларын тұрақты түрде жетілдіру;

23.Апаттық жағдайларда қабылдау үшін тиісті басқару шешімдеріне қажетті шұғыл ақпарат алуды қамтамасыз ету.

24.Қызметкерлердің денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтіруі мүмкін апаттық жағдайлар мен оқиғалардың алдын алу үшін қолжетімді және қисынды шараларды жүзеге асыру,апаттар туындаған жағдайда олардың қызметкерлердің денсаулығы мен қоршаған ортаға келтіретін зиянын азайту бойынша шаралар қолдану;

25.Контрагенттер мен олардың қосалқы мердігерлерінен өнеркәсіптік қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғау бойынша тиісті стандарттар мен нормалардың сақталуын талап ету;

26.Қауіпсіздік шаралары мен қоршаған ортаны қорғауға қатысты барлық нормалар мен ережелерді сақтау;

27.Тұрақты мониторинг жүргізу және қажеттілігіне қарай еңбек ету жағдайларын жақсарту;

28.Қойылған міндеттерді орындау үшін қауіпсіз жадықпен қамтамасыз ету,

29.Барлық қызметкерлерін қауіпсіздік шараларына белсенді түрде қатыстыру;

30.Жұмыс орындарында қауіпсіздік және сақтық шараларын жүзеге асыру;

Өнеркәсіптік қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғау салаларында қауіпсіздік шараларын әзірлеу және оларды орындаудың тиімді процедураларын құрастыру.

31.Апаттық жағдайлар мен апаттар туындауының алдын алуды басты назарда ұстайды.Апат немесе қақтығыстар туындаған жағдайда олардың салдарын жою, зиянын азайту,туындау себептерін анықтау және жою бойынша өз қызметкерлерінің әрекетіне сенім артады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]