Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кесу теориясы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
7.79 Mб
Скачать

1.2 Кесу режимдерінің қызметтік тағайындалуы

1.2.1 Кесу режимдері туралы жалпы мағлұмат

Машина тетіктерін жасаудың тиімділігі мен сапасы материалдарды кесіп өңдеу процесінің рационалды өткізуіне байланысты. Оған келесі жағдайларды жатқызуға болады: а) аспаптың кесу бөлігінің геометриялық параметрлері оптималды және жүздерінің қайралуы сапалы болса; б) дайындаманы өңдеу техникалық және экономикалық жағынан тиімді берістер мен кесу жылдамдықтарында жүргізілсе; в) білдектің беріс және кесу жылдамдығының қораптарының механизмдерінің кинематикалық және динамикалық мүмкіндіктері негізделген беріс және кесу жылдамдықтардың мәндерін іске асыруына мүмкіндік берсе.

Кесу режимі – кесу тереңдігінің, берістің, кесу жылдамдығының, геометриялық параметрлерінің, аспаптың тұрақтылығы, сонымен қатар кесу күшінің, қуатының және кесу процесінің басқа жұмыс параметрлерінің, кесу процесінің технико-экономикалық көрсеткіштеріне тәуелді факторларының сандық мәндерінің жиынтығы.

Егер кесу процесін жүргізудегі режимдік параметрлерінің мәндері жоғары технико-экономикалық көрсеткіштеріне жетуге мүмкіншілік берсе, онда кесу режимі рационалды болады. Режимдік параметрлер өзара байланысты, сондықтан біреуінің де мәнін еріксіз өзгертуге болмайды. Кесу режимін таңдау және тағайындауда барлық параметрлердің мәндерін құрал-жабдықтардың мүмкіншіліктерімен іске асыруды ескеріп, лайықты алу қажет. Көп санды әсер ету факторларын бағалау және есепке алу қажеттілгі мынаған әкеледі: кесу режимін есептеу және тағайындау міндеттерін шешуге жуықтау әдісті пайдалануды талап етеді, яғни кейбір параметрлерге алдын-ала нормативтік мәндерді беріп, ақырғы мәндерді алғанша, басқа параметрлерді ескерумен, кейінде түзету, есептеу және анықтау жүргізіледі. Ақырғы мәндер берілген технологиялық процессті іске асыруды пайдаланады. Кейде қойылған міндеттердің шешімі көп вариантты болуы мүмкін, яғни қойылған талаптарды біраз режимінің параметрлерінің үйлесім варианттары қанағаттандырады.

Операциялары мен әрекеттері жетілдірілген технологиялық процесс және білдектердің паспорттық мәліметтері – кесу режимін белгілеуде керекті шарт болып табылады.

Рационалды кесу режимін таңдаудағы элементтер: аспаптың кесуші қасиетін және құрал-жабдықтың кинематикалық қабілеттерін тиімді пайдалануын есепке алып, қоғамдық еңбек өнімділігімен операцияның ең төмен құнын қамтамасыз ететін кесу жылдамдығы мен берістің ең пайдалы үйлесімін таңдау болып табылады.

Негізгі өңдеу уақытын азайту үшін, мүмкіндігінше үлкен технологиялық берістер мен жылдамдықтарды пайдалану қажет. Сонымен бірге, тетікті дайындауға қойылатын техникалық шарттарды сақтай отыра, аспаптың кесу қабілеті мен оның беріктігін білдектің динамикасының мүмкіндігін толық пайдалану керек.

      1. Аспаптың кесу бөлігінің материалын таңдау

Аспаптың кесу бөлігінің материалын таңдау – кесу режимін анықтайтын маңызды фактор болып табылады. Қатты қорытпалы тілімшемен жабдықталған аспапты пайдалану, тез кескіш болаттан жасалған аспапқа қарағанда кесу режимін (2...3 есе немесе одан да көп) көтеруге мүмкіндік береді. Егер технологиялық немесе басқа шектеулер болмаса, мүмкіндігінше қатты қорытпалы тілімшекті аспаптарды әр түрлі қолданылған жөн. Технологиялық шектеулерге, мысалы, ыстық берік болаттар мен қорытпаларды үзіп өңдеу, фасонды өңдеу, кіші диаметрлі тесіктерді өңдеу, тетік немесе аспаптың айналу жылдамдығының жеткіліксіздігі, білдек қуатының жеткіліксіздігі, жылуөткізгіштік қасиеттерінің нашарлығы т.с.с факторлар жатады.

Аспап материалының еңтаңбасын таңдау, өңдеудің сипаттамасына және шартына, өңделетін материалға тәуелді жүргізіледі [4;10].

Аспаптың геометриялық параметрлері және кесуші бөлігінің пішіні өңделетін және аспаптың материалдарының таңбаларына, өңдеудің сипаттамасына аспаптық тағайындалуына байланысты алынады [4;7;10].