Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
@IRBIS_10_SILL_yurid_Oralbaev_zandik.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
217.14 Кб
Скачать

3. Пәннің оқу бағдарламасы — (syllabus)

3.1 Оқытушы туралы мәліметтер:

Оралбаев Нұрболат Кәртайұлы, E-mail: tgp1978@mail.ru, кафедрада болу уақыты кафедра кестесіне сәйкес.

3.2 Пререквизиттері: «Шетелдердің мемлекеті мен құқығы тарихы», «Мемлекет және құқық теориясы».

3.3 Постреквизиттері: Конституциялық құқық, Азаматтық құқық, Еңбек құқығы, Әкімшілік құқық, Азаматтық іс жүргізу құқығы, Қылмыстық іс жүргізу құқығы және т.б. құқық салалары бойынша пәндер.

3.4 Пәннің қысқаша мазмұны: «Заңдық жауапкершіліктің теориялық-құқықтық негіздері» пәнін оқыту мақсаты: ҚР-дағы құқықтық мемлекеттілікті жетілдірудің қажетті шарты ретіндегі қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, оқушылардың әлемдік танымын қалыптастыру, қоғамдық және құқықтық мәдениет және жеке құқық танымын жоғарылату.

«Заңдық жауапкершіліктің теориялық-құқықтық негіздері» оқыту мақсаты қазіргі қоғамның қажеттілігі мен мүддесінен туындап отыр. Оқытудың негізгі мақсаты студенттерге мемлекет пен құқық теориясының негіздерін меңгеру, ұлттық құқықтың жетекші салаларының шеңберінде қажетті білім беру. Оқу курсында қазақстандық құқықтық салалары аясында құқық бұзушылықтар мен олар үшін заңдық жауапкершіліктердің теориялық-құқықтық негіздері қарастырылады.

Құқық пен мемлекетті дамыту және жетілдіру құқықтық мемлекеттің дамуы мен қызмет етуінің үздіксіз барысы болып табылады. ҚР-да құқықтық нормалар үнемі жаңартылып, жетілдірілу үстінде, сол арқылы жүргізіліп отырған реформалар негізделеді және қамтамасыз етіледі. Қазіргі кезеңдегі қоғамның даму жағдайы жоғарғы және орта-арнаулы білімді маманға жоғарғы талап қоюда. Бұл құқық негіздеріне де қатысты. Қазіргі кезеңде құқық субъектілерінің құқықтық ақпараттануы және құқықтық санасының жоғарғы деңгейде болуы аса қажетті. Себебі, құқықтық мемлекеттің негізі болып табылатын адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын қорғау қоғамның құқықтық мәдениетінің жоғарғы деңгейінсіз мүмкін емес. Негізгі нормалар мен принциптерді білу қазіргі құқықтың негізгі салаларында бағдар алуға мүмкіндік береді, ҚР заңнамасының негізгі жүйесін ұғынуға көмектеседі, сондай-ақ заңдар мен заңға бағынышты актілерді өздерінің еңбек жолында табысты пайдалана білуге жағдай жасайды.

«Заңдық жауапкершіліктің теориялық-құқықтық негіздері» пәнін оқып үйренудің негізгі міндеті ҚР нормативті-құқықтық актілерінің негізгі ережелерін білу және оларды күнделікті өмірде пайдалана білу дағдысын қалыптастыру болып табылады..

Курсты оқыту міндеттерінің қатарына құқықтық нормалар ережелерін позитивті игеру, оларды тиімді пайдалану үшін қажетті заңдық талқылау және дұрыс түсіну, құқық және заңнама жүйесі мен құрылымын түсіну, мемлекеттік билік органдарының, сонымен бірге құқық қорғау органдарының міндеттері мен әрекет ету қағидаттарын білу де кіреді. Заңдық жауапкершіліктің мақсаты, міндеттері және түрлері туралы көзқарастарды қалыптастыру да курс міндетінің бір бөлігін құрайды.

3.5 Оқыту нәтижелері

Пәндік құзірет – заңдық ғылымдарды тиімді меңгеруге қажетті құқықтық түсініктер мен категорияларды; құқықтық қатынастардың дефинициясын, құрамын және түрлерін, Қазақстан Республикасында құқықтық қатынастардың дамуының ерекшеліктерін, ролін білу; фактілер мен құбылыстарды бағалай білуге; мемлекеттік-құқықтық мәселелер бойынша өз көзқарасын қалыптастыра және қорғай білуге машықтану; ғылыми және тәжірибелік мәселелерді шешуге шығармашылықпен қарауға біліктілігі болу; кәсіби заңдық терминдерді пайдалана білуге; нормативті-құқықтық және құқыққолдану материалдарын жалпытеориялық мемлекеттік-құқықтық түсініктер тұрғысынан талдауға дағдылану болып табылады.

Пәннен тыс құзірет – қоғам өмірінде әртүрлі қатынастарды тәжірибелік мәселелерін шешуде пайдалануға көмектесу; кәсіби мәдениет деңгейін көтеруге ықпал ету; Қазақстан Республикасында демократиялық және құқықтық мемлекет қалыптастыруға байланысты мемлекеттік - құқықтық құбылыстарды бағалау дағдысы мен дүниетанымдық бастауларды қалыптастыру; алынған дағды мен білімді заңгер-құқықтанушының кәсіби әрекетінде қолдану; өмірде және тәжірибелік әрекетте отансүйгіштік пен ұлтаралық татулыққа негізделген құндылық бағдар қалыптастыруға дағдыландыру болып табылады.