Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Маманова СРС Урология.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
86.09 Кб
Скачать

Ас қорыту жүйесі.

Шағымдары жоқ. Тағамға тәбеті қалыпты. Лоқсу, құсу, іш аймағында ауру сезімі жоқ. Нәжіс қалыпты, күнделікті.

Ауыз қуысы: ұрттың, жұмсақ және қатты таңдайдың, жұтқыншақтың артқы қабырғасының және таңдайдың доғашықтардың шырышты қабаты қызғылт түсті, таза, ылғалды. Бадамшалар таңдайлық доғалықтың артында, үлкеймеген. Ауыз қуысында жағымсыз иістер жоқ.

Қызыл иек өзгеріссіз. Тіл көлемі қалыпты, таңқурай түстес, қызғылт түсті.

Тістерінің жағдайы қалыпты, зақымдалған тістері жоқ.

Құрсақ пальпациясы: беткейлік пальпацияда: ауыру сезімі жоқ, ісінбеген; Эпигастральды пульсация анықталмайды.

Құрсақ қуысының шеңбері тұрған қалпында -75см.

Терең пальпацияда: сигма тәріздес ішек – сол мықын аймағында, цилиндр тәріздес, серпімділігі сақталған, беті тегіс, ені -4,5 см; қозғалысты, шұрылдамайды, соқыр ішек диаметрі – 4 см; эластикалық, қабырғасы тегіс, түзу, қозғалғыштығы жеткілікті, оң жақ мықын қыры мен кіндіктің 1/3 аралығында орналасқан, серпімді, қабырғасы тегіс. Жиек ішек – тегіс, түзу, қозғалғыштығы қалыпты, серпімділігі сақталған, ауыру сезімінсіз.

Бауыр пальпациясы: ауыру сезімі жоқ;

Бауыр перкуссиясы: тұйық перкуторлы дыбыс естіледі, Курлов бойынша оң жақ бұғана ортаңғы сызығы бойынша 9см, алдыңғы орта сызық бойынша 8см, сол қабырға доғасы бойынша 7см.

Өт қабы пальпацияланбайды;

Көкбауыр пальпациясы: пальпацияланбайды, ауырмайды;

Көкбауыр перкуссиясы: тұйық перкуторлы дыбыс , сол жақ қолтық асты ортаңғы сызығы бойымен 9-11 қабырға аралығында. Тұйықталу ені 5см, ұзындығы 7 см.

Ұйқы безі проекциялану аймағында ауру сезімінсіз. Щеткин-Блюмберг симптомы іштің барлық аймағында – теріс. Құрсақ қуысында бос сұйықтық жоқ.

Несеп бөлу жүйесі.

Бел тұсының ауру сезіміне шағымданады. Несеп шығару жиі, сыздап ауырумен жүреді. Зәр ашық-сары түсті, мөлдір.

Бел аймағын қарап тексергенде гиперемия, ісіну анықталмайды. Бүйректер пальпацияланбайды, пальпация кезінде ауру сезімі. Пальпация кезінде қуық аймағында ауру сезімі анықталмайды. Зәр шығару жиіленген, ауру сезімімен жүреді.

Нерв және психикалық жағдайы.

Есі анық, сөзі өзгермеген. Сезгіштігі сақталған. Жүрісі бұзылмаған. Ромберг кейпінде тұрақты. Көз алмасының, қарашықтардың жағдайы және көздің рефлекстері қалыпты. Көру кеңістігі қалыпты. Дәм сезу, сипап сезуі қалыпты. Естуі қалыпты.Есте сақтауы, ұйқысы бұзылмаған. Менингиальдық симптомдар - теріс.

Зертханалық мәліметтер.

Биохимиялық қан анализі.

Атауы

Анализ

Қалыпты мөлшері

Жалпы билирубин

9,1 ммоль\л

8,5-20,5

Жалпы белок

65 г\л

65-85

глюкоза

5,3 ммоль\л

3,7-6,1

АсАТ

40 бірлік

5-40

АлАТ

8 бірлік

8-56

Мочевина

8,35 ммоль/л

2,51-8,35

Креатинин

0,113 ммоль\л

0,044-0,1

Қорытынды: Креатинин мөлшері көбейген. Бұл бүйрек зақымдалғанын көрсетеді.

