
- •5В030100 – «Заңтану»
- •5В030200 – «Халықаралық құқық»
- •1. Пәннің типтік оқу жоспары (қосымша 1)
- •2. Күндізгі бөлімнің жұмыс оқу жоспары
- •2.1. Сыртқы бөлімінің жұмыс оқу жоспары
- •3. Пәннің оқу бағдарламасы — (syllabus)
- •3.1 Оқытушы туралы мәліметтер:
- •3.5 Оқыту нәтижелері
- •3.6 Курстың саясаты мен процедурасы
- •4. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі
- •5. Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу картасы
- •6. Лекциялық кешен (лекция тезисі)
- •Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің негіздері мен турлері[өңдеу]
- •7. Семинарлық (практикалық) сабақтар жоспары
- •8. Лабораториялық сабақтар жоспары
- •9.1 Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •9.2 Курстық жобаларын (жұмыстардың), зертханалық жұмыстарын, есептік – графикалық жұмыстарын орындау туралы әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар
- •10.1 Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары
- •10.2 Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша сабақтар жоспары
- •10.3 Курс бойынша жазбаша жұмыстар тақырыптары
- •10.4 Курстық жұмыстар тақырыптары:
- •11. Құжаттардың есеп түрі, оқу, өндірістік және диплом алды практикаларының әдістемелік нұсқаулары (қосымша 2)
- •12.1 Баға туралы ақпараттар
- •Студенттің білімін бағалайтын рейтинг-шкала
- •12.2 Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалары
- •Тест сұрақтарының шешуі
- •Студенттің білімін бағалау критерийлері
- •12.3 Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •13. Оқу сабақтарына бағдарламалық және мультимедиалық ілеспе
- •14. Аудиториялардың, кабинеттердің және зертханалардың мамандандыру тізбесі
- •З аңдық жауапкершіліктің теориялық-құқықтық негіздері
- •5В030100 – «Заңтану»
- •5В030200 – «Халықаралық құқық»
- •100012, Қарағанды қ., Гоголь к-сі, 38
7. Семинарлық (практикалық) сабақтар жоспары
Тақырып 1. Заңдық жауапкершіліктің теориялық-құқықтық негіздерінің түсінігі, пәні және әдістері
Сұрақнама:
1. Заңдық жауапкершіліктің теориялық-құқықтық негіздері пәнінің түсінігі мен өзге пәндермен арақатынасы.
2. Пәннің зерттеу объектісі және зерттеу әдістері.
3. Заңдық жауапкершіліктің түсінілуі мәселесінің өңделу деңгейі.
4. Заңдық жауапкершіліктің ұлттық құқықтағы орны мен ролі.
Тапсырмалар: Тақырыпқа қатысты жаңа терминдердің анықтамаларын конспектілеңіз. Әртүрлі мемлекеттер тарихындағы құқықбұзушылық пен заңдық жауапкершілік институттарының арақатынасы мен анықтамасын, олардың даму деңгейінің мысалдарын қарастырыңыз. Құқықтың жалпы теориясының дербес институты ретіндегі заңдық жауапкершіліктің өзара байланысқан және ажырамас элементтеріне шолу жасаңыз.
Тақырып 2. Құқық бұзушылықтың түсінігі және құрылымы мен негізгі белгілері
Сұрақнама:
1. Құқықтық жүріс-тұрыстың түсінігі
2.Құқықтық жүріс-тұрыстың түрлері.
3. Құқық бұзушылық: түсінігі мен белгілері.
4. Құқық бұзушылықтың құрылымы.
Тапсырмалар: Құқықтық жүріс-тұрыстың анықтамасын, мақсаты мен әлеуметтік құндылығын және түрлерін қарастырып келіңіз. Керекті терминдер түсінігін жазып, мысалдар келтіріңіз. Құқық бұзушылықтың бір мысалын келтіріп, оның субъектісін, объектісін, субъективті және объективті жақтарын анықтаңыз. Тапсырманы орындау барысында ұлттық және шетелдік әдебиеттерді іздестіріп, салыстыра отырып оқыңыз.
Тақырып 3. Құқық бұзушылықтың түрлері
Сұрақнама:
1. Құқық бұзушылықтың саралануы.
2. Құқықбұзушылық үшін санкциялардың саралануы.
3. Құқық бұзушылық пен олар үшін санкциялардың заңдық анықталуының негізгі қағидалары.
4. Қылмыстық теріс қылық - құқық бұзушылықтың жаңа түрі.
