Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кесу теориясы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
7.79 Mб
Скачать
  1. Ажарлау

Ажарлау – металдарды өңдеуде тетіктерді өте сапалы беттер мен жоғары дәлдік өлшемдермен қамтамасыз ететін технологиялық әдіс. Ажарлау кесіп өңдеу түрінің бірі деп мамандандыру (квалифицирлеу) – ол тетіктерді өңдеу процесінде жоңқаның пайда болуы.

Ажарлау аспаптың айрықша түрімен – ажарлағыш шарықтаспен іске асады. Бұрынғы қаралған аспаптардан шарықтастың айырмашылығы – егер де жүзді аспаптардың кесу жүздері сызықпен анықталған пішіндер болса, ажарлау шарықтастар кездейсоқ пішіндер бар және өзара кездейсоқ жайғастырылған, минералдар мен жоғары қатты металдардың қажақ түйірмешіктерімен металды кеседі. Кесуде бір мезгілде әдеттегідей көп санды қажақ түйіршіктер қатысады. Түйіршіктер бір-бірімен қосылып, кесу бетін құрайды.

Ажарлаудың өзгешелігі, оның әрбір қажақ түйіршіктері кесу тіске ұқсас шағын металл қабатын кеседі. Осының нәтижесінде, тетіктің бетінде шектелген ұзындық пен көлденең қималы аз аймақта сызат қалдырылады. Ажарлап өңделген тетіктің беті көптеген сызаттардың бірігуімен пайда болады.

Машина және керек-жарақтардың тетіктерін дайындауда таза өңдеуді ретінде ажарлау пайдаланылады. Ажарлау өлшемдері 6...7 квалитет дәлдігімен, ал өңделетін беттің кедір-бұдырлығы Rа=0.08…0.32 мкм-мен қамтамасыз етеді.

5.1 Қажақты аспаптардың түрлері мен ажарлау сұлбалары

Ажарлауға пайдаланатын тұтас және құрастырылған аспаптар пішіндеріне қарай ажарлайтын шарықтастарға, ажарлайтын бастиектерге, сегменттерге, қайрақшаларға және таспаларға бөлінеді. Көп типті өлшемді қажақ аспаптар шығарылады. 7-кестеде келтірілген қажақ пен алмасты аспаптардың пішіндері кең пайдаланылады.

Ажарлаудың түрлері. Ажарлау – қажақты өңдеудің кең таралған түрлерінің бірі. Ажарлау өңделген бұйымның кедір-бұдырлығын Ra=0,3...1,6 мкм және дәлдік дәрежесі 6...8 квалитетпен қамтамасыз етеді.

Ажарлаудағы негізгі қозғалыс-шарықтастың шеңберлі жылдамдығы, м/с;

7-кесте. Кең қолданатын қажақ пен алмасты аспаптардың пішіндері

Ажарлауда келесі ажарлаулар, олар кесу жылдамдығымен бөлінеді – жай жай ажарлау Vш≤35 м/с, жылдамдық ажарлау V=35...60 м/с, жоғары жылдамдық ажарлау V≥60 м/с. Беріс әртүрлі болуы мүмкін: бойлық Sб, көлденең Sк, вертикальды Sв және басқалар.

Шарықтаспен ажарлаудың негізгі түрлері (16-18 суреттерді қара): сыртқы және ішкі бетті шеңберлі ажарлау, центрсіз ажарлау, жазықты ажарлау және арнаулы ажарлау түрлері бар.

16-сурет. Центрде сырттай дөңгелекше ажарлау

Центрлік ажарлау сыртқы цилиндрлік, конустық және фасондық беттерді өңдеуде пайдаланылады. Центрлік ажарлаудың үш түрлері бар (16, а -сурет) бойлық берісті әдіс, (16, б-сурет) тереңді ажарлау және (16, в- сурет) түзусызықты немесе қисықсызықты бетті тетіктерді кіре ажарлайды.

Соңғы жағдайда шарықтастың ені өңдейтін беттің енінен артық болуы керек.

Ішкі бетті шеңберлі ажарлаудың екі түрі бар: қысқыда және планетарлы. Қысқыда ажарлау шағын дайындамаларды өңдеуде, ал планетарлық ажарлау – ауыр және үлкен дайындамаларды өңдеуде пайдаланылады.

Центрсіз сырттай ажарлауда (17,а-сурет) дайындама 1, ажарлау 3 және 4 жетекші дөңгелектердің арасында орналасады, ал төменде 2 таянышпен ұстатылады.

Дайындаманы бойлық қозғалыспен қамтамасыз ету үшін 4 жетекші дөңгелек 3 ажарлау дөңгелектің осіне қатынасты шамасы ν бұрышымен орналасады.

Центрсіз іштей ажарлауда (17, б-сурет) 1 дайындама, 2 жетекші, 3 таяныш және 4 қысу аунақша аралығында орналасады. Жетекші аунақша өзінің жетегімен айналады, және үйкеліс күштерімен дайындаманы айналдырады. Соңғы дайындама, өзінің кезегінде таяныш және қысу аунақшаларды айналдырады. Осьтік бағытта дайындама таяныш төлкемен қондырылады. Ажарлау ν шарықтаста 5 жеке жетек бар. Бұл ажарлау қысқа балдақтарды сыртқы беттері дәл кезде ғана пайдаланылады.

17-сурет. Центрсіз ажарлау

Жазық ажарлау, 2 үстелде қондырылған, тетіктердің жазық беттерін өңдеуде қолданылады. Бұл процесс шарықтастың шеттік немесе түпбеттермен орындалуы мүмкін (сурет 18). Шарықтастың шеттік бетімен ажарлау нақты операцияларда пайдаланылады.

18-сурет. Жазықша ажарлау