Жалпы қан анализі.

Атауы

Анализ

Қалыпты мөлшері

Нв

130 г\л

130-160

Эритроциттер

4*1012

3,5-4,5

Түстік көрсеткіш

0,9

0,86-1,05

Лейкоциттер

9,5*109

4,0-9,0

ЭТЖ

1 мм\сағ

1-15

Таяқша ядролылар

2 %

2-4%

Сегмент ядролылар

47%

45-70%

Эозинофильдер

0,5%

1-5%

Лимфоциттер

47,5%

19-40%

Моноциттер

3%

3-11%

Тромбоциттер

190*109

180-320%

Қорытынды: Лейкоцитоз

Жалпы зәр анализі:

Атауы

Анализ

Қалыпты

Түсі

Бұлыңғыр, сары

Ашық сары

Тығыздығы

1020

1005-1025

Эпителий жасушалары

3,5 көру аймағында

0-3

Лейкоцит

6 көру аймағында

2-4

Эритроцит

Жоқ

1-2

Реакция

қышқыл

қышқыл

Қорытынды: Қалыптыға сай емес. Зәр бұлыңғыр, ондағы эпителий жасушалары мен лейкоциттер көбейген. Бұл анализден қабыну процессі болып жатқанын аңғарамыз.

Сцинтиграфия: Қорытынды: сцинтиграммада диффузды және ошақты бүйрек зақымданулары жайлы мәліметтер жоқ. Бүйректің секреторлы-экскреторлы функциясы бұзылмаған.

УДЗ: Қорытынды: Бүйрек паренхимасының диффузды өзгерістері анықталды. Оң жақтық бүйректің түбекше-тостағанша жүйесі аздап кеңейген.

Нечипоренко бойынша зәр анализі:

Лейкоциттер: 4,5*1012

Эритроциттер: жоқ

Цилиндрлар: жоқ

Қорытынды: Лейкоцитоз.

Клиникалық диагноз: Созылмалы пиелонефрит, өршуі.

Диагноз негізделуі:

  • Науқастың шағымдары негізінде (жалпы әлсіздік, дене температурасының 37,8 0С-қа дейін көтерілуі, жиі зәр шығару, аздап ауру сезімімен, омыртқа жотасының бел тұсындағы бөлігінің тұрақты төмен тартып ауыру сезімі, иррадияцияланбайтын ауру сезімі);

  • Анамнез негізінде (суықтау, бұрын жедел пиелонефритпен ауыруы);

  • Объективті мәліметтерге негізделе (ұрғылау симптомы – оң);

  • Лабораторлы және инструментальды зерттеу мәліметтеріне негізделе (лейкоцитоз, зәрдегі лейкоциттер, креатинин деңгейінің қанда артуы, УДЗ-де бүйрек паренхимасындағы диффузды өзгерістер):

Емі:

  1. Ем-дәм: ащы, қуырылған, тұздалған тағамдарды, дәмдеуіштерді шектеу. Ақуызды және өсімдік тектес тағамдарды кезектестіре қолдану.

  2. Антибактериальды терапия:

Rp.: Ampicillini 1.0

D.t.d. № 20 in tab.

S. 1 таблеткадан күніне 4 рет.

3) Бүйрек қан айналымын жақсартатын дәрілер:

Rp.: Pentoxyphyllini 0.1

D.t.d. № 60 in tab.

S. тамақтан кейін 2 таблеткадан күніне 3 рет.

4) Уросептиктер:

Rp.: Tab. Furazolidoni 0.05 № 20

D.S. 2 таблеткадан күніне 4 рет.

5) Витаминотерапия:

Rp.: Sol.Acidi ascorbinici 5%-1ml

D.t.d. № 10 in amp.

S. бұлшық етке 2 мл-дан күніне 1 рет

Rp.: Thiamini chloride 2.5%-1ml

D.t.d. № 10 in amp.

S. бұлшық етке 1 мл-дан күніне 1рет

6) Фитотерапия (бүйрек шәйі, ромашка, т.б.). Ай сайын күніне 1 реттен 7 күн ішке қабылдау;

Күнделік:

02.10.2014

Дене температурасы: 37,6 0 С, пульс 70 рет минутына, тыныс жиілігі минутына 19 рет, АҚ 130/90.

