
- •Мазмұны
- •Жалпы ережелер
- •1.1 Кесу элементтері. Негізгі түсініктемелер мен анықтамалар
- •1.2 Кесу режимдерінің қызметтік тағайындалуы
- •1.2.1 Кесу режимдері туралы жалпы мағлұмат
- •Аспаптың кесу бөлігінің материалын таңдау
- •Негізгі режимдік параметрлерді алдын-ала таңдау
- •1.2.4 Негізгі режимді факторларды таңдау
- •1.2.5 Бастапқы жұмыс параметрлерін есептеу
- •2 Жонып өңдеу
- •2.1 Жонғыш кескіштердің түрлері және олардың құрылымдық ерекшеліктері және геометриялық параметрлері
- •2.2 Жонудағы кесу күштері мен қуат
- •2.3 Жонудағы кесу режимдерін белгілеу тәсілдері
- •2.4 Тесіктерді кеулей жону кескіштермен өңдеу
- •2.5 Кесу режимдерін белгілеу және есептеуге арналған әдістер, мысалдар, өзіндік тапсырмалар
- •3 Металдарды бұрғылап өңдеу
- •3.1 Бұрғылаудағы күштер, бұраушы момент және кесу қуаты
- •Бұрғылауда кесу режимін таңдау реті
- •3.3 Бұрғылауда кесу режимін белгілеу және өзіндік жұмыстарға тапсырма
- •4 Жонғылау тұралы жалпы мағлұматтар
- •4.1 Жонғылаудың түрлері және олардың геометриялары
- •4.2 Кесу жылдамдығы және кесу режимдерді белгілеу тәсілдері
- •4.3 Жонғылаудың кесу режимін белгілеу тізбегі
- •4.4 Жонғылап өңдеудің кесу режимін есептеу және өзіндік жұмыс тапсырмалары
- •Ажарлау
- •5.1 Қажақты аспаптардың түрлері мен ажарлау сұлбалары
- •5.2 Режимдік параметрлер, ажарлау динамикасы, технико-экономикалық көрсеткіштер, ажарлау жылдамдығы.
- •5.3 Аспапты таңдау және кесу режимін белгілеудің негізгі ережелері
- •5.3.1 Ажарлауда кесу режимін белгілеу тізбесі
- •5.4 Ажарлап кесу режимін белгілеу және өзіндік жұмыс тапсырмалары
- •Негізгі шартты белгілеулер, өлшемдіктер
- •Әдебиеттер тізімі
- •Кесу теориясы
Негізгі режимдік параметрлерді алдын-ала таңдау
Әдетте
негізгі режимдік параметрлерді таңдау
кесу тереңдігін
анықтаудан басталады. Кесу тереңдігінің
мағынасы тап осы технологиялық операцияны
орындауға қалдырылған металдың әдібімен
байланысты. Кесу тереңдігі жонуда,
бұрғылауда, фрезерлеуде, тұрақтылыққа
және кесу жылдамдығына айтарлықтай
әсер етеді. Сондықтан қаралтын өңдеуде
мүмкін болғанша кесу тереңдігін үлкен,
өңдеуге қалдлырылған әдіпке сәйкес
тағайындауға мүмкіндік бар. Ақырғы
операцияларда әдіптің мәні 0,5 мм-ден
аспайды. 7 мм-ден аз әдіп кескіштің бір
өтуімен алынуы мүмкін. Бұл жағдайда
жұмыстың кесу тереңдігі өңдеудің әдібіне
тең, кесу тереңдігі сыни мәндерден асса,
барлық технологиялық жүйеде діріл пайда
болуы мүмкін.
Сондықтан әдіп 7 мм көп болса оны кескіштің бірнеше рет өтуімен алады және де кесу тереңдігі әр өтуде бірдей болады немесе оның тізбегін анықтайды.
Берістің
мәні, кесу тереңдігі сияқты, технологиялық
операцияның түрімен анықталады. Қорытынды
өңдеу операциялар
/айн
берістермен өткізіледі. Аралық пішін
құрастыру операцияларда берісті
көлемінде тағайындайды. Өңдеу уақытын
қысқарту мақсатында әзірлеу операцияларды
берістермен жүргізуге ұмтылады. Ауыр
білдектерде өңдеуді 30 мм-ге дейін
тереңдікте және 1,5 мм/айн беріспен
жүргізеді.
