Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МТ_УМК_каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.79 Mб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ.И.СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар институты

Есептеу техника кафедрасы

А.О.Сағымбекова

Мультимедиа технологиялар

(5В100200 – «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» мамандығы үшін)

Пәннің оқу-әдістемелік кешені

Алматы 2012

ҚҰРАСТЫРУШЫ: А.О. Сағымбекова. Мультимедиа технологиялар. Пәннің оқу-әдістемелік кешені (5В100200 – «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» мамандығы үшін). –Алматы: Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ, 2012. С.1-72

Аңдатпа (аннотация). Оқу-әдістемелік кешен 5В100200 – «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» мамандықтарының студенттері үшін «Мультимедиа технологиялар» пәнінен толық әдістемелік қамтаманы қамтиды. Оқу-әдістемелік кешен студенттерге динамикалық көріністерді құрудың негізгі принциптері мен оларды қолдануды үйретеді, мысалы: мультипликация, презентациялар, жарнамалық клиптер және мультимедиялық оқыту жүйелері; стеганографиктік жүйелерде ақпаратты жасыру үшін мультимедиалық қосымшаларды қолдану мүмкіндігін үйретуді қамтамасыз етеді. Студенттердің пәндік оқу-әдістемелік кешені (СП ОӘК) нақты курстың негізін анықтайтын құжат болып табылады. Оқу-әдістемелік кешен студенттерге пәнді оқу алында беріледі және ол пәннің оқу бағдарламасы (Syllabus), курстың оқу жоспары, студенттерге арналған өзіндік жұмыстар бойынша тапсырмалар жүйесі, пән бойынша есеп беру жұмыстарын орындау кестесі, өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалары, жазбаша жұмыс тақырыптары және емтихан сұрақтарының тізімінен тұрады. СП ОӘК дайындау және пайдалану мынадай міндеттерді шешуге бағытталуы тиіс: нақты мамандықтың білім бағдарламасындағы оқу пәнінің орны мен рөлін анықтау; білім бағдарламасын пәнаралық логикалық байланыспен іске асыру; оқу мерзімін тақырып және оқу сабақтарының түрі бойынша бөлу; студенттердің аудиториялық және аудиториядан тыс уақыттағы өздік жұмыстарын ұйымдастыру; студенттердің танымдық және шығармашылық жұмысын белсендіру; оқу және зерттеу жұмыстарының өзара байланысын қамтамасыз ету.

Нәтижелік жол (9 кесте, 10 сурет)

Пікір беруші: техн.ғыл.канд., доцент Касимов А.О.

Қазақстан Республикасы Ғылым және білім министрлігімен 20__ жылғы бекітілген типтік оқу бағдарламасы бойынша басылымға шығарылады

© Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ, 2012

1 Пәннің оқу бағдарламасы – Syllabus

1.1 Оқытушылар жөніндегі деректер:

Пәнді жүргізуші: Сағымбекова Ажар Орынғалиқызы, «Есептеу техника» кафедрасының аға оқытушысы.

Байланыс телефондары: 257-71-60

Кафедрада болу уақыты

ауд. 211 БОҒК, 9.00-18.00

1.2 Пән жөніндегі деректер:

Аты Мультимедиа технологиялар

Кредиттер саны 2 (екі)

Өткізетін орны Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ аудиториялары

1-кесте

Оқу жоспарынан көшірме

Курс

Семестр

Кредиттер

Аптадағы академиялық сағаттар

Бақылау формасы

Дәрістер

Зертх.сабақтар

СОӨЖ

СӨЖ

Барлығы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

2

4

2

1

1

2

2

6

Емтихан

1.3 Алдыңғы реквизит: «Мультимедиа технологиялар» пәні «Информатика», «Ақпарат теориясы» пәндерінде алынған білімге негізделеді.

1.4 Кейінгі реквизиттер: «Мультимедиа технологиялар» пәнін оқу барысында алынатын білім мен машықтар дипломдық жобалау кезінде қолданылады.

1.5 Қысқаша түсінік

Пәнді оқыту мақсаты. «Мультимедиа технологиялар» пәнін оқытудың мақсаты динамикалық көріністерді құру принциптерін үйрену және оларды мультипликацияда, презентацияларды, жарнамалық клиптерді және мультимедиялық оқыту жүйелерін құруда қолдану; мультимедиялық объектілерді стеганографиялық жүйелерде ақпаратты жасыру мақсатымен қолдану болып табылады.

Пәнді оқыту міндеттері. Пәнді оқытудың міндеттері мультимедиа өнімін құрудың кезеңдері мен технологиясын, мультимедианың құру құралдары мен компоненттерін, замануи мультимедиа технологияларын үйрену, стеганографиялық жүйелерде мультимедиа технологияларын қолдануды үйрену болып табылады.