Қарау барысында шағымдары: бел аймағында ауру сезімі, жиі несеп шығару.

Объективті тексеру кезінде жағдайы қанағаттанарлық. Жүрек тондары анық, ритмді. ЖЖЖ минутына 70 рет. Ұрғылау симптомы оң. Диурезі жиі.

03.10.2014

Дене температурасы: 37,4 0 С, пульс 67 рет минутына, тыныс жиілігі минутына 17 рет, АҚ 130/90.

Қарау барысында шағымдары: бел аймағында ауру сезімі, жиі несеп шығару.

Объективті тексеру кезінде жағдайы қанағаттанарлық. Жүрек тондары анық, ритмді. ЖЖЖ минутына 67 рет. Ұрғылау симптомы оң. Диурезі жиі.

04.10.2014

Дене температурасы: 37,1 0 С, пульс 64 рет минутына, тыныс жиілігі минутына 17 рет, АҚ 110/70.

Қарау барысында шағымдары: аздап ауыру сезімі бел аймағында.

Объективті тексеру кезінде жағдайы жақсы. Жүрек тондары анық, ритмді. ЖЖЖ минутына 64 рет. Іші жұмсақ, ауырмайды. Ұрғылау симптомы теріс. Нәжісі және диурезі өзгеріссіз.

05.10.2014

Дене температурасы: 37,0 0 С, пульс 65 рет минутына, тыныс жиілігі минутына 17 рет, АҚ 120/70.

Қарау барысында шағымдары жоқ.

Объективті тексеру кезінде жағдайы жақсы. Жүрек тондары анық, ритмді. ЖЖЖ минутына 65 рет. Іші жұмсақ, ауырмайды. Ұрғылау симптомы теріс. Нәжісі және диурезі өзгеріссіз.

06.10.2014

Дене температурасы: 36,6 0 С, пульс 65 рет минутына, тыныс жиілігі минутына 16 рет, АҚ 120/80.

Қарау барысында шағымдары жоқ.

Объективті тексеру кезінде жағдайы жақсы. Жүрек тондары анық, ритмді. ЖЖЖ минутына 65 рет. Іші жұмсақ, ауырмайды. Ұрғылау симптомы теріс. Нәжісі және диурезі өзгеріссіз.

Эпикриз:

Науқас Қуатов Медет Ахметұлы 1994 жылы туылған . 01.10.2014- тен 07.10.2014-ке дейін стационарлық ем қабылдады: Созылмалы пиелонефрит, өршуі диагнозымен.

Бұл диагноз мына негіздерге сүйене отырып қойылды:

  • Науқастың шағымдары негізінде (жалпы әлсіздік, дене температурасының 37,8 0С-қа дейін көтерілуі, жиі зәр шығару, аздап ауру сезімімен, омыртқа жотасының бел тұсындағы бөлігінің тұрақты төмен тартып ауыру сезімі, иррадияцияланбайтын ауру сезімі);

  • Анамнез негізінде (суықтау, бұрын жедел пиелонефритпен ауыруы);

  • Объективті мәліметтерге негізделе (ұрғылау симптомы – оң);

  • Лабораторлы және инструментальды зерттеу мәліметтеріне негізделе (лейкоцитоз, зәрдегі лейкоциттер, креатинин деңгейінің қанда артуы, УДЗ-де бүйрек паренхимасындағы диффузды өзгерістер);

Науқас мынандай ем қабылдады:

  • Диетотерапия;

  • Антибиотик (ампициллин);

  • Уросептик (фуразолидон);

  • Бүйрек қан айналымын жақсартатын дәрілер (пентокцифиллин);

  • Витаминдер (С,В1);

  • Фитотерапия;

Жағдайы жақсарғаннан кейін шығарылды: ауру сезімі басылды, дизуриялық көрсеткіштер анықталмайды.

Кеңес:

  • Диета: ащы, тұзды, қуырылған тағамдарды шектеу.

  • Суықтаудан сақтану;

  • Фитотерапия;

  • Нефрологтың қарауында болу;