Тапсырмалар: Семинар сабағына әртүрлі әдебиеттерді алып оқыңыз, әсересе құқық бұзушылыққа қатысты соңғы он жылда шығарылған әдебиеттерді оқу маңызды. Қылмыстық теріс қылыққа қатысты екі студент реферат дайындап, оның қолданылуының дұрыс немесе бұрыстығына байланысты аудитория өз ойларын білдіріп, дебат өткізуге дайындалу керек.
Тақырып 4. Құқық бұзушылықтың себептері мен олармен күресу жолдары
Сұрақнама:
1. Әлеуметтік аумақтағы себептілік.
2. Құқық бұзушылықтың қасиеттері.
3. Құқыққа сай және құқыққа қайшы мінез-құлық.
4. Құқыққа қайшы мінез-құлықтың қалыптасуы.
5. Қоғамдық сана мен құқық бұзушының тұлғасы.
6. Объективті мен субъективтінің арақатынасы.
7. Әлеуметтік бақылау жүйесіндегі әділет.
Тапсырмалар: Тақырыпқа қатысты отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері мен ғылыми мақалаларын қарастырып, конспект жасаңыз. Семинар сұрақтарын оқытушы таратып берген студенттер ауызша жауап түрінде, қалғандары конспектілерін тексеруге беру арқылы тапсыруы тиіс.
Тақырып 5. Заңдық жауапкершіліктің түсінігі және белгілері
Сұрақнама:
1. Заңдық жауапкершіліктің түсінігі мен мәні.
2. Заңдық жауапкершіліктің белгілері.
3. Заңдық жауапкершіліктің негіздері.
4. Заңдық жауапкершіліктің қызметтері.
5. Заңдық жауапкершіліктің қағидалары.
6. Заңдық жауапкершіліктің түрлері.
7. Заңдық жауапкершілік пен мемлекеттік мәжбүрлеудің өзге де шаралары.
Тапсырмалар: Тақырыпқа қатысты отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері мен ғылыми мақалаларын қарастырып, конспект жасаңыз. Семинар сұрақтарын оқытушы таратып берген студенттер ауызша жауап түрінде, қалғандары конспектілерін тексеруге беру арқылы тапсыруы тиіс.
Тақырып 6. Еңбектік құқықтық және тәртіптік жауапкершілік
Сұрақнама:
1. Жеке еңбек шарты тараптарының материалдық жауапкершілігінің түсінігі мен түрлері.
2. Жұмыс берушінің қызметкердің алдындағы материалдық жауапкершілігі және оның туындау жағдайлары.
3. Қызметкердің материалдық жауапкершілігі. Жауапкершіліктің негіздері мен жағдайлары.
4. Қызметкердің толық материалдық жауапкершілігі.
5. Тәртіптік жауапкершілік.
6. Еңбекті қорғауды бұзғандық үшін жауапкершілік.
Тапсырмалар: Еңбек құқығы аясында қарастырылатын жауапкершіліктерге қатысты ҚР Еңбек Кодексін міндетті түрде оқу керек. Сабаққа дайындалу барысында мына оқулықтан конспект жазу қажет: Ахметов А., Ахметова Г. Еңбек құқығы. Оқулық. – Алматы: «Нұр-пресс», 2005. – 405 бет.
Тақырып 7. Қылмыстық-құқықтық жауапкершілік
Сұрақнама:
1. Қылмыстық жауаптылықтың түсінігі
2. Қылмыстық жауаптылықтың негіздері
3. Қылмыс құрамының түсінігі және маңызы
4. Қылмыс және қылмыс құрамы
5. Қылмыс құрамының түрлері
Тапсырмалар: Сабақ мақсаты - қылмыстық жауаптылықтың негіздерінің, мәнін, жүйесін, мақсатын, қағидаларын толығырақ ашып, толық мәліметтер беру. Жаза тағайындалатын және жаза тағайындалмайтын қылмыстық жауапкершілік түрлері туралы жазып келіңіз және оқытушыға тексертіңіз. Сабаққа ҚР Қылмыстық Кодексі мен арнайы әдебиеттерді пайдалана отырып жауап беріңіз. Қылмыстық теріс қылық пен қылмыс үшін жауапкершіліктің айырмашылығын қарастырыңыз.
Тақырып 8. Азаматтық-құқықтық жауапкершілік
Сұрақнама:
1. Азаматтық-құқықтық жауапкершілік түсінігі мен ерекшеліктері.
2. Зиян келтiруден туындайтын мiндеттемелердiң пайда болу шарттары.
