Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кесу теориясы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
7.79 Mб
Скачать

4.2 Кесу жылдамдығы және кесу режимдерді белгілеу тәсілдері

Кесу жылдамдығы ,жонғының кесу қасиетімен шектеледі және көп санды факторлардан тәуелді; өңделетін және жонғы тісінің материалдарының қасиеттерінен, кесу сұлбасынан,кесу режимінің элементтерінен, технологиялық жүйенің қатаңдығынан, жонғының құрылымы мен кесу бөлігінің геометриясынан. Кесу жылдамдығын анықтайтын формула түрі:

мұндағы; -өңдеу шартын сипаттайтын коэффициент;

аспаптың құрылымы мен сапасын сипаттайтын коэффициент;

дайындама материалының күйін ескеретін коэффициент;

негізгі пландағы бұрыштың әсерін ескеретін коэффициент;

дайындама беттерінің жағдайын ескеретін коэффициент.

Тұрақты және дәреже көрсеткіштердің мәндерін кесу режимін анықтамадан [10] алады.

Жонғылауда рационалдық кесу режимін тағайындау басқадай өңдеу түрлерінің негізгі ережерелеріне сәйкес: мүмкінше максималды кесу тереңдік пен енді толық кесумен, максималды технологиялық шекті беріспен және оларға сәйкес кесу жылдамдықпен жұмыс істеу керек.

4.3 Жонғылаудың кесу режимін белгілеу тізбегі

1) Жонғының конструкциясы мен геометриясын және аспаптық материалдың таңбасын таңдау. болаттарды қаралы өңдеуде тістері Р9М4К8 немесе Р6М5К5 тезкескіш болаттардан және ВК8-дан жасалған жонғылар пайдаланады, ал таза өңдеу операцияларда тістері ВК3М, ВК6М, ВК6М-ОМ қатты қорытпалардан жоғары беріктік материалдарды өңдеуде қатты қорытпалы ВК топты тілімдермен жабдықталған жонғыларды пайдалану керек. Алдыңғы бұрыш кескіштерге сәйкес, өңделетін материалдың беріктігіне тәуелді; тезкескіш болатты жонғыларға қатты қорытпалы жонғыларға Артқы бұрыш

2) Кесу тереңдігін таңдау. Кесу тереңдігінің мәні өңдеу әдіпке, жетектің қуатына, білдектің қатаңдығына, дайындаманың бекіту әдісіне тәуелді алынады. Қазіргі жонғылау білдектерінің жетегінің жоғарғы қуатына және жоғарғы қаттылығын есептей отыра, бар әдіпті бір жүріспен алуға болады.

Технологиялық жүйенің төмен қаттылығына және өңделетін беттін дәлдігімен кедір-бұдырлығына қойылған жоғары талаптарға сәйкес әдіпті екі жүріспен алуға болады – қаралай және тазалай. Тазалай өңдеуге шамалы әдіп қалтырады – 0,5…1,0 мм.

3) Тіске берісті таңдау : мәнінің шектеуі деп келесі негізгі факторларды атауға болады: өңделетін материалдың қасиеті үлкен болған сайын мәні аздау болады), тістің материалының беріктігі, тістің ауытқуы, жонғының құралбілігінің және технолгиялық жүйенің қатаңдықтары, өңдеу дәлдікпен беттің қабатының сапасына қойылған талаптар. Отқа төзімді және титандық қорытпаларды жонғылауда .

4) Шыдамдылық мерзімін тағайындау. Шыдамдылық мерзімі жонғыларға әдеттегі 60…180 мин шектеледі. Отқа төзімді және шірімейтін болаттарды өңдегенде саусақты фрезаларға Т=60 мин;цилиндрлік және дөңгелекті жонғыштарға Т=90 мин, түпбетті қондырылған тісті жонғыштарға Т=120 мин.

5) Шектелген кесу жылдамдығын формуламен есептеу немесе кесу режимдерінің картасымен (мөлшерліктерден алып ) жонғыштарды таңдау.

6) Айналу жиілігін есептеу

7) n және мәндерін білдектің паспорттық мәліметтерімен түзету.

8) Негізгі кесу күшін анықтау

9) кесу қуатын есептеу және оны білдектің жетегінің қуатымен салыстыру. Білдектің жетегінің қуаты кесу қуатынан артық болуы керек, яғни

10) Негізгі өңдеу уақытын есептеу: мин;

y-кіре кесу - мм; асып кеткіштік

i- өтпенің саны.