Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кесу теориясы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
7.79 Mб
Скачать

2.2 Жонудағы кесу күштері мен қуат

Кесу күштері. Аспап дайындама материалын кірекесуде, оған кесу кедергі күштері әсер етеді. Кескіш абсолютті қатаңды деп болжап, жонуда кесу кедергі күштердің векторын негізгі кесуші жиегінің түйіспе бөлімінің ортасына түсіруге болады.

Технологиялық есептеуге қолайлы және күштерді өлшеу сұлбаны ескеріп, кесу күшін P – векторды кеңістік координат x,y,z жүйесінде құрамаларға ажыратады, және де координат осьтерінің бағыттарын нақтылы өңдеу түрінің технологиялық ерекшеліктерін ескере отырып таңдайды. Жалпы жону жағдайында x ості –тетіктің бойлық осімен бағыттайды, y осі – аспаптың денесінің бойымен, ал z осі – кесу жазықтығында жатыр.

(5- сурет).

5- сурет. Өтпелі кескішке және дайындамаға әсер ететін күштердің сұлбасы.

P кедергі күшіне сәйкес кесу құрама күштердің векторларын аламыз: . Құрамалардың әрқайсысының анықталған шамасы және технологиялық мәні бар. - өстік күш, бойлық берістің жылдамдығын векторының бағытына қарама-қарсы әсер етеді. Бұл күш білдектің бойлық беріс механизмін беріктікке және кескіштің x,y жазықтығындағы иілу кедергісін есептегенде пайдаланылады. - радиалды күш, ол білдектің көлденең беріс механизмін беріктікке және кескіштің қайтарылу кедергісін немесе тетіктің иіліун есептегенде қолданылады. - тангециалды күш, кесу жазықтығына жанасады және негізгі қозғалыстың, жылдамдығын вектор бағытымен дәл түседі. Оны негізгі кесу күші деп атайды және кесу қуатын есептеуге қолданады.

Барлық кесу кедергі күштердің тең әсерлі күш:

;

күштердің шамалары және өзара арақатынастары кескіштің геомеприялық параметрлеріне, кесу режимінің сипаттамаларына, материалддардың қасиеттеріне және өңдеу шарттарына әсер етеді. - ең үлкен күш болып саналады.

Күштердің өзгерісіне әсер ететін әртүрлі факторлар көп санды тәжірибе зерттеулер негізінде анықталған және эмириялық есептеу формулалары табылған, мысалы, негізгі кесу күшін анықтауда:

;

Мұндағы: - тәжірибе коэффициенттерін, өңдеу шартын және материалдардың қасиеттерін ескереді; - түзету коэффициенті.

Барлық коэффициенттер нақтылы тәжірибе бойынша немесе кесу режимінің анықтамалығында табылады. күшін біліп, тиімді қуатты анықтауға болады, кВт:

;

2.3 Жонудағы кесу режимдерін белгілеу тәсілдері

Материалдарды механикалық өңдеуде ең маңызды технологиялық шарт – кесу режимі. Кесу режимдерінің сипаттамасы берілген құрылымдық материалдың өңделімділігі анықталады. «Өңделімділік» деген термин материалдың өнімділігін және олардың өңдеу сапаларын шешетін қасиетін түсіндіреді.

Тетіктерді шығаруда өнімділікті және тиімділікті бағалау үшін «даналық уақыт» деген ұғыммен анықталады:

,

мұндағы: - кесу процесіне тікелей жұмсалатын негізгі технологиялық уақыт; - кесуші жүздің өту ұзындығы, өңделетін беттің ұзындығын , кірекесудің мөлшерін және дайындамамен түйісіп шығуын ескереді; - берістің мөлшері, мм/айн; - дайындаманың айналу жиілігі, азаюы мәндерін оптималды таңдау жолымен орындалады. Оптималды өңдеу режимін анықтауға әртүрлі әдістері бар. Оларды бірнеше топтарға біріктіруге болады.

Тәжірибе арқылы анықталған формулаларды пайдаланып, мәндерін аналитикалық және графикалық тәсілдермен төменгі факторларды ескеріп есептеу:

  1. өңдеудің сипаттамасы – дөрекі «қабыршақты» жону, көп мөлшерде қосымшалары және ақаулары бар, «қабыршақсыз» қаралтым жону, -лік кесу тереңдігімен және беріспен; жартылай таза жону – біркелкі әдіспен ; таза жону - соңғы өңдеу ( , өңделген беттің кедір-бұдырлығы және дәлдігі талапқа сәйкес), жұқалай жону және кеулей жону, өңделген беттің дәлдігін 5...6 квалитетпен және кедір-бұдырлықты алуға мүмкіндік береді.

  2. өңдеу шарты – МСС (майлау-суытатын салқындар) қолдану, аспаптардың геометриялық параметрлері, кескіштің қондырылуы, білдектің қатаңдығы.

  3. аспаптың және өңделетін материалдарының қасиеттері – беріктік шегі, серпімділік модулі, балқу темепературасы және басқалар.

Бұл жағдайда кесудің ең тиімді міндеттері анықталады:

1 Кесу режимдерін анықтамалық мәліметтерімен тағайындалады;

2 Ең тиімді кесу режимдерінің мәндерін шешу ЭВМ-нің арнайы программалар арқылы есептеуге пайдалану. Міндетті шешімі бірнеше кезеңнен тұрады.