Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дйсенбай . СРС Урология.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
85.16 Кб
Скачать

ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

С.Д.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РК

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ

УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

Кафедра: Урология

СӨЖ

Сырқатнама

Тақырыбы: Жедел пиелонефрит.

Қабылдаған: Танекеев Руслан Өтенұлы

Тобы: 11-018-1к

Факультет: жалпы медицина

Курсы: 4

Орындаған: Дүйсенбай Ә.

Төлқұжат бөлімі.

Тегі, аты, әкесінің аты: Қорғанбай Ардақ Төлегенұлы

Жасы: 31

Жынысы: ер

Мекен-жайы: Самал 3, Байжанов көшесі 21/3

Жұмыс орны: ХҚКО

Мамандығы: бухгалтер

Ауруханаға түскен кезеңі: 06.10.2014

Шағымдары:

Науқас ауруханаға түскен кезде жалпы әлсіздікке, дене температурасының 39,9 0С көтерілетініне, физикалық жүктемеден соң және ұйықтар алдында оң бүйірінің шаншып ауыру сезімі, жиі және ауыру сезімімен кіші дәретке баруына шағымданады. Жөтел.

Anamnesis morbi (сырқаттың даму тарихы):

10 күн бұрын ЖРВИ-мен сырқаттанған, тамағында ауру сезімі пайда болып, 2 аптаға созылған. Емделмеген. Содан соң оң жақ бүйірі ауырып, жиі және ауру сезімімен дәретке бара бастаған. Жергілікті поликлиникаға барған. Тексеру нәтижесінде : зәр анализінде – лейкоцитурия, белок табылған. Жедел пиелонефрит, белсенді сатысы. Жедел цистит диагнозын қойған. Емханада негрем, но-шпа тағайындаған. Жағдайы нашарлаған. 3 күн бойы температурасы көтерілген. Жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді.

Anamnesis vitae (науқастың өмір тарихы):

Екінші жүктіліктен туылған. Уақытына жетіп туылған, жасына сай өсіп-жетілген. Қатарларынан физикалық және ақыл-ой дамуынан артта қалмаған. Тұрмыстық жағдайы: қанағаттанарлық, тамақтануы қалыпты. Зиянды әдеттері: темекі тартпайды, алкоголь өнімдерін шетеулі қолданады. Бұрын ЖРВИ, желшешекпен ауырғанын айтады. Туберкулез, гепатит, тері-венерологиялық аурулармен ауырмаған. Гемотрансфузия жасалынбаған. Белгілі дәрілерге, тағамдық заттарға аллергиясы болғанын байқамаған. Вакциналарды уақытылы қабылдаған. Туыстарында және өзінде психикалық жүйке аурулары болмаған.

Status praesens objectivus (науқастың қазіргі жағдайы):

Жалпы жағдайы: қанағаттанарлық

Ақыл - есі: анық, белсенді қалыпта.

Дене бітімі: гиперстеникалық

Бойы – 183, салмағы – 85 кг.

Омыртқа жотасы түзу.

Тері жабындысы: ақшыл түсті, суық, эластикалығы қалыпты. Бөртепелер, түлеу, тыртықтар жоқ.

Тері асты шел қабаты: біркелкі таралған, айқын дамыған, көзге көрінетін ісінулер жоқ.

Шырышты қабаттары: қызғылт түсті.

Мойын: пішіні өзгеріссіз, қалқанша без үлкеймеген, пальпацияланбайды, кеңейген қан тамырлары мен көрініп тұрған пульсациялар жоқ.

Лимфалық жүйесі:

  • жақ асты: бірлі жарымы пальпацияланады, жұмсақ, серпімді, қозғалмалы, ауырмайды, бұршақ тәрізді.

  • Мойын пальпацияланбайды.

  • Бұғана астылық- пальпацияланбайды.

  • Қолтық асты пальпацияланбайды.

  • Шынтақ пальпацияланбайды.

  • Шап пальпацияланбайды.

Бұлшық ет жүйесі: бұлшық ет қабаты жақсы дамыған, жиырылуы қанағаттанарлық, пальпация жасағанда ауырмайды.

Тірек – қимыл жүйесі: сымбатты. Буындардың үйлесімі, қозғалысы сақталған, ауырсыну сезімі жоқ. Туа біткен ақаулары жоқ. аяқ-қол, буындарындағы ауру сезімін жоққа шығарады. Буындары қалыпты пішінді. Буын қозғалыстарының шектелуі жоқ.

Басы: аномалиялық даму өзгерісі жоқ. Бас сүйектері мен бет сүйектерінің көлемі сақталған, пальпация жасағанда ауру сезімі анықталмайды.