
- •Мазмұны
- •Жалпы ережелер
- •1.1 Кесу элементтері. Негізгі түсініктемелер мен анықтамалар
- •1.2 Кесу режимдерінің қызметтік тағайындалуы
- •1.2.1 Кесу режимдері туралы жалпы мағлұмат
- •Аспаптың кесу бөлігінің материалын таңдау
- •Негізгі режимдік параметрлерді алдын-ала таңдау
- •1.2.4 Негізгі режимді факторларды таңдау
- •1.2.5 Бастапқы жұмыс параметрлерін есептеу
- •2 Жонып өңдеу
- •2.1 Жонғыш кескіштердің түрлері және олардың құрылымдық ерекшеліктері және геометриялық параметрлері
- •2.2 Жонудағы кесу күштері мен қуат
- •2.3 Жонудағы кесу режимдерін белгілеу тәсілдері
- •2.4 Тесіктерді кеулей жону кескіштермен өңдеу
- •2.5 Кесу режимдерін белгілеу және есептеуге арналған әдістер, мысалдар, өзіндік тапсырмалар
- •3 Металдарды бұрғылап өңдеу
- •3.1 Бұрғылаудағы күштер, бұраушы момент және кесу қуаты
- •Бұрғылауда кесу режимін таңдау реті
- •3.3 Бұрғылауда кесу режимін белгілеу және өзіндік жұмыстарға тапсырма
- •4 Жонғылау тұралы жалпы мағлұматтар
- •4.1 Жонғылаудың түрлері және олардың геометриялары
- •4.2 Кесу жылдамдығы және кесу режимдерді белгілеу тәсілдері
- •4.3 Жонғылаудың кесу режимін белгілеу тізбегі
- •4.4 Жонғылап өңдеудің кесу режимін есептеу және өзіндік жұмыс тапсырмалары
- •Ажарлау
- •5.1 Қажақты аспаптардың түрлері мен ажарлау сұлбалары
- •5.2 Режимдік параметрлер, ажарлау динамикасы, технико-экономикалық көрсеткіштер, ажарлау жылдамдығы.
- •5.3 Аспапты таңдау және кесу режимін белгілеудің негізгі ережелері
- •5.3.1 Ажарлауда кесу режимін белгілеу тізбесі
- •5.4 Ажарлап кесу режимін белгілеу және өзіндік жұмыс тапсырмалары
- •Негізгі шартты белгілеулер, өлшемдіктер
- •Әдебиеттер тізімі
- •Кесу теориясы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университеті
Машинажасау институты
“Стандарттау, сертификаттау және машинажасау технология” кафедрасы
К.С. Тундыбаев, Е.К. Тундыбаева, Қ.К.Сәрсенбеков
КЕСУ ТЕОРИЯСЫ
(“Машинажасау» саласы мамандығы бойынша оқитын студенттерге арналған)
АЛМАТЫ 2010
ӘОК 621.9.02(076)
Тундыбаев К.С., Тундыбаева Е.К., Сәрсенбеков Қ. К. Кесу теориясы: “Машинажасау” мамандығы бойынша оқитын студенттерге арналған. – Алматы: КазҰТУ, 2010, 86 бет.
Ұсынылып отырған оқу құралында жалпы металды кесу режимі туралы мағлұматтар берілген. Кесу режимін аналитикалық және мөлшерлік есептеу, жонғыш, бұрғылау, жонғылау және ажарлау өңдеу материалдарына қатысты өзіндік тапсырма жұмыстары жүйелі түрде қарастырылған. Мысалдарды және өзіндік тапсырмаларды орындау үшін осы оқу құралы қажетті өңдеулерге қысқаша жалпы теориялық бағыт бағдар береді.
Суреттер 25. Кесте 15. Әдебиеттер тізімі – 15 атал.
