
- •Тақырыбы: жтд тәжірибесінде бронх демікпесі Орындаған: Алтай м.М.
- •Емдеу принциптері
- •Бронхиалды демікпемен ауыратын науқастарды жүргізу компоненттері
- •Білім беру бағдарламалары
- •Бронх кеңейткіш препараттар
- •2 Аптадан кейін қаралу
- •4 Саты – Демікпенің ауыр сатысында алдын алу қиынға соқтырады
- •Қолданылған әдебиеттер:
- •Внутренние болезни: учебник: в 2 т./Под ред№ н.А.Мухина, в.С.Моисеева, а.И. Мартынова. 2-е из., испр. И доп. – м.: гэотар-Медиа, 2011. 386-415с.
- •Внутренние болезни: Учебник. Маколкин в.И., Овчаренко с.И. – 5-ое изд7. М.: оао «Издательство «Медицина», 2005. – 67-85 с.
С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ |
|
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА |
АМБУЛАТОРЛЫ-ЕМХАНАЛЫҚ ТЕРАПИЯ КАФЕДРАСЫ СӨЖ |
СӨЖ
Тақырыбы: жтд тәжірибесінде бронх демікпесі Орындаған: Алтай м.М.
Тексерген: Ногаева М.Г.
Факультет: Жалпы медицины
Курс: V
Топ: 24-1
Алматы 2015 ж.
Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
ІІІ. Қорытынды
ІV. Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Бронхиалды астма – тыныс алу жолдарының созылмалы қабыну ауруы, ол бронхтардың гиперреактивтілігімен және қайталамалы ентігу, тыныс алудың қиындауымен, азанда немесе түндегі жөтелмен сипатталады.
Қазіргі заманда бронх демікпесі тыныс алу жүйесінің жиі кездесетін аурулардың қатарына кіреді.
Таралу жиілігі 3% пен 8% арасныда.
Бронхиалды астманың негізінде тыныс алу жолдарының созылмалы инфекционды емес қабынуы жатыр.
Аурудың дамуына сыртқы және ішкі фактарлар жағдай жасайды.
Ішкі факторларға жатады:
Иммунды, эндокринді жүйенің биологиялық дефектілері
ОЖЖ дефектісі
Бронхтардың сезімталдылығы мен реактивтілігінің өзгеруі
Мукоцилиарлы клиренс бұзылысы
Өкпе тамырларының эндотелийдегі дефектілер
Сыртқы факторларға жатады:
Аллергендер (тағамдық, шаң-тозаңдық, дәрілік, өндірістік, жәндіктік т.б.)
Инфекциялар (вирустар, саңырауқұлақтар, бактериялардың кейбір түрлері)
Механикалық және химиялық тітіркендіргіштер
Метеорологиялық және физико-химиялық факторлар ( температура, ылғалдылық, барометрлік қысым өзгерістері т.б.)
Физикалық күштеме мен стресстік жағдайлар
Фармакологиялық әсерлер (бета-адреноблокаторлар, стероидты емес қабынаға қарсы препараттар)
Емдеу принциптері
Бронхиалды демікпемен ауыратын науқастарды жүргізу компоненттері
№ |
Компоненттер |
1 |
Жүргізу кезінде науқаспен қарым-қатынас орнату үшін науқастарды оқыту |
2 |
Симптомдарды жазу, өкпе қызметін өлшеу арқылы симптомдардың ауырлығын бағалау және мониторинг жүргізу |
3 |
Қауіп-қатер факторларының әсерін жою |
4 |
Науқасты ұзақ уақыт жүргізу үшін, дәрілік терапияның индивидуалды жоспарын құру |
5 |
Өршуді басуға арналған индивидуалды жоспарды құру |
6 |
Тұрақты динамикалық бақылауды қамтамасыз ету |