
- •Сырқатнама
- •Шағымдары:
- •Anamnesis morbi (сырқаттың даму тарихы):
- •Anamnesis vitae (науқастың өмір тарихы):
- •Status praesens objectivus (науқастың қазіргі жағдайы):
- •Тыныс алу жүйесі.
- •Жүрек - қантамыр жүйесі.
- •Ас қорыту жүйесі.
- •Несеп бөлу жүйесі.
- •Нерв және психикалық жағдайы.
- •Зертханалық мәліметтер.
Ас қорыту жүйесі.
Шағымдары жоқ. Тағамға тәбеті қалыпты. Лоқсу, құсу, іш аймағында ауру сезімі жоқ. Нәжіс қалыпты, күнделікті.
Ауыз қуысы: ұрттың, жұмсақ және қатты таңдайдың, жұтқыншақтың артқы қабырғасының және таңдайдың доғашықтардың шырышты қабаты қызғылт түсті, таза, ылғалды. Бадамшалар таңдайлық доғалықтың артында, үлкеймеген. Ауыз қуысында жағымсыз иістер жоқ.
Қызыл иек өзгеріссіз. Тіл көлемі қалыпты, таңқурай түстес, қызғылт түсті.
Тістерінің жағдайы қалыпты, зақымдалған тістері жоқ.
Құрсақ пальпациясы: беткейлік пальпацияда: ауыру сезімі жоқ, ісінбеген; Эпигастральды пульсация анықталмайды.
Құрсақ қуысының шеңбері тұрған қалпында -75см.
Терең пальпацияда: сигма тәріздес ішек – сол мықын аймағында, цилиндр тәріздес, серпімділігі сақталған, беті тегіс, ені -4,5 см; қозғалысты, шұрылдамайды, соқыр ішек диаметрі – 4 см; эластикалық, қабырғасы тегіс, түзу, қозғалғыштығы жеткілікті, оң жақ мықын қыры мен кіндіктің 1/3 аралығында орналасқан, серпімді, қабырғасы тегіс. Жиек ішек – тегіс, түзу, қозғалғыштығы қалыпты, серпімділігі сақталған, ауыру сезімінсіз.
Бауыр пальпациясы: ауыру сезімі жоқ;
Бауыр перкуссиясы: тұйық перкуторлы дыбыс естіледі, Курлов бойынша оң жақ бұғана ортаңғы сызығы бойынша 9см, алдыңғы орта сызық бойынша 8см, сол қабырға доғасы бойынша 7см.
Өт қабы пальпацияланбайды;
Көкбауыр пальпациясы: пальпацияланбайды, ауырмайды;
Көкбауыр перкуссиясы: тұйық перкуторлы дыбыс , сол жақ қолтық асты ортаңғы сызығы бойымен 9-11 қабырға аралығында. Тұйықталу ені 5см, ұзындығы 7 см.
Ұйқы безі проекциялану аймағында ауру сезімінсіз. Щеткин-Блюмберг симптомы іштің барлық аймағында – теріс. Құрсақ қуысында бос сұйықтық жоқ.
Несеп бөлу жүйесі.
Зәр ашық-сары түсті, мөлдір.
Бел аймағын қарап тексергенде гиперемия, ісіну анықталмайды. Бүйректер пальпацияланбайды. Ұрғылау симптомы теріс. Пальпация кезінде қуық аймағында ауру сезімі анықталмайды. Зәр шығару жиіленген, күніне 10 реттей, ауру сезімімен жүреді.
Нерв және психикалық жағдайы.
Есі анық, сөзі өзгермеген. Сезгіштігі сақталған. Жүрісі бұзылмаған. Ромберг кейпінде тұрақты. Көз алмасының, қарашықтардың жағдайы және көздің рефлекстері қалыпты. Көру кеңістігі қалыпты. Дәм сезу, сипап сезуі қалыпты. Естуі қалыпты.Есте сақтауы, ұйқысы бұзылмаған. Менингиальдық симптомдар - теріс.
Зертханалық мәліметтер.
Биохимиялық қан анализі.
Атауы |
Анализ |
Қалыпты мөлшері |
Жалпы билирубин |
9,1 ммоль\л |
8,5-20,5 |
Жалпы белок |
80,7г\л |
65-85 |
Альбумин |
42 г/л |
|
Глобулин |
30,4 г/л |
|
Липопротеид |
52 бірлік |
|
глюкоза |
5,3 ммоль\л |
3,7-6,1 |
АсАТ |
40 бірлік |
5-40 |
АлАТ |
8 бірлік |
8-56 |
Мочевина |
3,4 ммоль/л |
2,51-8,35 |
Креатинин |
0,045 ммоль\л |
0,044-0,1 |
Қорытынды: Өзгеріс жоқ.
Жалпы қан анализі.
