
- •Мазмұны
- •Жалпы ережелер
- •1.1 Кесу элементтері. Негізгі түсініктемелер мен анықтамалар
- •1.2 Кесу режимдерінің қызметтік тағайындалуы
- •1.2.1 Кесу режимдері туралы жалпы мағлұмат
- •Аспаптың кесу бөлігінің материалын таңдау
- •Негізгі режимдік параметрлерді алдын-ала таңдау
- •1.2.4 Негізгі режимді факторларды таңдау
- •1.2.5 Бастапқы жұмыс параметрлерін есептеу
- •2 Жонып өңдеу
- •2.1 Жонғыш кескіштердің түрлері және олардың құрылымдық ерекшеліктері және геометриялық параметрлері
- •2.2 Жонудағы кесу күштері мен қуат
- •2.3 Жонудағы кесу режимдерін белгілеу тәсілдері
- •2.4 Тесіктерді кеулей жону кескіштермен өңдеу
- •2.5 Кесу режимдерін белгілеу және есептеуге арналған әдістер, мысалдар, өзіндік тапсырмалар
- •3 Металдарды бұрғылап өңдеу
- •3.1 Бұрғылаудағы күштер, бұраушы момент және кесу қуаты
- •Бұрғылауда кесу режимін таңдау реті
- •3.3 Бұрғылауда кесу режимін белгілеу және өзіндік жұмыстарға тапсырма
- •4 Жонғылау тұралы жалпы мағлұматтар
- •4.1 Жонғылаудың түрлері және олардың геометриялары
- •4.2 Кесу жылдамдығы және кесу режимдерді белгілеу тәсілдері
- •4.3 Жонғылаудың кесу режимін белгілеу тізбегі
- •4.4 Жонғылап өңдеудің кесу режимін есептеу және өзіндік жұмыс тапсырмалары
- •Ажарлау
- •5.1 Қажақты аспаптардың түрлері мен ажарлау сұлбалары
- •5.2 Режимдік параметрлер, ажарлау динамикасы, технико-экономикалық көрсеткіштер, ажарлау жылдамдығы.
- •5.3 Аспапты таңдау және кесу режимін белгілеудің негізгі ережелері
- •5.3.1 Ажарлауда кесу режимін белгілеу тізбесі
- •5.4 Ажарлап кесу режимін белгілеу және өзіндік жұмыс тапсырмалары
- •Негізгі шартты белгілеулер, өлшемдіктер
- •Әдебиеттер тізімі
- •Кесу теориясы
Кесу теориясы
Редактор:
Техн.редактор:
Бекітілді:.
Келісілген:
Басуға _________ 200 ж. қол қойылған.
Таралымы _______ дана. Пішімі_________. Кітап-журнал қағазы.
Көлемі ________ ес. – б.т. Тапсырысы №
К.С. Тундыбаев, Қ. К. Сарсанбековтардың «Машинажасау» мамандығында оқитын студенттерге арналған «Кесу теориясы» атты оқу құралына
П І К І Р
« Кесу теориясы» пәнінің тәжірибелік сабақтарына арналған оқу құралы «Машинажасау» мамандығының типтік бағдарламасы мен оқу жоспарына сәйкес орындалған.
Әдістемелік жұмыста кесу режимі туралы жалпы мағлұматтар және метал кесу режимінің негізгі және қосымша элементтерін анықтау тәсілдері қарастырылған.
Жонғыштық, бұрғылау, қажақты өңдеу мысалдарында кесу режимінің элементтерін мөлшерлік мәліметтермен және аналиттік тәсілдермен тағайындау және анықтау тізбектері қарастырылған. Сонымен бірге әрбір нақты жағдайға кесу режимінің элементтерін есептеу немесе тағайындауға керекті мәліметтерді алатын әдебиеттер, кестелер көрсетілген.
Қысқаша теориялық мағлұматтарда көрсетілген өңдеулердің ерекшеліктері, пайдалану аймақтары, аспаптардың құрылымдық және геометриялық параметрлері және кесу режимінің элементтерін тағайындау туралы мәліметтер берілген. Бұл мәліметтер студенттерге дербестік кесу режимін анықтауға мүмкіндік береді. Күнделікті сабақ барысында студенттің жалпы кесу теориясына қатысты білімдері шыңдалып, оны өндірісте тиімді пайдалануға жол ашылары сөзсіз.