Жалпы
жағдайда алдын ала берісті таңдауда
арақатысты пайдалануға болады. Егер де
операцияны орындауда басты назар
өңделген беттік сапасына бөлінсе, онда
арақатынаспен шектелуге болады, яғни
берістің мәнін
көлемінде таңдайды. Егер де өңдеу
өнімділігі маңызды параметр болса,
арақатынасты пайдаланылған жөн, яғни
берістің алдынала мәні
құрайды және сол кесу жылдамдығымен
өткізілген жұмыс өнімділікті болады.
Сонымен алдынала кесу тереңдігінің мәнін таңдап, технологиялық операцияның тағайындалуына тәуелді, жоғарыда келтірілген ұсыынстарды ескере отырып, берісітң алдын-ала мәндерінің аралығын белгілеуге мүмкіндік бар.
Кесу жылдамдығының алдынала мәнін (1) теңестіруімен есептейді:
(1)
мұндағы:
кесу тереңдігі
және берістің
таңдалған аралығы белгілі.
Тұрақтылықты Т (мин) орындалатын операцияларының сипаттамасына және аспаптың материалына тәуелді, анықтамалық матералдардың нұсқауына байланысты тағайындалады. Сонымен бірге тұрақтылықтың кейбір мәндерінің аралығын алады. Мысалы, пішін беру аралықты операцияларды орындауда қатты қорытпалы кескіштердің тұрақтылығын алдын-ала кезеңде 30-45 мин аралығында тағайындауға болады.
(1) теңдеуімен кесу жылдамдығының екі мәнін есептейді: үлкені – беріс және тұрақтылықтың кіші мәндеріне сәйкес; кішісі – беріс және тұрақтылықтың үлкен мәндеріне сәйкес. Анықталған кесу жылдамдығының мәндеріне сәйкес, берілген дайындама диаметріне (D, мм) байланысты (2) теңестіруімен айналдырықтың екі айналым жиіліктерінің мәндерін табамыз:
(2)
Сонымен, айналдырықтың айналу
жиілігінің аралығын анықтаймыз. Осы
аралықтан білдектің кинематикасымен
қамтамасыз етілетін, белгілі айналу
жиілігінің мәнін таңдауға болады.
1.2.4 Негізгі режимді факторларды таңдау
Кесу режимін алдын ала анықтау кезінде режимдік параметрлердің мәндерінің аралықтарын белгілейді. Бұл аралықта аспапқа берілген тұрақтылық және өңделетін тетіктің сапасы мен дәлдігіне қойылатын талаптар қанағаттандырылады. Келесі кезеңде негізгі режимдік параметрлердің нақтылық жұмыс мәндерін таңдау болып саналады. Жұмыстық кесу тереңдігі, ереже бойынша операцияның әдіптік мөлшеріне тең. Жұмыстың берілісті білдектің берілістер қорабында бар сандардан таңдайды, сонымен бірге бұл мән алдынала алынған беріс мәндерінің аралығында болуы керек. Айналдырықтың айналу жиілігі, білдектің жылдамдық қорабында бар сандардан алынады, сонымен бірге, таңдалған айналдырықтың айналу жиілігі алдын ала кезеңде белгіленген кіші және үлкен жылдамдықтың жиілігінің аралығында болу керек. Білдектің кинематикалық мүмкіндіктеріне байланысты алдын ала кезеңде белгіленген беріс және айналдырықтың айналу жиілігінің аралық мәндері бір мәндер ғана емес, бірнеше нақты мәндермен белгіленуі мүмкін болса, олардың таңдалуы өңдеу өнімділігі мен өңделген тетіктердің сапасына қойылған талаптарды ескере, логикалық түсінікке бағыну керек.
Негізгі
режимдік параметрлерінің
белгіленген жұмыстың мәндеріне байланысты
қалған жұмыстың режимдерінің параметрлері
және оларға сәйкес технико-экономикалық
көрсеткіштерін есептеу жалғастырылады.