Атауы |
Анализ |
Қалыпты мөлшері |
Нв |
115 г\л |
130-160 |
Эритроциттер |
3,9*1012\л |
3,5-4,5 |
Түстік көрсеткіш |
0,9 |
0,86-1,05 |
Лейкоциттер |
12,9*109\л |
4,0-9,0 |
ЭТЖ |
30 мм\сағ |
1-15 |
Таяқша ядролылар |
12 % |
2-4% |
Сегмент ядролылар |
73% |
45-70% |
Эозинофильдер |
0% |
1-5% |
Лимфоциттер |
13% |
19-40% |
Моноциттер |
3% |
3-11% |
Тромбоциттер |
180*109\л |
180-320% |
Нейтрофильдердің токсинді дәнділігі++
Қорытынды: Лейкоцитоз, солға жылжу, нейтрофильдердің токсинді дәнділігі, ЭТЖ жеделдеуі қабынудың барын айқындайды.
Жалпы зәр анализі:
Атауы |
Анализ |
Қалыпты |
Түсі |
сары |
Ашық сары |
Тығыздығы |
1020 |
1005-1025 |
Эпителий жасушалары |
6 көру аймағында |
0-3 |
Лейкоцит |
6 көру аймағында |
2-4 |
Эритроцит |
3,6 |
1-2 |
Реакция |
қышқыл |
қышқыл |
Қорытынды: Протеинурия, айқын лейкоцитурия, эритроцитурия, эпителиальды жасушалар.
Зимницкий бойынша зәр анализі:
Уақыты: |
Зәр мөлшері: |
Салыстырмалы тығыздығы: |
6.00-9.00 |
195,0 |
1012 |
9.00-12.00 |
55,0 |
1012 |
12.00-15.00 |
50,0 |
1021 |
15.00-18.00 |
45,0 |
1027 |
18.00-21.00 |
40,0 |
1022 |
21.00-24.00 |
20,0 |
1022 |
24.00-03.00 |
140,0 |
1007 |
03.00-06.00 |
180,0 |
1003 |
Қорытынды: Тығыздығының ауытқуы: 1003-1027 аралығында. Тәулік бойы 725 мл зәр бөлінді, күндізгі және түнгі диурез арақатынасы 405/320мл – түнгі диурез тәуліктік зәрдің жартысына жуығын қамтиды. Бұл бүйрек функциясының бұзылысын білдіреді.
Реберг сынамасы:
Тәуліктік зәр 725 мл.
Минуттық диурез 0,5 мл.
Қан креатинині 71 мкмоль/л
Зәр креатинині 3,6 мкмоль/л
Эндогенді креатинин клиренсі 52 мл/мин
Су реабсорбциясы 99%
Зәрдегі аммиак 18,0 ммоль/тәулігіне
Қорытынды: эндогенді креатинин клиренсі төмендеуі (бүйректің фильтрациялық қызметінің бұзылуы), зәрдегі аммиактың төмендеуі (бүйректің тубулярлық функциясының төмендеуі).
УДЗ: Қорытынды: қуық қабырғасының диффузды өзгерісі, пиелэктазия.
Клиникалық диагноз: Жедел пиелонефрит. Екіншілік обструктивті
Диагноз негізделуі:
Ауру ЖРВИ негізінде пайда болған;
Интоксикация симптомдары: дене температурасы көтерілуі: 40,50С, тері жабындыларының бозаруы;
Ауру сезімімен, жиі зәр шығару;
Оң жақ бүйірінде шаншып ауыру сезімі;
Лейкоцитурия, протеинурия;
Екіншілік обструктивті болу себебі: сырқат пиелэктазия себебінен болғандықтан (УДЗ қорытындысы бойынша);
Емі:
Ем-дәм: ащы, қуырылған, тұздалған тағамдарды, дәмдеуіштерді шектеу. Көп мөлшерде сұйықтық ішу, диуретикалық әсерлі жеміс-жидектер.
Антибактериальды терапия:
Rp.: Ampicillini 1.0
D.t.d. № 20 in tab.
S. 1 таблеткадан күніне 4 рет.
3) Уросептиктер:
Rp.: Tab. Furazolidoni 0.05 № 20
D.S. 2 таблеткадан күніне 4 рет.
4) Анальгетиктер: но-шпа 1 таб. 3рет күніне
5) Витаминотерапия:
Rp.: Sol.Acidi ascorbinici 5%-1ml
D.t.d. № 10 in amp.
S. бұлшық етке 2 мл-дан күніне 1 рет
Rp.: Thiamini chloride 2.5%-1ml
D.t.d. № 10 in amp.
S. бұлшық етке 1 мл-дан күніне 1рет
Кеңес:
Диета: ащы, тұзды, қуырылған тағамдарды шектеу.
Суықтаудан сақтану;
Физикалық жүктемелерді шектеу;
Нефрологтың қарауында болу;