Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кесу теориясы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
7.79 Mб
Скачать

5.3 Аспапты таңдау және кесу режимін белгілеудің негізгі ережелері

Ажарлау аспаптың сипаттамаларын дұрыс таңдау айтарлықтай маңызды. Бұл ажарлаудың өнімділігін, аспаптың тозуын, процесстің пайдалылығын және бет қабатының сапасын анықтайды. Ажарлау аспаптың сипаттамалары ажарлау өңдеудің операциясының түріне, тетіктің материалының физико-механикалық қасиеттеріне, керекті дәлдік пен беттің сапасына, білдектің қуаты мен жағдайына, Майлай – суыту сұйықтықтар(МСС) - тың құрамы мен оның беру әдісіне тәуелді:

Сыдыру ажарлауда ірі түйірді (№160...80) және қатты қыш біріктірме (СТ-ВТ) шарықтастар пайдаланады. Алдын-ала ажарлауда №50...40 түйірлі, таза ажарлауда №25...12 түйірлі шарықтастар қолданылады. Шарықтастың қаттылығын таңдау үшін мына ереже қолданылады: қатты материалды ажарлауда жұмсақ және орташа жұмсақ шарықтастарды пайдаланылады, тұтқырлық материалдарды, қорытпаларды ажарлауда, орташа, орташа қатты шарықтастарды пайдаланған жөн.

5.3.1 Ажарлауда кесу режимін белгілеу тізбесі

Ажарлауда кесу режимін келесі ретпен тағайындайды. 1) Шарықтастың сипаттамаларын өңделетін материалының қасиеттеріне қойылған техникалық талаптарға сәйкес таңдайды және шарықтастың шеңберлі жылдамдығын Vшт деп белгілейді.

Кесу процесінің жылу кернеулігін төмендету және тетіктің беттерінің сапасын жақсарту үшін жұмыс беті үзілісті, ені 2-ден 45 мм-ге дейін алмасу шығыңқылық пен ойымы бар ажарлау шарықтастар пайдаланылады. Мұндай шарықтастармен жұмыс істегенде кесу процесінің үзілігіне, жылу көзінің қарқындылығының кемуіне және шарықтастың кесу қабілетінің жақсаруына байланысты кесу температурасы азаяды.

Үзілікті ажарлауда кесу күші жай ажарлаумен салыстырғанда 20...30% төмендейді. Шарықтастың пішінін сақтап қалу үшін үзілікті шарықтастың қаттылығы 1...2 дәреже жоғары болу керек.

Тот баспайтын және ыстыққа төзімді болаттарды ажарлауда қаттылығы М3...СМ2,№16...25 түйірлі шарықтастар және МСС (сульфофрезал + 10% керосин) қолданылады. Монокорундты шарықтастардың жоғарғы кесу қасиеттері бар.

Титан қорытпаларын ажарлауда карбид кремний 63С шарықтастар пайдаланылады. Кесу жылдамдығының Vшт мәні білдектің қатаңдығы және шарықтастың беріктігімен шектеледі.

Таза ажарлаудың режимдерін тағайындауда алдымен шарықтастың түйіршіктігін таңдайды, сонан соң өңдейтін беттің керекті сапасын қамтамасыз ететін кесу режимінің параметрлерін тағайындайды.

Кедір-бұдырдың биіктігі Rz, тәуелділікпен, қажақ түйірлердің орта өлшеміне байланысты.

2) Кесу тереңдігін (t) таңдау (көлденең беріс Sк.б). Қара өтпелерде t=0.05…0.10 мм/екі ж.; таза өтпелерде t=0.005…0.02 мм/екі ж. Металл емес материалдарды ажарлауда t мәндері 0,2...0,5 мм/екі ж. дейін барады.

3) Бойлық Sб және Sм минуттық берістерді анықтау. Бойлық беріс шарықтастың енінің В үлесімен көрсетіледі. Қаралтым ажарлауда S=(0,4...0,8)В, мм/т.айн; таза ажарлауда – S=(0,1...0,3)В мм/т.айн. Берістің кіші мәндерін ыстыққа төзімді және титан қорытпаларды ажарлауда пайдаланады.

Sм минуттық беріс Sм=Sб*nт, мм/мин.

4) Шеңберлі жылдамдықты Vд (немесе жазық ажарлаудағы үстелдің жылдамдығы) анықтау. Қара өтпеліде Vд=20...85 м/мин; ал таза өтпеліде Vд=15...40 м/мин. Баяу балқитын және титан қорытпаларды ажарлауда Vд=10...12 м/мин, ал ыстыққа төзімді қорытпаларды ажарлауда Vд = 70 м/мин дейін үлкейеді.

5) Суыту сұйықтықты таңдау.

6) Ажарлауға қажетті кесу күшін Pz және кесу қуатын есептеу.

7) Негізгі өңдеу уақытын анықтау. Бойлық беріс әдісімен сырттай дөңгелек ажарлауда.

Мұндағы: L – үстелдің жүріс арақашықтығы, бірнеше мм өңделетін тетіктің ұзындығынан артық; h - өңдеу әдіпі, мм; K – тазалай жүрістердің уақытын есептейтін коэффицент (K=1,2...1,5)