Пікір берушілер – техн.ғыл. док.,профессор М.Р. Түсіпбеков
техн.ғыл. канд.,профессор М.К. Әділбаев
техн.ғыл. канд.,доцент К.Ө. Әкішев
© ҚазҰТУ, 2010
Мазмұны
Кіріспе 4 Жалпы ережелер 5 1 Кесіп өңдеу 6 1.1 Кесу элементтері. Негізгі түсініктемелер мен анықтамалар 6 1.2 Кесу режимдерінің қызметтік тағайындалуы 8 1.2.1 Кесу режимдері туралы жалпы мағлұмат 8 1.2.2 Аспатың кесу бөлігінің материалын таңдау 9 1.2.3 Негізігі режимдік параметрлерді алдына ала таңдау 10 1.2.4 Негізгі режимдік факторлрады таңдау 11 1.2.5 Бастапқы жұмыс параметрлерін есептеу 12 2 Жонып өңдеу 13 2.1 Жонғыш кескіштердің түрлері. Олардың ерекшеліктері және геометриялық параметрлері 13 2.2 Жонудағы кесу күштері мен қуат 17 2.3 Жонудағы кесу режимдерін белгілеу тәсілдері 19 2.4 Тесіктерді кеулейжону кескіштермен өңдеу 20 2.5 Кесу режимдерін белгілеу мен есептеуге арналған әдістер,
мысалдар,өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар 21 3 Металлдарды бұрғылап өңдеу 34 3.1 Бұрғылаудағы күштер, бұраушы момент және кесу қуаты 36 3.2 Бұрғылауда кесу режимін таңдау реті 37 3.3 Бұрғылауда кесу режимін белгілеу және өзіндік жұмыстарға тапсырма 37 4 Жонғылау туралы жалпы мағлұматтар 45 4.1 Жонғылаудың түрлері және олардың геометриялары 46 4.2 Кесу жылдамдығы және кесу режимдерді белгілеу тәсілдері 48 4.3 Жонғылаудың кесу режимінбелгілеу тізбегі 48 4.4 Жонғылап өңдеудің кесу режимін есептеу және өзіндік жұмыс тапсырмалары 49 5 Ажарлау туралы қысқаша мағұлматтар 57 5.1 Қажақтық аспаптардың түрлері мен ажарлау сұлбалары 57 5.2 Режимдік параметрлер, ажарлау динамикасы, техника-экономикалық көрсеткіштер, ажарлау жылдамдығы 61 5.3 Аспапты таңдау және кесу режимін белгілеудің негізгі ережелері 63 5.3.1 Ажарлауда кесу режимін белгілеу тізбесі 65 5.4 Ажарлап кесу режимін белгілеу және өзіндік жұмыс тапсырмалары 64 А – тіркеме 81 Б – тіркеме 83 В – тіркеме 83 Әдебиеттер тізімі 85
КІРІСПЕ
Қазіргі заманның даму деңгейі болашақ инженер-механиктен әр түрлі функционалды тағайындалған тетіктерді өңдейтін технологиялық процестерді жобалап білуін талап етеді.
Машина тетіктерін жасаудың тиімділігі мен сапасы жалпы технологиялық процесінің әрбір операциясында дайындаманы рационал өңдеуіне тәуелді. Өңдеудің рационалдығына келесі жағдайда жетуге болады, егер:
аспаптың кескіш бөлігінің материалы, геометриялық параметрлері оптималды және кесу жүздерінің қайралуы сапалы болса;
дайындаманы өңдеудің техникалық және экономикалық көрсеткіштері беріс және кесу жылдамдығымен негізделсе;
білдектің беріс және жылдамдық қораптары механизмдерінің кинематикалық және динамикалық көрсеткіштері кесудің беріс пен жылдамдықтың негізделген мағыналарын орындауға мүмкіндік берсе.
Тетіктерді өңдеу кезінде пайда болатын физикалық және басқа құбылыстарды және осы құбылыстарының кесу режимінің элементтерімен байланыс заңдылықтарын түсінбей, кесу режимінің элементтерін дұрыс таңдау және тағайындау мүмкін емес. Жоғары айтылған құбылыстары мен заңдылықтары туралы мәліметтерді студенттерге жеткізу «Кесу теориясы» пәнінің мақсаты. Ал кесу режимінің элементтерін тағайындау және есептеу әдістерін студенттер тәжірибелік сабақтарда меңгере алады.
Тәсілдік нұсқауда кесу режимінің элементтерін тағайындау және есептеу жонғыш, бұрғылау, жонғылау және ажарлау операцияларының мысалдарымен келтірілген және өзіндік жұмысқа осы операциялардың кесу режимін анықтауға 20 варианттан тұратын тапсырмалар берілген.
Келтірілген мысалдардың, өзіндік тапсырмалардың тақырыптары оқу графигі бойынша дәріс тақырыбының мерзімімен сәйкес келмейді. Сондықтан кесу режимінің элементтерін тағайындау және есптеу алдында мысалдарды ұғу және өзіндік тапсырмаларды уақытында тапсыру үшін студенттерге көмек ретінде көрсетілген өңдеулер, қолданатын аспаптар, олардың геометриялық, құрылымық параметрлері, олардың ерекшеліктері туралы қысқаша мағлұматтар берілген.
Бір ескере кететін жайт – қолдануға берілген әдебиет тізіміне баспадан бұрын шыққан әдебиеттер кірген. Бірақ берілген әдебиеттер университеттің, машинажасау зауыттарының кітапханаларында немесе оқытушының жеке кітапханасынан табуға болады. Жаңадан шыққан әдебиеттерді, мөлшерліктерді, анықтамалықтарды пайдалану мақсатқа алынады.