3. Зиян келтiрудiң жекелеген жағдайлары үшiн жауапкершiлiк.
4. Өмiр мен денсаулыққа келтiрiлген зиян үшiн жауапкершiлiк жəне моралдық залал келтiру.
5. Негiзсiз баю салдарынан туындайтын мiндеттемелер.
Тапсырмалар: Азаматтық құқықтық жауапкершіліктің түсінігіне байланысты әртүлі пікірлерді қарастырып келіңіз. Азаматтық Кодексті және Азаматтық құқық туралы әдебиеттерді қарастыру керек.
Тақырып 9. Әкімшілік-құқықтық жауапкершілік
Сұрақнама:
1. Әкімшілік жауапкершіліктің түсінігі.
2. Әкімшілік жауаптылықтан босату.
3. Әкімшілік құқық бұзушылық: ұғымы, құрамы және түрлері.
4. Әкімшілік жазалардың ұғымы және түрлері.
Тапсырмалар: Семинарға дайындалу барысында ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы 2001-жылғы 30-қаңтардағы Кодексін пайдаланыңыз. Қажетті терминдерді жазып алып, арнайы әдебиеттерден түсінігін конспектілеңіз. Әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктер айырмашылығына назар аударыңыз.
Тақырып 10. Заңдық жауапкершіліктің жүзеге асырылуы
Сұрақнама:
1. Заңдық жауапкершілік әлеуметтік жауапкершіліктің бір түрі ретінде.
2. Заңдық жауапкершіліктің жүзеге асырылуының ерікті (жағымды) нысаны.
3. Заңдық жауапкершіліктің жүзеге асырылуының мемлекеттік-мәжбүрлі (жағымсыз) нысаны.
Тапсырмалар: Студент мынадай сұрақтарға жауап іздеу тиіс: 1) заңдық жауапкершіліктің жүзеге асырылу нысандары мен олардың мазмұны қандай? 2) Заңдық жауапкершіліктің жүзеге асуының ерікті нысанының сыртқы көрінісі қалай білінеді және оның мәні неде? 3) заңдық жауапкершіліктің жүзеге мсырылу нысандары бір-бірімен қалай байланысқан?
Тақырып 11. Заңдық жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайлар
Сұрақнама:
1. Заңдық жауапкершілікті индивидуалдандырудың мәні.
2. Заңдық жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайлардың саралануы.
3. Заңдық жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайларға салыстырмалы құқықтық зерттеу.
Тапсырмалар: Әлеуметтік-психологиялық сипатымен негізделген заңдық жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайлардың саралануын қарастырыңыз. Құқыққа қарсы іс-әрекеттен келген зиян және заңдық жауапкершіліктің жеңілдеуіне әсер ететін өзге де факторларды қарастырып, конспект жазыңыз және оның негізінде семинарда ауызша жауап беріңіз.
Тақырып 12. Заңдық жауапкершілікті ауырлататын мән-жайлар
Сұрақнама:
1. Заң бойынша жауапкершілікті ауырлататын мән-жайлардың сипаттамасы.
2. Заңдағы жауапкершілікті ауырлататын мән-жайлардың түсінігі мен маңызы.
3. Заңдық жауапкершілікті ауырлататын мән-жайлардың түрлері.
Тапсырмалар: Заңдық жауапкершілікті ауырлататын мән-жайларды әртүрлі заңдар негізінде, яғни қылмыстық, әкімшілік, еңбектік және т.б. қарастырып келіңіз. Сәйкес нормативтік актілер мен арнайы әдебиеттерге сілтеме жасай отырып конспект жасап, сабақта ауызша жауап ебруге дайындалыңыз.
Тақырып 13. Заңдық жауапкершілікті жоққа шығаратын мән-жайлар
Сұрақнама:
1. Әрекет қабілетсіздік.
2. Қажетті қорғаныс.
3. Мәжбүрлі қажеттілік.
4. Құқық бұзушылықтың мәнсіздігі.
5. Казус.
6. Заңдық жауапкершілікті жоққа шығаратын өзге де мән-жайлар.
Тапсырмалар: Заңдық жауапкершілікті жоққа шығаратын мән-жайларды әртүрлі заңдар негізінде, яғни қылмыстық, әкімшілік, еңбектік және т.б. қарастырып келіңіз. Сәйкес нормативтік актілер мен арнайы әдебиеттерге сілтеме жасай отырып конспект жасап, сабақта ауызша жауап ебруге дайындалыңыз.