Сондай-ақ жоғарыдағы пәнмен қатар, басқа да мамандыққа қатысты пәндерді терең меңгеріп, үйренуге көмектеседі.
Пікір беруші: «БМ және МӨТ» кафедрасының
профессоры ., техн.ғыл.док. М.Р.Түсіпбеков
К.С. Тундыбаев, Қ. К. Сарсанбековтардың «Машинажасау» мамандығында оқитын студенттерге арналған «Кесу теориясы» атты пәнінің кесу режимін есептеу тәжірибелік сабақтарға мысалмен келтірілген және өзіндік жұмыс тапсырмаларына
П І К І Р
.
Бүгінгі таңда келешек қажет ететін ИӨЖ, жаңа білдектік модулдер құру қажет етіледі, сондықтан білдек құрушы мамандар білдектің қажетті тораптары мен негізгі құрылымдарын білуі қажет. Есептеу техникалары мен құрылымдарды нәтижелі түрде меңгеру үшін моделдеу әдістерін, білдек жабдықтарының барлық түрлерін, жобалау процесін жоғары деңгейде білген жөн. Жаңа білдек микропроцессор негізінде өлшемдік өңдеу машинасын басқаратын технологиялық машиналармен жалғастырылатыны анық. Сондықтан білдекжасаушы маман СББ негіздерін, басқарушы бағдарламаларды бақылауды терең меңгеріп, үнемі дайындықта болуы шарт. Ол білдек жабдықтарының мүмкіншіліктерін қолданумен, олардың сипаттамаларын, микропроцессор құралдардың басқару құрылғысын білуі қажет.
Ұсынылып отырған жұмыста қалпы мен жасауына қарай сұлбалы кескіштердің екіге бөлінуіне де назар аударылған. Сонымен қатар кесу режимдері, жонып өңдеу, олардың типтері, құрылымдық ерекшеліктері, гоеметриялық параметрлері, металдарды бұрғымен өңдеу, бұрғылауда кесу режимін таңдау ретіне, ажарлауда кесу режимін тағайындау тізбесіне де айрықша мән беріліп, келешек студенттің теориялық білімін практикамен ұштастыру жайттарына әсерін тигізері сөзсіз.
Оқу құралында кесу теориясы бойынша мол мағлұмат қамтылған және келешек мамандарды дайындауға қажетті мәліметтер берілген.
Пікір беруші: «БМ және МӨТ» кафедрасының
доценті, техн.ғыл.канд. К.Ө.Әкішев
К.С. Тундыбаев, Қ. К. Сарсанбековтардың «Машинажасау» мамандығында оқитын студенттерге арналған «Кесу теориясы» атты оқу құралына
П І К І Р
«Кесу теориясы» пәні бойынша дайындалған бұл курс - машинажасау мамандығында оқитын студенттер үшін қажетті оқу құралы. Себебі келешек қажет ететін білдек құрушы мамандар білдектің қажетті тораптары мен негізгі құрылымдарын білуі қажет. Демек , инженер мамандар есептеу техникалары мен құрылымдарды нәтижелі түрде меңгеру үшін моделдеу әдістерін, білдек жабдықтарының барлық түрлерін, жобалау процесін жоғары деңгейде білу үшін жүйелі өндіріс құралдарында қолдануды меңгеруі - кезек күттірмейтін мәселе.
Аталған оқу құралында жалпы ережелермен қатар, кесу теориясына керекті мәліметтер толық қамтылған, практикалық маңыздылығына мән берілген.Токарлық өңдеу, металдарды бұрғымен өңдеу, жонғылау, ажарлау бойынша әдістік нұсқаулар мен мысалдар, өзіндік тапсырмалар орынды берілген.
Пікір беруші: «МӨЖ және М» кафедрасының
профессоры ., техн.ғыл.док. М.К.Әділбаев